Күрделі атомдардың қасиеттері туралы эксперименталдық мәліметтер
.
Сілтілік металл спектрлері. Сілтілік атомдардың құрылысы, валентті электрон.
Сілтілік металл атомын сутегі атомымен салыстыру. Кванттық сандардың
физикалық мағынасы. Сілтілік металл үшін бас, айқын, диффузиялық және іргелі
сериялар. Сілтілік металлдардың энергетикалық деңгейлерінің күйлері. Кванттық
ақау. Сілтілік металл үшін спектрлік терм. Сұрыптау ережесі. Электронның
спині және спектрдің мультиплеттілігі.
Сілтілік элементтер атомының энергетикалық деңгейлерінің нәзік
түзілісі
Спектрлік сызықтардың нәзік түзілісі
. Нәзік түзіліс тұрақтысы.
Мультиплеттік ыдырау. Импульстің өздік моменті. Толық импульс моменті. Бор
магнетоны. Спин-орбиталдық әсерлесу. Күрделі атомдардың нәзік түзілісі спин-
орбиталдық әсерлесу нәтижесі. Аса нәзік түзіліс түсінігі. Изотоптық қисық.
Атомның векторлық моделі. Күрделі атомдар спектрінің жүйеленуі. Атомдық
моменттердің байланыс түрлері: Рёссел-Саундерс байланысы, jj-байланыс. Ауысу
ықтималдығы.
Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша
орналасуы
Гелий спектрі.
Ортогелий және парагелий. Екі электронды атом үшін
Шредингер теңдеуі. Сутегі мен гелий үшін атом спектрінің нәзік түзілісі. Сутегі
мен гелий үшін энергетикалық деңгейлердің ығысуын өлшеуге арналған Лэмб
және Резерфорд тәжірибесі. Паули принципі. Энергетикалық күйлер бойынша
атомдардың орналасуы. Электрондық қабықша. Қабықшаның толтырылуы.
Электрондардың әсерлесуі. Спонтанды және индукцияланған сәулелену.
Оптикалық күшейткіш пен генерацияның принципі (лазерлер). Күрделі
атомдардың электрондық қабықшаларының Паули принципіне сәйкес орналасуы.
Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесінің теориясы. Хундтың
эмпирикалық ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: