Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
|
«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған
|
35-4-3
|
3.0 нұсқа
|
16 беттің 4- беті
|
5.4. Күнтізбелік жұмыс кестесі жекелеген бөлімдерді орындау кезегі көрсетіле отырып, толық кезеңге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі (2-қосымша).
5.5. Студент диплом жұмысының (жобасының) әзірлік деңгейі туралы ғылыми жетекшіге күнтізбелік жұмыс кестесіне сәйкес есеп береді, ол диплом жұмысының (жобасының) дайындық дәрежесін тіркеп, кафедра меңгерушісі мен факультет деканына хабарлайды.
5.6. Диплом жұмысы (жобасы) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, монография, мерзімді әдебиеттер, дәріс курстары, журналдар, нормативтік әдебиеттер т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.
5.7. Әр диплом жұмысының (жобасының) тапсырмаға сәйкес келешек теориялық немесе практикалық мәселелерінің жекелеген әзірлемесі болуы тиіс.
5.8. Студент диплом жұмысын (жобасын) ЖОО-да, сонымен қатар өндірістік және дипломалды практикалардан өтетін мекемелер мен ұйымдарда орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |