Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесі ұйымдық, техникалық және нормативтік негіздердің жиынтығы болып табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР мемлекеттік жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметітабылады.
Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін ҚР Мемстандарты төмендегі функциялар атқарады:
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты
қалыптастырады және іске асырады;
Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметінің жұмысын
метрология саласында іргелі зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
шама бірліктерініңмемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау
және қолдану ережелерін белгілейді. Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды
қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарртық үлгілері;
физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері
туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді:
шама бірліктерін;
шамалардың мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік
салыстырып тексеру схемаларын;
өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістері
өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау,
салыстырып тексеру және калибрлеу, нормативтік құжаттарды, жобалық, констркутролық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін;
метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары мынадай екі түрге бөлінеді:
негізін қалаушы құжаттар (жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды
тағайындайды);
жеке өлшеу түріне талаптар ережелер және нормаларды реттеуші
құжаттар.
Бақылау сұрақтары:
1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негізгі міндеттерін атап беріңіз
2 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің объектілерін атап беріңіз
3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің негіздерін атап беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.