Амангелдісі өте алғыр жігіт еді, өмірден жастай озып кетті. Кейінгі балаларының бәрі жоғары білімді, солардан немере, шөбере көріп отыр. Жангелді Ақмоланың Ерейментау, Вишневский, Қорғалжын аудандарында сот төрағасы болып қызмет істеді. Зайыбы Шолпан – біздің Есен Кәрібайұлы деген досымыздың қызы.
Итжан ағамыз Нұра аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Аген Мұқашұлы Тентекбаев деген кісімен жақсы сыйласты. Қаржас елінің азаматы-тұғын. Нұра ауданының Құрметті азаматы, өте білімді, білікті адам еді. Сол ағамыз мені той-томалақтарынан қалдырмай шақырушы еді. Бәйбішесі Рымтай өмірден озып кеткен соң, өзі де қатты ауырып, балаларына: «Шешелеріңнің жылын уақытынан ерте, менің көзімнің тірісінде беріңдер», – деді. Сол асқа қатысып едім. Барлық баласын жиып алып, батасын берді. «Мынау – Жарылқасын ағаларың. Ертең бірдеңе болса, батаны осы ағаларыңнан алыңдар. Тойыңның төрінде осы кісі отырсын», – деп аманаттады.
* * *
... Сол кезде бір рабкооптың қарамағында оннан-жиырмадан дүкендер, қойма, өзге де нысандар болатын. Аса ірілерінде, тіпті, отыз дүкеннен болады. Бір автобус кісіні алып барып, барлығына бір күнде тексеру-түгендеу жүргіземіз. Қалдықтарын санаймыз, ысырап, ұрлық-қарлықтан амандығын, бағасының дұрыс қойылуын, тауар сапасын, тазалықты тексереміз. Ескіргені, жарамсызы есептен шығарылады. Бүкіл республика бойынша алғашқы болып, аудан ауылдарындағы рабкооптардың барлық бөлімшелерін түгендеп жаттық. Нәтижесін рабкооп басқармасында, одан ауданда қараймыз.
Чкалов совхозында (қазіргі Кертінді ауылы) рабкооп басшысы болып Тұрсын Нұрмағанбетқызы Досболова істеді. Аға бухгалтері Любовь Винник болатын. Тұрсын техникум бітірген, бухгалтерлік тәжірибесі бар. Еңбекке жанын салып, күндіз-түні тыным таппайтын адам. Аудан, облыс көлемінде өзі төрайымдық еткен рабкоопты алдыңғы қатарға шығарып, республикаға танымал болды. Тауар айналымындағы жетістігі керемет еді. Ол ескі үйлерден дүкен жасады. Тұрсынның кезінде бір ауылда бірнеше дүкен дүрілдеп тұратын. Ішінде не жоқтың бәрі бар. Тұрсын ойдан-қырдан тауып әкеледі. Республикалық Тұтынушылар одағының төрағасы, ел таныған тұлға Ербосын Хасенов Қарағандыға келген сапарында Тұрсынның рабкоопына арнайы ат шалдырды. Кейін Тұрсынның қызметі өсіп, аудандық Тұтынушылар одағының төрайымы болды. Кооператив институтын сырттай оқып бітірді. Онда өзінің құрдасы, досы Дәмежан Ералина қызмет істейтін. Сол Дәмежанмен мен де отбасымызбен етене араласып едік.
КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин болған заманда экономикалық тиімсіз кәсіпорындарды ірілендіру туралы қаулы шықты. Сонда облыс бойынша бірінші болып, үш совхоздағы рабкооптардың басын біріктірген едім. Нұра ауданында бас-аяғы 16 совхоз болды. Олардың рабкооптарын ірілендіру дегенде, экономикалық тиімділігін, басқа да жағдайларын ескересің. Төраға, аға бухгалтерлер қысқартуға ілікті. Мықтысын таңдайсың. Мұның бәрі айтуға ғана оңай шаруалар. Есептілік, жоспарлау, ресурсты пайдалану жағын күшейтумен айналыстық. Ауданымызда кооперация саласын көтеру, жаңашыл әдістерді енгізу бойынша үлкен жұмыстар атқардық.
Жарылқасын Бикенов
Ақмолада республикалық семинар өткенде, қатысушыларға Қарағанды облысының, оның ішінде Нұра ауданының сауда нүктелері басқаларға үлгі ретінде таныстырылды. Ол уақытта облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы – Борис Моисеевич Альберт, оның орынбасары – Пешат Хасенұлы, аудандағы төраға – Ақтай Дәуітұлы. Ауыл-ауылдағы дүкен, қойма, асхана, мейрамхана, наубайхана, сыра зауыты, лимонад, шұжық цехтары, тағы да басқа нысандарды аралаған республика, облыс деңгейіндегі басшы адамдармен сол семинарда таныс-біліс болғаным бар.
* * *
Нұра ауданында қызмет істеп жүргенде бастауыш партия ұйымының хатшысы болдым. Құдайға шүкір, жас болғанымызбен, жұмысты дұрыс істедік. Ақаң сол уақытта жоғары партия мектебінде сырттай оқып жүрді. Аудандық Тұтынушылар одағына келгенге дейін, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, ауаткомның жауапты хатшысы қызметінде болды. Бұрын Нұра ауданында шығатын газеттің редакторы болған екен. Сауда саласында істеп көрмеген. Бірақ, аупарткомның бірінші хатшысы Николай Филиппович Задорожныймен, екінші хатшы Жанайдар Әубәкіровпен, сауда саласына жетекшілік еткен үшінші хатшы Александра Григорьевна Тиличенкомен, ауатком төрағасы Әбдуәли Біләловпен жақсы араласып, қызметтес болып жүрді де, сауда саласын меңгеріп алды. Ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары еді. Адамды тыңдай білетін. Ақыл айта да білетін. Оқымаған кітабы жоқ. Баяндаманы орыс тілінде өзі жазады, қаулы әзірлейді. Жазып тастау деген ол кісі үшін ештеңе емес. Тілі ағып тұратын. Облыс көлеміндегі партия жиналыстарында Нұра ауданынан Ақаң шығып, бірінші сөйлейді. Мақамы ғажап, сөзі ұтымды. Сол кездері аудандық Тұтынушылар одағы төрағасының жалақысы – 160 сом, аға бухгалтердікі – 130 сом. Ақаңның жалақысы бір айға жетпей жатады. «Қызыл сальдо» дейміз, авансымен ала береді. Облыстан, республикадан, сондай-ақ, Кеңес Одағы деңгейіндегі қонақтар толассыз келіп жатады, соларды күтеді. Көбінесе, ауаткомның қонақтары. Оларға кеткен шығын совхоздар есебінен төленеді, жетпегенін Ақаң өз қалтасынан шығарады. Зейнеп апамыз бір күні келіп тұр: «Ақаң жалақы әкелмейді, үйде нан жоқ», – дейді. «Берейін», – деп, ордермен он сом жазып жатсам, Ақаң кіріп келді. «Зейнеш, сен мында неғып жүрсің? Бұдан кейін бұл табалдырықты аттаушы болма», – деді ренжіп. Сол Зейнеп апамыз бастықтың әйелімін деп ешқашан шікіреймеді. Ақаң болса, тек адал еңбегімен тапқан ақшасына өмір сүрді. Елге қолдан келген жақсылығын жасап, ақыл-өнеге беріп өтті. Соңгы сапарына шығарып салып, балаларымен хабарласып тұрдық. Балалары Ақаңа арнап ас беріп тұрады. Көзі тірісінде Ақаң 60 жасқа толған тойын дүркіретіп жасады. Онда кооперативтен ауысып, май зауытында қызмет істейтін. Тойға мен де барып қатыстым. Бәрі де күні кешегідей көз алдымда. Әттең, өмірден ерте кетті. Жатқан жері жайлы болсын деймін.
Жоғарыда ауданның сол кездегі хатшыларын атап өттім. Көп адамдармен Дәмдес, тұздас болдық. Солардың арасында прокурор Ілияс Құсайыновты, тергеуші Куаныш Құсайыновты атап өткім келеді. Қуаныш ағамыз облыстық прокуратураның айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі қызметіне дейін өсті. Кейін әйелі Ғайнидің денсаулығына байланысты Алматыға көшкен еді. Республикалық прокуратураның айрықша маңызды істер жөніндегі прокуроры қызметіне орнықты.
Өмір сынақтарының сыры
Министрлер кеңесі Алматының ортасынан үй берді. Ғайни өмірден ерте озып кетті. Соңында Гүлнар, Айгүл есімді қыздары қалды. Кейінгі әйелі Алена республикалық прокуратурада істейтін. Зекені мен Жарқыны дүниеге келді. Сол балаларының бәрін Алена жеткізді. Бұл күнде олар бір-бір қызмет иесі. Қуаныштың шешесі Қалыбек, әкесі Қожа еді. Бірақ біз жиен-нағашы емес, ағалы-інілідей болып өстік. Милиция басшысы Филипп Михайлович Медведев, сот төрағасы Дмитрий Федорович Черкесов, судья Жаһан Байханов болды. Кооперацияның жұмысы бойынша осы аталған кісілердің бәрімен араласып, кімнің кім екенін білдік. Прокуратурада, сотта, милицияда мәселелерді қараудың ретін үйрендім. Заңгер Қанапия Әубәкіровпен, жұбайы Әсиямен жақсы араластық. Өзі марқұм болып кетсе де, балалары Күләш, Бақыт, Майра, Ерболат, келіні Сәулелермен осы күнге дейін араласамыз. Барлығы заң саласында еңбек етеді.
* * *
Нұра ауданында қызмет істеген кездері қызғанушылық, көре алмаушылық деген болмады. Тұтынушылар одағы жүйесіндегі ұжымның мүшесі ретінде әрқашан бір-бірімізге білгенімізді үйретіп, қолдау көрсетіп отырдық. Үлкендік, кішілік борышымызды атқара білдік. Арамызда ұрыс-керіс болып көрген жоқ. Ақаңның дастарханынан талай дәм таттым. Дастархан жаюды да сол кісілерден үйрендік. Әнияш болса, сол кездегі Қарағанды педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінде сырттай оқып жүрді. №2 мектеп-интернатта қызмет істеді. Мектеп-интернаттың директоры Дыбыс Ахметов болатын.
Киевканың басында Серіков Әбдіғали мен Нұркіштің отбасымен таныстық. Нұрбай-Алтайдың жігіті, ОБХСС-те қызмет істеді. Көбетейдегі әке-шешемізді білетін, жақсы араластық. Мұқатай Смағұлұлы Ысқақовпен аралас-құралас болдық.
1971 жылдың 23 ақпаны. Түсте дәрігер досымыз Байқадамның үйінен дәм татып, түстен кейін Мәдениет үйіндегі мерекелік концертті тамашаладық. Кешкісін дастархан Мұқатайдың шаңырағында жайылды. Басымыз қосылған соң, преферанс ойнап отырғанда, түнгі 11-12 болды. Бір уақытта Мұқатай: «Әй, сен үйіңе қайт», – деді. Ойымда ештеңе жоқ, мұнысы несі деймін. Қызметтік «Москвичіне» отырғызып, үйіме алып келді. Аяғы ауыр Әнияш ептеп қысылған сыңайлы. Мұқатай Әнияштың уақыты келгенін байқап қалған екен. Мен жастықпен аңғармаппын. Тура сол күні таңғы жетіде өмірге қыз бала келді. Есімін Гүлшат деп өзім қойдым. Ал Мұқатайлар Гүлшатты «Біздің қыз» атап кетті.
Сол жылдары Пешат Хасенұлы маған Шет аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы болуды ұсынған еді. Сол жолы келіссем, кім біледі, басшы ретінде өсіп, талай жерге баратын ба едім... Әке-шешемнің жағдайын, басқаны ойлап, келіспедім.
* * *
1971 жыл. Бір күні жұмыста отыр едім, Қазақ Тұтынушылар одағы бақылау-тексеру басқармасының (КРУ) басшысы, басқарма мүшесі Хамзе Макупов деген азамат қоңырау шалды. Менің қарамағымдағы рабкооптардың бірінде Зинаида Борисовна деген аға бухгалтер бар еді, соны іссапарға жіберуімді сұрады.
Жарылқасын Бикенов
Түрлі сылтаулар айтып, жібере алмаймын дедім. Ол кісінің дәрежесін, абыройын, жүрген ортасында мықтының бірі екенін қайдан білейін, мен онда жас жігітпін. Ол тұтқаны қоя салды. Күндер өтіп жатты. Қаңтар айында жасалған жұмыстар туралы есебімді облыс бойынша бірінші болып тапсырғам. Бас бухгалтер Мұхтар Азамбаев кетіп, орнына Мерғазым Шәкірұлы Шиқаттаров келді. Шет ауданында үлкен шығын шықсын. «Сол ауданға барып, есептеме әзірлеуім керек, Жарылқасын, көмектесші», – деді бас бухгалтер. Баруға тура келді. Қазақ Тұтынушылар одағынан 40-50 кісі келіпті. Ішінде біздің облыстық Тұтынушылар одағының КРУ басшысы Әубәкіров Қайырбек Әубәкірұлы деген азамат та бар. Барлық қоймалардан шығын шыққан: біреуінен 150 мың сом, біреуінен 80 мың сом, енді біреуінен 40 мың сом. Масқара! Солардың бәрінің есептерін тексеріп жатыр. Облыстық прокуратурадан айрықша маңызды істер жөніндегі аға тергеуші келіпті. Аты-жөні – Бекетай Төлеубаев. Тұтынушылар одағының бас бухгалтері Берген Қасымов та осында. Барысымен, Шет ауданының жылдық есебін жасауды қолға алдым. Ақпанның 10-ы болуы керек, хабар келді. «ІЦербаков» совхоз-рабкоопының төрағасы Жолдыбай Скандаров болатын. Туысқанымыз, «Шахтерде» бірге істегенбіз. Оның әйелі Әнияшқа нағашы болады. Сол Жолдыбай Осакаровкаға жүкке бара жатқанда, машинасы жолда тұрған тіркемеге соғылып, мерт болыпты. Барып, топырақ салуым керек еді, шығуға мұрша болмағаны. Облысқа шапқылап, Шет ауданының есебін тапсырдым. Осыны бітірген соң ғана ауданға барып, отбасына көңіл айттым...
* * *
Өмір өте берді. 1 сәуір күні облыстық Тұтынушылар одағы кеңесінің жиналысы болды. Төрағамыз Альберт Борис Моисеевич зейнет демалысына шығып, орнына Хан Вениамин Александрович келді. Пешат Хасенұлы Хасенов бірінші орынбасар, бұған дейін Ульянов аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы болған Қабден ЬІсқақұлы Ысқақов қаржы жөніндегі орынбасар, обкомның нұсқаушысы болған Андрей Семенович Беляев кадр жөніндегі орынбасар болып тағайындалды. Бәрі қызметтерін бастап кетті. Ол кезде бас бухгалтер Мерғазым Шәкірұлы Шиқаттаров болатын. Вениамин Александрович пен Мерғазым Шәкірұлы Балқашта бірге істеген екен. Вениамин Александрович: «Мерғазым, сен екеуміз жұмыс істей алмаймыз. Жұмыстан кетуің керек, орныңа кімді қоясың, айт», – дейді. Нұра ауданының бас бухгалтері мені ұсынған. Әкей мен шешей ауданда тұрғанымды жақсы көргенмен, «Барсаң бар, балам, қызметің өсе берсін», – деді. Вениамин Александровичпен сөйлесіп едім: «Үш бөлмелі үй алып берем. Қаланың ортасына келесің, қызметің болады. Бірге жұмыс істейміз», – деді. Келістім. Бұл 1971 жылдың 6 қыркүйегі болатын.
Сөйтіп жүргенде, облыстық семинар-жиналыс өтіп, Қабден ЬІсқақұлы төрағаның орынбасары ретінде басқарып отырды. Бетті кісі еді. Талабы үлкен, тік мінезді адам. Жиын барысында ой-пікірімізді, қандай көмек керегін сұрады. Жастық қой, атып шығып: «Облыстық мекеменің аты шығуы үшін төменгі ұйымдар, рабкооптың, аудандық Тұтынушылар одақтарының аға бухгалтерлері, қызметкерлері мықты болуы керек. Соларға көмектесу қажет. Сіздер соларды нығайтып, кісі жіберіп, тәрбиелегеннің орнына, жұмыс істеп келе жатқан адам болса, оны облысқа алып қоясыздар. Маржанкөл рабкоопының аға бухгалтері Ғалия Елешқызы Бимағамбетованы, менімен келіспестен, Қарағандыға алдырдыңыздар, қазір сіздердің қаржы бөлімдеріңізде қызмет істеп жатыр.
Өмір сынақтарының сыры
Ғалияның орны үңірейіп қалды. Ертең онда шығын орын алады. Сонда жұмысты кім істейді, бұл кімге жақсы?»», – дедім. Ғалиямен уақытында Ақмола техникумында бірге оқығанбыз. Менен бір курс төмен оқыды. Әкесі Елеш Маржанкөлде мектеп директоры, оның алдында аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болды. Білімді, жақсы кісілер еді. Қабекең: «Жиналыс біткеннен кейін, облыстық Тұтынушылар одағының ғимаратына кел», – деді. Айтқанындай, Қабден Ысқақұлының кабинетіне келдім. Ойымда ештеңе жоқ, неге шақырғанын да білмеймін. «Сен кімсің өзі? Облыстық Тұтынушылар одағы сенен ақыл сұрауы керек пе? Облыстық Тұтынушылар одағында істейтін қызметкер жұмысты білетін, білімі мықты, ұйымдастыру қабілеті бар; ауданға, рабкоопқа барып тексергенде біреуге үйрете алатын адам болуы керек. Облыстық Тұтынушылар одағында кім болса сол қызмет істемейді. Ал ондай адамдарды біз аспаннан аламыз ба? Өзіміздің жүйедегі, біледі деген адамдарды аламыз», – деді. «Ер шекіспей бекіспейді» демекші, бір-бірімізге бастапқыда осылайша бірер мәрте қырын келіп қалғанмен, кейін ағалы-інілідей болып кеттік. Қатты сыйластық. Бұл күнде Қабекең де, әйелі Мария да бақилық болған. Ұлы Мейрам генерал болды. Қызы Сәуле медициналық колледждің директоры болып, профессор атағын алды. Бақыты доктор атанды, кардиолог дәрігер мамандығын игерді. Қабекеңнің жүрегі қысқанда, Бақыт өз біліктілігінің арқасында әкесін бірнеше рет ажалдан арашалап қалған. Қабекең сауатты, жан-жақты адам еді. Еңбек жолын бухгалтердің шәкірті болудан бастап, Тұтынушылар одағының төрағалығына дейін көтерілген. Өмірде талай адамға жақсылық жасады. Содан да, айналасындағылар ол кісіні сыйлап өтті. Жатқан жері жайлы болсын.
Вениамин Александрович Хан Мерғазым Шиқаттаровтың орнына кімді аламыз дегенде, Пешат Хасенұлы бар, басқарманың орынбасарлары мен мүшелері бар ақылдасып, Жарылқасынды алу керек деген шешімге тоқталған-ды. Пешат Хасенұлы мен Қарағандыға бас бухгалтер болып келгеннен кейін көп істеген жоқ. Кетпей тұрып, қаланың өзінен үй алуым үшін мені қалалық атқару комитетіне Николай Шаханович Күлмағамбетовке жолдаған. Ал Вениамин Александрович мен келген бетте Майқұдықтың 18-ші шағын ауданынан үш бөлмелі жаңа үй алып беріп, кейін қалаға ауыстырамыз деген. Екі-үш ай «Қарағанды» қонақ үйінде тұрдым. Төлемін облыстық Тұтынушылар одағы жасады. Бірақ, Майқұдықтағы үйді жаңа қаладағы үйге айырбастау мүмкін болмады. Ол уақытта обком, облатком, қалалық аткомда кезек көп, онда да бірінші шахтерлерге, тағы басқаларға беріледі. Не керек, 1971 жылдың 13 қарашасында Нұра ауданынан Қарағандыға көштік.
* * *
Қарағандыға қызметке аларда Хан Вениамин Александрович мені Алматыға бекітілуге жіберді. Ол кезде Қазақ Тұтынушылар одағының бас бухгалтері, бухгалтерлік есептеме басқармасының басшысы Хайдар Қабиболлаұлы Дәменов. Өзі басқарма мүшесі, білімді, адамгершілігі мол азамат. Қазақша, орысша, татарша еркін сөйлейді. Жан-жақты, он саусағынан өнер тамған адам. Музыкалық аспаптардың бірнеше түрінде ойнайды. Ол кісімен алғаш рет сол жолы таныстым. Ербосын Хасенұлы – төраға, Ярополк Владимирович Косыла – төрағаның кадр
Жарылқасын Бикенов
жөніндегі орынбасары, Әнуарбек Артықбаев – кадр ісі басқармасының басшысы, басқа да басқарма басшылары бар, солардың бәрінің алдынан өтуім қажет. Зымырап өтіп келем. Біреуінде бес, біреуінде үш минут, келесіде он минут отырамын. Кезек баяғыда Нұрада отырғанда маған қоңырау шалып, бір әйелді іссапарға жіберуді сұраған КРУ басшысы Хамзе Макуповқа келді. Ол мені тани кетсін. «Әй, сен қай білгішсің? Қай қыңырсың айтқанымды орындамайтын?!». «Кешіріңіз, Хамзе Макупұлы. Мен, енді, түсінбедім ғой». «Сен сол кезде сондай едің, енді тіпті адам менсінбей кетесің ғой». Мені біраз тәрбиеледі. Дегенмен, Хайдар Қабиболлаұлы қол қойғаннан кейін, басқалары оған қарсы шыға алмады.
Ол кезде денсаулық мықты, жас кезіміз. Спортпен шұғылданамыз. Мен келіп қызметке тұрғанда, Қазболат Әшляев ұйымдастыру бөлімінде істейтін. Қайыржан Әбілов облыстық Тұтынушылар одағының бір бөлімінде қызмет істейді екен. Зайыбы Таня Әбілова да сонда бір бөлімде. Кейін Қазболат бізде ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы болды. Таня орнында қалып, Қайыржан сауда ісі басқармасына қызметке ауысты. Ол уақытга әкесі Мұқаң – Мұқыш Әбілов облыстық сауда басқармасы басшысының орынбасары болатын. Сөйтіп, облыс орталығындағы алғашқы қадамымызды облыстық Тұтынушылар одағынан бастадық.
* * *
Нұрғали Серіков деген ағамыз Черниговка совхозы рабкоопының төрағасы, одан кейін сол Черниговкадағы сауда бөлімінің директоры болды. Ағалық, туыстық жанашырлығын көрсете білген кісі еді. Бізді Қарағандыға сол Нұрекең бар, Әнзекең бар, бірқауым ел шығарып салды. Көбетейден Қуекең бастаған бір автобус кісі келді. Киевкадан бес шақырым жердегі Жуантөбеде дастархан жайылды. «Қызметің өсіп жатыр. Жолың болсын. Жақсы істе», – дейді. Әбден бауыр басып қалған елім, жұртым ғой, көзімізде жас. Байжиен Күлдібаев деген Түнқатар жігіті болды. Әйелі Күлия екеуі дүкенші болатын, кеңсе керек-жарақтарын, оқу құралдарын сату ісімен айналысты. Еңбекқор жігіт еді. Тура сол кездерде елде жоқ су жаңа «Москвич» алған. Кейін естідік, бізді шығарып салып, Киевкаға ағып кіріп келе жатқанда, жолда мектеп директоры Есім Жүпеновтің туған інісі Олжабайды қағып кетіпті. Әйтеуір, Құдай қағып, аман қалған екен.
* * *
Тым ұзап кететін болған соң, ауылдағы ақсақалдарға жеке-жеке тоқталмай отырмын. Бірақ, әкеміз сыйласып, бірге өткен кісілер біраз болды. Солардың ішінде Сатыбалды Жұмабековтің орны бөлек. Сатыбалды ақсақал мен Құлқадиша анамыз әкеммен дос болды. Кешегі қиын-қыстау заманда, ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарында Сәкең ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет істеген. Жалғыз ұлы Қуаныш техникум бітіріп келіп, алдымен «Шахтерде» бөлімше ветеринары, кейін совхоздың бас ветеринары болды. Бірталай қызмет атқарды. Кезінде Сәкең біздің ауылға қона жатып қайтатын. Әкей екеуінің әңгімесі түн ұзағына созылып, таусылмаушы еді. Қуаныш шаңырағына Тілеукен есімді келін түсірді. Тілеукен адал, өте жайлы, орнықты жан болып шықты.
Өмір сынақтарының сыры
Ерболат, Жанболат, Бейсембай, Жанат, Қанат, Айнагүл деген балалары дүниеге келді. Солардың бәрі ержетіп, бүгінде белді қызметтер атқарып жүр. «Әкесі достың баласы дос»: Қуаныш екеуміз дос болып кеттік. Мен Қарағандыға көшейін деп жатқанда қой сойып күтті. Апам Мәуешпен бірге оқыған Жоқан, Жармұхамед деген жігіттермен бірге сол үйде болып, жақсы демалдық. Қайтуға жиналғанда, Қуаныш маған он қойды өңгеріп беріп жатыр. Ол уақытта қойдың құны он екі-он бес сом. Ақшасын берейін деп қамданып жатсам, жаңағы үш жігіт: «Жарылқасын, сен Қарағандыға кетіп барасың. Ертең барғаннан кейін, танымайтын жер, келімді-кетімді кісің болады. Соның бәріне қаражат керек, ет керек. Ақшаң керек емес, елдегі азаматтардың атынан саған жасаған бір көмегіміз болсын», – деді. Қойларды алып, Киевкаға жеткіздім. Шешей өз қойынан да қосып, Ақмоланыц базарына апарып сатты да, түскен ақшаны маған салып берді...
Қарағандыға келдік. Майқұдықтағы үш бөлмелі үйде тұрып жаттық. Бақаң енем де бізбен бірге көшіп келген. Әбілқасым балабақшаға барды.
* * *
Нұрғиса ағамыз бен Қаят апамыз – Әнияштың ең жақын туыстары. Қаят апасы Әнияштың әкесі Көпеймен бір үйде өскен. Әке-шешелері ерте қайтыс болып, Киевкадағы Ерубай Жүнісбековтің қолында тәрбиеленген екен. Көпей соғыста Буденныйдың атты әскерінде болып, елге тек 1946 жылдары оралған. Ол кісіні Қарағандыда осы Нұрғиса мен Қаят қарсы алыпты. Құлжан-Бікі деп отырмыз, сол кісінің қолынан Бақытқа үйлендіреді. Әнияштың әкесі келбетті, бойшаң адам болған екен. 1948 жылы Әнияш туғанда, ол кісі шахтада істеп жүрген. 1949 жылдың 20 желтоқсанында өмірден озып кетіпті. Сол кезде Тұяқ іште қалған бала екен. Тұяқ 1950 жылдың 29 наурызында өмірге келген. Әнияш нағашы атасы Әбутүсіптің екінші әйелі Рақияның қолында өсіп-жетіпті.
* * *
Нұрғиса ағамыздың жиені Төлеубай Мұқаев деген азамат «Западная» шахтасы аумақтық комитетінің бастығы, облыстағы мемлекеттік техникалық қадағалау комитетінің басшысы болды. Әйелі Мәрия Асқарқызы Қаржаубаева облыстық Құрылысшылар кәсіподағының хатшысы қызметін атқарды. Өте жауапты адамдар, араласып тұрдық. Майқұдықта тұратын кезіміз, телефон деген қат. Орнаттыру үшін обком, облатком, облыстық байланыс басқармасы, бәріне барып, жағалай көңілім қалған кез еді. Бір күні жұмыстан келсем, үйде телефон тұр. Мың болғыр Төкең өзінің телефоншыларын жіберіп, «Қарағандыкөмірдің» телефон станциясынан тартып беріпті. Төлеубай қазір арамызда жоқ, жатқан жері жайлы болсын.
* * *
...Майқұдықтан облыстық Тұтынушылар одағына екі автобус ауыстырып мініп келем. Пешат Хасенұлы шамалы уақыт істеп кеткен соң, орнына Қабден Ысқақұлы болды.
Жарылқасын Бикенов
Оның алдында мен бес-алты ай облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы орынбасарының міндетін атқарып жүрдім. Осы уақытта інім Рахат ауырып, Алматыға ауруханаға апардық. Киевкада бас бухгалтер болып жүрген кезімде, онжылдықты тәмамдаған Рахатты совхоз-техникумға агрономдық оқуға түсірген болатынмын. Оқып жүрген кезінде агрономдық іс-тәжірибеден өтуге өзіміздің ауылға келіп жүретін. Үш ай егін жинау науқанында ауылдың барша еңбеккерлері Рахаттың қабілетін, ұйымдастырушылық бейімін, елгезектігін байқап үлгерген екен. Сол техникумда оқып жүрген кезінде науқастанып қалды. Жергілікті жерде диагнозы дұрыс қойылмай, Алматыға апаруымызға тура келді. Содан, Құдай жар болып, жазылып оралған соң, үйленді. Таңдап қосылған жары Қорлан – ауылдың қызы. Әкесі – Край, шешесі – Орынтай Түсіпбековтер. Қорлан Қарағанды кооператив институтын бітіріп, Ақмола облыстық Тұтынушылар одағында қызмет істеп жүрген. Жасырын келісіп жүрген екеуі сол жақта некеге тұрып, Рахат қызды алып қашты. Қарағандыға келіп, біздің қолымызда тұрды. Үш бөлменің біреуін бөліп беріп, Қорланды өзіміздің облыстық Тұтынушылар одағына, қаржы бөліміне қызметке тұрғыздық. Әнияш сол 1972 жылы Қарағанды кооператив институтында қызмет істеп жүрген.
Қарағандыға көшіп келген кезімізде ерулікке бірінші болып Құтпан мен Дәмежан Ералиндер шақырған еді. Құтпан, бір жағынан, Мәуештің жары Қалкеш жездеммен немере туыс, бірге өсіп, біте қайнаған адамдар. Сондықтан, мені өмірбақи «құда» деп кетті, басқа туыстарының бәрі күйеу бала дейтін. Құтпан еліне сыйлы, қадірлі азаматтың бірі еді. Алғаш таныстығымыз солай басталды...
Бір күні кооператив институтының кафедра меңгерушісі Владимир Васильевич Загороднюк: «Білімді жігітсің, кандидаттық қорғауың керек», – деп кеңес берді. Аспирантураға түсу үшін шет тілінен емтихан тапсыру керек. Сол үшін Ғылыми- техникалық қоғамның Кеншілер мәдениет сарайындағы тіл үйрету орталығына бара бастадым. Сөйтіп жүргенде, 1972 жылдың шілдесінде үшінші баламыз Нұрқасым өмірге келді.
* * *
1972 жылы Ахметжан Жалмағамбетов басқарып отырған Ақтоғай аудандық Тұтынушылар одағының кеңсесі ішіндегі барлық құжаттарымен қоса бір түнде жанып кетті. Төрағамыз Вениамин Александрович бастаған бір автобус кісі жеделдетіп Ақтоғайға бардық. Вениамин Александрович аудандық партия комитетіне кетті. Мен Тұтынушылар одағында қалып, барлық жағдайды анықтап, қай жерде қандай дүкен, бөлімше, қойма, наубайхана барын, тағы да басқа мәліметтерді нақтылауға тиіспін. Материалдық жауапты тұлғаларды тізіп, бізден бір, жергілікті одақтан бір кісі ертіп, дүкеншімен бірге тексеру жүргіземін. Бәріне тапсырма беріп қойғам. Бір уақытта Вениамин Александрович келіп: «Жарылқасын, ешқандай түгендеу жасамаймыз. Дүкеннің бәрі ашық болуы керек. Аудандық комитет қарап жатыр», – дейді. «Олай болмайды, – деймін мен. – Болмайтын себебі, бізде бірде-бір құжат жоқ, жанып кеткен. Қай дүкенде қанша қалдық, қандай тауар барын ешкім білмейді. Оның бәрінің есебін кім береді? Қазір тексеріп, қолымызға құжатты бекітіп алмасақ, ертең біз ешкімнен ештеңе сұрай алмаймыз». Ол кісі ойланды да: «Сенікі дұрыс, Жарылқасын, – деді. – Аудандық комитетке барамыз». Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Жаманқұл Шайдаров – Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Өмір сынақтарының сыры
Ақтоғай ауданын алға бастырып, жоғары деңгейге көтерген кезі. Вениамин Александрович мені таныстырды да: «Бұл – біздің бас бухгалтер, тексеріп, түгендемесе болмайды деп тұр», – деді. Жәкеңе де түсіндірдім. Тыңдап болған соң, ауатком төрағасының сауда жөніндегі орынбасарын, аудандық прокуратура, милиция, халықтық бақылау, ОБХСС өкілдерін шақырып, біздің түгендеу жасауымызға жағдай жасауды бұйырды. «Көмекке кісі қосыңдар, күні-түні жұмыс істеңдер. Әйтпесе, мына дүкендерді тездетіп қайта ашпасақ, халық шулап кетіп жүрер», – деп шегеледі. «Жәке, саспаңыз, – дедім мен. – Өндірістік тауар дүкендері болмаса, бүкіл азық-түлік, нан сататын нүктелерді бүгін тексеріп болып, таңертең олардың бәрі ашық тұрады. Оған кепілдік береміз». Совхоздарға жету үшін аудан көлеміндегі машиналар жұмылдырылды. Баратын қызметкерлерге тиісінше нұсқау беріліп, бірінші кезекте азық-түлік дүкендерін тексеру, ысырап болған жағдайда ғана жауып, есебі түгел болса, ашып қою туралы тапсырмалар жүктелді. Айтқандай, азық-түлік дүкендері жеделдете тексеріліп, қайтадан ашылды. Ал басқа нысандар бойынша біз бір апта бойы, түнгі екі-үшке дейін жұмыс істедік. Бухгалтерияда бірде-бір құжат жоқ. Мақсат – бәрін басынан бастап қайта жасау. Ал өрттің нақты неден болғанын сол күйі біле алмадық. Сол күні Жекебай Әлімжанов деген қызметкер түнгі он екіге дейін ревизия жасап, кабинетінде отырыпты. Кеңсе түнгі үштің кезінде жанған. Өрттің қайдан шыққанын Құдай біледі, әйтеуір кеңседен соңғы болып шыққан – Жекебай...
Тексеру жұмыстарымыз жалғаса берді. Қаладағы тауармен қамтамасыз етуші зауыт, цехтармен мұнда Бөкеншин Нығмет деген ақсақал жұмыс істейді екен. Нығекеңе аудан көлеміндегі нысандар жыл бойы алған тауарлардың дербес шоттарын алып келу тапсырылды. Не келіп, не кеткенін білуіміз керек. Бір күні Хан телефон соқты: «Мәскеуден бас бақылаушы-ревизор Ринат Наумиятович Тухтаров, Алматыдан Қазақ Тұтынушылар одағының КРУ басшысы Хамзе Макупов келе жатыр. Сендердің жасап жатқан жұмыстарыңды тексереді». Ат салысып жүрген барлық қызметкерлерді шұғыл жинап, жиналыс өткіздік. Атқарған жұмыстарымызды тұжырымдап, аяқталғанын бөлек, аяқталуға тиісін бөлек қаттап, қағазға түсіріп, әзірлеп қойдық. Ертеңінде, сағат 11-дің кезінде аталған адамдар Қарағандыдан машинамен жетті. Хамза Макупұлымен қалай танысқаным естеріңізде болар, содан бері ол кісі мені жақтыра қоймаушы еді. Ринат Наумиятович – Орталықтағы дөкейлердің бірі, ешкімді менсініп тұрған жоқ. Алдына отырғызып қойып, «ананы үйттің бе, мынаны бүйттің бе?» деп, ә дегеннен бұйрық райында сөйледі. Қарсы келу қайда, атқарылған шаруаны егжей-тегжейлі түсіндіріп жатырмын. Үн-түн жоқ, орнынан тұрып кетті де: «Вениамин Александрович, машинаға жүріңіз», – деді. Аузын бағып отырған Хамза Макупұлы бастаған адамдар: «Ринат Наумиятович, не боп қалды?», – деп сұрап жатыр. «Бұл жерде біз істейтін жұмыс жоқ. Бикенов сіздерден артық біледі», – деп қарап тұр. Өмірімде бірінші рет қой. Ойланып-толғанып, бұрын жолықпаған нәрселердің шешімін тауыппын. Мәскеудегі одақтық орталықтың білдей бас бухгалтерімен телефон арқылы сөйлесіп отырдым. Кейбір жерлерді айтсам, олар өздері түсінбейді. Мен мынаны былай істеп отырмын, осындай шешім қабылдадым дегенімді тыңдап алады да, «Дұрыс, алға», – дейді тек. Бірде-бір құжаттың қалмай жанып кеткенін кім көрген? Олар да мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отыр.
Жарылқасын Бикенов
Сөйтіп, біраз жерге жақсы атым жайылып, абыройым артты. Елдің аузына іліктім. Өмірдің кезекті сынынан өттім.
* * *
Облыстық Тұтынушылар одағына келгеннен бастап, Кеңес Одағының түкпір- түкпірінде өткен түрлі оқу курстарына, семинар-конференцияларға көп қатыстым. 1972 жылдың қыркүйек айы болса керек. Маған Воронежде өтетін бүкілодақтық семинар-жиынға қатысып қайту міндеттелді. Воронежге Мәскеу арқылы барамын. Сол уақытта Сапар Исабеков пен Сәрсен Аяжанов Мәскеуде аспирантураға түсуге талаптанып жүрген. Ғалымбек Жақыпов пен Болат Қажыкәрімов те сонда. Сәлім Қошқаров аспирантурада оқып жатыр. Сәлем-сауқаттарын алып, Мәскеуге жеттім. Қасымда жоғары милиция мектебінің полковнигі Илеген Қайыржанов, тағы бір майор шеніндегі атыраулық азамат бар. «Домодедово» әуежайына келіп қондық. Воронежге келесі күні «Быково» әуежайынан ұшам.
Сәлім Мәскеу кооператив институтының жатақханасында жатты. Құдды Қарағандыда жүргендей, сапарластарымды барар жеріне таксимен апарып тастап, жатақханаға да жеттім. Есігінен кілең негрлер шығып жатыр. Жатақхана екеніне сенер-сенбесімді білмей, алдына барсам, «Мәскеу кооператив институтының жатақханасы» деп бақырайтып жазып қойыпты. Кіреберісте Сәлімнің бөлмесін сұрап алып, баспалдақпен жоғары көтеріліп келе жатсам, көзінде қара көзілдірік, қолында сөмкесі бар Сәлім келе жатыр. Мені көріп келе жатқан ол жоқ. Өзім түртпесем, елемей өтіп кететін түрі бар. Екеуміз құшақтасып амандасып жатырмыз. Бөлмесіне барып жайланғаннан кейін, ортақ душқа барып кіріп ем, өңкей қара нәсілділер жүр. Мені көрді де, бәрі жуынып жатқан орындарынан тұра қашсын. Он шүмектен су ағып түр. Жуынсаңдаршы десем, жуынбайды. Түк түсінсем бұйырмасын. Қайтып келіп Сәлімнен сұрасам, «Қара нәсілділер өзге нәсілдіні көрсе, ол жуынып болмай жуынбайды. Кейін өздері ғана қалғанда жуынады», – дейді. Көрші бөлменің есігінде «Виноградова және Кенже Әлмағамбетқызы Китебаева» деп жазылып тұр. Кенже Әлмағамбетқызы аспирантурада оқиды екен. Сапар мен Сәрсенге баруымыз керек. Метро мен таксиге кезек мініп, Сапар тұратын «Аспиранттар мен студенттер үйіне» жеттік. Сәрсен де сол жерге келді. Төртеуіміз жақын жердегі «Баку» мейрамханасына бардық. Мейрамханадан шыққан соң, Сәрсен жатқан үйге барып, дастархан жайылды, карта ойнадық. Кешкі сағат онның кезінде жиналып, таксимен Ғалымбек тұратын қаржы институтының жатақханасына бардық. Сол арада Ғалымбектен бөлек, Болат Қажыкәрімов пен Төлеген Смайыловты кездестірдік. Әпсәтте Ғалымбектің қыздары, жолдастары жиналып, ет асуға кірісті. Ғалекең үйінен сүрленген қазы, шұжық әкеліп, шабаданға тығып тастаған. Содан, піскен етті жеп, рахаттана демалып, сағат он екіден аса қайттық. Сапар келесі күні аспиранттық минимум тапсыруы керек. Сәлім мен Сәрсен мені әуежайға шығарып салды.
Воронежге бас бухгалтерлер Одақтың барлық түкпірінен жиылыпты. Қызылордадан келген Сейітмағамбет Жұмаахметов, Павлодардан келген Жұмат Әтеев, Ақтөбеден келген Мәлік Хамитұлы Мавлютов деген кісілермен араласып-құраласып кеттік. Олар да, әлбетте, бас бухгалтерлер.
Өмір сынақтарының сыры
Жарылқасын Бикенов Семинар алты күнге созылады. Воронеждің су қоймасында кемеге отырып серуен құрдық. Пензаның, Калуганың бас бухгалтерлерімен танысып жатсақ, олар Қарағандыны білмейді. Оларға Одақтың «үшінші кочегаркасы» туралы біраз әңгімелер айттым. Ол кезде жаспын, отызға да толмағам, «Сендерді бас бухгалтер қылып қалай ұстап отыр? Сендердің Пенза мен Калугаларыңды мен білем», – деймін.
Мәскеуден Орталық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері, төрағаның орынбасары келіп, дәріс оқыды. Орталық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері ол кезде Моисей Шойхет болатын. Бүкіл Кеңес Одағында есепті одан артық білетін ешкім жоқ, өте принципшіл, тек заңмен, нұсқаумен жүретін адам. Ұлты – еврей, өзі сүрбойдақ. Сейітмағамбет Жұмаахметов пен Жұмат Әтеев екеуі бір бөлмеде тұрды. Секең отырады, Жұмат электр самаурынын ұстап жүгіріп жүреді. Қаймақ, үнді шайын ала келген: шайы балдай, етке бергісіз. Шақырады, рахаттанып ішеміз...
* * *
29 қазан – Комсомол күні. Көбетейден хабар жетті: әкем ауырып қалыпты. Жалма- жан бастығымнан барып, машина сұрадым. «Волгаға» үш жасар Әбілқасым екеуміз отырып, жолай Киевкадан Мұқатайды, дәрігер Байқадамды алдық та, Көбетейге тарттық. Әкей төсек тартып жатыр екен. Ораза кезі. Күнде бір үй ауызашар береді. Кезегі келіп, Мәуешпен бірге оқыған Садықұлы Тұйғын шақырады. Әкей өз аяғымен барыпты. Етін жеп, енді шай ішетін уақытта әкей орнынан тұра алмай қалады. Соңына дейін отыра алмай, туысымыз Қасеннің ат-арбасымен үйге алып келеді.
Кіші інім Мерқасым Монғолияның астанасы Ұлан-Батырда әскери борышын өтеп жүрген. «Әкең бүгін-ертең өлмейді. Бұл кісіге тек жату керек», – дейді Байқадам. Ақыл-есі дұрыс, сөйлеп жатыр. Әнзия Темірболатқызы келіп, хал сұрасты. Менің облыс орталығына барғаныма бір-ақ жыл болған. Тоғыз айдың есебі беріліп жатыр. Екі-үш күннен кейін республикаға өткізуіміз керек. Жағдайдың бәрін әкейге айттым: «Жұмысқа барма, қал десеңіз, қалам. Дәрігердің айтқаны мынадай. Өзіңіз қалайсыз?». «Балам, жұмысыңнан қалма. Қызметіңе қайт, бірақ Мерқасымға телеграмма бер, келсін», – деді. «Әке, бүгін 29-ы. Енді бес-он күнде ол өзі де келіп қалады. Әурелеп қайтесіз, соған ақша шығын қылып», – деп ем, әкем: «Е, шырағым-ай, ол тайраңдап келіп, тайраңдап қайтпай ма? Ақшасын сенен сұрап отырғам жоқ қой, мен өзім берем. Телеграмма беріп шақырт», – деді. Телеграмма беру үшін әскери комиссариаттың, аудандық денсаулық сақтау мекемесінің мөрін соқтырып, әскери бөлімге бару қажет. Сондықтан, кешкілік Мұқатай мен Байқадамды апарып тастап, Киевканың басынан телеграмма жібермекке жолға шықтым. Әнзекеңе де рұқсат беріп, ол кісі қайтып кеткен. Әкем бәрін шығарып жіберді де, Мұқатай екеуміздің қалуымызды сұрады. Мұқатай – біреудің жалғыз ұлы. «Мына балалардың бәрі жас, Жарылқасын-үлкені. Бүгіннен бастап, Жарылқасын екеуің ағалы-інілі, біріңе-бірің қамқор болыңдар», – деп аманат айтты. Сол сөзді жерде қалдырмай, Мұқатаймен күні бүгінге дейін ағалы-інілі болдық.
Киевкадан шыға берістегі МАИ қосынынан өтіп, Қарағандыға бұрылып бара жатсақ, кішкентай Әбілқасым, Құдай аузына салды ма: «Әке, атаға барайықшы, атаға барайықшы», – деп болмады. «Әй, қой, мен жұмысымнан қалып барам. Атаңа кейін келеміз ғой». Кері бұрылмадық...
Ертеңінде таңертең жұмыста отырсам, Мұқатай телефон шалып тұр: «Жарылқасын, әкең қиналып жатыр. Келуің керек. Бірақ, бұл жолы Әнияшты, Бақаңды, Рахатты, Қорланды ешқайсысын тастамай, түгел алып кел», – деді. Орнымнан ұшып тұрып, екінші қабаттағы бастығым Ханға барып, хабар келіп жатқанын айтып ем, «Сен кеше барып тұрып неге келдің? Неге қалмадың? Осылай істей ме екен?», – деп ренжіді. «Мұндай болады деп ойлағам жоқ», – деймін мен. Әнияш пен Қорланды жүмыстарынан босатып алып, бәріміз жеделдете Осакаровкага жүрдік. Алланың аманаты тақалғанын мойындап, шай-пай, ол уақытта пүліш деген жоқ, барқыт, басқа да керек-ау деген дүниелерді толтырып салып алдық. Сағат алты-жетінің шамасында қырдан түсіп келе жатсақ, жолда қаптаған машина тұр. Әкейдің өмірден озып кеткенін сонда сездім. Қуаныш, Қабдолла, Нұрғали, Жақамай, Байқадам, Мұқатайлар басқа жұрттың алдында тұр. Бүкіл ауыл болып алдымыздан шықты. Бәрімізді әлпештеп өсірген, жеткізген, тәрбиесін берген, адам қылған, ақылын айтқан ардақты да асыл әкеміз осылайша үш-ақ күн ауырды да, мәңгілік мекеніне кете барды. Марқұм біз кеткеннен кейін суға түсіп, шашын ұстарамен алдыртып, сақал-мұртын бастырып, шешеме айтыпты: «Сәрсенбі күні түстен ассам, онда мен әлі он үш жыл өмір сүрем. Бірақ мен сәрсенбі түске дейін кетіп қалатын шығармын», – деп. Сәрсенбі күні таңертең жүріп кетті. Міне, өмір деген солай. 1972 жылдың 1 қарашасы, жұма күні асқар таудай әкемізді соңғы сапарына шығарып салып, бір-ақ күнде есейіп шыға келдік. Жетісін өткізіп, қалаға қайттық. Тірі болған соң тіршілігіміз жалғаса берді...
* * *
Інім Рахметолланы ел «Рахат» атап кеткен. Қарағандыда айлап ауруханада жатты. Диагнозын тап басып қоя алмады, емі дұрыс болмады. Алматыға да барып қаралды. Бұл 1972 жыл. Мәскеудегі ауруханаға хабарласып, ол жақтан шақыру қағазы келді. Қарағандыда қызмет атқарып жүргем, жаз айы еді. Мәскеуге бірінші рет жол жүруіміз. ІІІаруамызды барған күні шешеміз бе десек, бір аптасыз болмайтын көрінеді. Сол маңдағы «Урал» қонақ үйіне орналастық. Онда да, тек бір тәулік қонуға рұқсат берді. Таңертең қолымыздағы жүкті сақтау камерасына тапсырып, қағаз жұмысына кірістік. Анализ ақша тұрады. Тапсырды. Енді әр ауруханадағы бірнеше дәрігерге көрінуі тиіс. Бірі Мәскеудің бір жақ қиырында, екіншісі екінші бетінде. Жүрек, бүйрек, бауыр, барлығын тексереді. Қайда барсаң – кезек. Әрқайсысына бір жұмадай бұрын жазылып кету керек. Мәскеуді аралап та үлгердік: жаспыз, мен 29-дамын, Рахат 26-да. Тамақты да әр күні әр жерден ішеміз. Бірде «Мәскеу», енді бірде «Россия» мейрамханасында тамақтанамыз. Бос уақытымызды тиімді пайдалануға тырысып, «Останкино» мұнарасына барып көрдік. 327-ші метрінде орналасқан «Седьмое небо» мейрамханасының «Қола залында» ауқаттандық. Алдыңда, жасалған тапсырысқа қарай, дәм-тұздың барлығы тұрады. Мұнараның мейрамхана орналасқан бұл қабаты бір сағатта өз білігін екі рет айналады екен. Күн райы жақсы болса, Мәскеу алақандағыдай көрінбек. Бұдан бөлек, Кремльге, Ленин мавзолейіне, Третьяков галереясына, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне: (ВДНХ), атақты «Лужники» стадионына, ГУМ-ға бардық.
Он екі күн ете шықты. Терапевтің тұжырымын алу қалды. Күні бойы кезекте тұрдық. Бізге келгенде, дәрігердің жұмыс күні аяқталды. Бүгін қарамаса, ертеңге жазылу мүмкін емес.
Өмір сынақтарының сыры
Балдызым Тұяқ политехникалық институтты бітірді. Институттың әскери ка- федрасынан лейтенант шенін алып шықты да, бірден әскерге кетті. Ресейдің Амур облысындағы әскери бөлімде взвод командирі болды. Шешей ауылда жалғыз, Рахат пен Қорлан Көбетейге көшті. Қорланның аяғы ауыр. Мерқасым болса, телеграмма жеткен бетте шыққан екен, бірақ үлгермеді, әкейді жерлеп қойған едік. Рахатқа Мәскеуде ота жасалды. Өмірге Рахаттың үлкені Нұрлан келді. Рахат пен Қорлан дұрыс жүріп- тұрғанымен, кейін дәм-тұзы жараспай, ақыры ажырасып тынды. Бұл арада біздің әулеттен немесе Рахаттан басы артық сөз болған жоқ. Рахаттың денсаулығы демесе, басқа кінәратымыз жоқ еді. Енді, Алланың жазғаны сол шығар.
1973 жыл да келді. Рахаттың Нұрланы осы жылдың қаңтарында дүниеге келген болатын. Құжатында ақпан деп жазылған. Біздің Әбілқасым да солай, 30 қаңтарда туғанмен, бала күтіміне байланысты демалыс қағазында солай белгіленгендіктен, құжатында 7 наурыз деп көрсетілді.
Сәуір айында Тұяқ демалысқа келді. Өзі офицер, салтанат киімін киген. Бір күні ұйықтап кетсем, түнгі он екінің кезінде енем: «Тұр, тұр, – дейді. – Түяқ үйленеді». «Е, Түяқ үйленсе қайтейін? Үйленсе, үйлендіреміз де. Оған несіне тұрамын?». «Жоқ, тұруың керек». Тұяғымыз Сәулешті солай әкеліп таныстырған. Бақаң марқұмның алғашқы қызығы ғой, ұл үйлендіріп отырған. Не істейміз? Дайындық жоқ. Мал да жоқ. Үйлерін сатып жіберген. Оның азғантай ақшасын жинақ кітапшасына салып қойған екен. Әнияш екеумізде де ұстап отырған ешқандай ақша жоқ. Күнделікгі жүріп-тұруға, киім-кешекке ғана жетіп жатқан ақша ғой. Тұяқпен сөйлесіп ем, жинақ кітапшасында 800 сом ақшасы барын айтты. Ол да бірталай ақша. Тұяқты үйлендіру керек. Әнияштың туыстарынан сол кездегі үлкені – Жолдыбек ақсақал. Бұл кісілер ағайынды Жүнісбек, Исабек, Түсіпбек болып келеді. Қаят апамыз Жүнісбекұлы Оспаннан туған. Сонымен, Кұтпан, Нұрғиса, Қаят, Дәмежан, сотта істейтін Түсіпбеков Омар мен әйелі Галя, Сәлімбаев Рамазан бәрі жиналып. құда түсуге барамыз деді. Құда-құдағиымыз Оспанов Рақым мен Ұрқия ол уақытта Қарағандыдағы Крылов көшесінде тұрады. Барып таныстық. Үлкендер жағы ат салысып жатқанмен, «Жарылқасын, бәріне жауапты өзің
Кетпек болған дәрігерді жеңінен ұстай алдым. Ұлты әзірбайжан екен, мұсылман ғой. «Кешіріңіз. Сіз бүгін қол қоймасаңыз, інімді ауруханаға жатқызбайды. Қазақстаннан келгелі он екі күн болды. Анализдер қорытындысының жарамдылығы да он күн ғана. Қиналып тұрмыз», – деп едім, кейін қайтты. Сөмкесін қойып, киімін қайта шешіп, тұжырымын жазып берді... Ауруханаға бірден жатқызды. Бөлім меңгерушісі профессор, ғылым докторы екен. Рахат бауырым бұрын мұнша алыс жерге шықпаған, танитын ешкім жоқ. Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген нешетүрлі адамдар жатыр. Жалғыз қалып барады. Қалтасына ақша салып: «Ал, айналайын, сау бол, мен қайттым», – дедім. Рахат жалт бұрылып, жүгіре басып кетіп барады. Байқап қалдым, көзінен жас ағып барады. «Мені тастап кеттің-ау» дегендей. Шіркін, сол сәттегі жүректің күйі-ай! Сол бір замандағы бауырға бауырдың қатынасын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның қиналып бара жатқанын жан-жүрегіммен сезініп, мен де қиналып кеттім. ... Бір айдың ішінде ота жасалып, Рахат елге оралды.
Жарылқасын Бикенов
* * *
боласың, сенен сұраймыз», – деді. 1973 жылдың 19 мамыры күні біздің үйде той болатын болды. Үш бөлмелі үйдің екі бөлмесін босаттық. Төртінші қабаттағы Қайшекең деген үлкен кісінің үйіне елден келген кісілерді жайғастырдық. Бірінші қабаттағы Жұмағалидың үйінде – би. Өзіміздің екі бөлмені әбден босатып, әрқайсысына елу кісіден сыятындай дайындадық. Ол уақытта жылқы соймайды, той қазіргідей мейрамхана, асханада жасалмайды. Нұрғиса ағаға: «Нұреке, Балықтыкөлдегі Қуаныштан қой алып келейік», – дедім. Қуаныштың Жәмали деген шопан досы бар екен, соның үйіне бардық. Одан кейін Жоқан мен Жармұхамедке соқтық. Олар бұл жолы да құрметпен күтіп алды. Қыстан шыққан қойдың семізі шамалы. Оның үстіне, қой қоздап жатқанда қой беру ырымға жаман деседі. Сондықтан, шопанның бергісі келмеп еді, кілең бастықтары келіп тұрған соң амалы болмады. Машинаның артқы орындықтарын алып тастадық та, қоңды дегендерінен іріктеп, бес үлкен қой салдық. Бірге келген Нұрекеңе деп тағы бір қой алдым. Ақшасын берсем, Қуаныш баяғысынша тағы да алмай қойды, «Тұяқтың тойына шашу», – дейді.
Үлкен жолға шығып, Есенгелді мен Самарканың арасындагы асфальтпен сағат жетінің кезінде Ақтас жақтағы МАИ қосынына жақындай беріп едік, ішінен қызметкер шықты. Осыған дейін тыныш жатқан қойлар да маңырай бастасын. Ешқандай құжат, түбіртек алмағанбыз, ұрлық деуі мүмкін. Нұрекеңнің не техпаспорты, не жүргізушілік куәлігі жоқ. Алып қойған. «Ойбүй, құрыдық-ау» деп қосынға жақындай бергенде, Нұрекең жүрісті ақырындатты. Тура МАИ қызметкерінің қасына барып тоқтамақ болып еді, ананың бізде шаруасы жоқ, бұрылып қарамайды да. Қуанып кеттік. Нұрекең газды басып қалды. Аман-есен өттік-ау, әйтеуір!
Тойға сонау Алматыдан Қуаныш Құсайынов келді. Республикалық прокуратурада істеп жүрген кезі. Той жақсы өтті. Ішінде Қалкеш марқұм, Қуекең, Нұрғали, Қабдолла, Құтекең, Рафқат апамыз бар ауылдан келгендер дуылдасып, сыймай жатыр. Оларды төртінші қабатқа жібердік те, екі бөлме толы кісіні күтіп жатырмыз. Бір кезде Қалкеш кіріп: «Төртінші қабаттағалар ісініп жатыр», – дейді. «О несі?!», – деймін мен ештеңені түсінбей. Сөйтсек, төртінші қабатта ауылдан келген үлкені-кішіге дастархан жайғанмен, күту жағын ұмытып кетіппіз. Тез барып, жуып-шайып, беттерін бері қараттық. Бірінші қабаттағы көршім Жұмағалидың үйінде жастар жағы билеп жатыр. Не керек, тойымыз тамаша өтті. Сәуленің туыстары ырза болып аттанды.
Тұяқ Благовещенскіде аға лейтенант, батальон командирінің орынбасары қызметін атқарып, кейін елге оралды. Сәуле екеуінің Гүлмира есімді қызы сол жақта дүниеге келді. Қарағандыға келген соң, сол уақытта «Западная» шахтасында басшылық қызмет істеп жүрген Төлеубай Мұқаев Тұяқты тау-кен ісі шебері етіп жұмысқа алып, Майқұдықтың «11 а» шағын ауданынан үш бөлмелі пәтер алып берді. Тұяқ бірде жарақат алып, бір бақайын кестірді. Сонда енем: «Жалғыз ұлымнан айырылып отырмайын, басқа қызметке ауыссын», – деп, ақыры Тұяқ шахтаны қойды да, политехникалық институттың ғылыми лабораториясына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты. Кейін аға ғылыми қызметкер болды. Тұяқ кандидатгық, докторлық Диссертацияларын қорғағанда, Төлеубай оның ғылыми еңбектерін өндіріске енгізуге септігін тигізді.
Осы тұста Тұяққа Ыбыкен Гаймулдин есімді азамат, нағашы апамыз Күләш Сәтенқызы да қол ұштарын беріп еді.