ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН (ЖОБАСЫН) РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
7.1. Диплом жұмысы (жобасы) А4 форматтындағы ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервалдық аралықта компьютердің көмегімен баспа тәсілімен орындалуы тиіс, қарапайым шрифт, 14 кегль.
Диплом жұмысы (жобасы) мәтінін төмендегі өлшемді сақтай отырып басу керек: қағаздың сол жағынан – 30 мм, жоғары жағынан -20 мм, оң жағынан -10 мм, төменгі жағынан -25 мм.
Белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударту үшін әр түрлі гарнитулардың шрифтерін қолдануға компьютерлік мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
7.2 Диплом жұмысының (жобасының) қандай тәсілмен орындалғанына қарамастан басылған мәтінінің сапасы мен иллюстрациялары, кестелері, ПЭЕМ-нан алынған материалдардың сапасы олардың айқын етіп қайта жаңғыртуға (шығаруға) қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
7.3 Диплом жұмысын (жобасын) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен, не қара гуашьпен қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.
7.4 Диплом жұмысындағы (жобасындағы) мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, аты-жөндер және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |