«5В070300- ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған әдістемелік нұсқау


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) ЖАЗУ ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет4/17
Дата01.08.2020
өлшемі190 Kb.
#76017
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
МУ дип жум ИС 2014

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) ЖАЗУ ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1. Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

5.2. Диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшісі:


  1. диплом жұмысын (жобасын) орындау үшін тапсырма береді (1 - қосымша);

  2. диплом жұмысын (жобасын) орындаудың барлық кезеңінде әзірленген күнтізбелік жұмыс кестесіне сай студентке көмек көрсетеді;

  3. тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді, анықтамалар мен мұрағат материалдарын, типтік жобаларды, басқа да дереккөздерді пайдалануды ұсынады;

  4. диплом жұмысын (жобасын) орындаудың күнтізбелік кестесін студенттің сақтауына ағымдық бақылау жасауды жүзеге асыратын кеңес беру кестесін құрастырады;

  5. диплом жұмысының (жобасының) барлық бөлімдерінің көлемін анықтайды және дипломшы жұмысын, қажет жағдайда кеңесшілер жұмысын үйлестіреді.

5.3. Диплом жұмысын (жобасын) орындау тапсырмасы материалдар мен дереккөздердің, студент әзірлеген сұрақтар, ұсынылатын әдебиеттер, графикалық материалдар (кесте, диаграмма, сызба, т.б.) тізімдерінің, диплом жұмысын (жобасын) жазу күнтізбелік кестесінің сипаттамасын қамтиды.

Диплом жұмысына (жобасына) берілетін тапсырманы кафедра меңгерушісі жұмысты аяқтау мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысына (жобасына) берілген тапсырмасы диплом жұмысына (жобасына) тігіледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет