Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет1/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37



Жарылқасын Бикенов

ӨМІР

СЫНАҚТАРЫНЫҢ

СЫРЫ

ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)

Б 53

Б 53 Бикенов Ж.

«ӨМІР СЫНАҚТАРЫНЫҢ СЫРЫ». - Қарағанды: «Tengri Ltd» ЖШС, 2015. - 337 б.



ISBN 978-601-7814-07-6

Еңбек ардагері, бүгінгінің абыз ақсақалы Жарылқасын Бикеновтің бұл туындысында өзінің жүріп өткен өнегелі өмір жолы ғана емес, қоғамымыздағы тұтастай бір кезеңнің қым-қиғаш оқиғалары кеңінен көрініс тапқан. Автор өз басынан кешкен талайлы тағдыр арқылы біздің заманымыздағы түрлі құбылыстардың қыр-сыры мен мән-мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, бүтіндей бір дәуірдің болмыс-бейнесін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты мықты зерденің көмегіне сүйене отырып, кестелі тілмен баяндаған.

Кітаптағы Жарылқасын Бикенов туралы жақсы мен жайсаң қатарындағы азаматтардың ой-пікірлері мен лебіздері және автордың әр жылдары баспасөз бетінде жариялаған мақалалары да оқырманға ой салардай салмақты һәм салиқалы.



Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)

ISBN 978-601-7814-07-6

© Бикенов Ж., 2015









Өмір сынақтарының сыры

АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА
РУХЫ БИІК ТҰЛҒА

Отанға тірек болатын - «Елім маған не берді?» деп емес, «Мен еліме не бердім?» деп өмір сүріп, еңбек ететін азаматтар. Әр адамның тағдыры әрқилы өріледі. Ол көбіне адамның өзіне байланысты. Біздің буын жер жүзін қанға бөктірген алапат соғыс жылдарында дүниеге келіп, одан кейінгі жүрелеп қалған қоғамның тынысын реттеп, еңсесін тіктеу заманында ер жетті. Жастайымыздан көрген қиыншылықтарымыз, тартқан тауқыметіміз аз емес. Бірақ сол уақыттағы ел жанкешті еді. Әке-ағаларымыз соғыстан бұрынғы да талай нәубетті бастан кешсе де мойыған жоқ. Солардың тәрбиесін көрген біздің буынның өкілдері негізінен қиындық атаулыға төзімді, бар мен жоқтың қадірін білетін қанағатшыл, ағайын-туысқа жанашыр, ел келешегіне алаңдап, ертеңгі күннің берекесін ойлап тұратын саналы азаматтар болып ер жетті.

Жарылқасын Бикеновтің қолымызға тиіп отырған «Өмір сынақтарының сыры» атты кітабы көп жайттардан хабар береді. Қоғамымызға ерен еңбегі сіңген қайраткер тұлғаның өткен ғасырдың бел ортасында қалған балалық шағынан бастап өрген ғұмырнамалық баяны талай адамға сабақ. Бір заманның төлі болғандықтан, мұнда баяндалған қоғам мен тұрмыстың көп жағдайлары маған етене таныс. Бірақ, тұп-тура елу жыл бухгалтер болған, оның ішінде кезінде Қарағанды өңіріндегі күллі сауда саласын алақанында ұстаған облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері қызметін табан аудармастан отыз тоғыз жыл бойы атқарған адамның біз білмейтін қалтарыстары көп екен. Кітапты оқып отырып, білімді, білікті жанның талай сыннан өтіп, сан теперішке төтеп бере алғанына көз жеткіздік.

Ел танитын тұлғалардың өмірбаяндық шығармалары, естеліктері былайғы жұртқа үлгі, өскелең ұрпаққа сабақ. Кейінгі буын алдыңғы буынға ереді, ағалардың жүріп өткен жолынан өзінше ой түйіні, бой түзейді. Қоғам кез келген адамның өмірін үлгі ете алмайды. Өз заманында топ жарып, елдің алды бола білгендер, атаның емес, адамның ұлы болғандар, өз жайынан халық қамын жоғары қойғандар ел жадында ұзақ сақталады. Жарылқасын Бикенұлы саналы ғұмырын халық игілігі, ел экономикасының алға басуы жолына арнап, соның үшін де бүгін көпшіліктің құрметіне бөленіп отырған жан.

Есеп-қисаптың жұмысы болғаннан кейін, Жарылқасын Бикенұлының қайсыбір заманда, қандай да бір жұмысында кемшіліктер болған десек, соншалықты үлкен айып болмас еді. Алайда, жарты ғасыр бухгалтер болған осы адамның еңбегінде иненің жасуындай кінәрат болмағанын көзкөргендер, қызметтес болғандар жақсы біледі. Тырнақ астынан кір іздейтіндер қайда да болады емес пе, үстінен түскен дәйексіз арыз-шағымдар болған, әрине. Оны осы кітабында өзі де жасырмай айтқан. Бірақ, соның ешқайсысы дәлелденбей, аққа құдай жақ дегеннің анық дәлелі болған.

Адамды өскен шаңырағы, жүрген ортасы тәрбиелейді. Кітапта автор Көбетейдегі қарашаңырағы, ата-анасы мен бір туған апа-бауырлары, ағайын-туыс пен ауыл адамдары туралы және сол кездің тіршілік ауаны жайлы жан-жақты әңгімелеген. Жәкеңнің жақынға деген бауырмалдығы, жұртына деген қамқор көңілі адамның жанын елжіретеді. Дос-жарандарымен, қызметтегі әріптестерімен сыйластығы қандай болған!? Талай ұстаздың, ақылшы ағалардың алдын көрген Жәкең, өзі де











Жарылқасын Бикенов

сауда саласының бірталай майталман мамандарын тәрбиелеп шығарды. Соңында қалдырған ізі сайрап жатқанына осы кітапты оқып шыкқанда көз жеткізе аласыз.

Бұл еңбектегі Жарылқасын Бикенұлы туралы жазылған естеліктер топтамасы да шынайылығымен, мағыналы мазмұнымен оқыған жанды тәнті етеді. Бұдан бөлек, кеудесі алтын сандық Жәкеңнің әр жылдары баспасөз бетінде жариялаған мақалалары да айтар ойының тереңдігімен, өнеге етер ғибратымен, өрнекті де шұрайлы тілімен адамды баурап алады. Өз алдына бір төбе болатын бұл жазбалар аталған кітаптың салмағына салмақ қосып, тәлім-тәрбие ретіндегі құндылығын арттыра түскен.

Жарылқасын Бикенұлы денсаулықтың, онда да маңдайдағы қос жанардың машақатын қырық жылдан бері көріп келеді. Жалғанның жарығын көруден шектелу кім-кімге де оңай емес. Ал екі көзден қалып отырып, ондаған жылдар бойы сау адамның өзіне көп салмақ түсіретін есеп-қисап жұмыстарымен шұғылдану, онда да басшылық қызмет атқару қандай?! Қажырлы, табанды еңбегі үшін оны әріптестері де, барша халқы да зор кұрмет тұтты. Бұл адам қиындыққа мойымаудың, қайта қиналған сайын ширайтын қажырлылық пен өршілдіктің жарқын үлгісін көрсете білді. Қара сөзбен қанша сипаттасақ та мұны Жәкеңнің дәл өзіндей сезініп, сипаттай алармыз ба?..

Жәкең өмірдің талай сындарынан тынбай талпынуының, талмай ізденуінің, аянбай еңбектенуінің арқасында өтті. Қай уақытга да жүрген ортасына сыйлы, беделді болды. Кооперация саласына орасан еңбек сіңірді. Елдің қолдауының арқасында үлкен дәрежеге жетіп, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Нұра ауданының Құрметті азаматы атанды. Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев 1994 жылы Жарылқасын Бикенов туралы «Нұра перзенті» поэмасын жазды.

Дастанда:

Бір адамды осындай-ақ сынасын

Қатал ТАҒДЫР!

Сынбай қалды шын асыл!

Сүйеу болды кіндік қаны тамған жер -

Сарыарқасы,

Шалқып аққан Нұрасы!

Туған жерге терең тамыр жайған соң

Хас бәйтерек

Қалай ғана құласын?! – деген жолдар бар. Осының бәрі де ардақты азаматтың тұлғасына берілген лайықты баға.



Жәкең бүгінде ағайын-туыс, дос-жаран, бала-шағасының ортасында құрметке, қызық-қуанышқа бөленіп отыр. Бұл бақытқа өмір бойғы тынымсыз еңбегімен жетті. Еңбекпен тапқан несібе нәрлі болмақ. Сонау бір жылы Көбетейден шыққан көкөрім жас бүгінде тамырын тереңге тартқан мәуелі бәйтерекке айналған. Талай жанға сая болып отыр, үлкен бір әулеттің ақылман ақсақалы. Ұрпағының қызығын көріп, осы бір шуақты күндері ұзағынан болсын деп тілеймін!

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, қоғам және мемлекет қайраткері









Бұл кітапты әкем Бикенге, анам Зағипаға, асыл жарым Әнияшқа арнаймын.

Автор

I

ТАРАУ












Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет