5В070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау» мамандығының студенттері үшін



бет15/16
Дата07.02.2022
өлшемі2,34 Mb.
#85726
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау

Геометриялық кристаллография - кристалдар симметриясы заңдарын және олардың пішіндерін қарастырады;
Физикалық кристаллография - кристалдардың маңызды (механикалық, электрлік, оптикалық) ќасиеттері туралы түсінік береді;
Кристаллохимия - кристалдардыњ құрылу заңдарын қарастырады және олардың химиялық құраммен байланысын зерттейді.
Кристалл негізгі үш қасиетпен сипатталады:
1. Дене көлеміндегі қасиеттердің бірдей болуы. Алайда бұл идеал кристалдарға тән. Ал реалды кристалдар шала жетілгендігімен сипатталады, сондықтан олар үшін біртектілік түсінігі салыстырмалы түрде берілген.
2. Анизотроптық - параллель емес бағыттар бойынша қасиеттердің бірдей емес немесе біркелкі емес болуы.3.1 сурет
3.1-сурет - Слюда кристалы А бағытында оңай,
В бағытында біршама қиын жарылады
3. Өздігінен қырлану - белгілі жағдайларда дененің көп қырлы пішінге келу қасиеті. Мұндай қасиет тек кристалдарға тән. Шыны шарик (аморфты дене) ешқашан өздігінен көп қырлы болып ауыспайды. Кристалдан (мысалы, тұздан) кесіліп алынған жєне тиесілі жағдайға келтірілген шарик уақыт өтуімен көп қырлы пішінге келеді. Осындай керемет қасиеттерге жасанды кристалдар өндірісі негізделген, бұл кристалдар симметриясы мен анизотроптығының қосымша дәлелі бола алады.
Кристаллогрфия үшін кристалдық затты сипаттау амалы екеу қолып көріну тән: олар бір уақытта дискреттік жєне бүтіндей орта ретінде қарастырылады.
Дискреттік кристалдық бөлшегі бар орындар мен бөлшегі жоқ орындарда немесе әр түрлі сортты бөлшектер орналасқан орындарда кристалл қасиеттерінің бірдей болмайтындығын білдіреді. Алайда кристалдық көптеген ќасиеттерін сипаттау үшін кристалдық құраушысының бөлшегінен үлкенірек, бірақ, кристалдың өзінің көлемінен кішірек көлемін қарастыру жеткілікті. Осындай түсінікпен кристалдарды тұтас және біртекті орта ретінде қарастырады.
Табиғи кристалдар өлшемдері әр алуан болады: олар микроскоптықтан (массасы (каратпен) өлшенеді) басталып, алып (бірнеше тонна) - гипс, мұз, слюда, кальцид кристалдары және т.б. болуы мүмкін. Мұндай монокристалдар сирек кездеседі, бірақ кристалдық түзушілер айналада өте көп, оған металдар мен қорытпалар, көптеген тау жыныстары мен минералдар, шөгінді жыныстар (құм, балшық және т.б.) құрылыс материалдары және т.б. жатады.
Николай Стенон 1969 жылы ашқан кристаллографияның мөлшерлік занның осыған негізделген, - бұрыштар тұрақтылығы заңы:
Берілген заттың барлық кристалдарында бірдей жағдайлар болған кезде, кристалдардың сәйкес қырларының араларындағы бұрыштар тұрақты болады.
(Бірдей жағдайлар деп температура мен қысым айтылған, яғни, зат құрамында бірнеше модификация болса, онда сөз бір модификация туралы.)
Осы заңнан бір заттың кристалдары қырларына сәйкес бұрыштар, олардыњ сыртқы айырмашылығына (пішіні, өлшемдері, тіпті қырлар саны) қарамастан қашан да тұрақты болады.Бұрыштар тұрақтылығы заңы кристалдардың алуан түрлі пішіндерін қырлар араларындағы бұрыштар жиынтығына келтіріп, оларды проекциялар көмегімен бейнелеуге мүмкіндік береді. Бұл заң кристаллографияның дамуында айрықша роль атқарады.
Рентгендік сәулелер дифракциясы ашылғанға дейін барлық кристалдық заттар бір-бірінен тек қырлар араларындағы бұрыштар бойынша ажыратылды және сипатталды. Ол кездегі диагностикалаудың негізгі әдісі гониометр көмегімен бұрыштарды өлшеу болды
Ренген сәулесінің негізгі дефракция заңы:
Ренген сәуленің негізгі дефракциясының заңы орындалса сәулелердің интенсивтігі максималды болады. Бұл теңдік Вульф-Брэгг шартты деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет