5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет25/30
Дата04.05.2017
өлшемі5,74 Mb.
#15543
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


ҚЫЗЫЛОРДА, 2013

5В090300 - “Жерге орналастыру” мамандығының оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Университет 5В090300 - “Жерге орналастыру” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті берген 03.02.2010 жылғы АБ №0137434 мемлекеттік лицензиясына 03.02.2010 жылғы №0111046 қосымшасы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Берілетін дәреже: бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған тұлғаларға 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша «жерге орналастыру бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: жерге орналастыру мамандығы бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жалғастыруға тілек білдірген білімалушылар өз ЖОО-да бір акдемиялық кезеңді бітірген, оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы және заманауи техникалық құралдардан ақпаратты алу мен өңдеуді игерген, сонымен қатар шет тілін еркін меңгерген болуы қажет.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, жерге орналастыру саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасын реттейтін мәдениеттілікті, этикалық және құқықтық нормаларды үйрету арқылы білім беру, білімалушыға өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруды, заманауи ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды жүзеге асыратын кәсіби білім беру.

ІІI–оқу жылындағы ECTS кредиті - 51

Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Базалық пәндер

16

24




Міндетті пәндер

4

6

K-bsht 3202

Кәсіби бағытталған шетел тілі

2

3

Kar 3204

Картография

2

3




Таңдау пәндері

12

18

ZhM 3213

1.Жер мониторингі

3

4,5

AShATM 3213

2.Ауыл шаруашылығы алқаптарының топырақ мониторингі

ZhROP 3213

3.Жер ресурстары және оларды пайдалану

ZhMTEA 3214

1.Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу

3

4,5

ZhMT 3214

2.Жылжымайтын мүлікті түгендеу

ZhMTZhKZh 3214

3.Жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесіндегі қосалқы жұмыстар

ZhPKMB 3206

1.Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау

3

4,5

ZhKSMBK 3206

2.Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

ZhPKU-KKE 3206

3.Жерлерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету

AZh 3211

1.Автоматтандырылған жобалау

3

4,5

KZhAZh 3211

2.Карта жасаудың автоматтандырылған жүйесі

ZhOBT 3211

3.Жерге орналастырудағы болашақ технологиялар




Кәсіптендіру пәндері

18

27




Таңдау пәндері

18

27

ShAZhO 3301

1.Шаруашылық аралық жерге орналастыру

3

4,5

ZhOAE 3301

2. Жерге орналастырудың аудандық ерекшеліктері

SZhAS 3301

3. Суармалы жерлердің аймақтық сызбасы

ZhSB 3303

1.Жерді сапалық бағалау (топырақты бонитеттеу)

3

4,5

AZhEkB 3303

2. Ауылшаруашылық жерлерді экономикалық бағалау

ZhSZhB 3303

3. Жердің сапалық жағдайын бағалау

ZhEK 3309

1.Жерді эрозиядан қорғау

3

4,5

KBZhZhO 3309

2. Қазақстандағы баурайлы жерлерді жерге орналастыру

TEZhZhO 3309

3. Топырақ эрозиясы жағдайларында жерге орналастыру

AIZhO 3302

1.Агроқұрылымдарды ішкі шаруашылық жерге орналастыру

3

4,5

AKZhO 3302

2. Ауылшаруашылық кәсіпорын дарды жерге орналастыру

IZhO 3302

3. Ішкішаруашылық жерге орналастыру

ZhOKZhM 3303

1.Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті

3

4,5

ZhOKZhZhUZhBN 3303

2. Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жоспарлау және басқару негіздері

MZhRBBKU 3303

3. Мемлекеттік жер ресурстарын басқару бөлімшесінің құрылымын ұйымдастыру

ZhKZhU 3308

1.Жер кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру

3

4,5

ShZhKZh 3308

2. Шетелдік жер-кадастрлық жүйесі

ZhOBZhNK 3308

3. Жерге орналастыру бойынша жаңа нормалық құжаттар




Жалпы кредит саны

34

51

Жеке пәндердің (курстардың, юнитеттердің) сипаттамасы

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Кәсіби бағытталған шетел тілі

Пәннің коды: K-bsht 3202

Пәннің типі: Базалық пән, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Каримова Г. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, граммати-калық нормаларын талдау. Сөзжасам модельдерін түсіндіру грамматика, оқу жазу, тыңдау.

Деректемелер/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.

Курстың/пәннің мазмұны: Шетел тілінің айтылу, ырғақтық-интонациялық ерекшеліктерін түсіндіру. Дыбыстық жүйенің рецензиясы мен репродукциясы. Тілдің дыбыстық әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лекси-калық минимум, мамандықтың профиліне сай терминдер, лексика дефференциациясы. Мамандыққа байланысты шетел тіліндегі мәтіндерді ана тіліне тілдік нормаларға сай аудару.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Жаңабаева К. Basic English. Алматы, 2000.

2. Бонк НА. и др. Учебник английского языка. Москва, 1995.

3. Каирбаева. Учебник английского языка. Москва, 2004.

4. Бурлак А.И. Учебник английского языка. 1989.

5. Дудкина Г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения.

6. Синявская Е.В., Гальперина А.А. Пособие по развитию навыков устной речи на английс-ком языке. Москва, 1990.

Сабақ беру әдістері: дәріс, практика, іскерлік ойын әдісі, контекстік оқыту, репродуктивті әдіс, оқытудың бейіндік технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, дамыта оқыту әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Картография



Пәннің коды: Kar 3204

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Абжамиева Л.Б. - аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Жердің көлемі, мөлшері жайлы және географиялық карталар жайлы түсініктеме беру. Кеңістіктегі және жазықтықтағы нүктелердің координаталарын анықтау, план, карта жасау, картографиялық проекцияның номенклатурасын, карта құрудың сатыларын, картаның автоматтандырылған кезеңдерін құруды үйрену.

Деректемелері/Пререквизиттері: карталар мен жобаларды графикалақ безендіру, жер кадастры, жерге орналастыруды жобалау.

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар арасындағы геодезиялық және картографиялық терминдер. Объектінің жергілікті жағдайын, санын, сапасын, сипаттамасын анықтау. Картография пәнінің негіздері және басқа ғылымдармен байланысы. Топографиялық картадағы ландшафттық элементтерді анықтау. Картадағы градустық және километрлік торлар. Нүктелердің координаттарын анықтау. Топографиялық карта есептерін шығару. Картографиялық проекцияның математикалық негізі. Картографиялық проекцияның түрлері. Географиялық координаттар бойынша карта номенклатурасын анықтау. Ірі масштабты топографиялық түрсірістер. Картографиялық генерализация. Топографиялық түсірістегі 1: 5000, 1:10 000 масштабты карталардың атқаратын міндеттері. Горизонтальдың қасиеттері және оларды биіктіктер арқылы жүргізу. Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін таңдау. Картаның жобалау легендасы. Жер бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу. Масштабы 1: 100 000 картаның орналасу схемасы. Карта құрудың негізгі этапы. Картаның шынайы құрамы, әдістері. Қазіргі кездегі баспалар. Ауданның жалпы экономикалық картасын құрастыру. Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Жер пайдалану ауданының шекарасын геодезиялық әдістермен анықтау. Ауданның орналасу схемасын, жалпы экономикалық картасын көрсету. Топографиялық түсірістерді және карта жасау жұмыстарын автоматтандыру. Топографиялық картаны жаңарту. Автоматты түрде карта жасауды ақпараттық қамтамасыз ету. Жер бетін сандық түрде бейнелеу. Ғарыштық суреттер арқылы сандық топографиялық карталар жасау. Электрондық карталарды Mapinfo, GREDO жүйелерінде жасау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Южанинов В.С. Картография с основами топографии М.Высшая школа, 2001.

2. Вахрамеева Л.А. Картография М.Недра, 1981.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, карталар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер мониторингі



Пәннің коды: ZhM3213

Пәннің типі: базалық пән, таңдау компонент

Оқу жылы:3-ші

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Елеуова Э.Ш. - аға оқытушы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Курстың мақсаты: жерге байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысындағы шешімдерді қабылдауда еліміздің жер қорының жағдайы туралы мәліметерді тұрақты түрде жаңартып, әр түрлі мәліметтерге талдау жүргізу, яғни қоршаған ортаны, жағдайына, ең алдымен оның басты объектісі болып табылатын жердің жағдайына жүйелі түрде кешенді бақылаулар жүргізу тәртібін оқыту, үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, жер кадастры, картография, экология, топырақтану

Курстың/пәннің мазмұны: Жер мониторингінің мақсаты мен мазмұны. Жер мониторингын жүргізудің ғылыми әдістемелік, әдістемелік-қолданбалы, қолданбалы, және ақпаратты-техникалық бағыттары. Жерді кешенді түгендеу жұмыстарының жалпы ережесі, мазмұны. Кешенді инвентаризациялық жұмыстар. Кешенді тізімге алу барысындағы жердің экологиялық бағасын анықтау жұмыстары. Жер иелену мен жер пайдалану жерлерін және бүлінген жерлерді түгендеу жұмыстарының мазмұны. Жердің санды және сапалы есебі үшін дайындық және бақылау жасау. Ауыл шаруашылығы алқаптары топырағының жергілікті тұз режимінің өзгерісіне бақылау жасау. Топырақ эрозиясының өте қауіпті аймақтарындағы жерге орналастыру ерекшеліктері. Жел, су, су эрозиясы туралы түсінік. Топырақтың жел эрозиясы тараған аймақтарда территорияны эрозияға қарсы ұйымдастыру. Топырақтың ауыр металдармен ластануына бақылау жасау. Топырақ ауыр металдармен ластануына бақылау жасауда жұмыстарды орындау тәртібі. Өсімдіктердегі ауыр металдардың жиналуына бақылау жүргізу кезеңдері. Су көздері жерлері мен елді мекен жерлерін түгендеу жұмыстарының мақсаты. Түгендеуге алынатын жерлер. Жер бақылауының ақпаратты-техникалық қамтамасыз етілуі. Жер бақылауы нәтижелерін қарау мен бекіту тәртібі. Ауыл шаруашылығы алқаптары топырағы бақылауын жүргізудің жалпы ережесі және оны жүргізудің әдістемелік-қолданбалы бағыты. Дайындық кезеңі. Далалық кезең. Камеральды кезең. Ауыл шаруашылығы алқаптары топырағы бақылауын жүргізудің қолданбалы бағытының мазмұны. Топырақ зертеу, қайта зерттеу және түзету жұмыстарын жүргізу бағыттары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Жер Кодексі 01.06.2003. Алматы, «Юрист», 2003.

  2. Құрманова Г.К. Методические указания для выполнения лабораторно – практических работ по дисциплине «Мониторинг земель». Казахский Аграрный Университет им.С.Сейфуллина. Астана, 2002.

  3. Қызылорда облысының жер алқаптары жөніндегі статистикалық мәліметтер 01.01.2010 ж.

  4. Архипов И.Г. Қазақстан Республикасы Жер құқығы. Алматы.: «Борки», 1997

  5. ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы, «Егеменді Қазақстан» 05.09.1997.

  6. ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы «Егеменді Қазақстан» 06.09.1997.

  7. «ҚР Жер қайнауы қорғау туралы» Заңы «Егеменді Қазақстан» 20.04.1996.

  8. Гендельман М.А. «Землеустроительное проектирование». ТОО «ЭВЛЮ», 1996.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, жер- кадастрлық мәліметтер, топырақ картасы, кітапхана қоры, Республикалық ЖОО аралық электронды білім ресурстары
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу



Пәннің коды: ZhMTEA 3214

Пәннің типі: базалық, пән, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Будикова К.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: жерді өндіріс құралы, жылжымайтын мүлік объектісі ретінде қарау, Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді меңгерту.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен кадастрдың ғылыми негіздері, жер кадастры, жерге орналастыруды жобалау.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстандағы жер қатынастарының даму ерекшеліктері мен тарихи және құқықтық аспектілері. Жер қоры жер кадастрының объектісі. Жер-кадастрлық процесс. Жер қоры туралы бастапқы мәліметтерді жинау және өңдеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізудің тәртібі мен мазмұны. Жерді есепке алудың түрлері мен тәсілдері. Жерді сандық есепке алу. Жер алаптарының жіктелуі, олардың сипаттамасы. Жерді сапалық есепке алу және оның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ролі. Жер және жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу. Жер учаскелерін тіркеу. Жерді тіркеу мақсатында есепке алу. Кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жерді есепке алу. Елді мекендердің жерлерін есепке алу. Аудандардың жерлерін есепке алу. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі. Тіркеу мақсатымен жер учаскелерін есепке алу. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі – Астана: Сарыарқа, 2010.

  2. Серикбаева Ш.Б. Государственная регистрация прав на землю в Республике Казахстан: проблемы теории и практики: учебное пособие. Алматы: Юрист, 2005.

  3. Сейфуллин Ж.Т. Жер кадастры – Алматы: ҚҰАУ, 2001.

  4. Чешев А.С., Фесенко И.П. Земельный кадастр – М.: «Издательство ПРИОР», 2001.

  5. Қазақстан Республикасының жер ресурстары жайлы анықтамалық – Қызылорда, 2010.

  6. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы. Астана, 2003.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, нормативтік актілердің жинағы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау



Пәннің коды: ZHPKMB 3206

Пәннің типі: базалық, пән, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-ші

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Будикова К.М. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізу әдістемесін игеру, жер қорының құрылымындағы өзгерістерді айқындау, оларды бағалау, кері процестердің салдарын жою және ескерту бойынша нұсқаулар жасау болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: жер құқығы, жер кадастры, экология, жер учаскелерін

тіркеу және есепке алу



Курстың/пәннің мазмұны: Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау жүйесі. Бақылауды жүргізу объектілері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізудің түрлері мен тәсілдері. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылатын негізгі нормативтік актілердің мазмұны. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар жүйесі. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы жерге орналастыру ұйымының ролі мен функциясы. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жерге орналастыру қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері. Жер заңындағы құқық бұзушылықтың түрлері. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. Жерді пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік инспекторының жұмыс тәртібі. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жөніндегі есепті құру және оның мазмұны. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жөніндегі жылдық құжаттамаларды безендіру.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі

2. В.М. Помогалова «Государственный контроль за использованием и охраной земель» Учебное пособие - Астана, 1998

3. Стамқұлов, Стамқұлова Жер құқығы. - Алматы, 2005

4. М.А. Гендельман, Ж.К. Крыкбаев и др. Научные основы землеустройства.– Акмола,1995

5. Методические указания к лабораторным занятиям по дисциплине «Государственный контроль за использованием и охраной земель» Астана, 1998.



6. «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Қызылорда, 2009.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет