Лекция 14. Өлшеу құралдары
Қателіктері нормаланатын және физикалық шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алатын техникалық құралды өлшеу құралы деп айтады.
Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы түрінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында тағайындалған метрологиялық сипаттамаларының жиынтығы б.т.
Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»).
Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді.
Аталған факторлар өлшеу жүргізуді орындауға мүмкіндік береді, яғни техникалық құралды өлшеу құралы қылады.
Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу құралының қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсерін тигізеді.
Өлшеу құралының нормаланатын метрологиялық сипаттамасы – нормативтік құжаттарда тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.
ГОСТ 8.009 стандартына сәйкес өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары болып мыналар табылады: шкаланың ұзындығы; шкала бөлігінің бағасы; өлшеу құралының корсетуінің вариациясы; өлшеу диапазоны; өлшемнің номинал мәні; өлшеу құралының сезгіштігі (сезімталдығы); өлшеу құралының сезгіштік табалдырығы; өлшеу құралының дәлдігі; өлшеу құралының тұрақтылығы.
Өлшеу құралы неғұрлым жоғары дәлдікпен өлшейтін болса, ол үшін соғұрлым көп метрологиялық сипаттамалар нормаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |