Өнімді сәйкестігін растау тәртібі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттары төмендегі өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу ретін қарастырады:
өтінімші сертификаттау жөніндегі органға өтінім береді;
өтінімді қарастыру нәтижесі бойынша шешімді өтінушіге жіберу;
өтінуші және сертификаттау жөніндегі орган арасында өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге келесім-шарт өңдеу;
сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілерін таңдап алу, оларды идентификациялау және сынақ зертханаларына жеткізу;
сертифаттауы сұралатын өнімнің үлгілеріне сертификаттау сынағын және басқа жұмыстарды жүргізу;
өндірістің жай-күйін талдау (таңдалған схемаға сәйкес);
алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкүндігі бойынша шешім қабылдау;
сәйкестік сертификатын беру және оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіліміне тіркеу;
сертификаттаудан өткен өнімді сәйкестік Белгісімен маркалау;
өнімгің сертификатталған сипаттарының және сапаны қамтамасыз eту жүйесінің жұмысының үстінен инспекциялық бақылау жүргізу.
Кейбір схемалар бойынша сертификаттау кезінде кейбір кезеңдер қарастырылмауы мүмкүн.
Достарыңызбен бөлісу: |