Жарылқасын Бикенов
Түрлі бөлімдерді басқарып, абыройлы қалпы колледж директорлығына ауысты. Осы күнге дейін достығымыз бір үзілмеді.
Жаңыл Жұматқызы сынды қазақтың аса іскер, ізденімпаз қызына жасалған қиянаттың зардабын Қарағанды облысының сауда саласы да молынан тартты деп ойлаймын. Шынтуайтында, бұл әділетсіздік біздің облыстағы сауда саласының тамырына балта сілтегендей жаманатты іс еді! Адамға нақақтан жала жабудан асқан арсыздық болар ма?! Адалдығы мен адамгершілігіне тірі жан шек келтірмеген Жаңыл Жұматқызы сынды майталман маманның жанына қаяу салған осы қиянатты еске алсам, қазірдің өзінде қан қысымымның көтеріліп кететіні бар. Әттең, сол кезде біздің қолымызда ол кісіге араша түсіп, көмектесетіндей құзірет болған жоқ...
* * *
Сөйтіп жүріп, 1980 жылға да жеттік. Облыстық Тұтынушылар одағы екі үй салды. Оның бірі төрағаға, екіншісін төрағаның орынбасары Ивановқа арнап салынған еді. Алайда, екінші үй Ивановқа берілмей, маған бұйырды. Мекен-жай бойынша Утренний проезд, 38а-ға Хан Вениамин Александрович келді де, 38б-ға мен келдім. Бұл үйге 23 наурыз күні кірдік. Мұндай үлкен үй ол кезде ешкімде жоқ.
Бір күні Сәлім досым қоңырау шалды: «Кел, преферанс ойнайық. Ақша аз болса, вагонмен көмір береміз деп бір жігіттер келіп отыр». Сәлімдікіне бардым. Үй иесінен бөлек, Сегізбай Рақымжанов, Серік Жүсіпов деген азаматтар отыр екен. Сегізбай – Стаханов атындағы шахтаның шахткомы, Серік Жүсіпов – Костенко атындағы шахтаның шахткомы. Сәлім төртеуіміз қарта ойнап, таң атырдық. Сегізбай жаңаарқалық екен, оның үстіне Қалыбектен тарайтын болып шықты, екеуміз бес-алты атадан қосыламыз. Осыдан бастап, Секеңнің отбасымен – анасымен, жұбайы Роза Дәкірқызымен, ағасы Рамазанмен, інісі Елібаймен танысып, араласып кеттік. Туыстарының дені Жаңаарқада екен. Секең политехникалық институты бітірген. Шахтада қатардағы тау-кен шебері, учаске бастығы, ауысым бастығы болған. Өзі математик, шахматшы, бірінші разрядты боксшы. Домбыра тартып, ән салады. Ұлдары Жанболат пен Ержан политехникалық институтты, қызы Гүлнар ҚарМУ-ды бітірген. Секеңмен ағайын-туыс болып, біздің елге де бірге барып. жақын араластық. Өкініштісі, баласы Жанболат өмірден ерте озды да, соның қайғысы салмақ түсірді-ау, көп ұзамай өзі де қайтыс болды. Секеңнің інісі Елібай Жаңарқа аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болды.
Секең мен Розаның жақындарынан Марат деген азамат менің түйдей кұрдасым. Бағлан деген зайыбы бар – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚарМУ-да қызмет істейді. Марат УШСМУ-де істеді, сонда учаске бастығы болды. Мықты инженер, өз ісінің білгірі, ұжымына қадірлі. Талғат, Ернар деген ұлдары, немерелері бар.
Секеңнің жақын достарының бірі – Қайдар Бурабаев деген азамат. Жары Аймашты да білем. Қайдекең «Қырғызия» совхозының директоры болды. Секеңдер осы кісілермен достықтары жарасып жүріп жатты. Секеңдер арқылы Қайдекеңмен танысып, араласып кеттік. Талды ауданы құрылғанда, Қайдекең аудандық атқару комитетінің төрағасы, сол ауданның бірінші хатшысы, кейін обком хатшысының көмекшісі болды. Уақытында СОКП Орталық Комитетінің XXVI съезіне делегат болған адам. Еліміз тәуелсіздік алып, шаруашылықтар жекешеленген заманда, бұрынғы «Қырғызия» совхозының орнындағы «Бүркітті» ауылындағы ел-жұртына бас-көз болды.
Өмір сынақтарының сыры
Халықты жұмыспен қамтамасыз етті. Жұмыскерлеріне жылдық қорытынды бойынша жеңіл көлік мінгізіп жатты. Еңбегі еленіп, өкімет тарапынан «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталды. Балалары ержетіп, бәрі де еліне еңбегін сіңіріп жатыр.
* * *
1980 жылдың жазы. Әнияштың аяғы ауыр. Сапар мен Руза екеуі: «Ыбекең мен Зүбәйра Жосалыда демалып жатыр. Нариман Оспанұлы мен Болат Байділдин әйелдерімен сонда бармақ. Біз бар, тағы екі машина болып барайық», – деді. Нариман Оспанұлы Төлепов пен Болат Байділдиннің азаматтығын білеміз. Бұрын екеуі бірінен соң бірі қалалық атқару комитетінің төрағасы болған. Нариман Оспанұлы кейін «Қарағандыкөмір» басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ыбекеңді қатты сыйлағандықтан, жиналып, жолға шықтық. Шелектеп жаңбыр құйсын. Ульяновкадан Жосалыға апаратын жазық жол ми батпақ. Сағат бірде жетеміз деп шыққан біз кешкі бесте әрең жеттік. Машинаны итере-итере, үсті-басымыз саз болған. Машинаны керек деген азық-түлікке толтырып алғанбыз, термоста – піскен ет. Сөйтсек, Карбышевкадан келген Бекет Өміров пен әйелі Әсия марқа сойып әкеліпті. Әдейілеп барған кісілерімізбен дастарханда болғаннан кейін, жаңағы шаршап-шалдығудың бәрі ұмыт болды. Қайтарда Карбышевка арқылы жүретін болдық. Бекет болмай, жолай үйіне түсірді. Әсия Болат Байділдиннің үйінде өскен. Қой сойылып, қазан көтерілді. Нариман Оснанұлы Болатпен қатты ойнайды екен. Қазақы дөңгелек үстелдің басында, яки жерде отырмыз. Болат сөзін түрегеліп сөйледі. Нарекең Болатты сонда: «Әй, сен қазақ емессің. Қазақ болсаң, мына жер үстелде түрегеп сөйлейсің бе?», – деп қағытқаны есте қалыпты. Қалжыңдары жарасымды. Ол да болса бізге бір тәлім еді.
* * *
Тамыз айында институтқа қабылдау емтихандары басталды. Достарымыз Сапар тарихтан, Руза географиядан емтихан алады. «Баламды оқуға түсір» дегендер маза бермейді. Сосын екеуі біздің үйде жатты. Оның үстіне, «семерканың» тәртібіне сәйкес, бір-біріміздің балаларымызға кезекпен кіндік әке, кіндік шеше боламыз деп келіскенбіз. Әнияштың аяғы ауыр, өмірге келетін сәбидің кіндік әке-шешесі – екеуі. Бір ай жатты. Перзентханаға апарысты. 1980 жылдың 28 тамызында өмірге Ерқанат келді. Оны алып келгенде, біздің жігіттердің істеген ісін көрсеңіз: бірнеше машина, гүлді үйіп тастаған. Әнияш пен сәбиімізді перзентханадан алып келдік. Әрқайсысы шақалақтың есімін ұсынады. Бір кезде Зәуреш: «Қанат қояйық, әке-шешесіне қанат болсын», – деді. Басқалары баскиімге қағаз салып, жеребе тартуда. «Әуре болмай-ақ қойыңдар, Зәуреш айтып отыр ғой Қанат деп. Жай Қанат емес, Ер Қанат болсын», – дедім мен. Бұған дейін Сапар мен Руза, Ерқара мен Гүлнұр қосылған еді. 1979 жылы Сапар мен Рузаның шаңырағында Гүлнұр, Ерқара мен Гүлнұрдың отбасында Тәмила есімді сәбилер дүниеге келген. Әнияш екеуміз Тәмиланың кіндік әке-шешесі болдық.
Жарылқасын Бикенов
1979 жылы мемлекеттік емтихандар қабылданып жатқанда, МҚК полковнигі Шахан Төлеубеков Қарағандыға келіп қонақ болды. Сапар сол кісіні Қасекеңнің үйіне шығарып салады. Қайтарда қараңғы жер асты жолымен өтіп келе жатқанда, біреулер ұрып кетіпті. Қатты соққы тиіп, есінен айырылып қалған оңы «жедел жәрдем» Майқұдықтағы №4 ауруханаға жеткізген. Келесі күні мемлекеттік емтиханда болуы керек Сапар жоқ. Рузаның аяғы ауыр. Олай да былай іздестіріп, ауруханадан бір-ақ таптық. Алтынтөре Жақыпов, Елеусіз Серіков, Сатыбалды: Бейсенов сияқты біраз достары қасында тәуліктеп отырып, кезекшілік еттік. Әйтеуір, аяғынан тұрып кетті. Осындай жағдайдың себебінен, қорғайын деп жүрген кандидаттығы бірталай жылға тоқтап қалды.
* * *
... Сапар Исабеков жөнінде басында айтып кеттік. Рузаның әкесі – Ыбжан Рақымжанов, анасы – Зүбайра. Төкен, Мақсұт ағаларын, бауырларын, түгел танимын. Ыбекең өзі еліне қамқор үлкен азамат, комсомолдың, бірнеше аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Са- пар екеуміз, әсіресе, Ерқанат туып, өкіл әкесі болғаннан кейін, қатты араластық. Сапар досқа бай-тын. Оның ішінде, Алтынтөре Жақыпов обком бөлім меңгерушісінің орын- басары қызметінде жүрген шағында ауырды да, өмірден ерте озды. Елеусіз Серіков те достыққа берік, адамгершілігі мол, білімді, қадірлі адам еді. Жарының есімі – Қазыкен. Сатыбалды Бейсенов полковник шенінде зейнетке шықты. Әйелі – Аманбике.
* * *
Сапардың туысқандарынан Қадырбек Мейрамбеков деген азаматты бөліп айту парыз. Жездеміз Әбілов Мұқыш, Жұмкен, Жұмажан апамыз, Қақу жездеміз, кешегі Шәкітай, зайыбы Фарида, Қасен ағамыз, зайыбы Әдия – бұл кісілердің қадір-қасиетін көрдік. Қадырбек қызметке ерте араласты. Өмірдің түрлі қиыншылықтарын жеңе білді. Білімін, мықтылығын, азаматтығын ел таныған. Қазірде үлкен кәсіпкер. Жағдайы келмегенге жағдай жасап, еліне, халқына шапағатын шашып жүрген азамат. Зайыбы Ырысты да қолы ашық, адал жан. Бір мысал, Сәтбек Уәйісбек өмірден озып кеткеннен кейін, Сәтбектің отбасына Қадырбек қол ұшын берді. Күні кеше Тоқа шежіресін, Қарпық пен Қожа шежіресін түгендеп, жарыққа шығарарда демеушілік жасап, басы-қасында болған азаматтың бірегейі де осы Қадырбек еді.
1997 жылдың 15 қаңтарында Сапардың 57 жасқа толған туған күнін жақын достары басымыз қосылып, атап өткен едік. Ертеңіне, 16 қаңтар күнгі сағат тоғызда ол бақилық болып кете барды. Алланың жазуына не шара!? Соңғы сапарына бірге шығарып салып, өз қолымызбен қойдық. Сапар өмірден озып кеткенмен, жары Рузамен, қызы Гүлнұрмен, басқа да ағайын-туыстарымен, оның ішінде, әкем деп кеткен Аманберлімен баяғыша араласып-құраласып тұрамыз. Сапар мен Руза біздің Ерқанатымыздың кіндік әке-шешесі еді ғой. Күні кеше сол Ерқанатымыз үйленіп, отау тігерде Сапардың орнына Аманберлі бас құда, Руза бас құдағи болып, келініміздің елі Көкшетауға бірге барып қайттық.
Өмір сынақтарының сыры
Сапардың тағы бір досы Бекет Әміров Нұра аудандық Тұтынушылар одағында еңбек етті. Аса қабілетті, достыққа мығым азамат еді, әйелі — Әсия. Сапардың көзі тіріде қатты араластық. Кейін денсаулығым себеп болып, арамыз алшақтап кетті, қазір Қарағандыда тұрады. Бірақ, бәрі жүрегімде, Бекеттің азаматтығына, отбасына қай уақытта да көзіміз түзу.
* * *
Жаңаарқалық Сәлім Қошқаровпен сонау 1971 жылдан бірге жүрдік. Целиноградта техникумда оқып, кейін Мәскеуде кооператив институтын бітірген. Көкшетаудың кооператив техникумында сабақ беріп жүріп, кейін Қарағанды кооператив институтына ауысты. Ғылым кандидаты, кафедра меңгерушісі болды. Жары Дәметкен екеуі балаларын тәрбиелеп-жеткізіп, бақытты ата-ана болды. Үлкен қызы Ардақ Болгарияда магистратурада оқиды, 20 жылдан артық университеттерде мұғалім, ұлы Жеткен үлкен компанияның аудиторлық бөлімінің меңгерушісі, Бақыты Еуразия университетінде қызмет істейді, ғылым кандидаты. Жанары да магистратурада оқып, Арманы институт бітірді. Сәлім мен Дәметкен мектепте оқып жүргенде серттескен: «Біз үйленген соң бес баламыз болуы керек – олардың атынан бір сөйлем құралуы керек: Ардақты Арманына Жеткеннің Бақыты Жанар». Сәлімнің екінші жары Айнадан туған Сағындық та жоғары оқу орнын бітірді, қызмет жасап жатыр. Сәлім болмағанмен, Дәметкен қос анадан туған балаларды араластырып, әулет мүддесін көздеумен келеді.
Ал, енді, Ермекқали Алмажанов туралы айтсам. Екеуміздің арамыз өте жақын болды, дос едік. Өзі жетім өскен жігіт. Атырауда техникумда оқып, одан Мәскеу экономика-статистика институтын бітірген. Әскери борышын да Мәскеуде өтеп, сонда аспирантурада білімін жалғастырды. Қарағанды кооператив институтында статистика кафедрасының меңгерушісі, парторгы, деканы болып қызмет жасады. Бертінде Мекке барып, қажылық парызын өтеп қайтты. Әзімхан, Әділхан, Дархан деген үш ұлы бар. Жары Зәуреш ҚарМУ-дың экономика факультетінде оқыды. Арқаның азаматындай болып кетіп еді. Ермекқали 2006 жылы анасымен бірге жол апатынан қаза болғанда, соңғы сапарға шығарып салуға ректор Ерқара Аймағамбетов бастаған Қараганды экономикалық университетінің ұжымы үлкен қызмет жасады. Марқұмдармен қоштасып, топырақ салуға елімізге белгілі азаматтар, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарынан көптеген кісілер келді. Зәуреш есін білмей, ауруханада жатты. Дәл сол уақытта Әнияш, балам Ерғанат үшеуміз Сарыағашта демалып жатыр едік. Қаралы хабар тиген уақыт – Түркістан. Арыстан бабтан қайтып келе жатқан бетіміз. Барғанымызға бес-ақ күн болған. Облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы Шәріпбек деген азаматқа қолма-қол телефон соғып, билетімізді айырбастадық та, құстай ұштық. Балам Әбілқасым да қайта-қайта хабарласып: «Сіздер қайдасыздар, басқаратын ешкім жоқ. Гүлшат жалғыз, Зәуреш ауруханада», – дейді абыржып. Зәурештің сіңлісі Ұлжан, құдағиы Ғазират, Ерқаралар бар, іске кірісіп кеткен. Біз де жеттік. Атыраудан ағайын-туыстары келіпті. Келе сала, қонақасына қатыстық, Зәурешке кіріп шықтық. Ертеңінде қаралы жиын өтті. Ермекқали 1993 жылы Меккеге барғанда өзімен бірге ала келген топырағы бар екен, Зәурештің Ерболат деген бауыры Атыраудан әкелген туған жерінің топырағы бар, соларды жерлегенде алдымен салдық. Сәл кейін, балалары қабірін мәрмәрлап қоршап, басына ескерткіш орнатты.
Жарылқасын Бикенов
Менің анам дүниеден өтіп, жерлеу рәсімі жүріп жатқанда, Ермекқали досым қаралы жиынға қарата бір ауыз сөз айтып, ғибрат болар іс қылып еді.
«Халайық! – деді ол жұртты өзіне қаратып. – Мен мұсылмандық бес парыздың бірін өтеп, Меккеге қажылыққа барып қайтқан едім. Сол сапарға Жарылқасын да баруы керек еді, бірақ белгілі бір себептермен бара алмай қалды. Меккенің барша мұсылман үшін қасиетті топырағынан ала келген едім, сол топырақ, міне, досым Жарылқасынның аяулы анасына бұйырғалы тұр. Рұқсат етсеңіздер, қабірге әуелі осы Меккенің топырағын салайын». Жиылған көпшілік оның бұл ниетін, әрине, қоштады. Менің ақылы асқан асыл досым сөйтіп аса сауапты һәм мүбәрак, мән-мағынасы өте терең істі жүзеге асырған еді.
Ал Ермекқалидың өзі өмірден озғанда, баласы Әзімхан сонау Меккеден досымның өзі алып келген бір уыс топырақты маған беріп, әкесінің аманатын орындауымды өтінді. Сөйтіп, қайран достың қабіріне де алдымен Меккенің топырағы, содан кейін өзінің туған жерінің топырағы салынды. «Туған жерден топырақ бұйырсын» деген аталы сөзді қадірлеудің бір көрінісі ғой бұл...
* * *
Қажыкәрімов Болат пен Сақыпжамалдың да өмірде бізбен сыйластығы үзілген емес. Еліне сыйлы ата-анасын көрдік. Болат аса білімді, өзінің ерекше мінезі, ара-тұра қалжыңбастығы да бар еді. Өзі бесаспап, қолынан келмейтіні жоқ. Болат пен Сақыпжамал Ерекеңнің Дарханына кіндік әке, кіндік шеше болды. Кейін олар Алматыға көшіп кетті де, жиырма шақты жылдан бері сонда тұрып жатыр. Ара-қатынасымыз үзілген емес.
Отбасымызбен араласқан тағы бір шаңырақ – Ғалымбек пен Орынбасар. Ғалымбек – Көкшетаудың жігіті. Қарағанды кооператив институтында қаржы кафедрасын басқарды, деканның орынбасары, декан болды. Қарағанды мемлекеттік университетіне қызмет ауыстырды. Білімді, сауатты, өзі спортшы азамат. Орынбасар – біреудің маңдайға біткен жалғызы. Бибігүл, Бауыржан, Ержан есімді балаларын өсіріп жеткізді. Немере сүйіп отыр. Орынбасарды техникумдағы студент шағымыздан білеміз. Кілең беске оқыды. Қарағандыда коооператив институтында сабақ беріп жүргенде, мәскеулік тексерушілер Кеңес Одағының жоғары дәрежелі лекторы деген баға берген-ді. Павлодар облысына қарасты Железинка ауданының қызы. Күні бүгінге дейін араласып тұрамыз, тілегіміз бір.
* * *
Ерқара Аймағамбетов Киевте оқып жүргенінде Қасым Шабаров деген жігітті кездестіріп, оны Қарағандыға ала келді. Институттан бір бөлмелі пәтер алып берді. Қасым Айман есімді қызға үйленді. Қызы Жауһар магистратура бітіріп, тұрмысқа шыққан, Қасым мен Айман қазір немерелі. Ұлы Асхат – ғылым кандидаты, Сыртқы істер министрлігінің Димломатиялық академиясын бітірген. Қазір Ұлыбританияда қазақ елшісінің орынбасары. Қасым – адал, білімді, дұшпанға қасқайып қарсы тұруға қауқары жететін адам еді. Институтта кәсіподақ комитетін басқарды. Ұжымы өзін қатты сыйлады.
Өмір сынақтарының сыры
Амал нешік, өмірден ерте озды. Балалары жас қалып еді, Айман, бірақ, орнын жоқтатқан жоқ. Қасымның Ерқара бастаған достары болды. Солардың ішінде, Алшын Сәменұлы ІІІалабаевтың Қасымның соңында қалған отбасына жасаған жақсылығы жаныңды елжіретеді. Екеуінің достығы керемет еді. Қасым кеткеннен кейін, Майқұдықтағы үйін қаланың оңтүстігіндегі «Гүлдер» шағын ауданына ауыстырып берді. Алшын Қарағандыда Қазыбек би ауданының әкімі, қала әкімінің бірінші орынбасары болған адам.
Жақсылық Толпаков деген азамат – Балқаштың жігіті, Әйтеке-Сарымың Әйтекесінен тарайды. Зайыбы – ІІІара. Бір кездері медицина қызметкерінің дұрыс салмаған инесінің кесірінен, аяғынан баса алмай қалды. Бірақ, жастай аспирантурасын бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғап, декан қызметін атқарды. Бүгінде доцент, университеттің профессоры. Бухгалтерлік есептілік жөнінде кітаптар жазып, еңбегімен елге танылды.
Өмірлік көршілеріміз, достарымыз Ерқара мен Гүлнұр Аймағамбетовтер біздің тұңғыш немереміз Арлыжанның кіндік әке-шешесі болды. Ерқара Балқараұлы – Қарағанды экономикалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, академик. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. Елбасының, облыс әкімінің ақылшысы. Өзі басқарып отырған университетті республика бойынша үздіктердің қатарына қосты. Оңтүсік Корея, Қытай, Англия, Германия, Австрия, Италия тәрізді көптеген шет мемлекеттердің оқу орындарымен тәжірибе алмасып, ТМД мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ерқара елге адамгершілігімен, білім-білігімен, биік парасатымен танылды. Қызы Тәмила — ғылым кандидаты, ағылшын тілінің маманы, оның жары Дамир – профессор, университет ректоры. Олардың Дария, Санжар деген балалары өсіп жатыр. Ұлдары Лашын да үлкен азамат, ғылым кандидаты.
* * *
Біздің Көбетейде туып-өскен, мектеп қабырғасында қатар оқыған азаматтардың бірқатары Қарағандыда айтарлықтай қызметтер істеді. Менен бір сынып жоғары оқыған Райыс ІІІайдуллин мен зайыбы Өркешті, ғылым кандидаты, профессор, академик Төкен Балмағамбетов пен жары, доцент, кафедра меңгерушісі болған, біліктілікті арттыру институтында қызмет істеген Салтанатты атап өткім келеді. Келіс Мамышев политехта, ҚарМУ-дың тарих кафедрасында аға мұғалім, доцент болып қызмет істеді, зайыбы –Маймұна. Ал менен бір сынып төмен оқыған Қайролла Бекішев ғылым кандидаты, профессор. академик, Қарағанды мемлекетгік университетінде декан, прорекгор болды. Зайыбы – Қауа Нашарбекқызы. Қарағандыға келгеннен кейін, отбасымызбен араласып- құраласып, күні бүгінге дейін қуаныш-қайғымызды бірге атқарысып келеміз.
* * *
... 1980 жылдары Хан Вениамин Александровичпен бірге жұмыс істеп жаттық. Аудандық Тұтынушылар одағының бас бухгалтерлерінің ішінде жадымда ерекше жатталғандар – Егіндібұлақта Сайлау Камалиев, Қарқаралыда Мәди Беков, Ульяновта Көйлекбай Әбжанов, Нұрада Светлана Кривошей, Осакаровта Клавдия Женжеру-
Жарылқасын Бикенов
хо болды. 1972 жылы Жезқазган, Молодежный аудандары құрылды. Ал 1973 жылы Қарағанды облысынан Жезқазған облысы бөлініп шығып, оның құрамына Балқаш, Жезқазған, Қаражал қалалары мен Ақтоғай, Жезді, Жезқазған, Жаңаарқа, Шет аудандары берілді. Сол жылы Мичурин ауданы құрылды. Солардың бәрінің есеп-қисабын мен өз қолыммен түгендеп, шығарып салдым. Облыстық Тұтынушылар одағының қаржы жөніндегі орынбасары Валентин Стратинскиймен біраз уақыт қоян-қолтық жұмыс істедік.
* * *
Сайлау Камалиев өте көрікті азамат еді. Сұңғақ бойлы, жауырынды, өзі салмақты. Егіндібұлақтағы басшылар Сәкеңнің түріне қарап-ақ, артық сөз айта қоймаушы еді. Ағалы-інілідей болып кеттік. Ол кісінің балалары кооператив институтында, политехникалық институтта оқып, бітіріп жатты. Берік Қарағанды политехникалық институтын тәмамдады. Гүлнар Қарағанды кооператив институтында білім алды. Серікті Қарағанды кооператив институтын бітірген соң, облыстық Тұтынушылар одағына қызметке алдым. Гүлнар Егіндібұлақта жоспарлау бөлімінде меңгеруші болып қызмет істеді. Берік оқып жатты. Отбасымызбен араластық. Бірде Алматыға барып, есеп беріп келсем, Сәкең ауруханада жатыр дейді. Ақпан айы. Төрағаның кадр ісі жөніндегі орынбасары Фарбаз Мұртазин екеуміз Бейбітшілік даңғылындағы хирургия бөлімшесіне бардық. Зайыбы Жолкен, апасы Жанат бәрі сонда екен. Соқыр ішегі жарылып, соны тазалаған. Қызуы көтеріле береді. Отаны қайта жасағанда, бүйрегі жұмыс істемей қалып, қайтыс болып кетті. Жақындарына қамқорлық жасап, Егіндібұлаққа апарыстым. Балаларымен осы күнге дейін араласамыз. Берік үлкен азамат болды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы, Премьер-министрдің кеңесшісі, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Көлік және коммуникация министрі, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басқарма басшысы сынды үлкен қызметтер атқарды. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вице-президенті. Елге белгілі, қадірлі азамат. Басқа балалары да өсіп-өніп, әкелерінің жақсы атын шығарды. Барлық қызық-қуаныштарының басы-қасындамыз. Сәкеңдей азаматтың жатқан жері жайлы болсын деймін.
* * *
Аудандық Тұтынушылар одағы бас есепшілерінің ішінде Көйлекбай Әбжанов, Шәкен Шымбаев секілді керемет азаматтар болды. Есеп-қисапқа жүйрік, адамгергершіліктері зор жандар еді. Нұра ауданының бас бухгалтері болған Күләш Әкімжанқызы – елдің қызы, білімді, жұмысына адал адам. Мичурин ауданында Айгүл Ыдырысқызы Сүлейменова, Ботагөз Багисова деген замандастар болды. Аудандық Тұтынушылар одағы төрағаларының ішінде Ақылсерік Әбішевпен осы күнге дейін біргеміз. Еркін Мансұрұлы Мұстафин Қарқаралы, Тельман, Теңіз ауданы Тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақ тұтынушылар одағы кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасының орынбасары болды. Сәуле деген зайыбы бар-тын, екеуі де өмірден ерте озды. Теңіз ауданында істеп жүрген кезі. Досы Елубай Ахметов іссапармен сол ауданда болды.
Өмір сынақтарының сыры
Ол кісі алғашында КРУ-да істеп, кейін орталық бухгалтерияда бас бухгалтердің орынбасары қызметін атқарды. «Облкоопсауда» мекемесінің бас бухгалтері, Қазақ Тұтынушылар одағы бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтері қызметтерін атқарды, қазір төрағаның орынбасары. Елубайдың білімін, азаматтығын көзіміз көрді. Ағалы-інілідей болып кеттік.
* * *
Өмірде мен үшін ұмытылмайтын жандардың бірі – Ризабек Қалиев. Еңбек жолын бухгалтердің шәкірті болып бастап, бас бухгалтердің орынбасарлығына дейінгі жолдан өтті. Қызметте ол аға, мен іні деп өттік.
Ермағамбет Қайыржанұлы Темірғалиев – орынбасарым, қызметінде адами қадір-қасиетін, жоғары білім-білігін жан-жақты көрсете білген азамат еді. Жұбайының есімі – Сәлима.
Сәуле Шәкенқызы Сүлейменова да орынбасарым болып қызмет істеді. «Облко- опсауда» басқармасының бас бухгалтері болды. Адал, қызметіне мықты еді.
Тыныштық Сыздықова «Облкоопсауда» басқармасында қатардағы қызметкерден бас бухгалтерге дейінгі жолдан өтті. Әттең, ол да бұл дүниеден озып кетті. Баянауылдың қызы, елі Қаржас болатын. Мықты мамандардың бірі еді. Топырағы торқа болғай!
Кезінде Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болған, қазіргі республика Бас прокурорының бірінші орынбасары Меркель Иоган Давидовичтің алдында Ермағанбет Қайыржанұлы Қарағанды облысы Тұтынушылар одағының мүддесін талай қорғаған.
* * *
Республикалық, одақтық семинарлардың бірталайына қатыстым. 1980 жылы Ташкент қаласында бүкілодақтық кезекті семинар-жиын өтті. Ол уақытта бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы Шойхет кетіп, орнына Коротков келген. Оның орынбасары Николай Иванович Иванов – әдістемеші, барлық ереже, нұсқау, кітаптарды дайындайтын кісі. Семинарға, бұлардан бөлек, Орталық одақтың бақылау-ревизиялық, қаржы, жоспарлау, штаттар бойынша еңбек және жалақы, өзге де толып жатқан басқармаларының басшылары қатысты. Төрағаның орынбасары Николай Андреевич Лупей жиналысты ашып, жүргізіп отырды. Кезінде Белоруссия компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы болған, Львовтың кооператив институтын тәмамдаған, экономист. Адамгершілігі зор кісі еді... Семинардың тақырыбы – бухгалтерлік есепке механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу. «Өзбек Бірләшуда» қарсы алды. Сегіз жүз, бес жүз және үш жүз кісілік мәжіліс залдары бар. Өзбекстан Тұтынушылар одағының ғимараты он жеті қабатты, Ташкенттегі ең биік ғимараттардың бірі. Ғимарат ішінде нешетүрлі дүкендер, мей- рамхана, мұражай, қонақ үйдің айрықша жайлы жабдықталған бөлмелері бар. Сәлім ол кезде бухгалтерлік есеп кафедрасының меңгерушісі болып істейтін, семинарға ол да келген. Екеуміз бір бөлмедеміз.
Жарылқасын Бикенов
Күнде жеті-сегіз сағаттық дәріске қатысамыз. Бір күні Николай Иванович Иванов келіп, алты сағат дәріс оқыды. Білімді еді. Бірақ мінезі қыңыр, айтқанынан қайтпайды. Сәлім екеуміз дәрістің тақырыбын алдын ала біліп, жақсылап дайындалып келгенбіз. Николай Иванович тура біз дайындалған тақырыптың бірін қозғады да, айтылуы тиіс мәселелердің біріне тоқталмай кетті. Сәлім қызбалау еді, орнынан атып тұрып: «Николай Иванович, кешіріңіз, сіз бұл жерде мына бір мәселені қалыс қалдырып барасыз», – деді. Ана кісі шарт ете қалды: «Сен кімсің?!». Біздегі кооператив институты тікелей Орталық одаққа бағынушы еді. «Орталық одақтың Қарағанды кооператив институтының кафедра меңгерушісімін», – деді Сәлім. «Отыр!», – деді дәрісшіміз қатуланып. Сәлім тұрып қалып еді, «Саған не айттым?! Отыр!», – деді жекіп. Сәлім отыра кетті. Кеңес Одағының бүкіл бас бухгалтерлерінің көзінше анадай сөз айтқанға шыдамай, мен де орнымнан ұшып тұрып: «Николай Иванович, сіздікі дұрыс емес. Нұсқамаңызда бір графа жетпейді. Соны қоссаңыз, толық болар еді», – дедім. «Сен кімсің?». «Қарағанды облысының бас бухгалтері Жарылқасын Бикенов». Жаңағы кісі мінберден түсті де, шығып кетті. Залда үңсіздік. Он минут үзіліс жасалды. Қайта кіргенімізде, бағдарлама бойынша кезекте тұрған басқа дәрісші келді. Басқалар тыңдаушыларға түсіндіріп: «Сіздер ол кісіні шығып кеткені үшін кешіріңіздер, негізі ол үлкен әдістемеші, профессор, білмейтіні жоқ», – деп жуып-шайып жатты. Шынында да солай еді, бірақ мінезі жаңағыдай. Бізді төмен санап, білімі жоқ дегендей қылды емес пе.
Соңғы күні Самарқанға баратындарға ұшақ жалдады. Бізді Ташкенттен 25 шақырым жердегі Коммунистік Тұтынушылар одағына алып барды. Ондағы есептілікті үлгі етіп көрсетпек. Ал түскі үзілісте «Өзбек Бірләшу» мейрамханасында жақсылап тұрып дастархан жайды. Өзбектер қонақ күтуді біледі. Әр республикаға жеке үстел қойыпты. Мәскеуден келген Орталық одақ өкілдері бөлек отырды. Дастархан басында алғашқы сөз кезегі Ресей Тұтынушылар одағының бас бухгалтері Зайцевқа берілді. Бұл адаммен Куйбышев облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болып тұрғанында біліскенім бар-тын. Сөйленген сөздер арасында ән айтылып жатты. Кезекпен Украина, Белоруссия өкілдері сөйледі. Орынбасар Николай Иванович үстел-үстелді аралап, қай елден кімнің сөйлейтінін нақтылап жүр. Біздің үстелге келіп, Қазақстаннан кім сөйлейтінін сұрады. Бір ауыздан: «Хайдар Қабиболлаұлы сөйлеуі керек», – дейміз. «Жоқ, болмайды». «Сәлім сөйлесіп, кафедра меңгерушісі, ғылым адамы». Оны да құп көрмеді. Шымкенттен келген бас бухгалтер Рахметолла Байсейітұлы Байсейітов жасы үлкен, білімді жігіт болатын. «Жарылқасын сөйлейді», – деді ол. «Басқалар сөйлесін. Міне, Сәкең бар, Жұмат Әтиев бар», – деп бас тарта бастап ем, келіп қалған микрофонды қолыма ұстата қойды. Сөйлеуге еш дайындығым жоқ, дегенмен, енді шегінуім орынсыз болып қалды. Қиналғанда сөз табатыным бар еді, ойымды тездете жинақтап, сөйлеп кеттім. Осыдан тура бір күн бұрын Қазақстан ортақ қазынаға миллиард пұт астық беріп, бұл ақпарат құралдарының басты тақырыбы болып жатқан. «Қазақстанпың миллиардымен құттықтаймын, – болды сөзімнің әлқиссасы. Осыдан кейінгі айтарым өзіне-өзі ағытылып жүре берді. – Мәскеу кооператив техникумының бухгалтерлік есеп оқытушысы кеше «бухгалтер» деген ұғымды жою керек деп еді. Мәскеуде балалар «бухгалтер» атауынан айнып, оқуына түспейтіні себепті, орнына басқа аталым енгізу қажеттігін айтты. «Газеттің сайқымазақ суретінде – бухгалтер, кинода папкасын құшақтап бүгжендеп жүретін де бухгалтер», – дейді. Бірақ, мен ол кісімен мүлде келіспеймін.
Өмір сынақтарының сыры
Бухгалтер деген атпен мақтану керек. Болашақ ұрпаққа, оқып жатқан студентке түсіндіру қажет. Мәселен, Алексей Николаевич Косыгин – Кеңес Одағы Министрлер Кеңесінің төрағасы. Атақты адам. Дүние жүзі біледі. Сол кісі көшелері кооператив техникумын, онда да бухгалтерлікті бітірген. Бухгалтер деген кім? Бас бухгалтер қызметі Министрлер Кеңесінің ережесімен бекітілген. Кез келген қызметті алып қараңыз, сонша маңыз берілген бірі де жоқ. Бас бухгалтерді, және, өз ұжымы жауапқа тарта алмайды, бұл тек жоғары тұрған органның ғана құзырындағы шаруа. Жұмысының жауапкершілігі жоғары болатыны да сондықтан. Ал ол үшін нағыз бас бухгалтер бола білу керек. Нағыз бас бухгалтер дегеніміз – ұйымдастырушылық қабілет иесі, ойшыл. Мысалы, тұтынушылар кооперациясының көп салалы жүйесінде көлік, қоғамдық тамақтандыру салалары, өндіріс пен өнеркәсіп, оның ішінде, лимонад цехы, шарап, сыра зауыттары, тігін фабрикасы, шаштараз, аяқкиім шеберханасы, оқуы, саудасы, тағы бірқатар құрылымдары бар – бас бухгалтер солардың бәрін білуі тиіс. Осының бәрін ойластырып, шығынын есептеп, қай жерде не жетіспей жатқанын ұжымға түсіндіріп отыратын маман, басшының оң қолы. Талдау жасап, мекеме-кәсіпорынның болашағын болжайтын адам. Бұл жерде ұстаз да, кеңесші де сол. Қарамағындағы бухгалтерлерге, бүкіл ұжымға – дүкенші, қойма меңгерушісі, аспаз, тағы басқаларга есептілікті қалай жүргізетінін ұғындырып, тәлім береді. Жас мамандарды жаттандылықтан бұрып, жан-жақты маман болуға жетелеудің өзі бір өнер. Бухгалтерлік теңгерім сенімді, уақтылы жасалмаса, ешқандай жетекші де, ұжым да оны қажетіне жарата алмайды. Осы айтылғандарды бұлжытпай орындап, мекемені алға жылжыта алса, бас бухгалтер дегеніміз сол. Бас бухгалтер ешкімнен сөз естімей, басын тік көтеріп жүруі тиіс. Мен бас бухгалтер екенімді мақтаныш етем. Сіздерді үлкен семинар-жиынның аяқталуымен құттықтаймын. «Өзбек Бірләшу» басқармасына, бізді жақсы қарсы алып, шығарып салып отырған ұжымына, Орталық одақтың басқармасына, аппаратына, бухгалтерлік есеп басқармасының бас бухгалтеріне алғыс айтамын. Шараны жоғары деңгейде өткізіп отырсыздар, нағыз бас бухгалтерлер жасай берсін!», – дедім. Жас кезіміз, сөзіміз жинақы, жұмыр. Отырғандардың бәрі рюмкелерін көтеріп, орындарынан тік тұрды. Дастархан басында соңғы сөздер сөйленіп, шығып жатырмыз. Қаптаған орыс, қазақ, өзбек келіп, қолтаңба сұрайды. Бүкіл Кеңес Одағы бас бухгалтерлерінің алдында бір ауыз сөзіммен абыройым өсіп еді солай. Өзбекстанның Бұхара облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері Ғабдрахман деген жігіт жақындап: «Сенің айтқан сөзіңді мен толығымен жазып алдым, – деді. – Өзіме барғаннан кейін, облыстық Тұтынушылар одағының семинар-жиынын өткізем. Осы сөзінді толық айтам. Бірақ, сен ренжіме, кім айтты деп сұрағандарға Орталық одақтың бухгалгері, бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы Петр Павлович Коротков деп айтам». «Ерік өзіңде, мен оған ренжімеймін», – дедім.
Сол Ғабдрахман маған он шақты жыл бойы мереке сайын құттықтау жолдап, хабарласып тұрды. Өмір өте берді. Бұл менің қалыптасып, ой-өрісім өсіп, облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері ретінде ғана емес, сөз сөйлей білуді игеріп, өмірдегі жағдайларға көзқарасымды пісіріп, есеп-қисап жұмыстарын алға жылжыту, облыс, республика, Одақ көлеміндегі кемістіктерді жою амалдарын ойланып-толғанып жүрген уақытым еді.
79
Жарылқасын Бикенов
* * *
...1980 жылдары сонау Қызылорда облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері Сейітмағамбет Жұмахметов деген кісі он тоғыз облыстағы бас бухгалтерлердің ішінен мені іні қылып еді. Менен жиырма жас үлкендігі бар. Ол отбасымен Қарағандыға келіп, мен отбасыммен Қызылордаға барып, бір-бірімізге қонақ болдық. Балаларының алды Әбіләкім Қарағанды кооператив институтында оқыды. Әскерге барып келген соң үйленді. Гүлсім деген қыз баласы ол да кооператив институтын бітірді. Әбіләкім кооператив институтында мұғалім, деканның орынбасары, факультет парторгы болды. Мәскеуде бір жылдық педагогикалық курста оқып, кандидаттық диссертациясын Алматыдағы халық шаруашылығы институтында қорғады. Жары Гүлнар Қарабекқызы Сарқытбаеваны үйленер алдында біздің үйге алып келіп таныстырған еді. Өз баламыздай, ініміздей болып кеті. Осы күнге дейін араласып-құраласып жүріп жатырмыз.
* * *
1982 жылдың аяғында тағы да Одақ көлеміндегі семинар-жиын өтетін болып, Қазақстан өкілдері Хайдар Қабиболлаұлының басшылығымен Татарстанға бардық. Қазан қаласындағы он төрт қабатты қонақ үйде Хайдар Қабиболлаұлы екеуміз бір бөлмеде тұрдық. Кенже Әлмағамбетқызы Китебаева сол кезде Қарағанды кооператив институтының кафедра меңгерушісі еді, ол да бізбен бірге Қазанға келген. Бізге қарама-қарсы бөлмеге орналасты. Мейрамханада түстенеміз, бәрін ұйымдастырушы тарап төлеп қойған. Мәдени-көпшілік іс-шараларға қатыстық, мәдени орындарға апарды. Кешкі уақыттарда қалыптасқан дәстүр бойынша, әр облыс жеке бөлмеге дастархан жаяды...
Қазан университетіне апарды. В.И.Лениннің оқыған аудиториясын, отырған партасын көрдік. Жанында оның қалай оқығаны, оқудан не себепті шығып қалғаны жайлы мәліметтер жазылған. Жазушы М. Горький мен әнші Ф. Шаляпин де Қазанда болған. Жазушы наубайханада нан пісірген. Бір күні Шаляпин екеуі музыкалық училищеге түспек болыпты. Емтиханнан Шаляпин өтпей қалып, Горький өтіп кеткен. Бірақ, М. Горький музыка жолын қумағанын білеміз. Горький ұлы жазушы, Шаляпин ұлы әнші болды. Горький көп сөзге жоқ, тұйық адам болса керек. Соны білетін Шаляпин оған бірде қалжыңдап: «Сен өзің сөйлемейсің, жазуды қайдан білесің?», – дейтін көрінеді. Сонда Горький: «Сен ондайыңды қой, баяғыда ана бір әнді дұрыс айта алмай, өте алмай қалғаныңды, ал менің өткенімді ұмыттың ба?», – деген екен. Сонда Шаляпин тосылып қалған деседі.
Ежелгі жәдігерлердің бірі Сүйімбике мұнарасын көрдік. Иван Грозный Қазаңды жа- улап алған кезде Сүйімбикеге ғашық болып, жүрегін жауламаққа ниеттенеді-міс. Сонда татардың ажарлы да ақылы мол әйелі оған шарт қояды. «Жеті күннің ішінде биік мұнара тұрғызсаң ғана мен сендік боламын», – дейді ол. Махаббатқа мас болған құдіретті патша дереу бұйрық береді. Ал мұнара салынып біткен кезде Сүйімбике оның биігіне шығады да, кең дүниеге соңғы рет сүйсіне бір көз тастап, төмен қарай құлдырайды...
Қонақ үйде дастархан жаю кезегі бізге келді. Отыр едік, сырттан екі кісі келді. Бірі – бас бақылаушы-ревизор Ринат Наумиятович Тухтаров, қасындағы серігі: «Татарстан Тұтынушылар одағының КРУ басшысының үйіне қонаққа барамыз, Хайдар Қабиболлаұлын ала кетуге келдік», – дейді.
80
Өмір сынақтарының сыры
Біздің жігіттер: «Жоқ, біз ол кісіге жауап береміз. Жалғыз өзін жібере алмаймыз. Барса, бір жігіт еріп барады», – деді. Хайдар Қабиболлалұлымен қатарластарынан біреу барсын деп едім, біздікілер Жарылқасын барады деп қоймады. Құрқол бармайық деп, өзімізбен бірге атышулы армян коньягын, шампан, «Посольская» арағын, жарты келідей уылдырық, балық, сервелат алдық. Айтқан үйге ел орынға жайғаса жеттік. Бәйбіше жүр. Үй ішінің бізге қуанып отырғаны шамалы. Залға жайғастық. Ринат Қазанға сапарлап келгенде осы үйге түсетінін айтып, танысып-білісіп отырмыз. Хайдар Қабиболлаұлы тұрған мандолинаны қолына алып, татарша біраз әндер шырқады. Мұндай өнерінен бейхабармыз. Үстел басына әкелінген дәмнің түрі – әрқайсымызға жарты тостақ борщ пен нан. Жарты бөтелке арағын құйды. Ол да, бәрімізге бөлгенде, жарым-жарты рөмкеден, ерін тигізіп отырып, отырыс соңына дейін жеткіздік, әйтеуір. Борщтан кейін қара шай берді. Біраз отырған соң рұқсат сұрап, қайтып кеттік. Хайдар Қабиболлаұлы жолда: «Жарылқасын, болған жағдайды ешкімге айтушы болма. Мына татарлар мені өлтірді ғой, – деді. – Ештеңе шығармаса да, біздің өзімізбен алып барғанымыздың өзі қаншама нәрсе еді, тым құрыса соны ортаға қоймай ма?! Өзі білдей республикалық КРУ-дың басшысы. Ең болмағанда, қош көріп, дұрыс қарсы алса болар еді, ұят болды. Мұны жігіттерге айтушы болма». Содан бері отыз жылдан артық уақыт өтіпті. Осыған дейін бұл туралы тіс жармай келіп ем, мемлекеттік құпияны да жиырма бес жыл өткізіп ашып жатады, естелік ретінде айтып отырғанымның сөкеттігі бола қоймас. Бұл 1982 жылдың қараша айытын. Дәл сол семинарда жүргенімізде Л.И. Брежнев қайтыс болды.
* * *
1983 жылы Вениамин Александрович Хан қызметінен кетті. Үстімізден арыздар жазылды. Партиядан шығып қалмау үшін, Хан Тұтынушылар одағында істеген кезде алған үйін қайтаруы керек болды. Сөйтіп, Хан Сәтбек Уәйісбекпен үй ауыстырды.
Жаңа көршім Сәтбек Сәрсекейұлы да ерекше азамат еді. Әкесі Сәрсекей, шешесі Оралды көз көрді. Әкей ол кісілерді жиен дейтін, біздің үйге ат-арбамен келіп, қона жатып кетіп жүретін. Хамидолла, Жарас ағаларын білетін едім, онда кішкентай баламыз. Олардың отбасы Қарағандыға ерте көшкен. Біз қалаға алғаш келгенде үйіне шақырды. Нағашы-жиендей емес, ағалы-інілідей араласып кеттік.
Сәтбек адал, қызметке мығым, қабілетті жан болатын. Уақытында қалалық кеңестің депутаты, аудандық, қалалық партия комитеті бюросының мүшесі, Қазақ бұрғылау өнеркәсібі басқармасының басшысы болған жан. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді. Сәкең 1996 жылдың 19 қаңтарында алпыс жасқа толған мерейтойын атап өтті. Өкінішке қарай, араға төрт ай салып, сол жылы 17 мамырда қайтыс болып кетті. Ағасы Жарас та өмірден озды. Соңғы сапарға шығарып салуға ағасы Жарас, жеңгесі Қанипа, Зәкия, қарындасы Баян барлығымыз ат салыстық. Марқұмдардың жатқан жерлері жайлы болсын деймін. Сәтбектің зайыбы Таня, бала-шағасымен қазір де көршіміз, араласып-кұраласып тұрамыз.
Сәтбектің достары да ерекше жандар-тұғын: Болат Кәкенов, Мұхтар Қожахметов – Осакаров ауданындағы Маржанкөл ауылында дәрігер, Мұқатай Смағұлұлы ЬІсқақов.
81
Жарылқасын Бикенов
* * *
Вениамин Александрович Ханның орнына Пешат Хасенұлы келді. Ол кісі облыстық Тұтынушылар одағында төрт жылдай қызмет істеді. Сол уақытта одақ бірталай жағдайды бастан кешірген еді.
Вениамин Александровичтің кезінде комбинат ғимараты салынып жатқан. Одақ кеңсесі сол жаңа ғимаратқа орналаспақ. Орталық Комитеттің әкімшілік ғимараттардың құрылысын тоқтатып, өндірістік нысандар ғана салу керек деген жарлығы шықты. Мәскеуден Орталық одақ басқармасының төрағасы Трунов Қарағандыға келіп, Қарағанды кооператив институтын, Тұтынушылар одағы орналасқан ғимаратты көрді. Обком мен облаткомнан хат әперсек болғаны, өзі көмектеспек. Пешат Хасенұлы осы шаруаға кірісіп кетті. Құрылыс 1985 жылы аяқталды. 19 сәуірде көшіп кіруіміз керек. Бірақ, ғимаратқа байланыс желісі әлі тартылмаған, жан-жағы абаттандырылып үлгермеген. «Көшпеймін», – деймін. «Неге көшпейсің?». «Қазір тоқсандық есеп уақыты. Аудандармен телефон арқылы хабар алмасып отыруым керек». Ақыры, 19 сәуір күні жаңа ғимаратқа мен бірінші болып көштім. Қабылдау бөлмесіне ғана бір телефон орнатылып, соны маған тартып берді. Орталық бухгалтерия екі кабинетке орнығып, жаңа кеңседегі жұмысымызды сол күні-ақ бастап кеттік.
Пешат Хасенұлына да ризамын. Қатты кеткен жері жоқ, әрқашан қолдады. Елді тыңдай білетін, айтқанын ақылмен айтып істететін-ді. Мысалы, Вениамин Александрович білімді, алғыр болғанымен, ол кісіні көп адамдар дұрыс қабылдамайтын. Обком мен облаткомдағы біреуге кіріп шығудың өзі бірталай қажырлылықты талап етеді. Обкомның бірінші хатшысы жылына бір-екі рет қана қабылдаушы еді. Ал Пешат Хасенұлы жиналыстар барысында облыс басшылары Валерий Иванович Локотунинмен, Александр Гаврийлович Коркинмен үйде отырғандай сөйлеседі. Бір-ақ ауыз сөзімен, бір қоңыраумен көп шаруаны бітіріп жатушы еді. Оның Қазақстан, Кеңес Одағы аумағында танымайтын адамы жоқ. Абыройлы болатын. Ол кісімен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет еді.
1985 жылы Целиноград облысының Теңіз ауданы Қарағанды облысының қарамағына берілді. Ауданды тапсыру үшін, Тұтынушылар одағынының қызметкерлері обкомының тапсырмасымен бес «АН-2» ұшағымен, екі жеңіл көлікпен, бір автобуспен шықтық. Теңіз ауданын тік көтеріп, сауда саласындағы бар шаруашылығын тексерістен өткіздік. Пешат Хасенұлы осы істердің басы-қасында болды.
Төрағалық қызметте Пешат Хасенұлы да көп бөгелген жоқ. Сол кезде салауатты өмір салтын ұстанамыз деп, жарлық бойынша алкогольдік өнімдер сауда айналымынан шығарылды. Ал обкомның бірінші хатшысы Пешат Хасенұлын «Алкоголь айналымының жоспарын орындамағаны» үшін қызметінен ауыстырды...
* * *
1979 - 1985 жылдары Қазақ Тұтынушылар одағын Сейдәлім Нысанбайұлы Тәнекеев басқарды. Бұрын Алматы облысы Панфилов ауданының бірінші хатшысы болыпты. Бізге республикалық Халық бақылауы комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып жүрген жерінен ауысты. Қатты қарап, қатты жұмыс істеп жүрген кезі. Бірде мені сынасын.
82
Достарыңызбен бөлісу: |