5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет26/30
Дата04.05.2017
өлшемі5,74 Mb.
#15543
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жылдық есептер, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, Республикалық ЖОО аралық электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Автоматтандырылған жобалау

Пәннің коды: AZh 3211

Пәннің типі: базалық, пән, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Шаянбекова Б.Р. - аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнiмдi компьютерлiк технологияны пайдаланып, жер кадастрын жүргiзудiң түбегейлi, жаңа тәсiлдерi мен түрлерiне көшуді білім алушыларға меңгерту.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, жер учаскелерін тіркеу және есепке алу.

Курстың/пәннің мазмұны: ЖКААЖ қалыптастыру. Республикамызда мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесi. Жер кадастры мәлiметтерiн өңдеуде шешiлетiн негiзгi мiндеттер. Жер кадастрын ААЖ жүргiзудегi жер учаскелерi бойынша кiретiн мiндеттi ақпараттар. ЖКААЖ құрудың жаңа технологиялары және қолданбалы бағдарламалар. Жер учаскелерiн тiркеу мен жерлердi есепке алу, есеп берудi құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру. Кадастрлық мәліметтерді сақтау және өңдеу. Мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ).

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Волков С.Н. Землеустройство. Системы автоматизированного проектирования в землеустройстве. Москва, Колос, 2002.

  2. Калабаев Н.Б. Географические информационные системы и цифровое картографирование. – Алматы, 2002 -225 с.

  3. Цветков В.Я., Геоинформационные системы и технологии, Москва, «Финансы и статистика», 2000.

  4. Максудова Л.Г., Абросимов В.В., Учебное пособие по курсу «Автоматизированная ГИС кадастра», Москва, «МИИГА иК, 2001.

  5. Техническая документация по программному обеспечению ГИС-технологий.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың жерге орналастыру схемалары, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры, компьютерлік сынып.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Шаруашылық аралық жерге орналастыру



Пәннің коды: ShAZhO 3301

Пәннің типі: Кәсіптендіру, таңдау пәні

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Елеуова Э.Ш. – аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Курстың мақсаты: жерге орналастыру жобалауының әдістерін игеру, сондай-ақ жерге орналастыру жобалауының принциптерін, жобалардың классификациясын, барлық жер пайдалану түрлеріндегі ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдаланушылығын ұйымдастыру әдістерін және ауылшаруашылығы емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын жобалау ерекшеліктерін үйрену.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен жер кадастры жұмыстарының ғылыми негіздері, жобалар мен карталарды графикалық безендіру, жер қатынастарының тарихы.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстан Республикасындағы жер реформасын жүзеге асыру бойынша мәселелер. Жерге орналастыруды жобалаудың мақсаты мен міндеттері. Жерге орналастыру қызметінің жаңа мәселелерді шешудегі ролі, жерге орналастыруды жобалау алдында тұрған жаңа мақсаттар. Жерге орналастыру жобалауының теориялық негіздері. Жобалаудың жерге орналастыру процессі ретінде дамуы. Жерге орналастыру жобалауының әдістемелік мәселелері. Қазіргі кездегі жерге орналастыру жобалауының мазмұны, принциптері және жобалау объектілері. Жерге орналастыру жобаларын құру және экономикалық негіздеу жолдары. Жобаларды классификациялау. Жерге орналастыру жобалауының кезеңдері. Жобалық шешімдерді шешу және оларды экономикалық негіздеу әдістері. Қазақстан Республикасының жер қоры және оның сипаттамасы. Жер қорын санаттарға бөлу. Жер қорының жеті санаты, олардың атқаратын қызметі. Жерге меншік түрлері. Жер иелену және жер пайдалану түсінігі, олардың мақсатты пайдаланылуы. Жер пайдалануды сипаттайтын кеңістіктік, экологиялық, табиғи климаттық және техника-экономикалық шарттар. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың түсінігі, мақсаты және оның әлеуметтік-экономикалық мәні. Шаруашылық аралық жерге орналастыру түрлері, мазмұны. Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері. Шаруашылық аралық жерге орналастыру объектісі. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасының мазмұны. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың өндірістік процессі. Дайындық жұмыстары. Жобаны құру, қарау және бекіту. Жобаны жер бетіне түсіру. Жерге орналастырудың құжаттарын рәсімдеу жолдары. Жерді иелену мен пайдалануға құқық беретін мемлекеттік акт толтыру тәртібі. Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануларын құру, олардың жер иеленулерін қалыптастыру. Шаруа қожалықтарын құрудың құқықтық негіздері. Шаруа қожалықтарына жер бөлу тәртібі. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдалануларын құру мақсаттары мен принциптері. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарын құруға жерді таңдау. Ауылшаруашылығы кәсіпорындардың шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасының құрылымдық бөлінуі. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдалануларын жетілдіру және кемшіліктерін жою. Оларды талдау және бағалау. Кемшіліктерді жою тәртібі. Жер пайдалану кемшіліктерін жою жобасын құру әдістемесі және экономикалық негізделуі. Жерді пайдалануға кұкық беретін құжаттарды жасау, тапсыру және жобаны іске асыру тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Жер Кодексі 01.06.2003. Алматы, «Юрист», 2003.

  2. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «Эвлю», 1999.

  3. Спектор М.Д., Байбугина М.К., Хамзин Р.Г. Землеустройство крестьянских хозяйств. Учебное пособие – Астана, 2004.

  4. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

  5. Гендельман М.А., Крыкбаев Ж.К. Научные основы землеустройства и кадастра: Учебник – Астана: Фолиант, 2004.

  6. Гендельман М.А., Волков С.Н. и др. Научные основы землеустройства: Курс лекций – Ақмола, 1995.

  7. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  8. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

  9. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

  10. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001.

  11. Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқұ құралы – Астана, 2006.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры, Республикалық ЖОО аралық электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді сапалық бағалау (топырақты бонитеттеу)



Пәннің коды: ZhSB 3303

Пәннің типі: Кәсіптендіру, таңдау пәні

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Альмағанбетова Э.А. – аға оқытушы, техника ғылымының кандидаты.

Курстың мақсаты: жердің сапасын есепке алу мен жердің кадастрлық құнын анықтауды, жерді бағалау әдістемесін, бағалау шкаласын құруды меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: топырақтану, жер кадастры, жер учаскелерін тіркеу және есепке алу, жерге орналастыруды жобалау.

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекеттік жер кадастрының құрамындағы жер-бағалау жұмыстары. Жер-бағалық аудандастыру. Жерді бағалаудың жалпы принциптері. Жерді бағалау әдістемесі. Жерлерді сапалық бағалау. Топырақтың агроөндірістік топтарын және бонитеттеу шкаласын құру. Жерлерді экономикалық бағалау. Жерлерді экономикалық бағалау шкаласын құру. Жақсартылған жерлер мен табиғи жем-шөп алқаптарын бағалау.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын ішкі шаруашылық бағалау негіздері. Жерді ішкішаруашылықтық бағалаудың әдістемелік тәсілдері. Жерлерді ішкі шаруашылықтық сапалық бағалау. Жерлерді өнімділігі бойынша бағалау. Топырақтың салмақ көтеруге беріктілігін бағалау.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. А.С.Чешев, И.П.Фесенко. Земельный кадастр. Учебник для вузов. – М.: Издательство «ПРИОР», 2001

  2. А.С.Чешев, В.Ф.Вальков. Основы землепользования и землеустройства: Учебник для вузов. – Ростов н/Д: - «МарТ», 2002

  3. Ж.Т.Сейфуллин. Жер кадастры. ҚазҰАУ, 2001

  4. Апарин Б.Ф., Русаков А.В., Булгаков Д.С. Бонитировка почв и основы

государственного земельного кадастра: Учебное пособие.- СПб.: Издательство

С.- Петерб. Ун-та, 2002.



  1. Нагаев Р.Т., Рабинович Л.М., Тимирязов В.Г. Оценка земли: Курс лекции.- Казань: Изд «Таглимат», 2001.

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер, жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, Республикалық ЖОО аралық электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді эрозиядан қорғау



Пәннің коды: ZhEK 3309

Пәннің типі: Кәсіптендіру, таңдау пәні

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Далдабаева Г.Т. – аға оқытушы, техника ғылымының кандидаты.

Курстың мақсаты: Территорияның эрозиялық қауіптілігінің дәрежесін бағалау, эрозияға қарсы шаралар кешенін таңдау, жер қорын ұтымды пайдалану мәселелерін қарастырғанда ландшафтық тұрғыдан шешім қабылдауды үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар, ландшафттану, жобаларды графикалық безендіру.

Курстың/пәннің мазмұны: Топырақ эрозиясы және жерді эрозиядан қорғау проблемасы. Эрозия түрлері және оның формалары. Су эрозиясы және оның пайда болу шарттары. Су эрозиясына қарсы қолданылатын шаралар. Жел эрозиясы. Жел эрозиясын болдырмау шаралары. Топырақты эрозиядан қорғаудың негізгі принциптері. Жерлерді эрозияға ұшырау деңгейіне және пайдалану дәрежесіне қарай жіктеу. Шабындықтарды эрозиядан қорғау шаралары. Жайылымдарды эрозиядан қорғау шаралары. Танап қорғайтын және су реттейтін орман жолақтары. Ағаш түрлері және олардың орналасу схемасы. Гидротехникалық шаралар. Топырақтың тұздануының себептері және табиғатқа келтіретін зияны. Сортаңданған топырақты шаюды ұйымдастыру. Топырақ қорғау шараларының аймақтық шаралары. Танап жағдайында эрозияға қарсы шараларды жоспарлау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Кузнецов М.С. Эрозия и озрана почв. Учебник М.: «Колос», 2004.

2. М.И. Лопырев, Г.И. Рябов. Защита земель от эрозии и охрана природы. М.: «Агропромиздат», 1989г.


  1. М.Н. Заславский. Эрозиоведение. М.: Высшая школа, 1983г.

  2. Ибатуллин С.Р. Эрозионные процессы как фактор опустынивания. Вестник ТарГу им. М.Х.Дулати. Природопользование и проблемы антропосферы-2010 №3.1.- с.212-215

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың жерге орналастыру схемалары, топырақ карталары, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, кітапхана қоры, Республикалық ЖОО аралық электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру



Пәннің коды: AIZhO 3302

Пәннің типі: Кәсіптендіру, таңдау пәні

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Алдабергенова А.А. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру әдістерімен, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың теориялық негіздерін, түсінігін, мақсатын және міндеттерін, принциптері мен олардың даму заңдылығын, шаруашылықтың жалпы көлемін есептеуді, алқаптардың жобалық құрамын анықтауды, алқаптарды трансформациялау мен жақсартудың негізгі бағыттарын белгілеуді, ауыспалы егістік жүйесін ұйымдастыру мен олардың территориясын реттестіруді, жем-шөп алқаптарын ұйымдастыруды, жобаны жасау барысында қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастыруды, жобаны экономикалық негіздеуді және тиімділігін анықтауды, жасалған ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құжаттарын реттеуді, қарастыруды және тиісті түрде бекітуді меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жобалар мен схемаларды графикалық безен-діру, топырақтану, жер мелиорациясы, жерге орналастыруды жобалау, шаруашылықара-лық жерге орналастыру.

Курстың/пәннің мазмұны: Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру мазмұны және оны жүргізу тәртібі. Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналас-тыру түсінігі, мақсаты және міндеті. Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орна-ластыру (АІШЖО) жобасы, оның мазмұны мен жасау тәртібі. АІШЖО жобасын жасау барысындағы жерге орналастыру процессі. Жобаны рәсімдеу тәртібі. Шаруашылық орта-лықтары мен өндіріс бөлімшелерінің орналастырудың мақсаты, міндеті және жалпы орындалу реттілігі. Негізгі ішкі шаруашылық жолдарды, мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыс объектілерін және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру. Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастырудың түсінігі, міндеті және мазмұны. Алқаптарды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар. Алқаптар түсінігі, олардың түрлері. ҚР алқаптарының құрылысы. Алқаптарды ұйымдастыру әдісі. Алқаптарды ұйымдастыру барысында жер кадастрлық құжаттарды пайдалану. Алқаптарды ұйымдастыруды экологиялық-экономикалық негіздеу. Ауыспалы егістік жүйелерін жобалаудың жалпы әдістемелік сұрақтары, мазмұны және мәселелері. Ауыспалы егістіктердің аудандарын, санын, түрін және типтерін белгілеу. Топырақ қорғайтын, далалық, мал азықтық және арнайы ауыспалы егістік-терді ұйымдастыру. Ауыспалы егістіктен тысқары учаскелерді ұйымдастыру. Ауыспалы егістіктерді ұйымдастыруды экономикалық негіздеу. Ауыспалы егістік территориясын реттестірудің мақсаты мен мазмұны. Танаптар мен жұмысшы учаскелерін жер бедерін, топырақ құнарлығын, территорияның қалыптасқан ұйымдастырылуын ескере отырып ор-наластыру. Танаптардың ұзындығы, ені, пішіні, тең аудандылығы. Далалық қостар мен далалық су жабдықтау көздерін орналастыру. Ауыспалы егістіктер территориясын реттес-тіруді экономиқалық негіздеу. Мал азықтық алқаптар территориясын орналастыру. Жайылым мен шабындықтар территориясын ұйымдастыру және құру. Мәдени суармалы жайылым территориясын құру ерекшеліктері. Мал азықтық алқаптар аумағын орналасты-

тырудың экономикалық тиімділігі. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын жүзеге асыру.Жүргізілетін жұмыстар мазмұны, жобаны жүзеге асыру жоспары, құру әдістеме- сі. Құжаттардың мазмұны және жобаны рәсімдеу. Авторлық бақылау, мазмұны және оны жүргізудің методикалық әдісі. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының экономикалық, әлеуметтік тиімділігі, түсінігі, мазмұны, негізгі көрсеткіштері.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «ЭВЛЮ», 1999.

  2. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

  3. Спектор М.Д., Байбугина М.К., Хамзин Р.Г. Землеустройство крестьянских хозяйств. Учебное пособие – Астана, 2004.

  4. ҚР Жер Кодексі – Алматы, 2003.

  5. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  6. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях, – Алматы, 2001.

  7. Сейфуллин Ж.Т. (жалпы редакциясын басқарған). Жер кадастры. Оқулық – Алматы; ҚазҰАУ, 2001.

  8. Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқұ құралы, –Астана, 2006

  9. Озеранская И.Л., Карбозов Т.Е. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру: алқаптарды ұйымдастыру. «Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттері үшін лабораториялық сабақтарға, курстық және дипломдық жобалауға арналған әдістемелік нұсқаулар , – Астана, 2004.

  10. Озеранская Л.И. Внутрихозяйственное землеустройство. – Методические указания к лабораторным занятиям, курсовому проектированию для студентов землеустроительного факультета. - Астана, 2006.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жылдық есептер, кітапхана қоры.

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті



Пәннің коды: ZhOKZhM 3303

Пәннің типі: кәсіптендіру, таңдау пән

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Елеуова Э.Ш. - аға оқытушы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Курстың мақсаты: жер менеджментінің ғылыми-әдістемелік және басқару негізін, сондай-ақ жерге орналастыру әрекеттерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен жер кадастры жұмыстарының ғылыми негіздері, жерге орналастыруды жобалау, жер кадастры, менеджмент негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе. Менеджментінің даму тарихы. Басқару концепциясы және оның бағыттары. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің ерекшеліктері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметтінің мақсаты мен принциптері, жалпы нақты, стратегиялық мақсаттары. Мақсат жүйесін құрудың жалпы әдістемелік негіздері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің жаңа және бұрыннан қалыптасқан принциптері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің әдістері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметтінің қызметі. Жалпы функциялар. Талдау жасау қызметінің принциптері. Талдау жүргізу әдістері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметіне талдау. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің іс-әрекет кезендері. Мекемелер қызметін талдау принциптері, зертеу-аналитикалық кызметінің кезендері. Қайта құрылатын кәсіпорындар мен бірілестіктердің жіктелуі. Консорциум. Концерн туралы ұғымдары. Корпорация. Өндірістік ассоциация, акционерлік қоғамдарды басқарудың жүйесін қалыптастыру принциптері. Фирманың құрылуы мен қызмет етуін құқықтық реттеу. Фирманы тіркеу мен құру реттері және құжаттары. Фирма уставының қосымша шарттары. Фирмаларды тіркеу, оларды басқару мекемелерін құру. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмысының менеджметтінің техникасы мен технологиясы. Шетел менеджменті. Басқару әдістері, кадастр инженерлері мен жерге орналастырушының тәртібі. Басқару кемшіліктері мен оны болдырмау жолдары. Жерге орналастыру және жер кадастры қызметін басқару негіздері, психологиялық заңдылықтары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Жер Кодексі 01.06.2003. Алматы, «Юрист», 2003.

  2. Синдеев В. А. Менеджент земли.- М. «Кадастр», 1994.

  3. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «Эвлю», 1999.

  4. Спектор М.Д., Байбугина М.К.,Хамзин Р.Г.Землеустройство крестьянских хозяйств. Учебное пособие – Астана, 2004.

  5. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

  6. Гендельман М.А., Крыкбаев Ж.К. Научные основы землеустройства и кадастра: Учебник – Астана: Фолиант, 2004.

  7. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  8. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

  9. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

  10. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001.

  11. Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқу құралы – Астана, 2006.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: жер есептік мәліметтер, құқықтық нормативтер, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру



Пәннің коды: ZhKZhU 3308

Пәннің типі: кәсіптендіру, таңдау пән

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Алдабергенова А.А. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: болашақ мамандардың жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру саласындағы Мемлекеттік жер ресурстары жөніндегі ғылыми өндірістік орталығы мен оның еншілес кәсіпорындарының өндірістік қызметін талдау, жоспар құру, экономикалық негізделген нормативтер өңдеумен байланысты жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың теориялық білімін, әдістемелік тәсілдерін және тәжірибесін жинақтау, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдердегі жерге орналастыру органдарының қызмет ету тәжірибесі мен нормативтік құжаттарға сәйкес Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің және оның аумақтық органдарындағы жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

Каталог: Docs -> WEPsait
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
WEPsait -> 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
WEPsait -> Не экономика институты
WEPsait -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
WEPsait -> 5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша
WEPsait -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет