3. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі.
Өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рәсімі отандық тауар өндірушілерді қолдау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттауға жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында енгізілген.
Бірақ өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау отандық өнімдерге ғана таралады және импортталатын өнімдерге қолданылмайды.
Сәйкестік туралы декларация міндетті сертификаттауға жататын және «Сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рұқсат етілген өнімдердің Тізіліміне» енгізілген өнімдерге қатысты қолданылады.
Өнімді жеткізуші (шығарушы, сатушы) сәйкестік туралы декларацияны өнімнің өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келетінінрастайтын құжаттардың негізінде қабылдайды. Мұндай құжаттарға жатады:
өнімнің үстінен шығарушымен (тапсырушымен) және (немесе) компетентный сынақ зертханаларымен жүргізілген бақылау сынақтарының хаттамалары;
өнімге бұрыннан берілген күшіндегі сәйкестік сертификаттар және (немесе) шикізатты, материалдарды, комплекттеуші бұйымдарды сынау хаттамалары;
стандарттардың талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау актілері (стандарттардың талаптары бұзылмаған жағдайда);
өнімнің (шикізаттың, өндіріс процесінің, буып-түю, маркалаудың) тағайындалған талаптарға сәйкестігін растаушы құжаттар, сапа жүйесінің немесе шығарушы кәсіпорынның өндірісінің сәйкестік сертификаты және т.б.
Сәйкестік туралы декларация нақты өнім немесе олардың сәйкестікті растайтын бірыңғай талаптар қойылатын біртекті өнімдер топтарына қатысты қабылдануы мүмкүн.
Сәйкестік туралы декларация Мемстандартпен бекітілген форма бойынша толтырылады және
Достарыңызбен бөлісу: |