5В060400 «Физика» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет54/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Атомдық физика пәні – электромагниттік сәулелену, жылулық сәулелену, 
фотоэффект, Комптон эффектісі, Кирхгоф заңы сияқты заңдарды, атомдардың 
құрылысы, атомдар мен молекулалардың физикасын, атомдық спектрдегі 
сериялық 
заңдылықтарды, 
электрондардың 
энергетикалық 
деңгейлерге 
орналасуын, периодтық кестедегі элементтердің орнын, Зееман эффектісі сияқты 
маңызды тақырыптарды қамтиды.
Спектроскопиялық зерттеулер нәтижесінде атомдар мен молекулалардың 
құрылымы жайындағы мәлiметтер анықталған. Осындай зерттеулерден заттың 
құрамын дәл анықтауға мүмкіндік туындады. Физика мамандықтарының 
студенттері бұл пәнді игеру барысында, атом мен молекулалардың құрылысын 
ғана біліп қоймайды, сонымен қатар, олардың қандай спектр шығаратындығын, 
жалпы спектр түрлерін, заттың құрамын қалай анықтауға болатынын
Резерфордтың атом моделінің классикалық физикаға неге қайшы келетінін, 
микробөлшектердің орнын анықтауда Шредингер теңдеуін қолдануға болатынын, 
микробөлшектердің ішкі қасиеттерін, иондау және қоздыру энергияларын табуға 
болатынын қарастырады.
Жоғарыда аталған «атомдық физика» пәні студенттерге кванттық физика, 
ядролық физика сияқты пәндерді оқығанда көптеп көмегін тигізері анық. 
«Атомдық физика» курсының мақсаты – атомдардың электрондық 
қабықшаларының құрылысы, қасиеттері және оларда өтетін үрдістермен 
анықталатын кванттық – механикалық заңдылықтардың түйінін беру.


Пәннің пререквизиттері, осы курсты түсіну үшін алдын – ала оқылатын 
пәндер: 
Бұл пәнді оқу үшін қажетті пәндер, мемлекеттік оқу орындарына 
арналған жалпы физика курсының бөлімдері: «Механика», «Молекулалық 
физика», «Электр және магнетизм», «Оптика». 
Пәнді терең және дәйекті түрде оқып білу үшін: «Математикалық талдау», 
«Векторлық және тензорлық талдаудың негіздері», «Аналитикалық геометрия», 
«Дифференциялдық теңдеулер».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет