2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№ 1 тәжірибелік сабақ
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Негізгі ұғымдар
Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының негізгі ұғымдарын оқып үйрену.
Қолданылатын әдебиеттер:
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы.
Тапсырма:
1 Заңның бірінші бабын және осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарды оқып үйрену.
2 Жазбаша келесі сұрақтарға жауап беру:
2.1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы ҚР заңында қандай негізгі ұғымдар қолданылады?
2.2 Берілген заң бойынша қандай қарым-қатынастар реттеледі?
2.3 Келесі терминдердің мазмұнын ашыңыз: «өлшеу», «өлшеу құралдары», «өлшеу бірлігі», «өлшеу құралдарын сынау», «өлшеу құралдарын калибрлеу», «өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құжаттар», «өлшеу құралдарын салыстырып тексеру»?
3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |