Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет8/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Өмір сынақтарының сыры

Ол кезде жап-жаспын. «Его какая волосатая рука принесла в облпотребсоюз», ­­­­­­­­­­­­– дейді. «Облыстық Тұтынушылар одағында бұл кімнің арқасында жүр?» дегені ғой. «Ешқандай арқасүйерім жоқ, өзім қызмет істеп жатырмын», – дедім мен. Әрлі-берлі тиісті, сөгіс жариялады-ау деймін. Басқарма мүшелері де, олардың орынбасарлары да Сейдәлім Нысанбайұлына ештеңе деп сөз айтпады. Тек Алматы Тұтынушылар одағының төрағалығынан Қазақ Тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары болып келген Өмірзақ Сәрсенұлы ғана: «Сейдәлім Нысанбайұлы, Жарылқасын Бикеновтей азаматтарды қолдамасақ, ертең біз кіммен жұмыс істейміз? Бұл жігіт білімді, талабы зор, еңбекқор азамат. Қолдауымыз керек. Кемістігі де бар шығар, дұрыс жолға салуға тиіспіз. Ал, бірақ, сөгіс беріп, басқадай шара қолданудың қажеті жоқ», – деді. Мен ол кезде Өмірзақ Сәрсенұлын сырттай білетінім болмаса, жақын тани қоймайтын едім. Риза болып қалдым. Ол кісінің сөзіне ешкім кесе-көлденең тұрмады.

Бір кездері үстімнен көп арыз түсті. Пешат Хасенұлымен жұмыс істеп жүрген уақытта, өзіміздің одақтан бір адам он жеті бет арыз жазып, соны коммунистік партия жетекшілігіне өткізу үшін Мәскеуге барып, бір апта жатады. Көздеп барғаны Бас хатшы М.Горбачевтің қабылдауы екен. Оны Бас хатшы түгіл, оның хатшылары да, өтініш-арыздармен жұмыс бөлімі де қабылдамапты. Әйтеуір әупірімдеп жүріп, өтініш жөніндегі инспекторға өткізеді. Не айтасың десе, «Бикенов дегенді құрту керек. Алматыдан, Орталық комитеттен, обкомнан ешкімнің керегі жоқ, тексерушілер тек Мәскеуден келуі керек. Тексеріп, Бикеновті қызметтен алу керек», ­­– депті. Кезекті демалыста, Қара теңіздің жағасында жүргем. «Мәскеуден тексерушілер келе жатыр, шұғыл жет», ­– деген хабар келді. Елге қайттым. Айтқандай, жеті бірдей тексеруші жетіп келді. Үлкен кабинетті алды да, жазылған арыздың әр тармағын қарап отырып тексерді. Облыста жүріп, аудандарға ба- рып, бөлімдерді шақырып, барлық құжаттарға шұқшиды. Арыздың негізі ­– «Көзі көрмейді, жұмысты білмейді. Тапсырылған есептілікті ол емес, орынбасары қабылдайды. Жұмысқа енесі жетектеп алып келеді». Партия ұйымының хатшысы, облыстық Тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары болған Мұртазин деген жігіт бар еді. Сыйлас адамдармыз, өзара ақылдасып жүреміз. Бір күні сол кісі: «Ертең сені көше қиылысынан өткенде кісілер аңдып тұрады. Жолдан қалай өтетініңді көрмек», ­– деп құлаққағыс жасады. Шынында да, менің сол қиылыстан өтуіме енем Бақаң көмектесетін. Айтқан күні Бақаңды алмай, жаяулатып жалғыз шықтым. Қиылыста тұрмын. Көз көрмегенмен, құлақ естиді. Машиналардың дыбысына құлақ түре аяңдап өтіп, ақырындап жұмысқа келдім. Жан-жағымда кісілер қарап тұр, ештеңе демейді. 'Гоқсандық есеп уақыты, қабылдауымда Нұра ауданынан келген Күләш Әкімжанқызы отыр. Орынбасарым Ермек Темірғалиев есептіліктің бұрынғы нұсқасын, мен жаңасын қарап отырмыз. Қарап бола бергенде телефон шырылдап, екі кісі келіп, есеп қабылдағанымды тексеретіні туралы хабар алдым. Ермекті босатып, Күләш екеуміз ғана қалдық. Күләшта жаңағы айтылған ескі нұсқа, менде жаңасы. Бір ер, бір әйел кісі амандасып кіріп келді. Күләшті таныстырдым да, есептемені ұсындым. «Міне, 5 қатар цифр – 25 жол. Біреу мұны құжынаған цифр дейді. Бірақ, мына цифрдың бәрі сөйлеп тұр. Мысалы, бірінші жол жыл басына шолу болса, бірінші бөлім – Тұтынушылар қоғамы, екінші бөлім – аудандық Тұтынушылар қоғамының шаруашылығы, үшінші – қорытындысы.

83




Жарылқасын Бикенов

төртінші – облыстық Тұтынушылар одағының шаруашылығы, бесінші – бәрі. Әр бөлімге тоқталып, аталған санды қолымды сол жерге қойып отырып айна қатесіз айтып шықтым. Әр бөлімді жатқа білем. Ал цифрларын Ермек отырғанда жадыма тоқып алғанмын ғой. Ол кезде есте сақтау қабілетім керемет. Күләштің қолындағы балансты біреуі, менікін екіншісі қарап тұр. Әлгілер «дұрыс, дұрыс», «рахмет, рахмет» деп шығып кетті. Тексеріс жеті күн бойы жүрді. Қорытындысын облыстық Тұтынушылар одағының 120 шақты адамнан тұратын ұжымын түгел жиып, солардың алдында жариялайтын болды. Облыс көлеміндегі барлық Тұтынушылар одақтарының төрағалары мен бас бухгалтерлері де келген. Мәжіліс залы лық толы. Пешат Хасенұлы, сауда жөніндегі орынбасары Қыстаубаев, қаржы жөніндегі орынбасары Стратинский, кадр мәселесі жөніндегі орынбасары Мұртазин, дайындамалар жөніндегі орынбасары Белогуров, қосалқы ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Евгений Михайлович Цон, бәрі осында. Алдында Белогуровты оңаша шақырып алғам. Мен дегенде жанып тұратыны бар еді. «Жиналыс болады, Влади- мир Иванович. Сен менің кім, қандай екенімді білесің. Артық ештеңе сұрамаймын. Тек қорытынды айтылып болғаннан кейін қолыңды көтеріп, «Менің білетінім, Бикенов жұмысты біледі, өз ісінің маманы. Кім не айтса да, бұл азамат адал», – деген бір ауыз сөз айтсаң болды, соны айтасың ба?», ­– дедім. «Айтам», – деді ол. Сосын, Любовь Гуцал деген бар-тын, қаржы бөлімінде бас экономист. Мен дегенде, «Жарылқасын Бикенович, Жарылқасын Бикенович» деп жүгіріп жүреді. Оны да шақырып алып: «Қазір жиналыста мен туралы бір ауыз сөз айтуға шамаң келе ме? «Қызмет бабымен ол кісіні бәлен жылдан білем. Білімді, әділ» десең болды», – дедім. «Жарайды, жақсы», – деді ол да. Жиналыс басталып та кетті. Тексеріс жетекшісі нәтижелермен таныстырып жатыр. Арыз иесін тұрғызды. Ол бұрынғы әніне басып, «Бикеновті кетіру керек, құрту керек», – деді. «Ал енді кім сөйлейді?», – деді. Залда жүз елу кісі отыр. Ешқайсысы үндемейді. Пешат Хасенұлының қасында, бірінші қатарда отырмын. «Жарылқасын, сен өзің шық», – деді бір кезде ол кісі. «Мен не айтам?». «Жоқ, болмайды, сен шығып сөйле». Ешкім сөйлемейді, бағанағы сенген орыстарымда да үн жоқ. Қолымды көтердім. Мінбеге шығып, тексерушілерге: «Сіздерге көптен-көп рахмет. Бәрін жан-жақты тексердіңіздер. Анықтамада жазғандарыңызга еш қарсылығым жоқ, толығымен келісем. Сосын, арыз иесі жазғанның ішінде де алып тастайтыны жоқ, бәрі дұрыс», – дедім. Зал тына қалды. «Оныкі дұрыс. Бірақ, сіздер менің жылдық есептемемдегі 25 парақ түсінік хатымды көрдіңіздер. Соның ішіндегі 17 парақ — соның жазғаны тектес. Барлық кемшіліктер мен жазған түсінік хатта көрсетілген. Оның бәрін басқарма қараған. Басқарма шешім қабылдап, қандай шара қолдану керектігін анықтаған. Ал мен бар болғаны бас бухгалтермін, басқарма — тұтас орган. Оның шешімі мен үшін заң. Заңды орындау қажет. Басқарманың шешіміне мен қарсы тұра алмаймын. Сондықтан, жұмысымда қандай да бір ақау болса, кешірулеріңізді өтінем. Сіздердің тексерулеріңізбен, басқа да айтқан ақыл-кеңестеріңізбен мен келісемін», – дедім. Бір уақытта арыз жазған кісі орнынан атып тұрып: «Бұл Бикеновті құрту керек. Басқарма оның айтқанын екі етпейді, ананы қызметтен алу керек, мынаны ату керек», – деп қатгы сөйледі. Тексерістің басшысы жиналысты: «Жарайды, сізге сөз бердік, арызыңызды қарадық. Шығарған қорытындымызды Қазақстан компартиясы Орталық Комитетіне береміз. Қандай шешім қабылдайды, Бикеновке не істейді, оны сол жақ шешеді.

84




Өмір сынақтарының сыры

Біздің ондай құзырымыз жоқ. Аман-сау болыңыздар», – деп қорытты да, кетіп қалды. Сөйтіп, сондай да бір тексерістен өттік. Бұл – өмір сынағы. Дос-жаран, қызметтестеріңе терең үңіліп, кімнің кім екенін, кім қай уақытта қасыңнан табылып, қол ұшын беретінін аңғартқан бір сәт. Адалдығыңа бір Алла береді екен. Коммунистік партияны қазіргі күні әркім әрқалай айтып жүр ғой. Бірақ, менің оған еш өкпем жоқ. Үстімнен жазылған талай арыз тексерілді, бәрінен таза шықтым.

Қазақ Тұтынушылар одағын Сейдәлім Нысанбайұлы Тәнекеев басқарған уақытга үстімнен тағы бір жеке арыз түсті. Облыстағы бақылау-тексеру басқармасының (КРУ) бастығы пәленбай парақты ерінбей жазыпты. Сол адам, атын айтпай-ақ қояйын, әлі күнге бар, жасы сексенге келді. Қазақ Тұтынушылар одағының КРУ басшысы Жамангереев, төрағаның кадр ісі жөніндегі орынбасары Тұяқбаева, Хайдар Қабиболлаұлы үшеуі Қарағандыға арнайы келіп, бір жұма тексерді. Хайдар Қабиболлаұлы менің кабинетіме кіре алмайды. Үйге шақыра алмайсың, мейрамханаға апара алмайсың. Әйтеуір, тексеріп бітті. Қорытындыны алып, Алматыға кетті. Қазақ Тұтынушылар одағының басқармасында қаралуы тиіс. Шілде, тамыз өтті, әлі хабар жоқ. Хайдар Қабиболлаұлына телефон шалып: «Санаторийге алған жолдамам күйіп барады. Бірге баратын кісі де демалысын алып қойған, мені күтіп отыр», – дедім. «Бір ай ішінде қаралуы керек. Демалысыңа шыға бер. Бастығыңа түсіндіріп айт, мен де хабарласып айтайын. Сенсіз-ақ қарайды. Қызметтен шығарып тастамайды. Қатаң сөгіс болса, демалып келгеннен кейін де шақырып алады», – деді ол кісі. Айтқанын істеп, кете бардым. Қара теңіздің жағасында демалып жатсам, Пешат Хасенұлы мен Валентин Стратинскийді басқармаға шақыртыпты. Арыз иесін де шақыртқан. Құжаттың жобасын қараса, Валентин Иосифович Стратинский екеумізге қатаң сөгіс, Пешат Хасенұлына ескерту жарияланған екен. Сейдәлім Нысанбайұлы қарағандылық КРУ-дың басшысына: «Ал, шығып сөйле», — депті. Жаңағы бір чемодан көтеріп келген көрінеді. Ашып, бір папканы алып оқиды екен. Содан екіншісін. Сейдәлім Нысанбайұлы:

– Әй, сенің мынау чемодан алып келгенің не? – дейді.

– Мұның бәрі құжаттық тексеріс, мынау – басқарманың қаулысы, – депті анау.

– Оны неге алып келдің?

– Осындағы фактілер, қаулылар. Бәрі Бикеновтің кесірінен.

– Әй, Бикеновің кім?

– Ол – бас бухгалтер.

– Басқарма мұның бәрін қарады ма?

– Қарады.

– Шара қолданды ма?

– Қолданды.

– Ал, енді, не істе дейсің? Бикеновті жазалап, жұмыстан шығару керек дейсің бе? Басқарма қабылдаған қаулыны Қазақ Тұтынушылар одағы қайтып қарамайды. Бұл олардың өз құзырында. Қандай шешім қабылдаса – заң. Бұл не деген сұмдық? Мінбеден түс, чемоданыңды әкет! – депті. Оның үстіне, КРУ-дың басшысына бір Қарап қойып, қасындағыларға: «Мына жерде Стратинский мен Бикеновке сөгіс емес, ескерту деп жазыңдар. Хасеновтен ескертуді алып тастап, КРУ-дың басшысы пәленбаевқа қатаң сөгіс жариялансын. Дұрыс жұмыс істемейді, басқарманың ұстанған бағытына қайшы, басқарманың құқығын, құзыретін түсінбейтін адам деп жазыңдар», – деген екен.

85




Жарылқасын Бикенов

Сөйтіп, біз жай ескерту алып, үстімізден арыз жазған адам қатаң сөгіс арқалап кеткен де заман болған.

* * *

Сол 1985 жылдың тамыз айында Теңіз ауданына барып жұмыс істедік дедім. Облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы – Пешат Хасенұлы. Хайдар Қабиболлаұлы Қарағанды облысына келіп, аудандардағы рабкооптарды тексеріп жатыр еді, кері қайтуына бұйрық келді. Сол жолы Қазақ тұтынушылар одағының төрағалығына бұған дейін орынбасар қызметін атқарып келген Өмірзақ Сәрсенов тағайындалды. Бұл қызметті ол кісі 1999 жылға дейін атқарды. Өмкеңе рахмет, өзім деген кісісін жауға бермейтін, жақсылыққа тәрбиелеген адам еді. Жекешелендіру кезінде тұрып жатқан үйімізді меншігімізге берді. Машина сұрағанымда, «УАЗ»-ға кезексіз қол жеткіздім. 1993 жылы елуге толып жатқанымда, «Еңбек сіңірген экономист» атағына ұсынды. Мораторий болып, оны ала алмай қалып едім, жыл өткен соң, Тұтынушылар кооперациясының 70 жылдық мерейтойына орай, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді. Ақын Қайрат Жұмағалиевке мен туралы «Нұра перзенті» деген поэманы жаздырып, үнемі қолдау көрсетті.

... Пешат Хасенұлын қызметтен обком хатшысы Анатолий Федорович Романов кетірді. Орнына ол Геннадий Филиппович Кулишовты алып келген. Бұл адам кооператив институтын үздік тәмамдап, Мичурин аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы болған. Пешат Хасенұлының бірінші орынбасары етуге дайындап жүрген жігіт еді. Бұл да жаман азамат емес еді, өмір бойы сыйлап өтті. Пешат Хасенұлының қызметтен кетуіне мұның қатысы жоқ, өзі жүгіріп, қызмет сұраған да жігіт емес. Бізде бірер жыл істеп, Алматыға, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық шаруашылық басқармасына ауысты. Оның орнына Николай Егорович Усатов келді. Онымен де әріптестігіміз жаман болған жоқ. Ол кісі тоқсаныншы жылдардағы қиын-қыстау заманның өзінде облыстық Тұтынушылар одағын көтере білді. Қытаймен алыс-беріс басталып, Австрияның «Сухой» ком- паниясымен келісім-шарт жасасты. Бірақ, осының бәрі Қазақ Тұтынушылар одағының келісімінсіз жүзеге асырылғаны себепті, Николай Усатов қызметінен босатылды. Мұның да біраз астары бар, облыстық әкімдік аудан әкімдерін қолдатып, біздің облыстық одақты Қазақ Тұтынушылар одағына қарсы қойып еді. Бұл еліміз енді ғана егемендік алып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республика Президенті қызметіне жаңадан кіріскен уақыты болатын. Жаңа әкімшілік құрылымдар пайда болды. Николай Егоровичтің орнына облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы болып, бұған дейін Нұра аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы болған ініміз Базарбай Қорабайұлы Қаржасов келді. Ол Қарағанды кооператив институтының бухгалтерлік факультетін 1974 жылы бітірген. Нұра ауданында бухгалтер, Тұтынушылар одағы бас бухгалтерінің орынбасары, рабкооп төрағасы, аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы болған. 1993 жылғы дау-дамай тұсында облыстық Тұтынушылар одағының төрағалығына екі кандидат ұсынылды: бірі – Егіндібұлақ аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы Болат Ерсенұлы Жақсыбаев та, екіншісі осы Базарбай Қаржасов болатын.

86




Өмір сынақтарының сыры

Болат кішіпейілдік танытып, Базарбайға жолын берді. Базарбай Қорабайұлы біздің одақтың төрағасы қызметін содан бері, міне, жиырма екі жыл бойы табан аудармастан атқарып келеді. Осы уақыт аралығында тұтынушылар одағы саласында көптеген өзгерістер орын алды. Меншік иелері ауысты. Аудандық Тұтынушылар одағының атауы алдымен аудандық жеке кәсіпорын (РайПО), одан кейін аудандық тұтынушылар кооперативі (РПК) болып өзгерді. 1999 жылы шыққан заңға сәйкес, біздің ұйымдарымыз жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде қайта құрылып, жаппай жекешелендіру, елдің меншігін бөлу науқаны жүрді. Әркім өзінің тиесілі деген дүниесін меншіктен әкеткен соң, Тұтынушылар одағы өзі жеке қалды. Бүгінде Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы өз жарғысымен, Ауыл шаруашылығы тұтынушылары кооперативтерінің одағы түрінде қызмет жасап отыр.

* * *

1985 жылы қоныстанған жаңа кеңсеміз Қарағандыдағы Зоя Космодемьянская көшесінде болатын. Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай, Пешат Хасенұлы облыстық, қалалық атқару комитеттеріне кіріп маза бермей жүріп, көшемізді тұтасымен абат- тандырып, ағаш ектіріп, жолжиегіне дейін жаңартқызды. Ол кісінің сіңірген еңбегі көп. Басқа да қаншама құрылыстарға бас болып, қаншама азаматқа қызмет берді. Үлкен жүректі азамат еді, ол кісі де өмірден озып кетті.

* * *

  1. жылы Рафқат апамыз бен Қабдолла жездеміздің Гүлнар деген қызы ме- динститутты бітіріп, ауылда қызмет істеп жатқан. Мәжит Әбдіров біздің елге құда түсе келді. Жанында жары Қанай, балдызы Әшім мен оның жұбайы Сәуле, тағы бір үлкен ақсақалдары бар. Гүлнардың болашақ жары Нұрлан сол кездегі Қарағанды Жоғары милиция мектебін тәмамдаған. 7 маусым күні Қарағандыдағы «Орбита» мейрамханасында тойын жасады. Мәжкең құдамен, Қанай құдағимен жақсы араласып кеттік. Нұрлан Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғады. Өмірге Марғұлан, Әйгерім есімді балалары келді. Нұрлан кейін докторлығын да қорғады. Қарағанды Жоғары милиция мектебінде сабақ берді, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, Қауіпсіздік Кеңесінде лауазымды қызметтер атқарды. Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

* * *

  1. жыл. Одақ көлеміндегі семинар-жиынымыз Қазақстанда өтпек. Лупей Николай Андреевич бастаған Орталық одақ өкілдері келді. Шара Алматыда, Қазақ Тұтынушылар одағының ғимаратындағы үлкен мәжіліс залында өтті. Семинарға еліміздің барлық деңгейдегі Тұтынушылар одақтарының бас бухгалтерлері, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан елдерінің өкілдері келіп қатысты. Тақырып –­ жұмыс процесіне жаңа технологиялар енгізу.

87




Жарылқасын Бикенов

Орталық одақтан келген нұсқаулардың барлығын аудан-ауданға, әрбір рабкоопқа таратқанда соның бәрін жеке журналға тіркеп отыратын әдетім бар еді. Сол ереже-нұсқаулықтарға байланысты, қай жерде, қай бухгалтерде қандай кемшілік барын, нені жетілдіру керектігін де жазып отыратынмын. Әйтпесе, оның бәрі есте қала бермейді. Сол жазған-сызғандарымның негізінде, еңбек және жалақы, бухгалтерлік, қаржы, бақылау-ревизия, тағы басқа басқармалардың семинарда сөйлейтін сөздерін дайындап шықтым. Машинкаға бастырып, тап-тұйнақтай етіп әзірлеп қойдым.

Жиналыс жүріп жатыр, үлкен басшылар сөйледі. Пікір алмасу басталды. Қарағанды кооператив институтының профессоры, ғылым докторы Моисей Григорьевич Лернер сөз алды. Ол кезде бухгалтерлік есеп кафедрасының меңгерушісі Кенже Әлмағамбетқызы болатын. Моисей Григорьевич тың ойларын айтам деп, берілген он бес минуттан асып кетіп, жарты сағат дегенде «әке-көкелеп» әрең тоқтаттық. Ол кезде қазіргідей екінің бірі доктор, профессор емес, біздің саладағы алғашқы ғалымдардың қатарынан еді бұл кісі. Қаржы жөніндегі орынбасар Кәрім Есмұханов бір кезде Президиумда отырған жерінен түсіп, маған жақындады да: «Сөйлеуің керек», - деді. Үлкен азамат, білімді, адамгершілігі зор жігіт еді. Айтқанын құп алып, мінберге көтерілдім. Николай Андреевич те аса білімді, қадірлі тұлға. Жиналыстың жақсы өтіп жатқанын атап өтіп, алғысымды жеткізе келе: «Кузьманы неге алып келдіңіз, бұл не айтты? - деп мәселені төтесінен қойдым. Кузьма дегеніміз жаңа технологияны енгізудің озаты ретінде келген адам. Мысалы, ол бізге тараны есепке алу, шығынға ұшырамау жолдары, бақылап-қадағалап отыру шаралары туралы әңгімелей берді. Оның айтқандарына бухгалтерлік есептің қатысы бар ма? Бұл тікелей тауартанушның жұмысы емес пе? Тексеру жүргізіп, бақылау жасамаса, не үшін жалақы алады? Оның айтқанын біз де істей аламыз. Онда ол қызметті қысқарту керек те, біздің құзырымызға қосып берген жөн», - дедім. Зал тына қалды. «Сіздер жазған хат, нұсқауды облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері он рет оқып барып, бір-ақ түсінеді. Ал рабкооп, аудандық Тұтынушылар одағында кілең оқыған-тоқыған мықтылар отыр дейсіздер ме?». Николай Андреевич мені арасында тоқтатып қойып, өзі сөйлеп кетеді. Мен қайта бастаймын. Николай Андреевич тоқтатып қойып, тағы түсінік беріп кетеді. Бір уақытта залдан хат келді. «Николай Андреевич, Бикенов екеуіңіз таңға дейін пікір таластыруға шамаларыңыз жетеді. Дегенмен, қорытындылауымыз керек», - деп жазыпты. Николай Андреевич күліп жіберді. «Бірақ Бикенов дұрыс айтып тұр, онымен толық келісем», - деді ол. Екінші қатарда отырғам, Лернер жүгіріп келіп, мені қолтықтап апарып озінің орнына отырғызып жатыр. Осы сый-құрметтің бәрі Алла Тағаланың бергені, білемін, үйренемін деп алға ұмтылғанның, талпынудың нәтижесі. Айқайлап, мені сыйла дегенім жоқ, өздері көрді.

* * *


Мәскеуде өткен жиындарға да барып тұрдық. Ленинградтағы сауда институтының профессорларымен, мықты деген мамандарымен қатар жүріп, пікір алмасып отырамыз. Бүкіл Одақ көлемінен жиылғандар сөзімізге мән беріп отырады. Бірде сондай бір жиын өтіп жатты. Соның алдындағы түнде шала ұйықтаған мен ептеп қалғып отыр едім.

88




Өмір сынақтарының сыры

Бір әйел адам сөйледі. Қозғаған тақырыбында былайғы адамға біліне қоймайтын, дегенмен, есепке жүйрік маманға белгілі тұсын айтпай кетті. Ешкім байқап отырған жоқ. «Тоқтай тұрыңызшы, ана жерін айтыңызшы», - дедім мен сөзін бөліп. «Сіз ұйықтап отырсыз. Нені айтып отырсыз?», - деді ол шамданып. «Дәрісті ғажап оқитыныңыз соншалық, көзімді жұмып алып, бар көңіліммен беріліп тыңдап отырмын», -дедім. Ол тосылып қалды. Сөйтсем, ол кісі айтып тұрған мәселесін егжей-тегжейлі білмейді екен. Сөйтіп, қазақстандық бухгалтерлердің білім-білігі, ой-өрісі осал еместігін танытып жүрдік.

* * *


Базарбай Қаржасов төраға болып келген соң, Татьяна Жолкевская бөлім бастығынан төрағаның бірінші орынбасары қызметіне жоғарылатылды. Валентин Иосифович Стратинский қаржы, Могамед Сулейманов жекелей дайындау, Фарбаз Насырұлы Нұртазин кадр ісі, Виктор Алексеевич Иванов құрылыс, Ақпанов деген азамат өндіріс, Евгений Михайлович Цон қосалқы шаруашылықтар жөніндегі орынбасарлар болды.

Бұрынғы 2-4 пайыздың орнына 150-350 пайызга дейінгі өсіммен несие аламыз деп, кооперацияны құртуга айналған заманды да басымыздан өткердік. Соның салдарынан бірқатар мекемелеріміз тоз-тоз болып, дегенмен, негізгі нысандарымыз сақталып, Осакаров, Ульянов, Қарқаралы аудандарындағы ауыл шаруашылығы тұтынушылық қоғамдары жұмысын тоқтатқан жоқ. Кооперация саласында жарты ғасыр еңбек етіп, 2010 жылдың 6 ақпанында өз қолыммен арыз жазып, зейнет демалысына шықтым. Сол жарты ғасырдың 39 жылында Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болдым. Зейнеткерлікке шыққан соң, менің орнымды өзімнің тәрбиелеп өсірген шәкіртім ІІІолпан ІІІамарқызы Исатаева басты.

* * *


Ыбыкен мен Күләш Қарағандыда тұратынын айтып өттік. Ыбыкең білімді, өжет жігіт еді. Шахтада учаске бастығы болып жүргенінде, үлкен апат орын алып, бір өлімнен қалған. Сол себепгі, шахтадан шығып, «Қазақ жарылыс өнеркәсібінде», политехта лабораторияда ғылыми салада қызмет істеді. Тұяқтың ғылыми салаға түбегейлі бет бұруына бұл кісінің де себі тиді.

* * *


Мен көзіме 1990 жылға дейін алты рет ота жасаттым. Төртеуі Куйбышевта, біреуі Мәскеуде, біреуі Қарағандыда жасалды. 1990 жылдары Наталья Борисовна Алматыда өткен Офтальмологтардың бүкілодақтық семинар-жиынына келді. Жанында Валерия Федоровна деген кісі бар, Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының профессоры. Л.И. Брежневтің немере қарындасы екен. Наталья Борисовна оған мен жөнінде айтты. Валерия Федоровна жаңа әдістеме ойлап тапқан екен. Глаукома кезінде өліп қалатын көз тамырларының орнына жаңа ет тігетін көрінеді. Мәскеуге баруым керек.

89




Жарылқасын Бикенов

Наталья Борисовна Куйбышевқа жеткеннен кейін Мәскеумен сөйлесті де, қайта хабарласты. Билет алдым. Әлкен Темірболатовтың докторлық диссертациясын Мәскеуде қорғап жатқан кезі. Бірге ұшып бардық. Мәскеудің Пирогов көшесіндегі он жеті қабатты ғимаратқа табан тіредік. Қаптаған халық бүкіл Кеңес Одағынан келіп-кетіп жатыр. Телефон арқылы Валерия Федоровнамен тілдескеніміз сол еді, қолма-қол 13-ші қабатқа көтерілуім керектігін хабарлады. Бірден төрт кісілік палатаға орналастырды. Өзімнен басқа қазақ көрінбейді. Ғимараттың 15-ші қабаты түгелдей ота жасау залы екен. Уақытым жеткенде мені арбашаға салып алып, сонда алып барды. Отаны қатарынан он-он бес адамға жасай беретін көрінеді. Залдың іші мұнтаздай таза, шыбынның ызыңы естілмейтін тыныштық. Тек жанға жайлы бір әуен баяу ғана ойнап тұрады екен. Ота жасап болғаннан кейін, ұйқыдағы күйімде палатаға әкеліп тастапты. Кешкі сағат алтының кезінде біреу: «Жарылқасын, Жарылқасын», - деп түртеді. Ашайын десем, көзім таңулы. Әлкен екен, жағдайымды сұрай келіпті.

Қасымда Дипломатиялық академияның философия кафедрасының меңгерушісі, профессор, ғылым докторы, академик атақтары бар кісі жатты. Вильнюстен келген тағы бір жігіт болды. Мені адам деп жүрген олар жоқ.

«Қайдансың?», - деп сұрайды. «Қарағандыдан». Қарағандының қайда екенін білмейді жаңағы философ ғалым. «Абайды білесің бе?», - деймін. Білмейді. «Абай жолы» романын білесің бе?». «Жоқ». Қазақстаннан Қонаевты ғана біледі, басқасынан мақұрым. «Қарағандыны неге білмейсіңдер? Одақтың Донбас пен Кузбастан кейінгі үшінші отын қоймасын білмейсіңдер ме?!».

Әлгілерге қазақ халқы, оның тұрмыс-салттары, Қазақстан, Абай туралы, қазақтың табиғатына жақын жылқы малы жайлы сабақ болар біраз әңгімелер айттым.

Мені бұған дейін «Женя» деп жүрген палаталастарым, сол әңгімеден кейін «Жарылқасын Бикенович» деп сөйлетін болды. Дәрігерлердің ықылас-пейілдерін әлі күнге ұмытпаймын. Оларға ақша да, басқадай сыйлық та бергенім жоқ. Бір барғанымда Валерия Федоровнаға «Медеу» мен «Қазақстан» темекісін, келесі ретте француз әтірін апардым, болды. Денсаулығым түзеліп, аман-есен елге оралдым.

Күндердің күнінде Наталья Борисовна қайтыс болды деген хабар келді. Әнияш екеуміз Куйбышевқа ұшамыз деп дайындалып, жолдасы Валерий Васильевичке хабарласып ек, «Жерлеп қойдық, енді әуре болып қайтесің», - деді. Орыстар біз сияқты емес, олардың тәртібі бөлек, «Қоңырау шалғаныңа рахмет. Бір келгеніңде жолығармыз, алаңдамай жұмыстарыңды істей бер», - деп қосты Валерий Васильевич. Туысқанымыздай жанашыр болған Наталья Борисовнадан солай аяқ астынан айырылып қалдық.

* * *

1991 жылдың мамыр айында Мәскеуде бір аптаға созылган үлкен семинар-жиын өтті. Елубай Ахметовтің Қазақ Тұтынушылар одағына бас бухгалтер болып жаңа барған кезі. Семинарға Қазақстанның 19 облысындағы Тұтынушылар одақтарының бухгалтерлік есеп пен есептілік басқармаларының басшылары бармақ. Ол кезде бас бухгалтерлер солай аталатын.

Мәскеуге ұшар алдында, 26 мамыр күні бір үйде қонақта отырғанымызда, төтенше оқиға болды Құтпан Ералиннің демікпесі бар еді, аяқ астынан тынысы тарылып, дем ала алмай қалды.

90




Өмір сынақтарының сыры

Қалтасындағы дем алдыратын арнайы құралы көмектесітеді. Осы жерде болған екі маман інісі - медицина ғылымдарының докторы, профессор Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков пен Өмір Мәдікенов те еш көмек жасай алмай қалды. Сөйтіп, Құтпаннан айырылып қалдық. Сәтбек, бәріміз үйіне апардық.

Мәскеудегі семинарға қатысып қайтқаннан кейін, халықаралық есепке тұру үнін, Ленинградта өткізілетін он екі күндік оқуға қатысып, сертификат алу қажет болды. 30 маусым күні әуежайда кешкі сағат алтыда Ленинградқа ұшайын деп отырған ұшағымыз екі сағатқа бөгелетіні туралы хабарланды. Сөйтіп отырғанда, тағы да тосыннан хабар келді: ауруханада жатқан Қабдолла өмірден озыпты. Ұшақты, құдды, әдейі тоқтатып қойғандай. Әбілқасымым тізгіндеген «Жигулиімізбен» Бақаң, Әнияш бәріміз естіртетіндерге естіртіп, жақындарына көңіл айтып шықтық. Жаназасына қатысып, топырақ салуға уақытымыз тығыз болды.

Оқуға Қарағанды облысынан 12 бас бухгалтерді бастап бардым. Ішінде Көйлекбай Әбжанов, Шәкен Шымбаев, Нұржан Диқанбаев, Жақия Ділдабеков, Күләш Әкімжановалар бар. 12 шілдеге дейін сол жақта болдық.

Қонақ үй, мейрамханадан ас ішу бәрі мемлекет есебінен. Бір күні Көйлекбай, Шәкен, Нұржан, Жақия, мен бесеуіміз мейрамханаға түстенуге кірдік. Алдымызға «Солянка» аталатын тұзды сорпадан әкелді. Сорпаның бетінде шұжық, шұжықтан ағарған май түйіршіктері көрініп тұр. Көйлекбай даяшыны шақырып алды. Солянканы нұсқап:

  • Мынау шошқа еті ме? — деді.

  • Иә, шошқа еті.

  • Алып кетіңіз.

Даяшы алдымыздағыны бәрін алып кетті. Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген басқа әріптестеріміз қарап қалыпты. Ертеңіне біліктілікті арттыру институтының директоры бізден кешірім сұрады. Білмей қалғандарын, енді алдымызға тек сиыр немесе қой етінен ас қойылатынын айтты. Содан кейін, мейрамханада отырғандар бұлар не жеп, не қояды дегендей, бізге қарап отыратын болды.

Осы сапарымызда атақты Эрмитажды, Орыс музейін, Некрасов музейін аралап көрдік, циркке, Үлкен театрға бардық. Кетерімізде әйгілі «Астория» мейрамханасына барып қалайық деп ұйғарған едік, алайда оған валютамен ғана кіргізеді екен. Ол уақытта валюта дегеннің не екенін білмейміз, әйтпесе банкте рубльді айырбастап баруға болатын еді. «Асториядан» кейінгі жақсысы - «Прибалтийский» қонақ үйінің ішіндегі «Ленинградский» мейрамханасы. Бір залында шетелдіктерге валютамен де, орыстың рублімен де қызмет көрсетеді екен. Осы жерге Кеңес Одағы Тұтынушылар одағының бас бухгалтері Егор Николаевич Кабамцовты қонақ етуге арнайы шақырғанбыз, бас тартқан жоқ. Бұл кісі Мәскеудегі семинар-жиында дәріс оқыған еді. Сондағы бір жағдайды айта кетейін: дәріс залында отыр едік, сағат тоғызда Егор Николаевич келді. Дипломатын қойып, көзілдірігін алып сүртті. Залға қарады. Қарағандыдан келген он екіміз, басқа да жақтардан келген әріптестеріміз бар. Егор Николаевич мінбеден түсіп, менің жаныма келді де, қолын беріп амандасты. Аты-жөнімді айтып, алғысын айтты. Қайтадан орнына барып, бір он минуттай мені мақтасын: «Бикенов Жарылқасын Бикенович - бухгалтерлік есепке жаңа механикаландыру, автоматтандыруды енгізудегі озатымыз», - деді сөз арасында.

91




Жарылқасын Бикенов

Мерейленіп қалдым. Үзіліс кезінде Көйлекбай, Шәкен үшеуіміз шығып тұр едік. Егор Николаевич басқа ешкімге бұрылмастан, келіп менімен әңгімелесті. «Біз, Халықаралық кооперация күніне орай отырысқа құрметті қонағымыз болуыңызды сұраймыз. Кеңес Одағы бойынша бірінші нөмірлі кооперация бухгалтері ретінде қалып, қатысыңыз». Енді, міне, «Ленинградский» мейрамханасында басымыз қосылды. Келіскеніміздей, мейрамханаға сағат алтыда кірсек, үстел сыңсып тұр. Біздің он екі адамнан басқа, Қорған облысынан келген, сонымен қатар, Швеция, Норвегия, Финляндия, Германия, Жапония елдерінен келген адамдар бар. Әр тілде сөйлейді, ешкімнің ешкімде жұмысы жоқ. Өздерінше сөйлеп, өздерінің әндерін айтып отыр. Оң жағымда - Көйлекбай, сол жағымда - Шәкен. Әр жерде ән айтылып жатқан соң, Көйлекбай маған: «Жәке, өлең айтыңызшы», - деп қолқа салды. «Қой, ұят болады». «Жоқ, болмайды. Жаяу Мұсаның «Сұрша қызын» айтыңыз». Ол кезде әжептәуір дауысым бар. Елге қарап тұрып, «Сұрша қызды» жібердім. Дауыс күркіреп шықты, бұл жердің акустикасы керемет екен. Қарасам, жан- жағымнан нешетүрлі адамдар келіп, біреуі сүйеді, екіншісі қолындағы бокалымен қатысады. Әлдене дейді, бірақ біз шет тілдерін білмейміз. Әйтеуір маған ырза болып жатқандары көрініп тұрды.

Ленинградтан қайту үшін «Пулково» әуежайына келгенде, Шәкен Оразұлы қатты қысылып, ұшаққа мінбей қалып қоятындай жағдайға душар болды. Көйлекбай дәрінің неше атасын ұсынып, Шәкеннің қасында шыр-пыр болып жүр. Әйтеуір аман-есен Қарағандыға алып келдік. Егіндібұлағына жеткіздік. Сонда шапқылап жүрген Көйлекбайымыз 1996 жылдың 11 наурызында алпысқа келген тойын атап өтті де, сол жылғы мамыр айының аяғында бұл дүниеден озып кете барды. Ал сол кезде қатты ауырған Шәкен 2013 жылға дейін өмір сүрді.

* * *


1990 жылы Елубай Ахметов Алматыға Қазақ Тұтынушылар одағына барғаннан кейін, Әдістемелік кеңес құрылды. Мені кеңес құрамына кіргізді.

Еліміз егемендік алардың алдындағы осы кезеңде қазақ тілін дамытуға біз де өзімізше үлес қосқан едік. Университетте бухгалтерлік есеп саласы бойынша оқулықтар тапшы. Қазақ Тұтынушылар одағының қаулысымен, Қарағанды кооператив институтымен арнайы келісім-шарт жасалып, мен авторлар ұжымының жетекшісі болып, Кенже Әлмағамбетқызы Кикебаева, Құралай Сағынайқызы Мәдиева, Орынбасар Мұқанқызы Жақыпова төртеуіміз «Бухгалтерлік есегітің теориясы» атты оқу құралын әзірледік. Бұл еңбек Қазақ Тұгынушылар одағының Әдістемелік кеңесінде жан-жақты талқыланып, Қазақ Тұтынушылар одағы басқармасында, Білім министрлігінде бекіткен соң, жарыққа шықты. Үлгі, өнеге боларлық істеріміздің бірі болды.

Бұл кезде Қазақ Тұтынушылар одағының басшылары қайта құру уақытында жаңашыл заңдарды басшылыққа алып, жұмыс істей бастаған еді. 1990 жылы КСРО кооперациясы туралы өз алдына дербес заң қабылданды. Заң жобасы оның алдында «Известия» газетінде жарияланып, талқыға салынды. Сол үшін Мәскеуден бізге әдейілеп уәкіл келді. Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы жас жігіт. Заң жобасын жасағандардың бірі екен. Біздің тараптан қолдау алу үшін келіпті. Ермек екеуміз жобаның әр жолын жіті қарап шығып, он шақты ұсыныс әзірледік.

92




Өмір сынақтарының сыры

Жиналыс өтті. Мәскеуден келген уәкіл заң жобасыныц қалай, қандай негізде жасалғанын түсіндіріп, «Айтатындарыңыз ба ма?», - деп еді, ешкім үндемеді. Ортаға мен шықтым. Байқалған олқылықтарды тізіп жатырмын. Тыңдап отырғандар аң-таң. Екі-үш бет ұсыныс-пікірімізді жоғарыдағыларға жеткізуі үшін уәкілдің қолына ұстаттым. Менен кейін де ой бөлісіп, пікір айтқан ешкім болған жоқ. Әлгі кісі орнынан тұрды да: «Осы заң жобасына үлкен мән беріп, жан-жақты ұсыныс бергендеріңіз үшін үлкен рахмет. Облыста осындай кісілердің қызмет істеп жатқанына ризамыз», - деп, мені мақтап кетті. Сол адаммен кейінірек Мәскеуде өткен бүкілодақтық семинарларда кезігіп жүрдік. Көре салып, анадай жерден келіп амандасып жатушы еді. Риза болғаны соншалық, қызметінің үлкендігіне де қарамайтын.

* * *

1990 жылдары қоғамымызда болған қиыншылықтар біздің саланы да айналып өткен жоқ. Аудандық Тұтынушылар одақтары формасын өзгертіп, жекеменшік ұғымы пайда болды. 1991 жылы Кеңес Одағы тарап, егемендік алдық. Барлығына жаңаша көзқарас қажет. 1999 жылы Парламентте кооперация жөнінде жаңа заң қабылданып, оған біздің саланың Кәрім Есмұханов, Еркін Мұстафин сияқты өкілдері ат салысты. Парламенттің өзі жаңа құрылған кез, оның құрамында кооперация саласын мықты білетін кісілер де болды. Есесіне кооперацияға қарсы адамдар аз болған жоқ. Өмірзақ Сәрсенұлы сол бір аумалы-төкпелі шақтарда көп жұмыстар атқарды. Жекешелендіру жүрді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік қоғамдар құрылды. Облыстық Тұтынушылар одағының құзыры бұрынғыдай емес, құрылтайшылары бар. Құрылтайшылар облыстық Тұтынушылар одағын сайлайды, бюджетін бекітеді. Кооперацияның бұрынғы заңдары қолданылмайтын болды. Кешегі күш жоқ. Банктен алған несиенің өсімақысы артып кетіп, ел жалақысы мен зейнетақысын ала алмай қалды. Көптеген мекеме-кэсіпорындар түсімнен қағылып, банкротқа ұшырап жатты. Республика көлемінде қаншама азаматтар кооперацияны сақтап қалу жолында жұмыс істеді. 1999 жылы өткен жиналыста Өмірзақ Сәрсенұлы: «Міне, «Кооперация туралы» Заң қабылданды. Мен қолымнан келген жұмыстың бәрін атқардым. Енді орныма Алматы облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы Қазболат Әшляевты ұсынып, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын», - деді. Көпшілік қолдады. Қазболат Әшляев сол уақыттан бері еліміздің кооперация саласын басқарып келеді.

Өмірзақ Сәрсенұлы - бизнес саласында. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кооператив альянсы терағасының орынбасары болды. Одан соң, ТМД Кооператив кеңесінің төрағасы, Премьер министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Өмірзақ Сәрсенов кооперация тарихында өзінің алғырлығымен, білімділігімен қалды. Қатарластары мен ізбасарларын үйрете, тәрбиелей білген үлкен ағамыз.

50, 60 жасқа толған мерейтойларын жасатпай, пайғамбар жасына жеткенде ғана көпшіліктің басын қосып, атап өтті. Соның өзінде: «Сый-сияпат арқалап, мені мақтау үшін келмей, тек отырып, демалып қайту үшін келіңдер», - деп алдын ала ескертті. 2007 жылдың 17-19 мамырында, 1937 жылы «халық жауы» деген

93




Жарылқасын Бикенов

жаламен атылып кеткен атасының, соғыстан оралмаған әкесінің, он жыл бұрын қайтыс болған Ақжүніс анасының рухтарына бағыштап, Бақанаста үлкен ас берді. Алдыңғылары Әният, Сәният, сонан соң үш қызы бар. Сәнияты - Мәжіліс депутаты, Әнияты бизнесті меңгерген. Біздің әулетке жасаған жақсылығы аз емес. Әрдайым тілеулеспіз.

* * *


Самат Рымханұлы Әкімов Қарқаралы аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы болып тағайындалды. Нұра ауданының Тұтынушылар одағын өзіміздің ініміз Байдулла Қараұлы Шайжанов басқарды. Бұл жігіттер жас болғанымен, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жігерлі, елді соңынан ерте білетіндей сыйлы еді. Кооперация саласы заман ықпалымен қожырай бастаған шақта басқа қызметтерге ауысып кетті. Байдулла Киевка кентінің экімі, Нұра ауданы әкімінің орынбасары, аудандық Мәслихаттың хатшысы қызметтерін атқарып, Самат «Қазпоштаның» Қарқаралы аудандық бөлімшесін басқарды, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары болды. Осы екі азаматпен күні бүгінге дейін отбасымызбен араласып, сыйласып тұрамыз. Қиын-қыстау шақтарда қасымыздан табылған бауырларым. Ризамыз.

* * *

1993 жылы Ермекқали Алмажанов, Сәтбек Уәйісбек, Сәбит Қарашолақов бар, Меккеге жүрмекші болды. Денсаулығым мәз болмаса да, мен де Меккеге дайындалдым. Сол кезде шешем қатты ауырды. Рафқат апамыз бен Мәуеш қайта-қайта хабарласып, сапардан қалуымды сұрады. Сәуір айында елу жасқа толдым. Мамырдың соңында Рафқат мен Мәуеш хабарласып: «Жарылқасын, апам жазылды. Сен Меккеге барсаң, барып қайт», - дейді. «Әй, Мекке дейтін ойнайтын жер ме? - деймін мен. - Ниет қылып, бет алғаннан кейін, бүгін барам, ертең бармаймын деуге бола ма?». Содан кейін, әйтеуір, бара алмай қалдым. 1994 жылдың 4 қаңтарында шешеміз өмірден озды. Ермекқали Меккеден әкелген бір уыс тогпырағын анамның қабіріне бірінші болып салып еді. Бұл да достығының бір көрінісі.

* * *


... Мәуеш апам балаларын жеткізді. Бәрін оқытты. Тұла бойы тұңғышы Ғабиттен бастап, Нәсіп, Мұхтар, Абай, бәрі де жоғары білімді. Үйлі-күйлі. Мәуеш апам ақылды жан еді. Денсаулығы болмағанмен, оны сездіре қоймайтын. Бірде жездем қатты ауырып, бес-алты ай Қарағандыда ауруханада жатып қалды. Мәуеш үйде жалғыз. Мал-жанын өзі бағып, ағайынның жәрдемімен тіршілік кешіп жатты. Сол кезде Ғабит те ауырды. Ақша керек. Мәуеш: «Керек дәрінің ең қымбатын алыңдар, ақшаны табам», - деді. Дағдарыс уақыты, ешкімде қаражат жоқ. Керек-жарақты бір айында мен, келесі емдеу курсында Мұхтар, енді бірде Абай сайлап берді. Мәуеш қарап отырмады. Ұн сатты, жан-жаққа жүгірді, әйтеуір, жары мен баласына керек жағдайдың бәрін жасады. 2002 жылы алдағы көктемде келетін алпыс жасыма дайындалып жүргем.

94




Өмір сынақтарының сыры

Күздігүні еңбек демалысын алып, елде, Мәуештікінде болдым. Рахаттың бала-шағасы, Мерқасым үлкен шаңырақта әке-шешеміздің үйінде тұрады. Мәуештің қолдағы жылқыларын «Урожайныйда» тұратын құдамыз Борашқа апарып қосу үшін аттандырғалы жатқан. Бораш пен Алила - Ғабиттің ата-енесі. Көлік жағын ұйымдастырдық. Малды өңгерейін деп жатқанда, Мәуеш ішінен бір тайды ұстады да: «Мынаны ұста. Алпыс жылдығыңа», - деді. «Алпыс жылдығыма дейін әлі қайда», - деймін мен. Қазан айы болатын, туған күнім сәуірде.Табандап тұрып алды. Рахатқа қыс бойы ұстап, жақсылап семіртуге тапсырма бердік. Содан кейін, Мәуеш ауруханаға түсті. Қарағандының Ерубаев көшесіндегі ауруханада жатқан жан апамнан сол жерде айырылып қалдық. Кейін ойлаймын, ажалдың таянғанын сезіп, менің той қамымды да ойлап кетті-ау деп. Көрегендігі, ақылдылығы ғой. Соңғы сапарына жөнімен шығарып салдық. Жатқан жері жайлы болсын.

* * *

Інім Рахат пен Мәрзия келінім 1986 жылы шаңырақ көтеріп еді. Қыздары Жанар Қарағанды экономикалық университетін, Қараганды мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдап, заң факультетінде сабақ берді. Заңғар деген азаматқа тұрмысқа шықты. Қазір Айару есімді қыз баласы бар.

Рахаттың тұрмысы жаман болған жоқ, малды-жанды болды. Ұсақ малы да, сиыры мен жылқысы да баршылық еді. Аудандагы әкім-қаралармен жақсы таныс, аралас-құралас болды. Өзінің шаруасын ғана күйттеп қоймай, Көбетейдегі орыс- қазақтың мұңын мұңдап жүретін. Біреуді қызметке орналастырады, енді біреудің ала алмай жүрген ақшасын алып береді. Қытайдан, Өзбекстаннан келген оралман ағайынның мал, тұрмыс мәселелеріне қол үшін беріп, көмектесіп жүрді. Әлеуметтік саланың мәселелерін бір кісідей біледі, заңнан хабары бар. Аудан көлемінде шешіле қоймайтын мәселе болса, облыс деңгейіндегі көмекті менен сұрайды. Мен айтам: «Рахыжан-ау, ол сенің екі туып бір қалғаның ба? Қолыңда тұрған шаруа болса бір жөн. Мен ол адамыңды танымаймын, сол үшін барып, біреуден сұрауым керек. Ертең оның аяғы дұрыс бола ма, теріс бола ма, қайдан білесің? Ертең шаруасын бітіріп берсек алғысын айтар, бітіре алмасақ, сөзге қалмаймыз ба?», - деймін. «Жоқ, бәрі дұрыс болады», — дейді ол табандап. Сөйтіп, жұрттың мәселесімен айналысамыз.

Рахаттың елуге, алпысқа толған мерейтойларын ойдағыдай өткіздік. 2011 жылы өмірден жездеміз Қалкеш озды. Араға екі-үш ай салып, аяқ астынан Рахат ауырды. Қазан айы болатын. Сол уақытта кенттің әкімі болған Топархан Рахымбеков Рахатты ауруханаға апарады. Мына жақтан бас дәрігермен сөйлесіп: «Ұшақпен Қарағандыға алдырайық немесе жедел жәрдем жіберейік», - деп ем, бәрі дұрыс болатынын айтты. Рахаттың өзімен де сөйлесіп отырмын. Сол күні-ақ алып келуге болатын еді, бірақ жаман ойымыз жоқ. Аптаның аяғында барып алып келіп, ауруханага жатқызамыз деп шештік. Оның үстіне, облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылармен, кенттің әкімімен, жергілікті медицина өкілдерімен де кеңескенбіз. Мәрзия қасында. Кіші інім Мерқасым іссапарда жүрген. Рахаттың жанына Қайдар қонатын болды. Бірақ, кешке Мерқасым оралып, ағасының қасында түнейтін болды. Мерқасым келгенде, Рахат ештеңеге шамасы жоқ, тілсіз жатыпты.

95




Жарылқасын Бикенов

Түнгі үште өмірден озып кетті. Ең құрыса, екі-үш күн бұрын жүздесіп, сөз алмасқанымыз да жоқ. Намазына қарақұрым халық жиылды. Арулап, соңғы сапарына шығарып салдық. Сөйтіп, 2012 жылы, 66 жасында інімнен айырылдым. Тағдырдың маңдайға жазғанына не шара?!

* * *

Сол бір түнгі жағдай Мерқасымның да жүрегіне салмақ түсірді. Мерқасым, оның үстіне, Рахат қайтыс болғаннан кейін ағасының отбасының қамын жеумен болды. Рахат қайтардың алдында қызы Жанар әкесіне дипломын көрсетіп, университетке қызметке тұрып жатыр еді. Келесі жылы тұрмысқа шығады деп келісіліп те қойған. «Тірі адам тіршілігін жасайды» деген, келесі жылы бауырымның жылын ертерек өткіздік те, Жанарды уағдаласқан жеріне ұзаттық.

Сөйтіп жүргенде, бұрын ауырып көрмеген Мерқасым кенеттен науқастанып қалды. Шапқылап жүріп, алғашында аса мән бере қоймап ек. Желтоқсан айында Махмет Темірұлының Черниговкадағы үйінде, бүкіл Бикеновтер әулетін шақырып, Рахаттың аруағына дәм берілді. Барсақ, Мерқасымымыз ауру. Жылдам Қарағандыға әкеліп, тексерістен өткізсек, өкпесінде ісік пайда болған. Ауру әбден өтіп кетіпті. Шырылдап, көрсетпеген дәрігеріміз жоқ. Ота жасауға келмейді екен. Тілден де, тамақ ішуден де қалды. Екі-үш ай халық емін қолдандық. Сол уақытта тілге келіп, бір жұмыртқа, бір кесе қымыз, айран, шаймен қоректене бастады. Сұмдық емші бар, бір сеансы бес жүз доллар деген соң, оған да апардық. Оның да қолынан ештеңе келмеді... 2012 жылғы тамыздың он жетісінде Мерқасымым жарық дүниені тастап кете барды. Қара жердің қойнына тағы бір інімді бердім. Бір жыл, екі айда жездемнен, екі інімнен айырылдым. Екі інім екі елді басқарып отырғандай, өзіме қамқор, елдегі жағдайды хабарлап, әр тапсырмамды екі айтқызбай орындап жатушы еді. Қазір олар жоқ, көңілге демеу қылатыным - бала-шағалары өсіп-өніп жатыр. Мәңгілік мекендеріне қондырып, тастарын қойдырып, қолдан келетін жағдайларды жасадық.

Мерқасым інім әскери міндетін Монголияның Улан-Батырында өтеп, байланыс саласында қызмет атқарған. Әскерден келгеннен кейін, ауылда радио, телефон жөндеу шебері болып жұмыс істеді. Осы байланыс саласын өмірінің соңына дейін серік қылды. Мичурин совхозындағы техникумның механика факультетін бітірді. Балалары Әділқасым мен Қайдар жоғары білімді, отбасылы. Әділқасымның Аружан, Қайдардың Әділжан, Дильнара, Айзере деген балалары өсіп келеді.

... Сөйтіп, мен бүгінде бір әке, бір шешенің тоғызынан қалған жалғыз болып отырмын.

* * *


Інім Мерқасымның қылықтары есіме түсіп отырғаны. 1960 жылдар. «Шахтер» совхозында жұмыс істеймін. Күзгі жиын-теріннің кезі, мен жұмыстамын. Мерқасым онға да тола қоймаған. Сәтен-Қайша нағашымыздың баласы Мейрамбай «Қазсельмашта» қызмет істеуші еді. Менен бір-екі жас үлкендігі бар. Киевкада тұратын апа-жездесі Бәшен мен Естайдың үйінде болып, одан кейін келіншегімен Көбетейге қыдырып келген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет