Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет11/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37

II

ТАРАУ









Өмір сынақтарының сыры

ЕСТЕЛІКТЕР ЕСКІРМЕйДІ Жарылқасын Бикенов туралы жазбалар «НҰРА ПЕРЗЕНТІ» деректі поэмасына

АЛҒЫСӨЗ

Осыдан бір жыл шамасы бұрын Қазтұтынуодағы есеп және есеп беру басқармасының бастығы Елубай Ахметов редакцияға телефон шалды. Жігіт ағасына сай сабырлы мінезімен:

  • Қарағанды облтұтынуодағының бас бухгалтері Жарылқасын Бикеновті білесіз ғой, - деді.

  • Сырттай білемін.

  • Бірге оқыған, бірге қызметтес болған қатысымыз бар еді. Елудің қырқасына келіп қалыпты. Азаматқа ол да бір белес болған соң, Жақаң жора-жолдас, ағайындарына шай бермек ойы бар екен. Сол дастарханға шақырту қағазын жасату керек болып тұр...

Той-томалақ салтанаты бала-шаға, асыл ару, абзал аналар қызығына жарасады деп білетін мінезіммен қарсы алсам да, Елекеңнің қолқасын екі етпедім.

Үстіміздегі жылы шілде айында Қазтұтынуодағында басқарманың кеңейтілген мәжілісі болды. Нарықтық қатынастың күрделі мәселелері талқыланғандықтан мәжіліске облтұтынуодақтары мамандарының қатарында бас бухгалтерлер де шақырылды. Мәжіліс алдында Алматы оқу-өндірістік кеңшарының бас директоры Сәлім Қошқаров кездесіп қалып, қасындағы жолдасын таныстырды. Қол алысып, амандық сұрастық. Тәкаппар мінезді болып көрінді: сәлемдескенде жүзге тік қарамайды екен.

Мәжіліс үстінде Қазтұтынуодағы басқармасының төрағасы Өмірзақ Сәрсенов мырза талқыланып жатқан мәселелерге қатысушыларды тартып, пікір алыса жүргізді мәжілісті.

  • Жарылқасын, не айтасың? Пікірің қандай? - деді.

Орта бойлыдан биіктеу, қоладан құйғандай сом денелі, аққұба жүзді, әлгінде «тәкаппар» көрінген жігіт тұрды. Елдің үстінен қарағандай басын сәл жоғар бере сөйледі: үн қандай - қорғасынның қоюындай, дауыс қандай - сұңқардың саңқ еткеніндей, сөз мағынасы қандай - тереңнен шыққан қайнар бұлақ қорындай!

-Жарылқасын, сенің бізге ақыл қосуың керек болып тұр. Әр облтұтынуодағынан бір-бір адам осы мәжіліс біткеннен кейін тағы бір күн қалып, ақылдасатын шаруа бар, - деді төраға.

-Өмеке, жолдастарымнан қалмасам деп едім...

-Бір күнді қисаңшы. Басқарма ағынан сұраймын.

-Менің сіздерге салмағым түсіп кетеді гой... Өз алдыммен жүре алмаймын.

Тағдыр-ай! Жарылқасын Бикеновтің жанары сөнген деп айта аларсың ба?!

Әлқисса... Республика Тұтынушылар кооперациясының құрылғанына 70 жыл толуын атап өтуге байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.









Жарылқасын Бикенов

Назарбаевтың Жарлығымен, бір топ кооператор «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болып, Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» наградталды. Жарлықтың бірінші жолында Жарылқасын Бикеновтің аты аталды.

Осы жағдайды ақын Қайрат Жұмагалиевке редакцияға соққанында айтып едім. Адам тағдыры кімді толғандырмаған? Ел тағдырына елгезек Қайраттың қаламынан деректі поэма туды. Осы шығарманы редакция «ҚТҚ» - «ПКК» жорналы оқырмандарының назарына ұсынып отыр.

Сейділда Бәкенеев,

жорналдың бас редакторы

НҰРА ПЕРЗЕНТІ

Түйін басы



Құрсаулаған ауыр тұрмыс қыспағы Жүдеу елдің дәл осы бір тұстағы

Түрін көрсең

Түңілердей боласың,

Мамыр заман көзден бұлбұл ұшқаны...

Еститіні жақын, жаттан, достан да:

«Нарық келді!

Қарманып бақ!

Бос қалма!

Мүшкіл халді

Бастан кешкен барлық ел

Өтер кезде Бодандықтан бостанға».

Ер аралап тыншымайсың, толғана,

Тебіреніп,

Қаламыңды қолға ала.

Елдің темір төзіміне таңғала,

«Е, құдайға шүкір!», - дейтін сонда да.

Сонда-дағы жоғалтпаған елдігін,

Сонда-дағы сездірмейтін кемдігін,

Дәл қазақтай көнтерілі халық жоқ,

Парызым деп ұғатұғын ерлігін.

Қабырғасын қайыстырған сынға да,

Қаңтар болып қарыған шер-мұңға да

Қазақ төзген Қасарып, хас емендей,









Өмір сынақтарының

Той тойлаған

Ол жалаңашында да.

Нарық келіп,

Дүйім елдер дүрлікті,

Бастан кештік біз қоңырқай тірлікті.

«Жыртық үйдің құдайы бар» десек те,

Дауыл талай жұлып кеткен түңлікті.

Күдік бұлты тастай торлап тұр әлі,

Беймағлұм - Қанша дауыл соғады.

Тәубемізден жаңылмадық сонда да,

Алты алашқа - Қазан аузы жоғары.

Жөніміз жоқ - Ұлы көштен қалатын,

Заман алда - Жұлдызымыз жанатын.

Ел қастерлер Қариялар бар бізде,

Аналар бар Жұртқа пана болатын.

Сарқылған жоқ тіршіліктің шаттығы,

Жайраң қағып, жайқалады бақ гүлі.

Жақсылар бар

Жүрегіңе нұр құяр,

Ақша бұлттай –

Көңілінің ақтығы.
Не болмақшы тұғырынан тайса күн, Көңілдерге терең тамыр жайса мұң?!

Жо-жоқ!

Халқым!

Үзілмесін Үмітің!

Есен болсын

Жақсы менен Жайсаңың!

Бірінші түйін



Жаңадан бір арқау іздеп өлеңге,

Осы жазда сапар шектім мен елге,

Ести сала:









Жарылқасын Бикенов

«Біздің Қарағандыда

Таңғажайып феномен бар!» — дегенге.

«Еңбегімен -

Сол шын бақыт құшқан да,

Мойындаған досы тұрмақ,

Дұшпан да, -

Деді маған, -

Ондай адам таппайсыз

Шексіз-шетсіз байтақ Қазақстанда!».

Адал достық пәк лебізі –

Жақсы ырым.

Елең ете қалдым бірден –

Нақ шыным.

Дедім іштей:

«Неге шын жырламасқа,

Жақсылығын

Неге айтпасқа Жақсының?!

Жақсылардың атын

Халқым жаттасын,

Біртуарды

Тағдыр беттен қақпасын.

Асылдарды жырлау - Парыз!» - Дедім де,

Арқаға кеп,

Бір-ақ тарттым ат басын.

Екінші түйін



Өтіндегі жауын менен дауылдың

Жанашыры

Алыстағы ауылдың -

Бұл мекеме

Облыстық Одағы

Кәдуескі тұтынушы қауымның.

Таза бөлме.

Онша кең де, тар да емес.

Жиьаз сәні -

Онша бай, не жарлы емес.

Менің алғаш кіргендегі ұққаным - Таңғалдырар кабинеттің алды емес.









Өмір сынақтарының сыры

Бұл кабинет

Көрген мықты, осалды,

Көрген талай бекем менен босаңды.

Бидай өңді,

Мосқал, жігіт ағасы

Кірген бетте

Ілтифатпен хош алды.

Отыз үш жыл тыншып,

маза таппаған,

Ел орынға жатса да

Ол жатпаған,

Жарылқасын Бикенов - Ел ағасы,

Елуіңді ентікпей-ақ аттаған.

Мынау қату заманда да қасарған,

Елге себі тисе ғана –

Жасарған,

Жаны жомарт

Жақаң осы,

Одақта Қызметі —

Бас бухгалтер қашаннан.

Оқырманым!

Болмай көңіл хошыңыз:

«Не?!

Бухгалтер көрмеппіз бе осы біз?!» -

Деуіңіз де кәдік.

Бірақ ағайын,

Сәл сабыр ғып

Сөз аяғын тосыңыз.

Мен үшін де -

Бұл шынында тосын жай.

Бөгде сөзге құлақ тоспай,

Қосылмай,

Айтар сырым:

Қарға тамыр қазақта

Азамат ер болса - болсын осындай!

Бір жылылық лебі еседі жүзінен,

Сөзін тыңдап,

Іштей, ойша сүзіп ем,

Кең маңдайдан көрінгендей –

Үдеріп









Жарылқасын Бикенов

Көшкен жылдар Әжімдердің ізінен.

Ойындағы күдік бұлтын қуағын,

Көңіл кірін -

Шуақ сөзбен жуатын,

Тектілігі

Сезіліп тұр сөзінен,

Сездіріп тұр

Іштегі мол қуатын.
Іштей тоқып оқырманның өрмегін,

Қиялменен

Тас-қияға өрледім.

Таңғалатын,

Толғанатын жөнім бар:

Үстелінен

Қат-қат пәпке көрмедім.

Не жазсақ та –

Ақиқатын жазалық,

Сонда ғана

Шындық сөйлер саз алып:

Үстелінде жарты парақ қағаз жоқ –

Тура емші армандайтын тазалық!
Есеп-шоты тықылдап «тіл қататын»,

Мол қағазға малтығып-ақ жататын

Біз білетін бас бухгалтер

Бас алмай Санды теріп

Белшесінен бататын.

... Осы сәтте –

Таңғалдырды бұл мені:

Қызметкерлер кезек-кезек кіргені. Қолдарында –

Қағаздар бар,

Пәпке бар,

Басылмады көпке дейін дүрмегі.

Келгендерді

Ауызына қаратып,

Қалып көпір цифрларды боратып,

Бас бухгалтер









Өмір сынақтарының сыры

Мүдірместен түтендеп,

Түгел бәрін шықты лезде таратып.

Қызметкерлер шығып жатты біртіндеп,

Қаперінде жоқ

Жақаңның іркілмек.

Қайран қалып мен отырмын:

«Жадында

Бәрін қалай тоқып алған, шіркін?!», - деп.

Ғажап!

Бұған -

Ақыл-кеңес алғанның

Ешқайсысы мән бермеді - аңғардым.

Таңырқаған біреуі жоқ.

Мен енді

Соны ұққанда

Одан бетер таңқалдым!

Шын біртуар,

Ерек адам - Бикенов!

Елі-жұрты төбесіне көтеріп

Жүрсе-дағы

Оның ғажап қасиетін

Таңғалмастай

Кеткен екен еті өліп.

Есепші боп,

Есеп-шотын қақпайды,

Жақаң,

Бәрін көкірегінде жаттайды.

Зейіні - тас,

Әріптесін мазалап,

Кеңес сұрап,

Әсте іздеп жатпайды!

Бір адамның миы

Бұған жетер ме?!

Қайран қалған емес екем бекерге...

Бас бухгалтер Бикеновтің басы да

Өз алдына

Нақ компьютер екен де!









Жарылқасын Бикенов

Үшінші түйін

Енді бір сәт шегінейін сәл ғана:

Өткен өмір

Елес берсін жандана;

Жарылқасын кешкен кешу жайында

Сөз жұптайын,

Қаламымды қолға ала...

Жастық шақтың жаз секілді әр күнін,

Қарсы алатын жаны сүйіп таң нұрын...

Орда бұзар отызында

Қарсы алды ол

Қара аспанын төндірген тұл ТАҒДЫРЬІН.

Жүрген кезде

Жаз дәуреннің бағында,

Тауын шағып,

Сындырмақ боп сағын да,

Қатал ТАҒДЫР

Қыспағына алғаны,

Отызыңды орталаған шағында.

Бұлдыратып жарқын болашағын да,

Күдік бұлты

Торлап алды маңын да:

Жарық дүние

Тартты кенет кәмескі,

Айналғандай еміс-еміс сағымға.

Жігіт еді

Қиындықтан қашпаған,

Артық сөйлеп,

Жаңсақ қадам баспаған.

Бұл не зауал?!

Орда бұзар шағында

Жанар оты

Оқыс сөне бастаған...

Уайым жеді,

Тұрар қалай жан шыдап?!

Тағдыр оты тура тиіп,

Шамшырақ

Мың күн жанған

Бір күн өшсе - Не шара?!









Өмір сынақтарының сыры

Жоқ!!!

Төзген жөн!

Өзіңді-өзің қамшылап!

Шыны керек -

Іштей мойып, жасқанды.

Оңашада -

Талай ыстық жас тамды.

Жарылқасын беріспеді, бірақ та,

ТАҒДЫРМЕНЕН

Ұлан айқас басталды.
ТАҒДЫР оған

Тасадан кеп тас атты!

Талай күндер,

Талай түндер

Қам көңілін босатты...

Жарылқасын беріспеді сонда да:

Алты мәрте Операция жасатты.

Талай рет

Ол жабыққан.

Жасыған.

Талай рет

Қайран көңіл тасыған.

Коллективі,

Сүйген жары Әнияш

Әрқашан да

Табылатын қасынан.
Жылдар көшті алағай да бүлағай - Қиналғанда

Қиындыққа шыдамай

Достар - Сәлім,

Ермекқали, Базарбай,

Алла жар боп,

Аман қалды құламай!

Бір адамды осындай-ақ сынасын

Қатал ТАҒДЫР!

Сынбай қалды шын асыл!

Сүйеу болды кіндік қаны тамған жер - Сарыарқасы,

Шалқып аққан Нұрасы!









Жарылқасын Бикенов

Туған жерге терең тамыр жайған соң

Хас бәйтерек

Қалай ғана құласын?!

Басқа салса –

Не көрмейді пендесі?!

Жарылқасын жан қиналган жерде осы

Атасы мен

Ақ сүт берген Анасы

Жар боп,

Оның толысқаны зердесі.

Бұрынғыдай қақпайды

Ол шотты алып...

(Шот қағуға қалар кейде оқталып!)

Мың сан цифр есебі мен қисабы

Бірте-бірте

Көкірегінде жатталып,

Жарылқасын

Бұрын өзі сезбеген

Жаңа өмірге

Аяқ басты аттанып.
Көпті көрген,

Көшелі жан сөз ұғар,

Кеңес құрсаң –

Мәжілісің созылар.

Ел ағасы Жақаң –

Тұнған шежіре,

Кеудесінде –

Жарқыраған көзі бар...
Қайсар ұлын

Халқы дәйім қолдамақ,

Жақын-жаран –

Бәрі-бәрі қолғанат.

Үш перзенті –

Өмірінің жалғасы:

Әбілқасым, Тұлшат, кенже - Ерқанат.

Жақаң солай талай сынды күйреткен,

Өмір оны

Тайсалмауға үйреткен.

Оған разы –

Әнзия апай - ұстазы,

Есеп-шоты саусағымен билеткен.









Өмір сынақтарының сыры

«Тұмшалаған тағдыр бұлты сөгілді! Жарылқасын ақтады, - деп, - сенімді» -

Жайраң қақты

Оның тұңғыш бастығы

Екатерина Михайловна көңілді.
«... - Ең бастысы –

Сенімді ақтау екен де,

Оны ұмытсаң –

Өмір сүру бекер де.

Өз орнына

Бас бухгалтер Чеботарь

Мені ұсынған

Пенсияга кетерде.
Шәкірт баулу –

Ұстазга ең керегі.

Елубайым –

Шәкіртімнің зерегі.

Баулып едім оны есеп-кисапқа,

Енді өзі

Маған дәріс береді!», -

Дейді Жақаң.

Сыр шертеді ойланып,

Жігер-қуат сыртқа теуіп бойда анық.

Ән шырқайды ортасында

Ол достардың

Той үстінде

Көңілі тым жайланып.

Қазір оның

Шаттық толы әр күні,

Туыс,

Дос-жар,

Әріптестер –

Барлығы

Шын жүректен құттықтайды Жақаңды Шыққаннан соң

Президент Жарлығы.

Ақтаған Ол өз халқының сенімін,

Бәйтерегі туған Арқа белінің.

Бас бухгалтер Жарылқасын Бикенов –

Еңбегі сіңген қызметкері Елінің!».









Жарылқасын Бикенов

Түйін соңы

Әсте, тыншып, дамылдауды білместен,

Отыз үш жыл

Еңбекпенен күн кешкен

Есеп-қисап саласында бұл Жақаң

Дәйім жансыз цифрлармен тілдескен.
Өзгелермен көл-көсір сыр ағытып,

(Марапаттап, мадақтаумен сан ұтып!).

Журналистер

Басқа мамандарыңды

Көп жазатын,

Атын елге танытып.

Есепшіні:

«Кеңседегі жұп-жуас Қойторы» деп өтетұғын қағытып.

Жо-жоқ!

Достар!

Мына кезең өтпелі,

Бастан асқан сор-бейнеті көп, тегі.

Күлетұғын заман емес,

Шын айтсақ,

Бізге осы «есеп-қисап» жетпеді.

Қатал есеп қажет біздің қауымға!

Сонда саған күле алмайды жауың да!

Шаруашылық есебіңді діттесең –

Құт-береке келер қала, ауылға!

Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ, Алматы-Қарағанды-Алматы, 1994 жыл

ЕҢБЕГІ ЕРЕН. ОЙЬІ ТЕРЕҢ АЗАМАТ

Кейінгі бір кездесуімізде Жарылқасын маған естелік кітап жазам деген жоспарын айтып еді. Соған орай, Жарылқасынға бір-екі ауыз піікірімді білдірейін деп едім.

Әрине, естелік қазіргі және болашақ ұрпаққа арнап, тәрбие беру мәселесімен жүріп өткен жолыңның ой-шұқырын бір шолып өту үшін жазылады.

Жарылқасын соңына бұрылып, өткен өмір жолына қараса, жақсылықтарға мол адал еңбегі мен көптеген жетістіктерге жеткенін байқар еді.

Сонымен қоса, менің естіп-білуімше, жолы тақтайдай тегіс болмаған сияқты.









Өмір сынақтарының сыры

Жарылқасын кілең соқтықпалы-соқпақты, аяқ сүріндірер қақпа тасы мол, ой- шұңқыры жетерлік, неше түрлі кедергілерден өтті. Бірақ та, бар қиыншылықты өзінің асыл мінезімен жеңе білді.

Мен бүгінгі күнге дейін қаншама азаматтармен қызметтес, үзеңгілес, дәмдес- тұздас болып араластым, талай тұлғалармен жүріп, жайсаңдармен жүздестім. Әрине, әр адам өзінше бір жатқан әлем ғой. Олардың жан-дүниесін, терең қатпар сырларын бірден ұғына қою да оңай емес.

Дегенмен, солардың ішінде де алғашқы кездесуден-ақ бірден жүрегіңе жақын сезініп, бұрыннан таныс-білістей ортақ тіл табысып кететін, жатырқап-жатсынуды білмейтін жайсаңдары болады. Соның бірі - Жарылқасын.

Әлі есімде, сонау 1984 жылдары Қазақстан Республикасы Тұтынушылар кооперациясы одағының басқарма мәжілісінің күн тәртібінде Қарағанды облыстық Тұтынушылар кооперациясы одағының жылдық қорытынды жұмысы қаралды. Ол кезде мен Республиканың Тұтынушылар кооперациясы одағы басқарма төрағасының орынбасары болатынмын.

Аталған жиында есеп беру кезегі сол облыстың бас бухгалтері Бикенов Жарылқасынға берілді. Жарылқасын толық есеп беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап қайтарды. Өзінің жұмыс бабындағы білгір кәсіби маман екенін көрсете білді. Оны естіп отырған менің көңілім кәдімгідей көтеріліп-ақ қалған болатын. Содан бері Жарылқасын маған ұнап, кооперация саласындағы өзім сыйлайтын азаматтардың қатарына қосылды.

Әділін айтсам, Қазтұтыну одағы бақармасының мәжілістерінде немесе алқалы жиындарында жүздесіп, жылы шыраймен сәлемдесіп жүргеніміз болмаса, тығыз араласып кете қойған жоқ едік. Бірақ, кейінгі он-он бес жылда Жарылқасынмен сәлеміміз дұрыс, қоян-қолтық араласып кеттік.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демей ме атамыз қазақ. Жарылқасын - қазақ халқының асыл ұлдарыныц бірі, ел арасында, оның ішінде республикамыздың тұтыну кооперациясы саласындағы беделі мен білімі мол, бірден-бір сыйлайтын әріптесіміз.

Жеке басын сипаттағанда, Жарылқасын мейлінше қарапайым, ақкөңіл, айналасына сәулесін түсіріп жүретін мәдениетті, ұйымның ұйытқысы бола білетін, ел-жұртымен жан жылуын бөлісе жүретін, көпшіл, ашық-жарқын мінезі бар жайсаң азамат.

Ең бастысы, Жарылқасын ешкімді жатырқап-жатсынбайтын, біреуге жақсылық жасауға жаны қалмай ұмтылатын, пейілі кең, көңілі Сарыарқаның даласындай дархан да дара тұлға.

Ал іске келгенде, өз мамандығын ауылдағы тұтыну кооперативінің қатардағы бухгалтері қызметінен бастап, Қарағанды облыстық тұтыну кооперациясы одағының бас бухгалтеріне дейін жетіп, кәсібін қапысыз меңгерді.

Жарылқасынның еңбек жолын қарасақ, ол Қараганды облысының тұтыну кооперациясы одағының барлық буындарында бухгалтерлік есеп-қисап жүмысын басынан өткізді. Облыстың бухгалтерлік есеп саласының басшысы қызметін 40 жыл орындау шарасында өз міндетін жақсы жэне нәтижелі атқарды. Сол аймақтың тұтыну кооперациясы ұйымына қамқорлық жасап, оның экономикалық дамуына ықпал етіп, кооперациялық қозғалыстың одан әрі қарай өркендеуіне көптеген игі әсерін тигізді.







Сондықтан болар, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жарылқасын Бикенұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Ал Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Жарылқасын «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл - Жарылқасынның ерен еңбегінің, халқының алдындағы адал қызметінің, мағыналы да мазмұнды өмір жолының бағасы деп білеміз.

Қарағандыға іссапармен жол түскенде үйінде де бірнеше рет болдым. Жарылқасынның өмірлік тірегі - адал жары Әнияш келін ақжарқын менезімен дәмді дастарханын жая білді. Сол сәттерде «Ер жігітті үйінде таны» деген сөздің растығына көзім жетті.

Жарылқасын зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ел ортасында сыйлы азамат, беделі мол ел ағасы ретінде құрметке бөленіп жүр.

Қадірменді Жарылқасын, саған зор денсаулық тілей отырып, отбасыңды ата- бабаларымыздың аруағы қолдап жүрсін дегім келеді!

Аманшылықта болайық!

Өмірзақ СӘРСЕНОВ, қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Қазтутынуодағының басқарма төрағасы Алматы, 2015 жылдың қаңтары



Жарылқасын Бикенов

НҰРА АҚПАНДА ДА АҒАДЫ !

Нұра жарықтықтың ағысы бөлек ағыс. Теріскейден құлап, құла түз қойнауымен жылыстай ағатын осынау өмір-тамыр Арқаның алқым тұсындағы Көбетей ауылын да айналып өтпепті, шүкір. («Көбетейді» бұрындары «Черниговка» деуші еді...).

Шүкір дейтінім сол: сонау 1943, қой жылы осы ауылда Тәңірім жарылқаған Жарылқасын есімді бауырым дүние есігін ашқан. Соғыс жылдары туған баланың күн-тұрмысын түгендеп не керек, ағайын, ол тауқымет баршамызға белгілі. Содан кейінгісін айталық...

***

«Черниговкадағы» орта мектепті үздік тәмамдаған Жарылқасын Бикенов еңбек жолын ерте бастапты. Сол шақтағы ашаң жүз, аққұба келген баланың күні ертең ел келешегіне елеулі үлес қосар азаматқа айналарын кім білген сол кез...

Алғашқыда ұшқан ұядан көп ұзамай, ауылдық «Шахтер» жұмысшылар кооперативінде шәкірттіктен бас бухгалтердің орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Сол замандар Целиноград аталған қазіргі астанамыздағы кооператив техникумын 1963 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша кілең беске оқып, үздіктер санатында игеріп шыққан. Мамандық жайлы айтқанда: бала күн, бозбала шақ деген









Өмір сынақтарының сыры

не тәйірі, Жарылқасын бауырым осыдан кейінгіде міндетті әскери борышын өтеп қайтқан 1964 жылы бірден Новосібірдегі Кеңес кооператив институтының есеп-экономика факультетіне оқуға түсті де, оны 1968 жылы ойдағыдай тәмамдады.

Қайнаған еңбектің нағыз жолы осыдан соң-ақ басталғады. Бастапқыда Нұра аудандық Тұтынушылар одағы бас бухгалтерінің орынбасары болып, кейін Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы Орталық бухгалтериясының бас бухгалтері, Бухгалтерлік есеп, қаржы және бақылау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

Мұның бәрін сырт қойғанда, Жақаң - Кеңес тұтыну кооперациясының еңбек сіңірген қызметкері Жарылғасын Бикенұлы бастаған авторлар ұжымы 1990 жылы елімізде «Бухгалтерлік есеп теориясы» атты оқулықты қазақ тілінде тұңғыш болып жарыққа шығарды. Еліміздің барлық облыстарындағы Тұтыну одағы бөлімдерінің бас бухгалтерлері қатысқан әдістемелік кеңесте макұлданған бұл оқулық кезінде «Бухгалтерлік есеп» мамандыгы бойынша студенттердің таптырмастай оқу құралына айналған. Кеңес заманы кезінде Тұтынушылардың Орталық одағы, кейіндері 1992 жылдан бастап Қазтүтынуодағы Жарылқасын Бикеновті 1973-1998 жылдар аралығында өз қарамағындағы Қарағанды кооператив институты (қазіргі ҚЭУ) Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы қызметіне үздіксіз тағайындап келді. Жақаң өзі осынау оқу ордасында біраз жыл үстаздық қызметпен де айналысқан.

Бухгалтерлік есепті жетілдіру, бухгалтерия ісіне механикаландыру мен автомат- тандыруды дендіту мәселелері бойынша бірқатар еңбектерін көріп, риза болыстық. Осы бағыттардағы ғылыми мақала-түйіндері республика асып, баяғы одақтық басы- лымдардан да бой көрсетіп жүруші еді. Мәскеу мен Петербор, Воронеж бен Львов, Қазан мен Тәшкен шаьарларын шарлай жүріп білім-білігін жетілдіргенінен, озі үйреніп қана қайтпай, өзгелерді де үйрете келген жомарт жанын білеміз!

Қазақтың эйгілі ақыны Қайрат Жүмағалиевтің Жақаңа арнаған, бастапқыда «Нүра перзенті» деп аталған, кейінгі жарияланымдарында «Піын ғажапты қараңыз» деген атты иеленген деректі поэмасында қалай айтқанын аңдаңыз:

Шын біртуар,

Ерек адам - Бикенов!

Елі-жүрты төбесіне котеріп

Жүрсе-дағы

Оііың ғажап қасиетін

Таңғалмастай

Кеткен екен еті өліп.

Есепші боп есепшотын қақпайды,

Жақаң

Бэрін көкірегінде жаттайды.

Зейіні - тас,

Әріптесін мазалап,

Кеңес сұрап,

Әсте іздеп жатпайды!

Бір адамның миы









Жарылқасын Бикенов

Бұған жетер ме?!

Қайран қалған емес екем бекерге...

Бас бухгалтер Бикеновтің басы да

Өз алдына

Бір компьютер екен де!

Шайырдың бұл туындысы аудандық, облыстық жэне республикалық басылымдарда жарияланып, қалың оқырманның таңдай қаға оқыған дүниесіне айналды. Тағдырының өзі талай дастанға жүк болар Жақаң туралы өзге қаламгерлер де қалам тербеді. Атап айтар болсақ, Махмет Теміров пен Рахат Қаусылова Жарылқасын Бикенов 60 жастың асқарына шыққанда облыстық «Орталық Қазақстан» және республикалық «Егемен Қазақстан» газеттеріне мадақ жырларын жариялатты. «Жақсының жақсылығын айт -нұры тассын» деген бар, мұндай мадақ жырларға біздің Жақаң әбден лайық әмбебап.

Бүгінгі таңда Жақаң - Жарылқасын Бикенов елі сыйлап, құрмет тұтқан тұлға дәрежесіне жеткен адам. Кір жуып, кіндік кескен Нұра топырағының азаматтары Жақаңды төбеге көтеріп, «Нұра ауданының Құрметті азаматы» етіп әспеттеді. Республика Тұтынушылар кооперациясына 70 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» деген мәртебелі атаққа ие болды. Бұл ұзақ жылғы мехнатты еңбекке әділ берілген баға еді. Құдайға тәубе, бауырынан өрбіген балалары қатарынан қалмай, өсіп-өніп, ел қатарлы тірлік қылып жатыр. Талайлы тағдырында Жаратушының Әнияштай ару жанмен жолықтырғанына күні бүгінге дейін бас иіп, алғыс айтады. «Екі көз - маңдайдайдағы екі жұлдызға» бірнеше мәрте операция жасатып, азаматтың өмір мен өлім арпалысқа түскен сын сағаттарында басын жерден көтеріп алған да осы Әнияштай қазақтың аяулы қызы, адал жары еді. Иә, «Алла Тағала азаматты жарылқайын десе жақсы әйел жолықтырады» деген осы шығар!

Жақаң өзінің саналы ғұмырында Тұтынушылар одағы кооперациясы саласында 50 жыл еселі еңбек етіп, соның ішінде 42 жыл бас бухгалтерлік қызмет атқарды. Оның ішінде ерекше екпін беріп айтары - бір жерде, яғни Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағында табан аудармай 39 жыл бас бухгалгер болды. Сірә, мамандыққа берілген мұндай адалдық, ерлікке барабар осындай төзімділік пен қажыр-қайрат біздің елдің біз білетін тарихында бұрын-соңды болмаған шығар деп пайымдаймыз.

Жақаң ұзақ жылдар еңбек еткен Қарағанды облыстық Түтынушылар кооперациясы одағының облыс, қала берді еліміздің экономикасына қосқан үлесінің қомақты болғанын біз айтпасақ та, жалпақ жұрт жақсы біледі. Жақаң өзі еңбек еткен ұжымды тау тұлғаға сай үлкен жүрекпен, мол махаббатпен құрмет тұтады.

« Алпыс -тал түс» дейтін жасты аяқтап қалған Жақаң өзінің ұлағатты ұстаздарын алғыс сезімімен үнемі еске алып отырады. 1971 жылдан Қазтұтынуодағы есеп және есеп беру басқармасының бастығы (бас бухгалтер), Қазтұтынуодағы Басқармасының мүшесі Хайдар Қабиболлаұлы Даминовты ерекше атайды. Жатқан жерің жайлы болғыр ұстазы Жарылқасынның кәсіби маман ретінде қалыптасып, толысуына ерекше еңбек сіңірген болатын. Оны өзінің ізбасарына балап, тәлім-тәрбие берген

154




Өмір сынақтарының сыры

әкелік қамқорлығын қалайша ұмытсын?! Онан кейінгі өзін денсаулығының мәз еместігіне қарамастан, әр уақытта қолдап, білімі мен біліктілігін ерекше бағалаған, 1985 жылдан 1999 жылға дейін Қазтұтынуодағының төрағасы болған жайсаң жан, атпал азамат Өмірзақ Сәрсенұлы Сәрсеновтің адамгершілік қасиетінің алдында бас иіп, алғыс айтады. Әлі күнге дейін екеуінің арасындагы сыйластық пен тілеулестіктің тұғыры аласармай, достық қарым-қатынастары үзілмеген.

Республика Тұтынушылар одағының төрағасы Қазболат Әшляев, облыстық Тұтынушылар одағының басшысы Базарбай Қаржасов, Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов сынды асыл азаматтарға өміріндегі қилы кезең, тайғақ кешу кезіндегі көрсеткен азаматық көмегі мен рухани демеулері үшін де дән риза екендігін аузынан тастамай айтып отырады. Иә, бүл азаматтар біріне-бірі сүйеу бола білген, достық пен адамгершіліктің жарқын үлгісін жарық дүниеге паш ете білген жайсаңдар!

Жақаңның өзіне лайықты ізбасар дайындап, қарымды да шалымды шәкірт тәрбиелеп шығарган ұстаздығы да өз алдына бір төбе. Көп шәкірттерінің ішіндегі Елубай Байпақұлы Ахметовті ерекше атайды. Жақаңның жанында жүріп, мамандығының нағыз кәсіби шебері болып қалыптасқан Елубай Байпақұлы ұстазының сенімін ақтап, талай биік белестерді бағындырды. Кезінде Қазтұтынуодағының бас бухгалтері болды, қазіргі уақытта Қазтұтынуодағы төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр. Міне, Жақаң осындай оза шапқан шәкірттерімен орынды мақтанады!

Жақаңның айналып өтуге болмайтын тағы бір қыры - қырықтың біріне қона бермес қасиет - шежірешілік. Дара басылым болып, жеке кітап күйінде шыққан «Тоқа шежіресі», «Қарпық шежіресі», «Қарпық жэне Қожа шежіресі», «Алтай Қалыбек шежіресі» еңбектері соған куә.

***

Сөз басында айтканымыздай, Нұра жарықтықтың бойы киелі ғой. Онда да Жарылқасын бауырымды жаратқан Көбетей топырағынан айналдым деймін! Інімнің ел игілігіне деген бір салада із суытпай еңбек етіп зейнет демалысына қарағанына дейін, міне, ақпан айында жарты ғасыр жауырын көрсетіпті. Қара Нұра жыл мезгілін талғамайды. Көктем келсе шіркін-ай тасуы бар өзеннің өзегі қыс баласында да құр жатпайды. Құдды, Жақаң бауырым сияқты. Иә, Нұра ақпанда да ағады!..

Болат ӘБДІКӘРІМОВ, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері









Жарылқасын Бикенов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет