«5В070300- ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған әдістемелік нұсқау


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті



бет13/17
Дата01.08.2020
өлшемі190 Kb.
#76017
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
МУ дип жум ИС 2014

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған

35-4-3

3.0 нұсқа

16 беттің 10- беті




  1. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

8.1 Диплом жұмысы (жобасы) алдын-ала қорғау процедурасынан өткізілуі үшін ақпараттық жүйелер кафедрасына ұсынылады.

8.2 Диплом жұмысын (жобасын) алдын-ала қорғау рәсімі кафедраның ашық мәжілісінде өткізіледі, студенттің және ғылыми жетекшісінің, қажет жағдайда ғылыми кеңесшісінің қатысуы міндетті. Алдын-ала қорғау ақпараттық жүйелер кафедрасы мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

8.3 Алдын-ала қорғаудан өткен, белгіленген ережеге сәйкес рәсімделген аяқталған диплом жұмысына (жобасына) студент пен ғылыми кеңесшісі қол қойып, ғылыми жетекшісіне тапсырылады.

8.4 Ғылыми жетекшісі диплом жұмысына (жобасына) жазбаша пікір жазады.

Ғылыми жетекшісі диплом жұмысын (жобасын) мақұлдаған жағдайда қолын қойып, қорғауға жіберуге болады деген пікірімен кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жобасы) мақұлданбаған жағдайда ғылыми жетекшісі оған қол қоймайды, бірақ жазылған жазбаша пікірде диплом жұмысының қорғауға жіберілмейтіндігі туралы себебін түсіндіреді.

8.5 Аталған материалдар негізінде ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі диплом жұмысы (жобасы) бойынша шешім шығарып, сыртқы мұқабасына тиісінше жазба жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп ұйғарса, бұл мәселе кафедра мәжілісінде студент пен ғылыми жетекшісінің міндетті түрде қатысуымен талқыланады. Мәжіліс хаттамасы ЖОО ректорына бекітуге беріледі.

8.6 Ақпараттық жүйелер кафедрасының шешімімен қорғауға жіберілген диплом жұмысы (жобасы) факультет деканы арқылы сын-пікір (рецензия) алуға жіберіледі.

8.7 Өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандарынан құралған рецензентер тізімі ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісі ұсынысы бойынша ректор бұйрығымен бекітіледі. Рецензенттер ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылары тартылуы мүмкін.

8.8 Рецензенттің қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) мамандығына сәйкес негізі базалық жоғары білімі, ғылыми атағы, академиялық деңгейі болу керек.

8.9 Рецензент диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір (рецензия) береді, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы, дипломдық зерттеудің маман даярлау бейініне сәйкестігі, берілетін академиялық дәреже және берілетін біліктілігі, зерттеудің дербестігі, тұжырымдар мен ұсыныстардың болуы, мәселенің шешілу деңгейі, зерттеудің аяқталғандығы туралы көрсетіледі.

Рецензияда балды-рейтингілік жүйемен әріппен бағасы көрсетіледі және берілетін академиялық дәреже мен біліктілікке лайықтылығына дәйекті қорытынды жасалады.

8.10 Ғылыми жетекшісі қорғауға жіберген, бірақ рецензент «Ғ»- қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған диплом жұмысы (жобасы) жалпы жағдайда қорғалады.

8.11 Факультет деканы ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісі мен дипломшы студентті рецензиямен қорғауға ең азы бір күн қалғанға дейін таныстырып диплом жұмысын (жобасын) пікірі мен сын-пікірімен (рецензиясымен) бірге Мемлекеттік аттестациялық комиссияға қорғауға жібереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет