Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
|
«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған
|
35-4-3
|
3.0 нұсқа
|
16 беттің 3-беті
|
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ (ЖОБАСЫ) ТАҚЫРЫБЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4.1. Диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы өзекті болуы тиіс, ақпараттық технологияның, компьютерлік техниканың және бағдарламалық инженерияның құрал жабдықтарының, экономиканың, ғылымның және мәдениеттің қазіргі жағдайына және келешек дамуына сәйкес келуі керек, өз мазмұны бойынша 3.5. пункттегі талаптарға сай келуі тиіс. Диплом жұмысының (жобасының) тақырыбын анықтауда өндірістің, білім беру саласының, ғылымның және мәдениеттің нақты міндеттері мен мәселелері, есептеу техникасы мен желісінің аппараттық және бағдарламалық жабдықтарын талдау, жобалау, құру, сүйемелдеу және қорғаудың, сол сияқты ақпараттық жүйелердің әр түрлі компоненттерін жобалау және құрудың өзекті мәселелері ескерілуі қажет.
4.2 Студент бітіртуші кафедра әзірлеп, бекіткен диплом жұмысы (жобасы) тақырыптарын өздері таңдайды.
Студенттің бекітілген тақырыптардан тыс диплом жұмысы (жобасы) тақырыбын орындауға құқығы бар. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынатын тақырыбының мақсатын толықтай негіздеп көрсетеді немесе сырт ұйымның тапсырыс бойынша диплом орындауын сұраған тапсырыс хатын әкеледі.
4.3 Диплом жұмысы (жобасы) бітіруші курстың басында студентке бекітіліп, ЖОО-ның ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Дипломалды практиканы аяқтау кезінде диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы кафедра ұйғарымымен қажетінше өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |