Өмір сынақтарының сыры
* * *
Бір жылдары Рақаңның інісі Ислам мен Бекеннің баласы Мейрам үйленетін болды. Мейрам ол кезде политехтің автожол факультетін бітіріп, автопаркке инженер болып қызметке орналасқан. Қызды Шығыс Қазақстанның Лениногорск қаласынан алып келу керек. Мен бастап, Ұрқия құдағиымыз, Ислам мен Бекен, Нескен бәріміз ұшақпен Өскеменге жеттік. Рақаңның жиені Розаның жолдасы Кенжехан Лениногорскіде ветстанцияның бастығы еді. Сол күйеу бала бізді Өскеменнен күтіп алды. 31 желтоқсан болатын, түнгі он екіге он минут қалғанда Лениногорскідегі үйіне жетіп, жаңа жылды қарсы алдық. Ал ертеңіне, түске жақын бәріміз құда түсуге бардық. Ортақ мәмілеге келе алмай қайтып едік. Бірақ, алуға қызымыз Бикеш ол кезде студент, Қарағандыға бізбен бірге қайтты. Жастар өзі сөз байласып тұрғаннан кейін, «Берсе - қолынан, бермесе - жолынан» деген бар емес пе, қалаға жеткен бетте, Бикешті келін етіп түсіріп алдық. Сол Бикешіміз кейін кандидатгық қорғап, кафедра меңгерушісі болды. Балаларының алды Олжас Қытайда білім алды, келіні Кәмила магистратура бітірді. Олжастың атын Әнияш қойып еді. Олжас Сүлейменовтің аты дүрілдеп тұрған кез, ырымдағаны ғой. Одан кейінгі ұлы Ғалым РҺD докторы. Мейрамның өзі бизнес саласында. Исламның үлкен қызы Алма кооператив инситутын бітірген, күйеу баласы Қанат Зекенұлы -медицина ғылымдарының докторы, Қарағандыдағы Еңбек гигиенасы жэне кәсіби аурулар ұлттық орталығының бас директоры, немере сүйіп отыр. Кіші қызы - Гүлнар, күйеу баласы Бауыржан Павлодардағы ірі құрылыс фирмасын басқарады. Олардың да немересі бар.
Кенжехан бірде: «Жәке, Таулы Алтай автономды облысында марал өсіретін совхоз бар. Марал ваннасын қабылдап, гематоген ішіп, бір демалмайсыз ба», - деген ұсыныс жасады. Мамырдың аяғы, маусымның басы - маралдың мүйізі жұмсаратын шақ. Сол уақытта мүйізді кесіп алатын көрінеді. Әнияш пен Ерғанатты ертіп, Кенжеханға бардым. Бір қойды сойды. Бір банка спирт, бір қап картоп алды. «УАЗ»- бен Устьқарағай ауданының Устьқарағай совхозына бет алдық. Таулы, орманды, марал өсірумен шұғылданатын жерге келдік. Совхоз социалистік жарыстың алды болып, дүркіреп тұр. Кенжеханның Василий деген досы бізге екі бөлмесін бөліп берді... Жабайы марал, қолдың маралы деп бөледі екен. Қолдікі деген аты ғана, жануарлар өз бетімен жайылып жүреді. Тек белгілі аумақтан сыртқа шықпайды. Қыста қар қалың болса, ұшақпен жем шашып бағатын көрінеді. Марал мүйізін кесуге арналған орын бар. Маралдарды айдап әкеліп, қамайды. Біртіндеп мүйіз кесетін жерге кіргізеді. Мойнын қозғалтпай тастап, мүйізін электр арамен кесіп алады. Маралды қоя береді де, мүйіздегі қанды шыны түтікке құйып алады. Мүйіздің ұзындығын, диаметрін өлшейді. Ауруы бар-жоғын тексереді. Бір кесе қанды ішсең, қызара жайнап жүре бересің. Алғашында жарты кесе ғана ішуге шамам келді. Үш литр қанға белгілі мөлшерде спирт қоссаң, гематоген, пантокрин дәрілерінің құрамы шығады. Күніне елу грамнан ішкен адамга үлкен ем. Одан, бар мүйізді жинаи, үлкен ваннаға, температурасы 90 градус суға үш тәулікке салып қояды. Судан алынган мүйіз тагы да үш тэулікке саунаға ілінеді. Саунадағы температура да 90 градус. Осы процесс үш рет қайталанады. Мейіздей қылып кептірген соң, Қытайга, басқа да шетелдер- ге валютаға сатады екен. Біз болсақ, мүйіздің майы сіңген суда күніне екі реттен бір жұма бойы панта ваннасын қабылдадық. Мүйізінің салмағы аз, маралды сойып, жұмыскерлеріне бөліп береді екен.
Өзіміздің киік сияқты, еті асуға келмейді, қуырдақ жасап жедік.
109
Жарылқасын Бикенов
Бір күні Василий мен Кенжехан аңға шығып, жабайы марал атып әкелді. Осылай, бірталай уақыт жатып, елік, бұғы еттерінің дәмін таттық. Қазір «Қатонқарағайға барамыз, панта ваннасын қабылдаймыз» деп жатады гой. Ал біз оны сонау 1984-86 жылдары көрген едік. Василийдің әйелі дүкенде істейтін. Асханасын Әнияшқа беріп қойып, оның пісірген тамағының дәмділігіне бәрі тамсанған. Василий бізге Қарағандыға келіп, қонақтап кетті. Ол кезде машинаның резеңкесі қат, шарапқа бос резина айырбастап алып бергенімде, машина алып бергендей қуанып еді...
* * *
Жұмаш Әкенов деген азамат - қазақ күресінің майталманы, жаттықтырушы. Политехта сабақ берді. Талай спорт шеберін баптап шығарған адам. Алматыда қызмет істеді. Ғизат, Мұрат деген ұлдары, екі қыз баласы болып еді. Ғизаты Қарағандыдағы Жогары милиция мектебін бітіріп жатгы. Кооперагив институтында оқыган қызылордалық Раушан деген қызга үйленбек. Не керек, Ислам бар, мен бар, Қызылордага баратын болдық. Қызылорда облыстық Түгынушылар одағының бас бухгалтері Жұмахмет Сейітмағамбетов ағамызбен хабарласып, барғанда тоқтайтын қонақ үй жағын реттеп қойғанбыз. Сонда барып ат шалдырдық. Ғизаттан қыздың әке-шешесінің мекен-жайын сұраймыз, ол кібіртіктей берді. Сөйтсек, құдалар жақ қанша ақша әкелгенімізді сұрапты. Жұмекең институтга сабақ береді, табысы орташа. Әйелі саудада, оның да тапқан-таянғаны көп деуге келмейді. Сөйлесеміз, келісеміз деп келгенбіз. Ақыры, әрнені сылтауратқан қыздың әке-шешесі бізді қабылдамады. Болмаған соң Ғизатқа: «Қыздың сені сүйетіні рас болса, пойызға отырғызып алып кет. Ата-анасымен кейін табыса жатарсыңдар», - дедік. Қыз келісіпті, олар сөйтіп, пойызбен шықты. Біз болсақ, ұшақпен Қарағандыға бүрын жеттік те, келе жатқан ұл мен келіннің тойын бастап жібердік. Құдалықтың осындай да қызығын көріппіз...
* * *
Құтпан Ералин мен Қалкеш жездем - немере ағайынды. Рамазан Сәлімбаев үшеуі 1929 жылы туған құрдастар. Бірге өсіп, жақын жүрген туыстар. 1971 жылы Қарағандыға келгенде, осындағы бүкіл ағайын-туыспен Құгпан мен Дәмежанның дастарханында танысқан едім. Мемің тойымда, Рахаттың тойында жанымыздан табылды. Құтпан мені күйеу бала да болғаныммен, өмір бойы қүда дегі, төріне отырғызып кетті. Рамазан мені күйеу бала деп сыйлады. Қазір, шүкір, балалары өсіп жатыр. Ішіндегі бір ерекшесі - Төлеутайға тоқталғым келеді. Төлеутайдың үйленгенін, балалы-шағалы болғанын көрдік. Бүгінде Төлеутай мен Гүлнар - ата-әже. Жаннасынан бірнеше жиен немересі бар. Ерланы - прокурор. Төлеутай елге сыйлы, адамгершілігі, жол-жөнді білуі бөлек. Атасы Алтын Шәкірұлы Жаңағұлов кооператив институтында кафедра меңгерушісі, проректор, парторг, кәсіподақ төрағасы болып қызмет атқарды. Сол кісімен бірге қызмет жасады. Мәскеудің мемлекеттік университетінде саяси экономиядан аспирантура оқыды. Құтпанның ұлы Амантай, келіні Саида, жоғары білімді кәсіпкер, нотариалдық кеңселері бар.
110
Өмір сынақтарының сыры
Балаларының үлкені Диана Чехияда университетте оқып жатыр, Анеля мен Ералы мектепте оқиды. Қызы Қарлығаш жоғары білімді дәрігер, немере сүйіп отыр. ¥лдары Ержан мен Арман жоғары білімді. Кіші қызы Күләш та жоғары білімді, банкте қызмет істейді, ұлы Аян мектепте оқиды.
Рамазан Сәлімбаев ағамыз шыншыл, ағайын-туысқа бірдей қарайтын, жүрген жерінде сыйлы адам еді. Шаңырағын ұстап отырған - Ләззат, Роза, күйеу баласы Тіледіхан, ұлдары Жақ, әйелі Бақыт, Әзір, Құрбанының өсіп-өнгенін көріп отырмыз.
Рамазан ағамен сонау 1990 жылдардың басында ол кісінің қайын жұртына, Шонжыға бардық. Әнияш, Ерғанат, Ракеңнің Кәмиласы мен Розасы бар, Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы осы кентке жолымыз түсіп еді. ¥йғыр халқының құрметіне бөлендік. Одан кейін, Жаркенттегі үлкен қайынағасы Әбіштің, балдызы Үсеннің үйінде қонақ болдық. Балдызы Қасиет пен бажасы Ғайрат балаларын үйлендіріп, ұзату тойларын жасап жатты. Ұйғырлардың әдет-ғұрып, салт-санасымен қатар, Рамазан ағамызға деген сыйын көрдік. Бұл барғанымызда Рақат апамыз өмірде жоқ. Бірақ, ағамыз қайын жұртынан қол үзген жоқ. Балалары да нағашыларымен осы күнге дейін араласып-құраласып тұрады.
* * *
Зада Әкімбекұлы Қажыбеков пен Ғайнел апамыздың орны біз үшін бір төбе. Зәкең талай кісіге қол ұшын берді. Елде іссапарда жүріп, Қуаныш ағамызға Қарағандыдан ұшақ шақыртқан да осы Зәкең. Бұл көмегі ешуақытта естен кетпек емес. Маған қайынаға болғанмен, өмірбақи інім деп кетті. Прокурор, обкомда нұсқаушы болып істеді. Облыстық әділет басқармасына бірінші басшы болған кісі. Облыстық адвокаттар алқасының төрағасы болды. Достары Төкен Рақымжанов, Айып Асанұлы Рақымжанов Жезқазғанда партия құрылымында қызмет етті. Рафқат Ешкеев, Камал Қадырсізов, Сатан Қарашолақов, әрқайсысы бір аңыз жандар еді. Осы азаматтарға қарап бой түзедік.
* * *
Серік Әкімбеков кооператив инсгитутында қаншама жыл декан, колледж ди- ректоры болды. Ғылым кандидаты, доцент. Алматыда әл-Фараби атындағы универ- ситетте, Астанада Еуразия ұлттық университетінде үлкен қызметтер атқарды. 1985 жылы демалуға Қаратеңізге бармақпыз. Денсаулығыма байланысты, қашанда қасыма бір кісі ертіп шығушы едім. Осы жолы серік болуға Секең билетін алып қойған. Бастығы, ректор Талғатбек Әбдірахманұлы Әбдіразақов аяқ астынан жібермейтін болып қалсын. Тәкеңе өзім хабарласып, жағдайды түсіндіріп, «әке-көкелеп», Серікті жұмысынан сұрап алдым. Ол уақыттағы жолдамалар жиырма төрт күнге беріледі, армансыз демаласың. Қара теңіздің қызығына қанып, қайтатын кез келгенде Секең: «Мәскеу арқылы қайтамыз», — дейді. «Секе-ау! - деймін. - Мәскеуге бару үшін ақша керек емес пе?!». Олай айтып, бұлай айтып, райынан қайтара алмадым. «Онда менің Амантай құдам бар. Халық шаруашылығы академиясында оқып жатыр. Соған барып қайтуымыз керек», - дейді.
111
Жарылқасын Бикенов
Оған қоса, Мәскеуде Зәкеңннің баласы меи Әлкен Темірболатұлы да оқып жатыр. Не керек, Мәскеуге бардық. Амантайдың құрметін көріп, Қазақстан өкілдігінің қонақ үйінде жаттық. Секең білімді, ақкөңіл азамат еді. Көзін көрген біз сөйткен Секеңді де кейін соңғы сапарына шығарып салдық...
* * *
Сапар Исабекұлы досым қайта есіме оралып отыр. Қатты ауырган соң, екі-үш жыл демалыс берді. Қара теңізге деген жолдаманы алдын ала екі кісіге ыңгайлап қоятын едім. Бір жолы, шипасы болар деген оймен, Сапарды бірге барып қайтуга шақырдым. Жиырматөрт кун бірге жатқанда, пэленбай жасқа келгенше тіс жарыспаган сырларымызбен бөлістік. Сапар Қара теңіз жатыңқырамай, күнде ем алып жүрді. Бір күні Демалыс үйіне Мәскеуден орталық кадр ісі басқармасы төрағасының орынбасары Мохов Василий Калинич әйелімен, тағы бір досымен келді. Сапар базардан ет алып, қазақы дәм дайындап еді. Сөйтіп, Қара теңізде жүріп, Мәскеуден келген қонақтармен де араласып-құраласып кеткеніміз бар. Сапар ауырғанына қарамай, осы бір демалыста елдегі жігіттердің қамын ойлаумен болды. Мәскеулік әріптестерімізге кооператив институтында ісгейтін бірқатар азаматтардың шаруасын айтып жатыр. Сонда ауруы жанына батып жүр...
1997 жылдың 15 қаңтарында Сапардың үйінде туған күнінде отырғанымызда, оның соңғы сөздері Қадырбек туралы еді. Қадырбек жалғыз Сапарға емес, талай адамға көмек қолын созған азамат. Ол Сапардың дертіне шипа жасай алар емдеу орындарын іздеп, ақыры Мәскеудегі ауруханамен келісіп қойыпты. Ақшасын өзі төлемек. Үш күннсн кейін шығулары керек. Аманберлі Сапарды әке, Рузаны шеше дейтін. Аманберлі ол уақытта ОБХСС-та қызмет істейді. Сапар ешкімге айтпайтын сырын кейде осы Аманберліге ақтарады екен. Жайына алып, ертең озі анау-мынау болып кетсе, не істейтінін айтып, туыстарына бас-көз боласың деп тапсырған. Сол күні жақсы отырып, түнгі он екінің кезінде үйлерімізге қайтып едік. Таңертең тұрсақ, Сапарымыздан айырылып қалыппыз.
Ал Аманберлі үлкен азамат болды. Академияда оқыды. Полковник шеніндегі офицер. Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды облыстарында Ішкі істер департаменті бастыгының орынбасары қызметін атқарды. Қарағанды облыстық қаржы полициясын басқарды. Қазір құрметті демалыста, Рыскүл мен балаларының жанында. Сапардың аманатын айнытпай орындады. Оның дос-жарандарына, туған- гуыстарына қамқор болды.
* * *
... Айтып отырған әңгімемнің бәрі оңайшылықпен болған жағдайлар емес. Көздің машақатын көріп келе жатқаныма қырық жылдан асты. Бірінші топтағы мүгедекпін. Сонда да, қаншама жыл қызмет істедім. Қызмет істегенде де, көптің бірі болмай, Тұтынушылар одағының әрбір төрағасынан бастап, күллі ұжымы, тіпгі аула сыпырушысына дейін тік тұрып құрмет көрсеткен абыроймеи істедім. Барлық деңгейдегі басшыларым мен әріптестерім денсаулығымның жайын білді. Қайда барсам да, қасыма кісі ерте жүретінмін. Мұны басына түскен адам ғана түсінер. Кей- де өз өмірімді Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» романының бас кейіпкері Павел Корчагиннің тағдырына ұқсатам.
112
Өмір сынақтарының сыры
Менің өмірімдегі қиыншылықтар содан кем соқпаған сияқты. Бірақ, өмірдің барлық сынақтарынан талпынуымның, үлкен ұжымның. өзім тәрбиелеген шәкірттерімнің, басшыларым мен ағаларымның қолдау-демеуінің арқасында өттім. Олар қай уақытта да менімен бірге болды. Қолдады, қорғады, көмек көрсетті. Кооперацияның қызметкерлеріне, сонау Орталық одақтан жергілікті рабкооптарға дейінгі сатыларда қызмет жасаған әріптестерімнің баршасына мың да бір алғысымды айгып, басымды иемін. Мен солардың арқасында өмір сүрдім, қызмет істедім. Отбасым, бала-шағам қиыншылық көрмесе екен, ешкімнен кем болмаса екен, еліне қадірлі болса екен деп қызмет істедім. Елдің қолдауының арқасында үлкен дәрежеге жетіп, «Құрмет» орденінің иегері болдым, «Қазақстанпың еңбек сіңірген қызметкері» атандым. Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев 1994 жылы мен туралы «Нұра перзенті» поэмасын жазды. 2000 жылы «Сарыарқа» журналында сол поэманың «Шын ғажапты қараңыз» атты қайта өңделген нұсқасы жарияланды. Сол Қайрат ақын Қарағандыға келіп, дастарханымнан дәм татты. Дастанды жазуға кіріспес бұрын, кім екенімізді көріп, өмірбаянымызды, туған-туыс, дос-жаранымызды танып кеткен еді. Одан кейін де Алматыдан Қарағандыға жары Софиямен, бала-шағасымен арнайы келіп, қонақ болып қайтты. Араласып кеттік. Алпысқа толған тойыма қатысты. Өзі Оралдан, Кіші жүздің азаматы, руы — Шеркеш. 2013 жылдың аяғында, 76 жасқа қараған шағында дүние салды. Жатқан жері жайлы болсын.
* * *
Қарағанды облысының әкімі қызметіне Серік Нығметұлы Ахметовтің жаңа тағайындалған кезі. Бір күні қабылдауында болдым. «Қарпық жэне Қожа шежіресінде» оның да ата-бабалары аталады. Сол кітаптың бір данасын ала барып, табыс еттім. Және қағазға түсіріп апарған жеті түрлі мәселем бар еді, соларды жеткіздім. «Жеке басыма, балаларыма ештеңенің керегі жоқ, — дедім Серік Нығметұлына. — Айтайын дегенім — халықтың қамы. Менің туып-өскен ауылым Черниговкада бүгінде ел қалмады. Тұрғындары жұмыссыз қалды. Инвестор тауып. сол ауылды көтеруге көмек берсеңіз. Менің халқыма жұмыс тауып беріңіз. Бұл — бір. Екінші мәселе көмір жайында. Бір машина көмірге елдегі жұрт бір малын береді. Ол көмірдің жақсысы, жаманы келеді, кейде құмы мен тасы басым. Түсіруін түсіріп, малын берген соң, көмір жанбайды. Осыны аудан көлемінде шешіп берсеңіз. Бір шахтаға бекітіп, сол шахта аудан арқылы сұраныстарды қабылдап отырса. Одан кейін, мектептер туралы. 10-11 сыныптарда кей мектепте бес, кейбірінде үш балағана оқиды. Толыққанды мектеп болмай қалып отыр. Ондай мектепте толыққанды білім де жоқ. Аудан орталықтарынан жақсы мектеп-интернат жабдықтасаңыздар. Мықты мұғалімдер сайласаңыздар. Бұл - үшінші мәселем. Келесі мәселе: Қаланың ішінде негізгі жолдар жөнделеді. Орамішілік көшелердегі асфальт мәселесіне назар аударылмайды. Әкімдік осының есебін жүргізсе. Бұл көшелердің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүктелсе. Керек болса, тұрғындар қосылып, көмектесер едік. Бесінші мәселе - оқу орындарындағы оқытушылардың білім деңгейі. Осыған көңіл бөлінсе. Мысалы, сырттай оқығандардың басым бөлігінің білімі жетісіп тұрған жоқ.
113
Жарылқасын Бикенов
Мұғалімдерді аттестациялау, оқыту жағын мықтап қолға алсақ. Келесі бір мәселе, сіздер облыс ақсақалдарын жылына бір жинап отырасыздар. Барлығы қаланың ақсақалдары. Ауылдан адам болмайды. Бұл кеңесте эр ауданнан бір-екі кісіден болуы керек. Ақсақалдар кеңесі, аудан әкімдіктері халықтың мұң-мұқтажын айта алатындай қазына қарттарды сайлап жіберуі тиіс. Соңғы мәселе зиратқа байланысты. Тәртіп жоқ. Әркім өз білуімен мазар тұрғызып, ескерткіш соғып жатады. Бұл, әрине, кім-кімнің өз еншісіндегі, көрпесіне қарай көсіліп атқаратын шаруасы. Менің айтпағым, сәулетшілеріңіз, жер комитетіңіз, жерлеу бюросы, мешіт бар, бір кісіге қанша шаршы метр жер беру керектігін ақылдасып, қоятын орындарды белгілеп, адам, көлік өтетін жерді қалдыруы керек емес пе. Мәскеудің «Новодевичье» қорымындай қылмағанымызбен, тәртіпке келтіріп, сыртын қоршасаңыз». Секең осы айтылған мәселелерді жерде қалдырмай, соңынан ресми жауабын да берді. Ескеретінін айтты. Оған ризамын.
* * *
... 1983 жылы 40 жасқа толдым. Денсаулық жағдайым белгілі - көздің көруі шамалы. Үйге елу-елуден үш бөліп, кісі шақырдым. Қырықты көп тойлай қоймайды, кейбіреулер сол себепті түсінбей де жатты. Ал мен үшін ауыр кезеңді бастан өткерген кезең еді бұл. «Жұмыста қалдыра ма, қалдырмай ма? Бүгін жағдайым бар. Қызмет істеп жүргенде бір дастархан жайып, елге алғысымды айтайын», - деп ойладым.
жылы елу жасқа келген тойыма Қазақ Тұтынушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Балин Василий Федорович, басқарма мүшесі Ярополк Владимирович Касыло, қаржы жөніндегі орынбасар Кәрім Есмұханов деген азаматтар қатысты. Ат терлетіп Хайдар Қабиболлаұлы Дәменов те жетті. Одақтың мәжіліс залында салтанатты жиын болды. Облыс, республика көлемінен келген қонақтарды мейрамханада лайықгы күтіп, той жасадық. Облыстық Тұтынушылар одағынан Базарбай Қаржасов бастаған әріптестерім қонақ болды. Бас-аяғы 250-300 кісіні күттік. Өзіміздің «семеркадағы» құрам бір кісідей жұмылып, менің тойымды атқарысты. Деңгейі жөнінен сол уақытгағы елу жылдықтың алды болды. Әріптестеріме, басшыларға қатты ризамын. Онда да сол ой: «Енді мен қызмет істеймін бе, істемеймін бе?»...
жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызмегкері, «Нұра перзенті» поэмасының кейіпкері атандым.
2003 жылы дүркіреп алпыс жылдығым өтті. Зейнеткерлікке шығармын деген ойда жүр едім. Зейнет жасын 63-ке созган соң, тагы қалдым. Кооперацияға, туған- туыс, дос-жаранға алғысымды жеткізіп, бұған да жеттік пе, рас па, өтірікке пе деген- дей күй кештім.
* * *
2006 жылы 63-ке келгенде «Нұра ауданының Құрметті азаматы» атағын берген болатын. 2010 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Құрмет» орденін алдым. Сөйтіп, жетпіс жасымды маңдайым жарқырап қарсы алдым. 2010
114
Өмір сынақтарының сыры
жылдың 6 ақпаны күні менің бухгалтерлік қызметті бастағаныма тура 50 жыл толды. Дәл сол күні арызымды жазып, зейнет демалысына шықтым. Бірақ маған не республикада, не облыста бірде-бір адам: «Сен неге істеп жүрсің? Қызметтен кетуің керек, денсаулығың мынадай», - деп, сыртымнан да, козімше де сөз айтқан жоқ. Сондықтан, ризашылығымды білдірем. Ауруым белең алғаннан бастап, өзімді күнде психологиялық тұрғыда дайындаумен болдым: «Егер бір күні бастығым шақырып алып, «Жарылқасын Бикенұлы, сіздің денсаулығыңыз мынау, демалуыңыз керек», - десе, сол жерде құлап қалмай, өзімді озім үстап, рахметімді айтқан күйі тік кетемін». 2010 жылы ешкім ештеңе демей тұрғанда, сыйлы, құрметті қалпымда барайыы деп, үлкен еңбек демалысына шығып едім. Азаматтарға мың мәрте алғыс! Кейде жігіттер айтады: «Жәке, сен неге шықтың осы? Саған шық деген кісі жоқ. Жұмыс істей бермейсің бе. Жалақы қалтаңды тесер ме еді, жұмысыңды білесің. Істейтін шәкірттерің бар, жөн сілтеп отырсаң болар еді», - деп. Әрине, бір жағынан олардікі де дұрыс шығар. Әйткенмен, ар-ождан, ұят дегенді ескермеуге болмайды. Бүгін елдің, кооперация саласының қүрметіне бөленіп отырмын. Елдің ортасындамын.
* * *
Әнияш Көпейқызымен сонау 1968 жылдан қол ұстасып келеміз. Асыл жарым қай уақытта болсын жанымнан табылды. Қайсыбір қиыншылық, таршылықтардан иық тіресіп, бірге өттік. Балаларды бірге жеткіздік. Денсаулығымның жоғын білдірмей, қай тойға, жиынға барайық, тік жүріп-тұруымды, үсті-басымның мұнтаздай болуын қалт етпей қадағалады, жан тыныштығымды күзетті. Біздің үйден дәм татпаған кісі жоқ. Облыс, республика, Одақтың деңгейіндегі басшыларды құрметтеп қарсы алып, олардың батасын ала білді. Әнияштың да елу, алпыс жасқа толған тойларын жоғары деңгейде өткіздік. Өзінің тартыншақтағанына қарамадық.
Әнияш қызметін адал істеді, сыйлы болды. Ағайын-туысқа, бала-шағаға сіңірген еңбегіне шүкіршілік етемін. Өзі де өмірінде төрт рет ота жасатты. Оның біреуі өте күрделі еді. Әнияшымның бір қиналған шағы осы. «Операция үстінде кетіп қалсам, бала-шағам не болады? Бала-шаға несібесін табар. азаматымның жағдайы қалай болмақ? Жалғыз қалып қойса, мұны күтетін, сыйлайтын, құрметтейтін кім болады?», - деп уайымға салынғанын білем. Құрбыларының ішінде басы босын іздеп, «Жарылқасынды соған тапсырып кетем. Үйлен деп айтам», - дегенін де естідім. Өткенге қөз жүгіртсем, өмірбақи менің қамымды жеумен, менің бала - шағамды, немерелерімді, менің абыройымды, дастарханым мен шаңырағымды ойлап келеді екен. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін дүние. 2018 жылы екеуміздің отасқанымызға елу жыл толмақ. 29 ақпанда Әнияш 70-ке, 9 сәуірде мен 75-ке келеміз. Ал сол жылы 1 мамырда біздің қосылғанымызға жарты ғасыр болады. Оған дейін уақыт бар ғой. Дегенмен, өмірдің әрі қарай қалай әрілері бір Аллаға ғана аян.
* * *
... Қайын атам, Әнияштың әкесі Көпей ақсақал туралы. Жүнісбек, Исабек, Түсіпбек — ағайынды адамдар. Исабектен Көпей туса, Түсіпбектен Омар туған.
115
Жарылқасын Бикенов
Омар 1914 жылғы, соғысқа қатысқан адам. Кифая есімді зайыбы Омкеңнен бұрын қайтыс болған. Біздің атамыз Көпей 1916 жылы туған. Мен Қарағандыға келіп қызмет істеп жатқанда, Омкең қаланың Михайловка аумағында тұратын. Ленин, Киров аудандары сотының төрағасы болды. Түскі асқа шыққанда маған жұмысқа соғып: «Жарылқасын, үйің әлі көшіп келген жоқ, біздің үйден тамақ іш», - деп алып кетіп жүруші еді. Менен отыз жастай үлкен болса да, әкелік, ағалық құрметі сондай еді. 1949 жылы сот қызметінде жүрген Омкең желтоқсан айында еңбек демалысын алып, Ессентукиге барады. 20 желтоқсан күні Көпейдің қайтыс болғаны туралы хабар жетіпті. Соғыстан кейінгі қиын уақыт. Ол кезде ағайын-туыстың арқасүйер азаматы, оқыған-тоқығаны, қызметі бары өзі. Сонау Ессентукиден Қарағандыға келіп, Көпей атамызды өз қолымен арулап жерлейді. Тап сол уақытта әркімнің қолынан келмейтін іс еді бұл. Әнияш 1948 жылы туған. Әкесі қайтыс болғанда екі жасқа да толмаған. Ал іште қалған Тұяқ 1950 жылдың 29 наурызында дүниеге келіпті. Аты Тұяқ қойылуының себебі де осы. Омкеңнің үлкен қызы Люба Финляндияда тұрады. ¥лы Темірболат - қазіргі әулетінің тірегі. Қарағандыдағы Түсіпбековтер, Жүнісбековтер, Исабековтер шаңырағының бар шаруасына бас болып жүрген азамат. Одан кейінгі қызы Зина да Финляндияда тұрады. Фаридасы Алматыда, Әлиясы Астанада. Өсіп-өніп, құда-құдандалы болып, немере сүйіп отырған адамдар. Бәрі де жақсы қызметте, абыройлы, әке-шешесінің атын аспандатып жүрген жайлары бар. 2014 жылы тамыз айында әкесінің туғанына 100 жыл, қайтыс болғанына 40 жыл, Кифая шешесінің қайтқанына елу жыл толуына орай ұрпақтары жиналып, ас берді. Финляндиядан Люба келді. Ағайын-туысын, ел-жұртын жинап, ұрпаққа ұлағат болатындай іс қылды. «Орталық Қазақстан» мен «Индустриальная Караганда» газеттерінде Омкең жайлы көлемді мақалалар жарық көрді. Омкең қырық жыл сот болғаны өз алдына, ол кісінің адамгершілігі, елге сіңірген еңбегі мен абыройы бөлек әңгімеге жүк. Депутат, облыстық сот алқасының мүшесі болды. Кифая апамыз қайтыс болғаннан кейін, Галя апамызға қосылды. Ол кісі кезінде Қарағандының Киров, Ленин аудандық соттарында төрайымы болып қызмет істеді.
1974 жылы Омкең зейнеткерлікке шыққанда, қалалық атқару комитетінің шешімімен, ол кісіге «Жигули» көлігі беріледі. Ол уақытта мерейтойына орай, сіңірген еңбегіне құрмет ретінде көлік сыйланып жататын, бірақ оны өз ақшаңа сатып алуға тиіссің. Омкеңдердің тазалығы сонда, үйінде басы артық зат болмаушы еді. Машинаны алуға дайын тұрған ақшасы да болмады. Елден қарызданып-қауғаланып қана қолы жетті. Сол жылы үй болғанымызға алты жыл, Қарағандыға келгенімізге үш жыл ғана болған. Майқұдықта тұрамыз. Қолымызда енем - Әнияштың анасы Бақыт тұрады. Балалар Әбілқасым мен Гүлшат жаңа өсіп келеді. Омкең машина алғанына қуанып, сол көлігімен сүйіншілеп біздің үйге келмей ме. Әнияш екеуміз үйде жоқпыз. Сөйтсе, үйдегі Бақыт келіні, менің енем: «Жалақысы бір айдан бір айға жетпей жүретін олар сүйіншіге несін берсін?», - депті. Қазір ойлаймын, үйде болғанда, облыстың бас бухгалтері деген дардай атымыз бар, қарызга алсақ та, қазақтың ырымын жасар едік қой деп. Омкең озі соншама жыл сотта істеді. Әйелі Галя да аудандық соттың төрайымы. Екеуі екі соттың бастығы бола тұра, үйінде артық тиыны жоқ. Бірақ, ол кезде сот сайланатын уақыт, жалақысы көп емес. Осындай да азаматтар болган. Оларды өмірде ұмытуга бола ма? Омкеңдер бізді жас демеді. Үлкен азаматтармен бірге үйіне дәмге шақырып, таныстырып жататын.
116
Өмір сынақтарының сыры
«Біліп жүріңдер, бұл біздің Жарылқасын ғой. Күйеу бала деп айтпаймыз, ініміздей болып кетті», - деп отырушы еді.
* * *
Үлкен азаматтың бірі - Бекетай Төлеубаев ағамыз. Нұраның жігіті, «Казгородоктың» тумасы. Кертінді, бұрынғы «Чкалов» совхозынан. Руы - Мәмбет. Сол Бекетайды алғаш 1971 жылы Шет ауданында көрдім. Облыстық прокуратураның ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі болып жүрген кезі. Сонда ауданда ірі шығын орын алып, талай кісі түрмеге отырды. Ақпан айы болатын. Ол кісінің іскерлігіне, білімдарлығына сол жолы көзім жетті. Дер кезінде, тура шешім қабылдай біледі. Қазақша, орысша таза сөйлейді. Құжатқа да мықты, сауатты екен. Кейін прокурор, адвокат болып, Қарағанды Жоғары милиция мектебінде сабақ берді. Қарағандыға көшіп келгенімде, бір-біріміздің үйімізден дәм татыстық. Әңгімешіл еді. Домбыра тартып, енді нақышына келтіре айтатын. Дауысы керемет. Інілеріне еркелей де, еркелете де білетін. «Жарылқасын, - деуші еді жарықтық. - Сен маған екі жұма бұрын айт, жылына бір жұма шопырың болайын». Ол уақытта меншік машинасы болды. Октябрь, Совет аудандарында сот төрағасы, мүмкіншіліктері бар. «ІІІопырың болайын» деп отырғаны: ел аралатып, жақсылап демалдырайын дегені ғой. Ол кезде Жданов кешесіндегі Павел Филиппович Котляров берген үйде тұрам. Майқұдықта тұрған үйіміз кафедра меңгерушісі Сағынтай Шериаздановтың әкесіне беріледі деген соң, ол кісіге кілтін апарып бергенбіз. Соғысқа қатысқан кісі екен, бірақ жақын тани қоймаймын. Үй ақыры сол кісіге берілетін болғасын, мекен-жай бойынша тіркетіп қойдық. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор бізге жаңа мекен-жай бойынша міндетті түрде тіркелуіміз керектігін айтты. Ол үшін Майқұдықтағы үйден есептен шығып, мұнда тұрайық десек, тұрғын үй басқармасы бізді тізімнен шығармайды. Тізімнен шығып, үйді тапсыру үшін, онда тіркелгендер тізімнен түгел шығуы керек екен. Яғни, ана кісілер де тізімнен шығуы тиіс. Әнияш барып, мән-жайды түсіндіріп көріп еді, ақсақал қияңқылау екен. «Бұлар екі үйге иелік етпек», - деп, қатты сөздер айтыпты. Соның арасында Халықтық бақылау комитетіне біздің үстімізден арыз түсіріп, орыс, қазақ тілдеріндегі облыстық газеттерге «Бикенов сөйтіп жатыр» деген сарында шағым жазып жіберіпті. Қайтерімді білмей, Совет аудандық сотының төрағасы болып жүрген Бекетай Төлеубаевқа хабарластым. Жетіп келді. Әнияш екеумізді ертіп, Октябрь аудандық сотының төрағасы Рымқожа Сыздықовты да алып шықты. Төртеуміз тұрғын үй басқармасына бардық. Басқаша болмайды деп маңайлатпайды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы шешеді, сонда барыңдар деді. Оның бастығы орнында жоқ, бас инженерімен сөйлестік. Ол әрнені сылтауратып, бізді қайтадан жаңағы тұрғын үй басқармасының бастығына жіберді. Қайтып келсек, анау сол беті, жолатқысы жоқ. Сөйтіп отырғанда төлқұжат бөлімінде істейтін бір келіншек Әнияшқа сыбырлап: «Сіздер шуламаңыздар. Мен қазір барып, ол кісілердің төлқұжатын тексеремін деп алып келем», - деді. Басқарма үйі бұрынғы пәтеріміздің дәл астында орналасқан еді. Кемпір-шал мұны бізсіз барған соң қабылдап, төлқұжаттарын да беріп жіберіпті. Үшінші қабаттамыз, бір подъездегі шаруа. Әлгі кісілер біздің астыңғы қабатта отырғанымыздан бейхабар. Қажетті анықтамамызды қолымызға ұстатты. Ой- пырмай, бастық атаулының істеп бітірмегенін бір кішкентай келіншектің жасап бергеніне ырза болдық. Үйге қонаққа шақырып кеттік.
117
Жарылқасын Бикенов
Бұл 1977 жыл еді. Үйге келсек, Бақаң ас әзірлеп қойыпты. Бекеңді жақсылап сыйлап, дәмін бердік... Бекетай 52 жасында қайтыс болды. Өмірінің соңғы уақытында Бейбітшілік бульварыңдағы ауруханада ем алып жатты. Кіріп шықтық. Қиналып жатыр екен. Қолдан келер дәрмен жоқ. Дәрігер ағаларымызға көрсетуге тырыстық. Осы жатқаннан айығып кетуі неғайбыл екенін айтып қойыпты. Солай болып та шықты. Ауруханада екі жұмадай жатты да, мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Ауруханада жатқанында үлкен қойын дәптерге бірталай естелік жазып кетіпті. Заң факультетін Алматыда оқып бітірген еді. Тбилиси Жоғары милиция мектебінде оқып жүріп, бір жағдайлармен елге қайтып келген. Соңғы сапарын қалай атқару, кіміге хабар беру керектігін, кім басқарып, қайда өткізетінін, не сойылатынын да тәптіштеп жазып қалдырыпты. Зайыбы Сафура Бекеңнің басына үлкен мазар тұрғызды. Айтып кеткен өсиетін екі етпей орындады. Бала-шағасы бауырында, Бекең аманаттағандай тұрып жатыр.
Рамазан Шалабеков - Бекеңнің қайынағасы. Екінші жағынан, бірге оқып, қатар жүрген құрдастар. Рамазан бас зоотехник, совхоз директоры қызметтерін атқарды. Руы басқа болғанмен, «Казгородокта» ағалы-інілідей болып өскен. Рекең де азаматтығын жасап, Бекеңді соңғы сапарға шығарып салу шараларының бел ортасында жүрді. Сыйлы, қадірлі кісі еді Рекең. Бізді, бала-шағамызды, ағайын-туысымызды жақсы біліп, араласып тұрды.
* * *
Бір жағынан ел ағасы, бір жағынан Әнияшқа туыстығы бар Өмір Мәдікенұлы Мәдікенов, Алтынай Жұматайқызы дейтін ерлі-зайыпты жандар болып еді. Өмкең Қарағандыда оқып, медицина саласы бойынша кандидаттық, Куйбышев қаласында докторлық диссертацияларын қорғады. Профессор, академик, жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі болды. Алтынай Жұматайқызы - Оралдың тумасы. Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты. Білімді. балаға диагноз қоюдың шебері еді. Лэйла, Рашид есімді ұл- қызды тәрбиелеп жеткізді. Рашид те Мәскеуде оқып, ғылым кандидаты атанып, ісік аурулары саласында қызмет істеді. Өмкең ағалық, адамгершілік жағынан мықты болатын-ды. Ағайын-туыс ауырғанда көмек қолын талай созды. Алтынай Жұматайқызы өмірден ертерек кетті. Өмкең сексен жасында бақилық болды. Ерлі-зайыпты асыл жандарды соңғы сапарға өз қолымызбен шығарып салдық. Бұл кісілердің еңбегі кезінде лайықты бағасын алған жоқ деп ойлаймын. Өйткені, қандай да болсын марапатқа тұратын адамдар еді. Атқарған ісімен де, жазғаы кітаптарымен де. Уақытында елімізге белгілі профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қарағандыдағы алғашқы әскери дәрігер Хафиз Жаңабайүлы Мақажанов деген адам болды. Өзі қызмет істеген ауруханага сол кісінің аты берілді. Кезінде Леонид Ильич Брежневті Қазақстанға іссапармен келіп ауырып қалғанында емде- ген адам. Сол кісі Өмкеңнің елу жылдық тойында мерейтой иесініц білімділігін, тәжірибесі мен шеберлігі жөнінен Одақ көлеміндегі алдыңғы қатардағы оншақты хирургтың бірі саналатынын атап өткен еді.
118
Өмір сынақтарының сыры
* * *
Еліне белгілі, құрметті дәрігер Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков ағамыз бен асыл жары Нескен апамыз туралы бір ауыз сөз. Қанекеңнің руы Тоқа болса, Нескең - Алтайдың қызы. Қанекең Әнияшқа ага, Нескең маған апа болады. Қанекең де, міне, сексенге келді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Жаңаарқа ауданының, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы. Қаншама жыл бас дәрігер, бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды. Ғылым кандидаты, доктор, профессор, академик, университет проректоры болды. Бүгінге дейін қызмет істеп жатыр. Балалары да атақты, ішінде полковнигі, ғалымы, бизнесмені бар. Немерелеріне дейін еліне белгілі болып өсіп келеді. Қанекеңді халық біледі. Алдына барған ағайын-туыстармызға жанұшырып көмегін берді. Жақсылықтарын ешқашан ұмытпаймыз, бала-шағасымен өрістей бергенін тәуір көріп отырамыз.
Бала кезімде көріп өскендердің бірі - Байқошқаров Өсербай деген жездеміз. Аға деуіме де болады. Көкшенің азаматы, руы - Атығай. Нұра аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Абыройы бірінші хатшыдан да артық тұратын еді. Жүрген жүрісі, тұрған тұрысы, айтқан сөзі, шыққан даусы, пар ат жегіп, қыстыгүні шанамен жүргенде, аттары, сауыт-сайманы қандай еді десеңізші! Жаздыгүні пәуеске мінеді. Жеккен атын жуып, тарап, құлпыртып қояды. Ол уақытта ауданда машина деген жоқ, басшылар ат-шанамен жүреді. Соның ішінде жездеміздікі ерекшеленіп, көшеде көрген кісі бір тамашалап, рахаттанып қалатын. Қызметке мығым, жол-жөнді білетін адам-тұғын. Өмірінің бір бұралаңы шығар, бұрын үйленген, балалы- шағалы еді, ажырасып, Сәлима апамызға қосылды. Апамыз жақсы, өжет жан-тын. Өсекең домбыра шертіп, ән айтса, Сәлима апамыз баян, домбыра тартатын. Бірде Өсекеңнің басына қара бұлт үйіріліп, партиядан шығарды, қызметінен босатты. Біз ол кезде баламыз, бірақ әке-шешеміз аралас-құралас жүрді. Маржанкөл совхозының №2 фермасында тұрып, бөлімше басқарушысы болып істеді. Есейіп, 1968 жылы Нұра аудандық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болып тағайындалғанымда үлкендігін жасап, хабарласты. Жаңа үйленген кезім, Әнияш екеумізді қонаққа шақырды. Бізді жассынған жоқ, керемет күтті. Апамыз екеуі домбыра, баян тартып, ән шырқады. Таныса отырсып деп, жергілікті бас бухгалтерді де шақырыпты. Мәз- мейрам отырыс болды. Балалары Бағдат, Салтанат, Рахат, Мәдина, Беріктің өскенін, жеткенін де көрдік. Өсекең қазір бүл жарық дүниеде жоқ. Қайтыс болғанда, хабары тимей қалып еді. Ауданда жүргенде балалары да, өзі де келіп, араласып тұратынбыз. 1971 жылы біз Қарағандыға көшіп кеткеннен кейін, хабар үзіліңкіреп қалды. Үлкен қызы Бағдат Топардың басында мектеп директоры, ұлы Берік «Авгожол» мекемесінің директоры болды. Өжет, жігерлі, бауырмал, қолынан іс келетін азамат еді. Кенеттен өмірден озды да, балалары жас қалды. Салтанаты да ерте қайтыс болды. Рахат деген қызы - медицина ғылымдарының кандидаты, Астанадағы Президенттік аурухана бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды, оның жары Мүбәрак -С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетте ұстаз, ғылым докторы. Өсербай ағамыз бен Сәлима апамыз туралы деректер «Астана аймағы» атты үлкен кітапқа енген.
Жарылқасын Бикенов
* * *
Жеке басының қадір-қасиетімен сыйы артқан ағаларымыздың бірі - Қалыбек Таубайдың баласы Темір. Әке-шешеден ерте қалған. Ақмолада зоотехникумда білім алған. Орта бойлы, дене бітімі шымыр келген жан болатын. Сөзге сараңдау еді. Бірде ауылдың Жармұхамед, Қуат, тағы бір жігіттері Ақмоланың көшесінде келе жатса, орыстар қоршап алыпты. Өңкей бұзақы, төбелескіш көрінеді. Сол жерде Темір: «Сендер қашыңдар, мен жалғыз қалам», - депті. Басқалары тым-тырақай қашады да, Темір жаңағылардың ортасында жалғыз қалады. Пышақпен, кастетпен қаруланған бес-алты жігіт. Темір теніп келген әлгілерді бірінің үстіне бірін құлатып, қолындағыларын тартып алыпты. Милиция келіп, бұзақыларды салып береді. «Өлтіріп кетуі мүмкін еді ғой бұлар, қорықпадың ба?», - десе, «Бұлар мені өлтіре алмас, оздері аман жүрсе болды», - депті. Темірдің сыры - керек кезде бойына ересен күш бітіп, көтеріліп кетеді екен. Жұрт айтқанда, біз де таң-тамаша болдық. Темір еш уақытта кеудесін соғып, «мен сондаймын» демейтін. Оның ақырып-шақырып, қоқиланғанын керген емеспіз. 1961 жылы Көбетейде, әкеміздің кезі тірісінде, екі үй салдық қой. Біздің үй және Қалкеш пен Мәуештің үйі. Үйдің іргетасын құю басталған шақ. Бүгінгідей қалаушы, құрылысшы дейтін ешкім жоқ. Ауылдың адамдары, өздері тұра қалады да, сала беретін. Құрылыс басталды, кірпішін, лайын әперіп, қалап жатырмыз. Сонда Темір марқұм үйдің бір бұрышын өзі шығарды да: «Міне, былай, осылай жалғастырыңдар», - деді. Басқалардың қалағанын тексеріп, ептеп қисайғанын немесе жігі келіспегенін қайта бұзғызатын. Ештеңе етпес дегенімізге көнбейді. Сол кезде, кеп болса, жиырма бесте ғана. Өмірден оқыстан кетті. 1960 жылдардың басында Қарағандыдағы ет комбинатына мал айдап келгенде, мінген ат-арбасын машина соғады. Қасындағы атқосшысы, ат аман. Темір ұшып кетіп, асфальтқа қарақұсымен түсіпті...
Ырысбала деген апамыз болды. Әкейдің үлкен ағасы Төлеу мен Қырмызының қызы. Ырысбала - Тәстенбек, Айтжанның ішіндегі үлкені. Тәстенбек өсіп-енді, қазір, Құдайға шүкір, бала-шағасы бар. Әйелі Тұрсын өмірден озып кетті. Ырысбала апамыз қарулы, кеп сезді білмейтін, есесіне ете бауырмал, жанашыр адам-тын. Бірінші жары Сыздық деген азамат тұлғасы еңгезердей, бір сөзді, елге қадірлі болған адам деседі. Біз ол кісіні көрмедік, әке-шешемізден естігеніміз. Сыздықтан Кекіш- Тұрымтай, Алтын қалды. Ырысбала апамыздың екінші жары Орақбайдан Сайра бар. Кекіш-Тұрымтай бізге аға болды. Олар әкеден ерте қалғанымен, ежет, іскер болатын. Кекіштің жас кезі, егін жинау уақыты болса керек. Аяғында қонышы қайырылған керзі етік, жүріп келе жатқан шынжыр табанды «ДТ» тракторынан тоқтамай жатып секіріп кетеді. Трактор табанына етігінің қонышы ілініп қалып, бейнет қой, бір аяғынан айырылып қалды. Петропавлға барып, аягына протез салғызды. Трактор айдады, шопыр болды, басқа да жұмыстар істеді. Сарашқа үйленіп. балалы-шағалы болды. Аяғым жоқ демеді. Жұмысқа мықты еді. Өзі еңгезердей, бойы екі метрге жуық. Бір жылдары Көбетейден Балықтыкөлге көшті. Сонда тұрып малды-жанды болды, абыройы асты. Совхоз директорымен, басқа басшыларымен етене араласты. Әлі есімде, бала кезіміз, дүкеннің қасында орыстар қазақтарға тиісіп, ілінісіп тұр
Өмір сынақтарының сыры
екен. Көкіш келді аяңдап, бір аяғы протез. Орыстарға аулақ жүріңдер деген сыңайда әлдене айтып еді. Әлгілер басылудың орнына, өзіне шүйлікті. Көкіш біреуін ұзын қолымен тартып жібергенде, анау ұшып түсті. Содан жаңағылар жайына кетті. Ауылымызда бойы ұзын, қолы шоқпардай, алып денелі үш жігіт болды: Мұсатай Балтабаев, Жармұхамед Мақажанұлы және осы Көкіш. Үшеуінің де бабалары батыр болыпты. Үшеуі де бақилық болған. Жатқан жерлері жайлы болсын.
* * *
Төлеубайдың баласы Өмірбай 1936 жылы туған. Жетім өскен адам. Күлпараш Кұлымбетқызына үйленді. Омар ағамыздың қосағы Гүлбағила жеңгеміз - Күлпараштың апасы. Омар ағамыз қадірлі, сыйлы, әке-шешеміз дегенде, жанын беретін адам еді. Комбайнда істеді. Өмірдің түрлі жағдайымен бірнеше рет отау құрды. Оның ішінде, Гүлбағиламен өмірінің соңына дейін бірге болды. Гүлбағиланың Балтабай, Балғабайы кішкентай болатын, олар Өмкеңді өле-өлгенше әке деп сыйлап өтті. Өмкең 65 жасында Қарағандының ісік аурулары ауруханасына түсті. Қани Жұмкенұлына барып, ота жасатуға келіседі де, ертеңінде айнып қалыпты. Басқа ем қонбайды. Біздің үйден дэм ішіп, Гүлбағила мен Балтабай Нұраға алып қайтты. Хабарласып отырдық. Алланың бергені, үш-төрт күн көңіл күйі дұрыс болды. Дос- жарандарын қабылдады. «Гүлбағила, Жарылқасынға хабар берші, қиналып жатырмын», - депті бір кезде. Поштадан маған хабарласқандарында мен барамын дегем, соны естіп, «Жарылқасын айтқанын істейді. Келем деді ме, келеді», - деп қуанып қалыпты. Сөйтіп жатып, ауылға барған бір жұма ішінде қайтыс болып кетті. Қыс мезгілі. Ести сала жеттік. Балтабайы институт бітіріп, инженер мамандығын алған, өз қолы оз аузына жеткен кезі. Балғабайын үйлендірген, одан немере көрді. Жаз шыға жақсылап бейітін тұрғыздық. Өмкеңнің жиған малы, дүниесі болмағанмен, адамгершілігі мол еді. Гүлбағилаға еріп келген бес жасар Балтабайды, бір жасар Балғабайды өсіріп жеткізді.
* * *
Өмірбайды бастап айтып отырмыз. Гүлбағиланың сіңлісі Күлпарашты алып, ұрпақ өрбітті. Шопыр болып жүрді де, милицияның оқуын оқыды. Учаскелік милиционер болды. Қалқып-шалқып тұрған уақытында, араға шайтан кіріп, отбасылық жағдайлар орын алды. Өмірге балаларының алды Серік, Берік, Гүлнар, Гүлзат, Ерік келген. Қазір Күлпараштан балалары өмірден озып кетті, Гүлнар мен Гүлзат, Ерік қалғанын айта кеткім келеді. Өмірбайды атамасқа болмайтын жайт: әке-шешемізді көрді. Барлығымыздың тойымызда басы-қасында жүрді. Бірақ, шайтан шағыстырса, адам баласы өмірде әртүрлі жағдайға кезікпей ме. Бұл Өмірбайдың да басына келді. Күлпараштан кейін алған әйелімен ажырасып, Гәккуге үйленген. Одан туған — Қуандық, Алтай, Ғалымжан, Мақпалдар. Өмірбай дүниеден озғанда, хабар солардан тиді. Жатқан жері жайлы болсын, Өмірбайдың өмірдегі жаңсақ басқанын Алла кешірсін деп тілейміз. Оны айтпай кетуге, өмірде мұндай болмады деуге арым бармады. Топырағы торқа болсын.
Жарылқасын Бикенов
* * *
Қалкеш жездем кезінде Төкен Рақымжанов, Төкен Әбсаматовпен бірге Ақмола педучилищесінде оқыды. Жатақханада қыздар үстіңгі, ұлдар астыңғы қабатта тұрады. Бұларға Ақмоланың Слободка аумағындагы орыстар тиісіп, ұрып, маза бермей қояды. Дәретханаға да шыға алмайды. Бірде демалыс күні, әдеттегідей, бөлмеде қамалып отырса, сырттан «Наган, Наган» деген дауыстар естіледі. Елдегі Балтабайдың Рақымжанының Наган деген баласы болатын. Уақытында Қарағандыда шахтада істеді. Бұлар сол Наган емес пе екен деп атып шығады. Орыстар екінші қабаттағы бір бөлмеге жиналып, бәрі тік тұрып, Наганға қызмет істеп жатыр екен. «Шынымен біздің Наган болса, бізді осы құтқарады», - деп, жігіттер бөлмеге кіруге тырысады. Тым болмаса біреуі Наганға жетуі керек. Жолай құлатып, ұрып жатыр. Бұлар: «Наган, Наган!», - деп айқайлайды. Наган бөлмеден атып шығады. Өзінің бауырлары! Барлығын құшақгай беріпті. Не керек, орыстарға: «Мыналардың басынан бір шаш түссе, бастарың кетеді», - дейді. Осыдан соң-ақ, ауылдан келген жастардың көзі ашылып, Ақмолада еркін жүретін болыпты. Наган «Черный кот» деген сұмдық топ болғанда, соның басшыларының бірі болды. Есімде, артық еті жоқ, жіптіктей жігіт болатын. Төбелескенде, оқша атылушы еді. Қарағандыда да беделді болды. Ақмола теміржол техникумында жұмыс істеді. Жұмыс істеп жүрген кезінде Ақмола қылмыс әлемінің серкесімен жекпе-жекке шығып, оны да жеңген. Қарағандыда апа-жездесі Ақын мен Жұмабайдың үйінде тұрып, шахтада жұмыс істеді. Бірде, Наган жұмыста болғанда, үйге ауылдан кісі келіпті. Негізі, бір қарын май. шелек-шелек жұмыртқасын ала шыққан. Соларды сатып, қаладан киім-кешек, өзге керек-жарағын алып кетпек болған ғой. Жолда бұзақылар қолындағыларын тартып алыпты. Үйдегілер дастархан жайып, күтіп жатыр дейді. «Саспа, Наган келсін», - депті жаңағы кісіге. Ол болса: «Ештеңенің керегі жоқ, басым аман болсын», - деп шыж-быж болады. Түнгі он екіде шахтадан Наган келеді. Қонақтан не болғанын, қалай болғанын сұрап алып, тап қазір менімен жүріңіз дейді. Үйіндегілер де: «Наганмен барсаң, саған ешкім тиіспейді. Қорықпа, бар», - депті. Күштегендей қылып, бұзақы біткен бас қосатын жерге алып барады. Ондағылар шуылдап, түсірген пайдаларын жуып отыр екен. Наганмен орындарынан тұрып сәлемдеседі. «Мына кісіден не алдыңдар, бәрін алып келіңдер», - депті Наган салған беттен. Түп-түгел алып келеді...
Наган кейін 1960 жылдардың басында кұрылған Тың өлкесінде Қазақстан Қаржы министрлігі бақылау-ревизия комиссиясының бас бақылаушы-ревизоры болды. 1963 жылы Балқашин ауданында қызмет істеймін. Наган ауданға тексерушілер бригадасын бастап келді. Мекемелер мен ауылдарды тексеруге басқа адамдарын жіберіп, Тұтынушылар одағын тексеруді өз мойнына алыпты. Бас бухгалтеріміз Василий Иванович Переверзевпен әңгімелесіп отырды. Василий Ивановичті аудан халқы жақсы құрметтейтін. Наганның бұрын атын естігенім болмаса, бала болдық, жақын тани қоймаймын. Костюм-шалбар киіп, галстук тағынып, шікірейіп келіпті. Орысша мақал-мәтел араласгырып, таза сөйлейді екен. Білімділігі көрініп тұр. Біздің Василий Ивановичті сөйлетпей тастады. Василий Иванович те осал адам емес еді, бірақ Наганның алдында ептеп қиналыңқырап, сасыңқырағаны байқалды. Шаруасын тындырған соң, Наган кетіп бара жатып: «Василий Иванович, мына жігітке дұрыс көзіңмен қара», - деді мені нұсқап. Мен ештеңе сұрағаным жоқ, өзінің ағалық қамқор ниеті ғой.
Өмір сынақтарының сыры
* * *
Нағашы әжем, яки анам Зағипаның шешесі Бибісара - Алысайдың қызы. Бибісараның Бибіжар деген апасы, Кәрібай, Жақсыбай деген бауырлары болған. Бибіжардан Бәден, Дәмеш деген қыздар туады. Бәден апамыздың балаларының ішінде Бөпіш деген қызын көрдім. Бәден апамыз өте сұлу, ер мінезді, сөзге ұста еді. Отырған жерін күлдіріп отыратын. Бала тәрбиесіне мықты, ағайын-туыстың арасына дәнекер болып жүретін жан-тұғын. Бөпіш деген қызы Нұрлан Байтақовқа тұрмысқа шығып, олардан Жарқынай, Ахат, Рымкүл тарады. Бөпіш өмірден ерте озды. Нұрлан ағамыз Бәден апамыздың сіңілісі Дәмештің қызы Рымжанға үйленді. Рымжаннан - Мұқат пен Жангүл туған. Бөпіш апамыздың ұрпақтарына тоқталсам: Жарқынай үлкен қызмет істеді, жоғары дәрежелі дәрігер. Балалары, немерелері шетелде оқып, ірі қызметтер атқарып жатыр. Ахат денсаулығына байланысты демалыста, балалары өсіп жетті. Рымкүл кешегі күні Бәден апамызды өзі батып, соңғы сапарына өз қолынан шығарып салды. Рымжан апамыз Мұқат пен Жангүлді ғана емес, Жарқынай, Ахат, Рымкүл үшеуін де өз баласындай көрді. Қазір барлығы балалы-шағалы, ағайын- туыс болып араласып жүреді. Бибісара әжемнің бауыры Кәрібай ерте қайтыс болды. Зайыбы Сәлима апамыз қайтып тұрмысқа шықпады. Қызы Зықашты өсіріп жеткізді. Зықаштың баласы жоғары білім алып, қазір Америкада қызмет істеп жатыр. Сәлима апамыз да, Зықаш та өмірден ерте озды. Ал әжемнің екінші бауыры Жақсыбайдан Қамай туған. Қамайдың жары - Орал. Роза деген қызы, екі ұлы бар. Ұлдары боксшы еді. Кіші ұлы Қанат - бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еліміздің бокс құрамасында бапкер. Рима есімді келіншегі бар, балалары азамат болып жатыр.
Қамай нағашымыз өте қадірлі еді. Уақытында Қарағандыда інікі істер бөлімінің бастығы, облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болған. Нағашымыз болған соң қалжыңдап, ойнай беруші еді. Біз Қарағандыға көшіп келгенде, ол кісілер зейнеткерлік демалыста. Қарағандының іргесіндегі Көкпекті ауылында тұрды. Одан Жаңаарқаға көшті. Қай жерде болсын, Әнияш екеумізді құшақ жая қарсы алатын. Әке-шешемізге жақын адамдар.
Сәлима апамыздың біздің әулетке деген көңілі бөлек еді. Біз дегенде дастарханы қашанда жаюлы тұратын. Бірде Жаңаарқаға он екі кісімен іссапарға бардым. Сәлима апамыз жалғыз, Зықаш екеуі ғана тұрады. Қонақ үйде жатпайсың деп, менімен келген қаншама кісіні қоса үйіне әкеліп күтті. «Әуре болып қайтесіз? Оған бір мал сою керек. Ішіп-жемі тағы бар», - дегеніме қарамады. «Жоқ, шырағым. Сен бір келгенде, қасыңда жүрген жолдастарыңмен бірге келе алмағаным қалай болады. Мынау үйде қазан көтерілсе, ата-бабаларымыздың да аруағы ырза болар», - деді. Сол жолы Қамай нағашым да қоярға қоймай, бәрімізді үйіне шақырып, қонақ етті. Сонда арамызда Көйлекбай Әбжанов пен Елубай Ахметов те болды.
Осы жерде Рақмаш Ищанов нағашымыз да болды. Әкесінің аты Өржігіт еді. Уақытында «Қарағандыкөмір» комбинатының өндірістік мекемелерінде кәсіподақ басқарды. Аумақтық комитетте, облыстық кәсіподақ комитеті төрагасының орынбаса-
Жарылқасын Бикенов
ры қызметін атқарды. Кейіннен өмірінің соңына дейін «Борлы» деген жерде вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрді. Мектепте оқып жүргенімде, «анам» деп шешейді ауылға іздеп келгені бар. Үйде қонақ болды. Қарағандыға көшіп келгенімізде, мені тауып алып, үйіне шақырды. Өмірінің соңына дейін араласып тұрдық. Марал деген әйелі, Марат, Сұлтан, Қайрат, Мәрлен есімді ұлдары бар. Бізге ең жақын жүргені Қайрат еді. Рақмаш пен Қайрат өмірден ерте озды. Рақмаш үйіне кісі шақырса, бізді қалдырмаушы еді. Демалыс күндері үйге келіп, амандық сұрап тұратын. Әке-шешеміз қайтқанда жанымызда болды. Қарағандының 45-ші орамында тұрды. Көрші-қолаңына да сыйлы еді. Ауладағы ересектерді, балаларды спортқа тартып, саябаққа шығып, спортпен шұғылданудың тұтас жүйесін құрып еді. Мұндай жандарды ұмытуға бола ма?..
* * *
Әнияштың ағайын-туыстарының ішіндегі үлкені - Жолдыбек ақсақал. Зайыбы - Гүлжәміш. Жөкең - өзінің орны, ортасы бар, абыройлы адам. Мінезі бірбеткей еді, айтқанынан қайтпайтын. Қазақы салт-дәстүрге мықты. Әулетінің беткеұстары болды. Жары Гүлжәміш - өте бір ибалы, инабатты жан. Ағайынның арасында өте қадірлі болды. Екеуі де қазір өмірде жоқ. Балалары Әміртай, Найраш, Бағдат, Шайда. Дәулеш, Күләшті мәпелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Қызы ІІІайда бар өмірін сот саласына арнады. Ішіндегі өжеті, мықтысы, ақылдысы - қызы Бағдат. Алматыда заң институтын бітірмей тұрып, Қарағандыдағы қызметін Омар Түсіпбековтің қол астында хатшы болып бастаған. Сотта, Қарағандыдағы Жоғары милиция мектебінің бастығы Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсеновтің қарамағында қызмет істеді. Жоғары милиция мектебін бітірген азамат Еркін Өкенұлына тұрмысқа шықты. Екеуінен Саида, Сәбина есімді қыз балалар туды. Бағдат ер мінезді, қызметіне мығым жан еді. Қазақ қыздарының ішінде осы жүйеде қатардағы офицерден полковник шеніне дейін көтерілген тұңғыш адам. Кандидаттық диссертациясын қорғап, кафедра меңгерушісі қызметіпде істеді. Басшыларының, эріптестерінің, тыцдаушыларының алдында абыройлы, отбасында сыйлы болды. Қазақстанның бас прокуроры, Парламент спикері болған Жармахан Тұяқбаевпен бір топта оқыған. Багдат пен Еркіннің қызы Саида-ғылым кандидаты, майор. Қазірде Амантай екеуі нотариалдық кеңсені басқарып отыр. Еркін да, Багдат та өмірден ерте озды. Аруақтары ырза болсын. Бағдат өмірінің соңына дейін Әнияш екеумізді қатты сыйлады. Тағдырдың маңдайға жазғаны сол, ісік ауруына шалдығып, содан кетті.
Күләш, жары Есен, балалары Рүстем, Дина, Диана барлығы жоғарғы білімді, елге сыйлы, қызметтерін істеп жатыр.
* * *
... «Тоқа шежіресін» жазуымыз былай болды. Көбетейде Жармұхамед Мақажанұлы Жәкенов деген ағамыз бар-ды. Сол кісі бірде: «Тоқа Тілен шежіресін жазып ем, облыстық газеттің ешқайсысы баспады», - деді. Балдызым Тұяқ екеуміз қолжазбасын қарасақ, жиырма шақты ғана бет. Кітап етіп шығаруға тым аз. Жармұхамедке толықтырып, «Тоқа шежіресін» шығаруға ұсыныс жасадық. Өмірі жазып көрмеген дүниеміз.
Өмір сынақтарының сыры
Дегенмен, осы жүмысқа кірісіп кеттік. Берілгеніміз сонша, 1998-99 жылдары осы шаруаға бүкіл ауыл-ауданның жігіттерін жұмылдырдық. Мұқатай ЬІсқақов көп ат салысты. Атқамінер азаматтардың бірі Смагұл Мұқанов та білек сыбана кірісті. Смағұл Құлымбет тармағын, Мүқатай Айтқожа Сатыбалды үрпақтарын тереңдеп зерттеді. Ақыры, авторлары Бикенов, Жәкенов, Исабек болып, 2000 жылы «Тоқа шежіресі», 2002 жылы «Қарпық шежіресі», 2008 жылы «Қарпық жэне Қожа шежіресі» жарық көрді.
2006 жылы қүдам Мәжит Әбдіров бір кезіккенде Тұяқ екеумізге: «Павлодардың Ертіс ауданында құдамның құдасы Әмір деген азамат аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. Сол кісінің бір досы, Ертіс ауданының Бұланбай бөлімшесінде тұрып жатқан Амантай Нығметұлы Мусин мың жылқы айдаған дәулетті адам көрінеді. Тоқа, Қарпық шежірелерін жазғаныңыз туралы естіпті. Сол шежіреде, аруағы ырза болсын деп, ата-бабасының, кейінгі немере, шөберелерінің аты жазылғанын дұрыс көреді. Сіздермен бір танысқысы келеді. Сөйлесіп көрсеңіздер, барып қайтсаңыздар қайтеді», - деп қолқа салды. Тұяқ екеуміз Амантай Ныгметұлымен 2006 жылы тамыз айыыда тілдескенде, Павлодар жеріне шақырды. Жолға шықтық. Аужекең бізді бала-шағасымен, туыстарымен қарсы алды. Үйіне кісі шақырып қойыпты: аудан басшылары, дос-жарандары жиылыпты. Сонау Степногорскіден бір балдызы келген екен, өзі әнші, домбыра, баян тартады. Біз келеді деп, жаз болса да, тай сойдырған. Ертіс ауданыыың орталығында тұратын Мүбәрак Жаманбалинов деген жазушыны да алдырыпты. Әңгіме-дүкен құрдық. Білістік. Көрсеткен сый-құрметі көңілімізді жадыратты. Түннің бір уағына дейін отырып, сырластық. Кісілер жүріп кеткеннен кейін, Аужекеңмен жата-жастана жақын таныстық. Зайыбы Күләш Алтайдың қызы екен. Яғни, маған қарындас болады. Ата- бабасыиың өзі білетін тарихын айтып, газет-журналда жарияланған материалдарды, жиған түрлі мәліметтерін үсынды. Соның бәрін алып қайттық. 2002 жылы 620 беттік «Қарпық шежіресі» шыққан болатын. Қарпық шежіресін ғана толықтырсақ болмас, Тұяқтың нағашылары Қожа еді. Бүкіл Қожаны түгендеп шығуға мүмкіндік болмаса да, Қарпық жэне Қожа шежіресін жасап көруге бел будық. Тоқаның үшеуі - Козей, Мәмбет, Тінәліні түгендемекпіз. Елге сұрау салып, баспасөз арқылы құлақтандыру жасамақпыз. Тұяқ Нұраның Тоқа, Қожаларын, өзінің нағашыларын түгендеп жазғысы келді. Қожалар шежіресінің бұрын жарияланған бір нұсқасының авторы - Қызылорда облысының әкімі болған Сейілбек ІІІаухаманов екен. Сол кітаппен, басқа да шежірелермен танысгық. Бұл жұмысты 2006 жылы бастап, 2008 жылы барлық материалдарды бір арнаға тоғыстырдық. Енді бастыру керек. Демеуші болуға құлық танытқандар шамалы, дегенмен қолдаушы азаматтар табылды. Амантай Мусин: «Қанша керегін айтыңдар, бәрін өзім төлеймін», - деді. Солай болды да, Амантай азамат баспа шығынын толығымен көтерді. Мың беттен асатын «Қарпық жэне Қожа шежіресі» 2008 жылы басылып шықты. Шежіре жарық көрісімен, Түяққа: «Тоқа, Қарпық, Қожаға арыап үш кітап жаздық. Өз елім қайын жүртынан басқаны танымайды деп жүрмесін, «Алтай Қалыбек шежіресін» жазайық», — дедім. Көптен ойлап жүр едім. Кірісіп кеттік. Бірталай материалдар жинадық, Жаңаарқаға бірнеше бардық. Сәкен Жайлаубайұлы Оспанов, Қайролла Әбеуов деген азаматтар қарсы алып, ұлағатты Қалыбек атаның біраз ұрпақтарын жинадық. 2009 жылы «Алтай Қалыбек шежіресі» (400 бет) жарыққа шықты.
Жарылқасын Бикенов
Уақыт өте берді. Бір жазда Амантай Мусин телефон шалып тұр: «Жарылқасын, үнсіз қалдырған болмайды, шежіренің тұсаукесерін жасау керек», - дейді. «Ағатай- ау, тұсаукесерге кісі жинау қиын емес қой. Бірақ оны өткізетін болғаннан кейін, дұрыс өткізу керек. Шығыны аз болмайды. Елге мен тұсаукесерін жасаймын, сендер ақша беріңдер деген ұят». Аужекең әуреленбесін деп жатқаным ғой. Ол болса көнетін емес. «Оның да бар шығынын өзім көтерем. Күнін белгіле, елге хабарын бер. Қарағандыдағы «Орбита» мейрамханасымен келіс. Дастарханың мол, ел демалатындай болсын», - деді. «Орбита» мейрамханасына барып, Шәпен Жанпейісқызымен сөйлестім. 150 орынға ас мәзірін, өзгесін жасақтағанда, пәленбай миллион теңге болып шыға келді. Қарпық пен Қожа, Алтай Қалыбек шежірелерінің тұсаукесерін бірге жасамақпыз. Жаңаарқадан, Нұрадан кісілер шақырылды. Тұсаукесер бастлардан үш күн бұрын Амантай Күләшін, бала-шаағасын алып, Қарағандыға келді. Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылында туыстары тұратын, сол үйге тоқтады. Өздерінің жеңіл көліктерімен бірге, «КамАЗ-га» төрт жылқы салып әкеліпті. Телефон шалды: «Мен келдім, келіңдер. Бір жылқыны саған, бір жылқыны Тұяққа алып келдім. Бір жылқы мейрамханаға сойылады. Ал бір тайды, біз отыз шақты кісі келдік, соларга сойып, өзіміз жейміз үш күн. Қалса, жатқан үйімізге тастап кетеміз», - деді. Осы күні, әйтеуір, тоңазытқыш, мұздатқыш деген бар, берген малдарын сойып, соғым кезіндегідей үйіп тастадық. Аужекең ат шалдырған үйде тайды сойып, қуырдаққа шақырды. Ет асып, қасындағы жігіттермен, балаларымен таныстырды. Үлкен той да басталды. Қаражалдан Домабай ақсақал, Жаңаарқаның басынан мектеп директоры Сұлтан Бибосынов ініміз бір топ әншілерін, қымызын ала келді. Нұрадан Жармұхамедтер жетті. Ұстазым әрі құдам Махмет Темірұлы жарымен бірге келді. Кезінде Жезқазған облыстық аткомының төрағасы болған Қамза Бижанұлы Жұмабеков ағамыз, Болат Әбдікәрімов ағамыз, Қадырбек Кәкуұлы Мейрамбеков досымыз, барлығы жұбайларымен келді. Сол кездегі Қарағанды қалалық Мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанұлы, Нұра ауданының әкімі Серік Жаманқұлұлы Шайдаров, басқа да атақты, қала мен өңірдің беткеұстар азаматтары қатысты. Амантай Ныгметұлының туыстары, құдалары, достары бар. Үлкен батаны Қарпық атаның ұрпағы, сексен бестегі ақсақал Махмет Темірұлы берді, Қамза Бижанұлы жалғастырды. Келген кісілердің бірқатарына Аужекең шапан жапты. Амантай сөзіне берік, еліне сыйлы, үлкен азамат екендігін көрсетті. Жиылган қауымга бала-шағасын, немерелерін көрсетіп, бірталай сырын ақтарды. Дәл қазіргі уақытта Амантайдың төрт мыңдай жылқысы бар. Еліміз бойынша жылқы шаруашылығының алдыңғы қатарында. Түрлі байқауларда топ жарып, Премьер-министрдің, Ауыл шаруашылығы министрінің алғыстарын алған. Асыл тұқымды жылқы өсіруіне орай, Алматыдағы академик Черновтың арнайы тексеруінен өткен бұлар мемлекет тарапынан субсидияға да қол жеткізді. Сөйтіп, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы «Жылқы зауыты» мәртебесіне лайық деп танылды. Ондағы жылқы біткен аса ірі, әрі етті. Амантаймен бүгінде араласып-құраласып тұрамыз.
* * *
Әмір мен Клара арқылы Асқар Марданов деген азаматпен танысып едік. Зайыбы - Пана. Облыстық сот төрағасының орынбасары, қалалық, аудандық соттардың төрағасы болды.
Өмір сынақтарының сыры
Осы күнге дейін қызмет істеп жатыр. Отбасымызбен араласып кеттік.
Елемес Иманғалиев - облыстық полиграфияның басшысы. Зайыбы - Тамара ханым. Бұл кісілермен де Асқар, Әмірлер арқылы таныс-біліс болдық. Азаматтығы сол, әзірлеген шежірелеріміздің бәрін өз баспасынан кітап етіп шығарды.
Ініміз Қайрат Сатуұлы Кәкенов. Экономикалық университетте прорекгор болып істейді, зайыбы - Анар. Талды, Егіндібұлақ ауданы Тұтынушылар одақтарының төрағасы болған Болат Ерсінұлы Жақсыбаев, Мейрам Қаппасұлы Еумаров деген азаматтар. Жақсылық Серікбайұлы Толпаков ініміз, ғылым кандидаты, профессор, зайыбы - Шара. Талай кітаптың, оның ішінде «Бухгалтерлік есеп теориясының» авторы. Сәбит Амантайұлы Қарашолақов қажы, зайыбының есімі - Сәуле. Екеуі де ғалым, жанымызға жақын адамдар.
2014 жылы кіші ұлым Ерғанат үйленіп, Динара қызымызды келін етіп түсірдік.
Динараның әкесі Мұхтар Жорабеков деген азамат елуінші жылдың тумасы, құдағиымыздың есімі - Шәрипа. Мұхтар құдамыз 1998 жылы ерте қайтыс болған екен. Көзі тірісінде жоғары партия мектебін бітіріп, совхоз директоры, аудандық атқару комитетінің басшысы, Торғай облысы экімінің орынбасары қызметтерін атқарыпты. Өз ортасына сыйлы, құрметті, оқыған-тоқығаны мол адам болған екен. Алла Тағала ол кісіні көруге жазбады. Құдағиымыз Шәрипамен біргеміз. Жолдастары Торғай облысы жабылғанда, «Досымыздың отбасы жұртта қалғандай болмасын», - деп, Көкшетауға көшіріп алыпты. Бұл ретте көкшетаулық Кеңес пен Қайырбек деген достарын көрдік. Жұбайларының есімі - Бижамал, Нұржамал. Кеңес қазір облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. Қайырбек кезінде колледж директоры болган. Мұхтар құдамыздың туған-туыстары, Шәрипа құдағиымыздың жақындары, аты аталған қос досы кешегі күні Динараны ұзатқанда, Көкшеде дүбірлетіп той жасады. Қарағандыға келіп, біздің тойдың төрінде отырды. Мұхтар құдамыздың жатқан жері жайлы болсын дейміз. Динарамыздың Райхан, Анар есімді екі әпкесі бар. Үшеуі де жоғары білімді, жүрген жерлерінде сыйлы, құрметті.
* * *
Біздің Тұяқтың үлкен қызы Гүлмира 1994 жылдың аяғында Жаңаарқаның азама- тына тұрмысқа шықты. Құда-құдағиымыз - Марал мен Бәтима деген кісілер. Марал о дүниелік болып кеткен. Думан, Жанна және Азамат есімді балалары қалған екен. Сол Думаны бізге күйеу бала болды. Балалары Саян, Диана, Аиша өсіп жатыр. Саян ҚарМУ-дың екінші курс студенті, Дианалары Назарбаев мектебінде 9-шы сыныпта оқиды. Жаннасы жары Айтуғанмен балалы-шағалы. Марал болмағанмен, аға-жеңгесі Орал мен Гүлнар, қарындасы Рәбигүл-Роза бар. Рәбигүл өте ақылды, адамгершілігі мол, ер жігіттей мінезі болған адам. Қызмет жасап, облыстық Тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Қарағандыда үлкен бір компанияның бас директоры болды.
Жарылқасын Бикенов
Сөйтіп жүргенде, жары Аманжан өмірден озды. Балаларын жеткізді. Думанға да қамқорлық танытты. Той-думан, барлық қызық-қуанышқа араласты. Сол Розамыздан да ерте айырылдық. Марал құдамның ағасы Орал екеуміз түйдей құрдаспыз, менен екі-ақ күн үлкендігі бар. Әулетімен теміржолшылар. Өзі Омбыда теміржол институтын бітіріп, кезінде конькимен жүгіруден Сібір чемпионы атанған. Баян, домбыра тартып, ән шырқайтын өнері бар. Құда, дос ретінде Оралмен, балалары Сағыныш - Сәбина, немерелері Толғанай, Адалжандармен жақсы араласып түрамыз.
* * *
Тұяқтың Ерен деген үлы политехта тау-кен ісінен ғылым кандидаты. Әсем есімді зайыбы бар, Теміртау қаласында сот болып істейді. Балалары - Нұрасыл. Әсемнің әкесі Сейілхан құдамыздың руы — Тоқа. Қазіргі Жарасбай ауылында тұрады, Сара деген зайыбы бар, сол кісілермен қүда болдық. Өзіміздің ініміздей. Іалай жыл совхоз директоры болған, қазір жауапкершілігі шектеулі серіктестікке басшылық етеді, екі мәрте облыстық Мәслихат депутаты болды. Еліне сыйлы, қадірлі. Қай уақытта да қасымыздан табылатын ардақты азаматтың бірі. Тұяқтың кіші қызы Әсел Астанада министрлікте беделді қызмет істейді, қызы Ясмина мектепте оқып жатыр.
Арман-Ортау Салқымбаев деген Әнияш пен Тұяққа жақын туыс болып келетін азамат. Ортаумен жақсы қарым-қатынастамыз. Баян деген жары, Дана, Әлия есімді қыздары бар. Ортау уақытында Шахтинскіде ОБХСС-тің бастығы қызметін атқарды. Қаржы полициясында бөлім, басқарма бастығы болды. Полковник шенін алды, экономикалық сотта істеді. Бүгінгі таңда зейнеткерлікке шыққан, отандық бизнесті көркейтуге хал-қадірінше ат салысып жатыр. Азаматтығы, туысқандығы, інілігі ерекше.
* * *
Сапар Исабековтің әкесі Исабек пен анасы Бәя менің әке-шешеммен дос болған, бір-біріне жарты омыртқасын сақтап отырған адамдар. Әкесі достың - баласы дос. Қарағандыға келгеннен кейін Сапар екеуміз жақын танысып-білістік. 1971 жыл. Майқүдықта тұратын кезіміз. Сапар үйіне қонаққа шақырды. Жданов көшесінде тұратын. Болат, Тазагүл Әбдікәрімовтермен сол үйде таныстым. Болат ол кезде облысгың кәсіби техникалық білім басқармасында орынбасар. Аға-жеңгесі Хамидолла мен Луизамен де қызық-куаныштарымыз ортақ болды. Хамидолла нағыз шахтер, еңбекқор, ақкөңіл жан. Іні-келіні Оралбай мен Жамалмен де араластық. Оралбай Халық бақылау комитетінде қызмет істеп, кейін партия құрылымына ауысты. Анасы Бибіжан сол Оралбайдың қолында болды. 1973 жылы Жезқазған облысы құрылып, Болат соған өз саласы бойынша басшы болып барды. Қызметін адал атқарды, еңбегімен көзге түсті. Экономика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик атанды. Комитет терағасы, вице-министр, Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесінің депутаты болды. Соңғы кездері Еуразия ұлттық
Өмір сынақтарының сыры
университетінде сабақ берді. С. Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің профессоры, академигі болды. Ғылыми еңбектерді қорғау мәселесімен шұғылданатын диссертациялық кеңеске төрағалық етті. Жары Тазагүл де ғылым докторы. Балдызы Бақыт пен бажасы Ерсайын Көбетей ауылында қызмет істеді. Бөкеңнің бір ерекшелігі - өте кішіпейіл, ағайын-туысқа, досқа адал. Білімі мықты, жан-жақты болатын. Мен 2008-2009 жылдары бірінші «Тоқа шежіресін», кейін «Қарпық және Қожа шежіресін», «Алтай Қалыбек шежіресін» жазғанда, тарихи материалдарды көптеп тауып берді. Ғалым ретінде жон сілтеп отырды. 70, 75 жылдық мерейтойларына қатысып, бір ауыз сөзімізді айтып едік. Сол тойынан кейін бір апта өткізіп, бақиға аттанып кете барды. Біз ол кісіні өмірінің соңына дейін сыйлап өттік. Соңғы сапарына арулап шығарып салдық...
Оралбай - ел адамы. Қогам, мемлекет қайраткері. Жасаған қызметі, соған сай алған марапаты көп. Оралбайдың Жамалы адал, кішіпейіл, әулетінің сыйлысы. Оралбайдың анасы Бибіжан жүз жасап, соңғы сапарына осы Оралбай меи Жамалдың қолынан аттанды. Әкесі 1946 жылы қайтыс болған. Сол кезде Хамидолла он екі, Болат жеті, Оралбай екі жаста... Бибіжан анамыз балаларын өсіріп, жеткізді. Ел анасы болған адам. Ақыл-ойы, берген батасы айрықша еді. Қареке елінің қызы. Бұл кісілердің әкелері - Тоқа. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары. Оралбай Елбасы Әкімшілігінің Басшысы, Елбасының кеңесшісі, Мемлекеттік хатшы, республикалық Жоғары Тәртіптік кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған. Зейнеткерлікке шыққанша түзу, таза, ақ жолмен жүрді. Еліне сыйлы азамат. Лауазым, атағы жетіп жатыр, бірақ табиғаты қарапайым, кішіпейіл, халқына қамқор азамат. Арамыз бір жарым ғана жас болғанмен, мені өмірбақи аға деп сыйлайды. Той- томалағымыздың басы-қасынан табылды. Осындай азаматтар тәрбиелеген Бибіжан ана Елбасына да батасын берді. Отырған орны, айтқан сөзі ерекше мәнді. Өмірінің соңына дейін елінің қамын ойлап, Алладан халқына жақсылық тілеп өткен адам. Жатқан жері жайлы болсын.
* * *
Төлебековтер әулеті. Кешегі Қасен ақсақал, Жұмкен, Жұмажан апамыз, Шәкітай (Шахан) ағамыз - Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің полковнигі, Кеңес Одағының алтын медаль алған 250 чекисінің бірі, атақты ағамыз. Осы кісілердің бәрін Сапар арқылы біліп, араласып кеткен едім.
Зайролла Нығметоллаұлы ақсақал жайлы айтқым келеді. Нығметолла атамыз академик Қаныш Сәтбаевтың ағаларына дәріс оқыған адам. Зайрекең соғысқа қатысып, Ленинград қоршауында болады.II , III дәрежелі «Даңқ», «Құрмет» ордендерінің иегері, Ленинград қаласының Құрметті азаматы. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы. Зейнеп апамыз - Сәкен Сейфуллиннің серігі Абдолла Асылбековтің немере қарындасы. А. Асылбеков революционер болған, Қарағанды облыстық атқару комитетінің тұңғыш төрағасы.
Жарылқасын Бикенов
* * *
«Сөйлей-сөйлей шешен боласың, көре-көре көсем боласың» дейді емес пе. Өмірді таныдық. Бір азамат ақсақалға сәлем беріп: «Ақсақал, неге мұңайып отырсыз? Балаларыңыз өскен, жеткен. Немере көрдіңіз», - десе, ақсақал: «Шырағым- ай, ана торғай мен тобылғы құрлы болмағаннан кейін, неге мұңаймайын», - депті. «Не болып қалды?». «Анау тұрған тобылғыны көрдің бе? Соның ішінде торғай балапандарымен отыр. Төбеден төнген қарақұс балапандарымды алып кетпесін деп тобылғының арасына тығылды. Тобылғы торғайға пана болды. Жаңа алдымнан немерем жүгіріп шықты. Келінім артынан қуып келе жатыр екен, «жүгірмек, өйтемін де бүйтемін деп». Келініме: «Мен атасымын ғой, бір ашуыңды маған бер»,- деп ем, сөзіме құлақ аспастан. немеремді қолымнан жұлып алып сабағанда, еш қайраным болмады. Сонда менің адамдығым неде? Торғайға пана болган тобылғы құрлы болмағаным ғой»... Осы мысалдан азамат болып жер басып жүрген соң, алдыңа келген кісіге қолыңнан келген көмегіңді беріп, пана болсаң, текке өмір сүрмегенің деген ой түйіп ем.
Ел аузында қалған әңгіменің бірін баяндай кетсем. Бір саудагер бастапқыда басқа ештеңесі болмаған соң, сүт сатумен ғана шұғылданыпты. Сонымен-ақ байып, жағдайы келетін болған соң, Меккеге барып қайтуға ниеттенеді. Кеме қожайынынан жол жайлы сұрап біліпті. Келісілген күні бар ділдасын бір дорбаға салып алып, кеме қожайынына барады да, жол ақысын төлейді. Кеменің ішін аралап көреді. Кеме қожасының бір маймылы бар екен. Шаршаған саудагер бір жерге отырып, қалғып кетеді. Оянса, мойнындағы дорбасы жоқ. Қожайын екеуі бүкіл кемені тінтіп шығады. Табылмайды. Бір уақытта жоғары қараса, кеме бағанының ұшар басында маймыл отыр. Қолында дорба. Әке-көкелеп жалынғанымен, маймыл тыңдамайтын көрінеді. Ол шыққан биікке бұлар шыға алмайды. Маймыл дорбаны аша бастаған уақытта, саудагер жылап қоя береді. Бар ақшасы теңізге түссе, ізімғайым жоғалмақ. Маймыл бір ділданы алып, саудагерге лақтырады. Қағып алып, «піссіміллә, менікі» дейді. Екінші ділданы алып шығып, суға тастап жібереді. Саудагер: «Судыкі», - дейді. Маймыл дорба әбден босағанша, ділданың бірін саудагерге, бірін суға тастап отырыпты. Босаған дорбаны саудагерге тастайды. Саудагер жылауын қояды. Қожайын тұрып: «Бағана жылап-сықтап едің. Ділданың біреуін саған тастаса, «Менікі» дейсің. Суға тастаса, «Судыкі» дейсің. Бұның мәнісі не?»,- деп сүрайды. Сонда саудагер: «Қожайын, маймылың өте ақылды екен. Мекке- ге бара жатқан мені күнэмнан тазартып жатыр. Маған бергені - сүттің ақшасы. Суға тастағаны - сүтке су қосып сатып ем, сол ақша», - деген екен шынын айтып. Айтқым келгені, адам қашанда таза болуы керек.
* * *
Ел аузынан естіген мына бір эңгіме де жадыма жатталып қалыпты. Ертеде бір елде мықты азамат болады. Шіріген бай. Бірақ. әйелі мен балалары ерте қайтыс болып, соқа басы қалған екен. Ауыл жұртының бәрі ағайын-туыстары. Бірде сол ағайындары жиналып: «Жаман айтпай жақсы жоқ. Ертең бұл аяқ астынан өмірден озып кетсе, байлығы, дүние-мүлкі кімге қалады? Ағайын бірімен –бірі қырылмасын десек, көзінің тірісінде өзі аманаттасын», - дейді.
Өмір сынақтарының сыры
Сондай пәтуамен алдарына үлкендерін салып, әлгі азаматтың үйіне барады. Ол болса, келгендердің бәрін төріне шығарып, мал сойып, қазан көтеріп, құрмет көрсетіпті. Тек соңына таман ғана: «Ал, ағайын! Келгендеріңіз дұрыс. Бұйымтайларыңыз болса, айта отырыңыздар», - дейді. Бастап келген үлкендері сөз алып, «Дүние-байлық сенің басыңда. Зайыбың, балаларың өмірден озып кетті. Жаман айтпай жақсы жоқ. Ертең әлдеқалай болып кетсең, мынау ағайын-туыс дүниенің соңында бір-бірімен ит-мысықтай болар. Мұрагеріңді осы бастан айтып қой», - дейді. «Ағайын! - депті сонда әлгі азамат. - Айтқандарыңыздың жаны бар. Бірақ, маған ойлануға бір жұма мұрсат беріңіздер». Бір жұмадан кейін бәрін жиып, тағы да мал сойып, табақ тартып, құрмет көрсетеді. Тағы да әңгіме-дүкен құрылып, бірталай уақыт өтеді. Жаңағы азамат сөз бастап, «Ағайын, мен көп ойландым. Бір шешімге келе алмай, көп толғандым. Бір шартым бар. Менің мұрагерім болғысы келген адам көрге менімен бірге тірідей көмілуі керек. Күн ұясына бата көрден суырып алғанда тірі болса, ол кім болса, ол болсын, бар байлығым соныкі», - депті. Мұндайды күтпеген жұрт тосылып қалады. Қисық деп те, дұрыс деп те айта алмайды. Бұл жігіттің мінезі қатты, айтқанынан қайтпайтынын біледі. Үнсіз келісіп, шығып кетеді. Шыққаннан кейін ауыл болып жиналып, ақылдасады. Байлыққа бәрінің де ие болғысы келгенмен, тірідей көрге түсуге ешқайсысының жүрегі дауаламайды. Сонда біреуі тұрып: «Осында бір отыншы бар. Үйсіз-күйсіз жүр, не қатын-баласы, не ағайын-туысы жоқ. Тамағын асырап жүрген балтасы мен кендір жібі ғана бар. Отын шауып, бір үйге апарып береді, сол үйдің тамағын ішіп, қонады. Келесі күні келесі үйде. Бір көнсе, сол көнер», - дейді. Бәрі сол отыншыны алдырып, үгіттеуге көшеді. Ол да оңайлықпен көнбейді. Ақыр аяғында: «Сенің мына жүрген өмірің өмір ме? Тірі өліксің ғой. Жарты-ақ күнде байып шыға келесің», - деген соң, отыншы келісіпті. Арада талай уақыт өтіп, әлгі дәулетті азамат бұл жалғанмен қош айтысады. Айтқан өсиеті бойынша, отыншыны бірге көмеді. Халық күн ұясына кірер уақытты күтіп отыр. Шариғатқа сәйкес, мәйіт жерленіп, Құран оқылып, елдің бәрі бейіт басынан қырық қадам ұзаған соң, Мүңкір мен Нәңкір періштелер өлген адамды тергеуге келеді. Періштелер келіп қараса, тірі адам жатыр. «Неғып жүрген пендесің? Өзіңнің нең бар, айтшы?», - дейді жан алқымынан алып. «Балтам мен кендір жібім бар, басқа ештеңем жоқ», - дейді бұл. «Солай ма? Балтаны қайдан алдың?». «Білмеймін». «Неге білмейсің? Айт!». Отыншыны быт-шыт қылып, есінен таңдырып тастайды. Есі кіргенде, балтаны базардан алғаны есіне түседі. «Базардан қанша ділдаға алдың?». «Білмеймін». Тағы да сол. Ділданы қайдан алғанын сұрап, әрлі-берлі сілкілейді. Күн үясына батып бара жатқанда, ауылдастары қабірді қазып, суырып алыпты. Отыншы тұра қашады. Ел жабыла қуып, әрең тоқтатады. «Тоқта! Есің дұрыс па? Мына байлықтың бәрі сенікі!», - деп шулайды қамалап. «Маған ол байлықтың керегі жоқ», - депті сонда отыншы байғұс. «Неге керегі жоқ?!». «Әкетайлар-ау, менде бары бір балта мен кендір жіп. Қабірде балта үшін ғана есептесіп бола алмадым. Ана дүние-мүліктің бәрін о дүниеге барғанда қайдан алдым деп жауап берем?!», - деп азар да безер болыпты. Оз еңбегімен, адал келмеген байлық бойға сіңбейтінін, не нәрсенің де сұрауы барын түйсіндіретін мысал бұл. Және сол ақиқат.
Жарылқасын Бикенов
* * *
Қазір дінді халыққа насихаттағанда дұрыс түсіндіре білу қажет. Имам, молдалар тек құдайы асқа келіп, бір дұға оқумен шектелмей, халыққа әр аят, әр сүренің мазмұнын, мән-мағынасын жеткізе білуі керек. Мысалы, бір айт намазына қатысқаның мың намазға татиды екен. Сонда жылына Құрбан айт, Ораза айт кездерінде екі намазға барсаң, екі мың намаз оқыдың деген сөз. Ал күніне бес уақыт намазды жылға көбейтсең, 1825 шығады. Кейбіреулер Қадір түнін бір күтуің 83 жылға татитын күнәңнан тазартады деп қатысады. Дегенмен, дұрыс жүріп, дұрыс тұруды, адалдықты адам қашанда естен шығармауы тиіс. Адамды соңғы сапарына жөнелткенде де, мешіт қызметкерлері жөн-жоралғысын түсіндіріп отыруы қажет. Бүкіл республикамызда бірыңғай, бір Құранның жолымен істелетін амалдар болуы керек деп ойлаймын. Ал бізде бір ауданның ішінде он бес шақты ауыл болса, әр ауыл өзінше атқарып жатады. Қарап отырсаңыз, сол ауылдардағы имамдар бұрынғыдай ақсақалдар емес, медресе бітіріп келген жастар. Осылардың бәріне ортақ бір тәлім- тәрбие беріліп, олар соны халыққа жеткізулері керек. Имамдардың ел алдында сағаттап сөйлеуі міндет емес, Құраннан бес-он минуттық насихат жасап, уагыз айтса, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінен, Хазіреті Ғалының (р.а.) өмірінен мысал келтіріп, әулие-әнбиелер, бұрынғы өткен пайғамбарлар жөнінде айтып жатса, өскелең ұрпаққа үлкен дәріс әрі сауапты іс болар еді.
* * *
Осы жасқа келіп, талай жағдайларды басымыздан өткердік. Соның бәрін саралай келіп, өз жанымнан шығарған бата-тілектерім бар еді. Кейінгі ұрпақ үшін соларды жария еткенімнің артығы болмас.
Әлхамдуллаь раббил ғаләмин,
Бисмиллаһ рахман-ир-рахим!
Ия, Алла Тағала!
Халқыма қажымас қайрат бер,
Мызғымас бірлік бер,
Қуатты тірлік бер,
Ұрпағыма малын жаны үшін,
Жанын ары үшін сарап қылатын оянған сана бер.
Ия, Алла Тағала!
Осы әулеттің дұшпандарын табанда қыл,
Достарын қасында қыл.
Бастарына бағын бер,
Астарына тағын бер.
Қызыр бабам қолдасын,
Бір Алла Тағала осылардың істерін оңғарсын.
Еліме амандық бер, жұртыма тыныштық бер,
Не берсең де қайырымен бер. Аллаһу әкбар!
Өмір сынақтарының сыры
Бұл - той үстінде жасалар бата.
Өмірден адам қайтқанда жасалатын бата:
Әлхамдуллаһ раббил ғаләмин,
Бисмиллаь рахман-ир-рахим!
Ия, Алла Тағала!
Халқыма қажымас қайрат бер,
Мызғымас бірлік бер,
Қуатты тірлік бер,
Ұрпағыма малын жаны үшін,
Жанын ары үшін сарап қылатын Оянған сана бер.
Ия, Алла Тағала!
Өмірден озған мына азаматқа арнап беріліп отырған мына асты, айтылып жатқан тілекті, беріліп жатан садақаны, оқылып жатқан дүғаны қабыл ал! Ия, Алла Тағала! Өмірден озған осы азаматтың жатқан жерін жайлы қылып, топырағын торқа қылып, көрмеген көшесінен жарылқап, жанын жәннатта, тәнін рахатта қылып, пейіштің төрінен орын бер, иман байлығын бер. Ия, Алла Тағала! Еліме амандық бер, жұртыма тыныштық бер. Не берсең де. қайырымен бер. Аллаһу әкбар!
Үшінші бата:
Әлхамдуллаһ раббил ғаләмин,
һрахман-ир-рахим!
Ия, Алла Тағала!
Өрелі елдің адамдарын өрісті қылғайсың,
Жылқыларын желісті қылғайсың,
Жігіттерін келісті қылғайсың,
Қыздарын қылықты қылғайсың.
Ата-бабадан бата қонған,
Ұрпақтан-ұрпаққа беріп жатқан батамызды,
Айтып жатқан тілегімізді жұғысты қылғайсың!
Аллаһу әбар!
Тілектің ендігі бір түрі:
Әлхамдуллаһ раббил ғаләмин,
Бисмиллаһ рахман-ир-рахим!
Ия, Алла Тағала!
Мынау азаматты кім деп менен сұраса,
Айтар ем,
Қазағымның ұсағы емес, ірісі дер ем,
Қазағымның жеңілі емес, ауыры дер ем,
Қазағымның тары емес, кеңі дер ем,
Қазағымның саязы емес, тереңі дер ем.
Бәрінен де, адам дер ем,
Жарылқасын Бикенов
Адал дер ем,
Халқымның ұлы дер ем.
Аллаһу әкбар!
Жастарға беретін бата:
һраббил ғаләмин,
Бисмиллаһ рахман-ир-рахим!
Ия, Алла Тағала!
Арынды елдің асыл да ардақты ұлы мен қызы болыңдар,
Салалы елдің саналы да салмақты ұлы мен қызы болыңдар,
Көшелі елдің көрікті де көрнекті ұлы мен қызы болыңдар,
Өрелі елдің өнерлі да өнегелі ұлы мен қызы болыңдар,
Бәрінен де, адам болсын дер едім, адал болсын дер едім,
Бақытты болсын дер едім.
Аллаһу әкбар!
* * *
Сөз тыңдайтын жерде айта жүретін «Бір жарым дос» деген әңгімем бар еді. Жастарға сабақ болар, айта кетейін.
Ертеде бір ақсақал өмір сүріпті. Бәйбішесі екеуінің жетпістен асқан кездері екен. Жалғыз ұлы болыпты. Сол ұл жасы қырықтан асып кетсе де, үйленбей жүріп алыпты. Достарымен ауыл-ауылды аралап, серілік құрып, ойын-сауықты төңіректеумен жүреді екен. Күндердің бір күнінде әкесі оны шақырып алып, «Балам, елдің біз сияқты ақсақалдары немере түгіл, шөбере сүйіп отыр. Мен әлі немере сүйген тұрмақ, келіннің қолынан шай ішіп те көрген жоқпын. Енді үйленбесең бол- майды», - дейді. Мұны естіген баласы: «Ойбай, әке, не айтып тұрсыз? Үйлену қайда қашады? Әлі жаспын, көрмеген қызықтарым көп. Бірінен - бірі ететін қырық досым бар, сол ортаны қалай қиямын. асықпаңдар», - депті шорт кесіп. «Онда, - дейді ақсақал, - сонша досыңның бары, олардың сен дегенде шығар жаны бөлек екені рас болса, сенің айтқаның болсын. Тек сен маған бір түніңді қи, сол достарыңды сынайын». Баласы келіседі. Сол күні түн ортасында ақсақал бір түйеге әлдебір ораулы жүкті артып, жетекке алады да. үлына: «Ал, балам, жүр. Қай досыңа апарасың? Ең бір мықты деген досыңа апар», - дейді. Баласы бастап алып барады. Түн ортасы ауған, ел шырт ұйқыда. Баласы досын оятып, әкесіне алып келеді. Баласының досын көрген ақсақал: «Балам, айналайын, мынау менің жалғыз ұлым. Досы екенсің, бұл жаңа бір кісіні өлтіріп алды. Ана түйенің үстінде ораулы тұр. Бізге көмектесіп, осы жағдайдан құтқарып жібер», - деген екен. «Сіз не айтып тұрсыз?! - дейді анау ат-тонын ала қашып. - Қырықтан асқанша үйленбей, секең қағып жүрген ақылсыз ұлыңыздың істеген қылмысына мені араластырғыңыз келіп тұр ма? Ешқандай көмегім жоқ, аулақ жүріңіздер!». Ақсақал болса: «Шырағым, онда сенің бізге берген көмегің сол болсын, ешкімге айтпа. Аман бол», - дейді де, баласын ертіп одан ары жүреді. «Ал, балам, қайсысына барамыз? Ең мықтысына барайық», - дейді тағы ұлына. Ол тағы бір үйге ертіп келеді. Мұндағы досын да тұрғызып, әкесінің алдына
Өмір сынақтарының сыры
әкеледі. Келген себептерін білген соң, бұл жігіт алдындағы досынан да ауыр сөздер айтып, екеуін ит қосып қуғандай болады. Былай шыққаннан кейін, әкесі баласына: «Балам, енді қайсысына барамыз», - десе, ол: «Жоқ, эке, ең сенімді дегендерім осылар еді», - дейді жерге қарап. «Ә-ә, балам. Олай болса, менің жетпіске келген жасым бар, бір жарым ғана досым бар. Кеттік менің жарты досыма», - деп, алга түсіп, тартып береді. Содан шамалы уақыт жүріп, жарты досым деген кісінің үйіне келеді. Түн қараңғылығы қоюлана түскен. Оянып, есік алдына шыққан досы бұларға құшақ жайып, құрақ ұшады. Төріне шақырып жатса, баласымен келген ақсақал зірк ете қалады: «Әй, сен тұра тұр. Осындай жағдай болып қалды. Содан не істерімді білмей, досым деп саған келіп тұрмын, құтқар бұл жағдайдан». Әлгі кісі: «Өзің мен балаңды да, мәйітті де жасырармын-ау, түйеңді қайда жіберем?!», - деген екен сасқалақтап. «Өй, атаңды ұрайын. Әу бастан жарты дос едің, сол жартылығыңды істеп тұрсың! Кет әрі!», - деген ақсақал бұрылып жүре береді. Бұлар тағы біраз жүріп, бүгін досым деген адамның үйіне жетеді. Бұл досы да қүшақ жая қарсы алады. Есік алдында мән-жайды бастап түсіндіруі сол, «Үйге кіре беріңдер, басқасын өзім реттеймін», - депті бұл досы. Үйіне кіргізіп, қазан көтертеді. Ақсақал мен баласын күтіп, олар осында біраз күн қонақ болады. Өз үйлеріне қайтып келген соң, баласы әкесінен басын иіп кешірім сұрапты. Ақылға салса, қырықтан асса да, бірде-бір досы жоқ екен. Достың қандай болатынын жетпістен асқан әкесінің мысалынан көреді.
Қазіргі адамдардың, әсіресе жастардың арасында кімді көрсе соны дос санайтын жеңіл түсінік етек алған. Сыналмаған достың шын мәнінде қандай адам екені бір Аллаға аян. Жолдас көп, басыңа іс түскенде қол ұшын берер нағыз достар аз болады. Дос пен жолдасты айыра білу керек.
* * *
Хазіреті Ғалының (р.а.) өмірінен бір-екі сөзі айтып жүретінім бар. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) уақытында, Ислам діні енді кіріп жатқан заманда, жорықта жүрген Хазіреті Ғалы (р.а.) Исрайыл патшамен жекпе-жекке шығады. Ол кездері екі жақтың патшасы не батыры жекпе-жекке шығып, жеңілген жақтың әскері ұрыссыз беріледі екен. Исрайыл патшаны Хазіреті Ғалы (р.а.) қылышымен о дүниеге аттандырып жіберіпті дейді. Қарсы әскерден біреу оқтай ұшып келіп, семсерін сілтеп қалады, бірақ мүлт кетеді. Жасақтары оны ұстап, жаудың басқа әскерлері де беріледі. Барлық сауыт-саймандары мен дүниелері Хазіреті Ғалы (р.а.) әскерінің олжасы болады. Жаңағы атпен шауып келіп, семсер сілтеген - Исрайыл патшаның ерлерше киінген қызы болып шығады. Қамауға алынған қыз күзет басшысына: «Мен Исрайыл патшаның қызы Қанапиямын. Осыны Мұхаммед пайғамбарға жеткіз», - депті. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) пәрмен етіп, қызды оның алдына алып келеді. Сәлемдескеннен кейін, Қанапия:
Сіз мені алдымен Ислам дініне қабылдаңыз, - дейді.
Мұхаммед пайгамбар (с.г.с.):
Е, Алла Тағала! Исрайыл патшаның қызы Қанапия Ислам дініне кіргісі келеді. Қабыл ет, Аллаһу әкбар! Қабылдандың Ислам дініне, - дейді.
Екінші тілегім: Сіздің асырап алған төрт балаңыз бар екен. Мені бесінші қылып алыңыз.
Жарылқасын Бикенов
Е, Алла Тағала! Исрайыл қызы Қанапияны бесінші балам деп қабылдаймын. Аллаһу әкбар!
-Мен Хазіреті Ғалының (р.а.) олжасымын. Мені Хазіреті Ғалыға (р.а.) қосыңыз.
Мен сендерді қоса алмаймын. Бұл Хазірегі Ғалы (р.а.) мен Бибібәтиманың (р.а.) құзырындағы шаруа.
Пайғамбар (с.ғ.с.). ерлі-зайыптыларды шақыртып, Қанапияның тілегін жеткізеді. Бибібэтима (р.а.): «Менің қарсылығым жоқ. Оны Хазіреті Ғалы (р.а.) өзі шешсін», - дейді. Хазіреті Ғалы (р.а.): «Бибібэтиманың (р.а.) қарсылығы болмаса, менің де қарсылығым жоқ», - деп жауап береді. Сөйтіп, Хазіреті Ғалы (р.а.) мен Қанапияның некесін қияды.
- Соңғы тілегім, - дейді Қанапия, - мен Хазіреті Ғалыдан (р.а.) бірінші ұл туам. Ол ұлдың есімін екі кісінің атынан Мұхаммедқанапия деп атасам...
Рұқсат беріледі. Исрайыл патшаның қызы Қанапия мен Хазіреті Ғалыдан (р.а.) Мұхаммедқанапия өмірге келеді. Сол баладан Қожа, Арыстанбаб, Ахмет Яссауи тарайды.
Хазіреті Ғалы (р.а.) жөніндегі тағы бір әңгіме. Хазіреті Ғалының (р.а.) тұрмыста Бибібәтиманы (р.а.) ренжіткен тұстары болса керек. Бірақ, Бибібәтима (р.а.) ешауақыттта әкесіне барып, шағым айтпайды. Бір күні Пайғамбар (с.г.с.) қызымен кезігіп қалып, халін сұрайды. Іштей сезгенмен, ол кісі де ештеңе айтпайды. Тек қызына: «Хазіреті Ғалы (р.а.) жорықта, түрлі сапарларда жүреді. Аңға шығып, сейіліп қайт демейсің бе? Көңіл күйі көтеріледі. Өмірге көзқарасы басқаша болады», - деген екен. Бибібәтима (р.а.) әкесінің айтқанын жарына қайталайды. Хазіреті Ғалы (р.а.) оның айтқанын құп көріп, нөкерлерімен аңға шығады. Біршама жерге барып, бірталай аң алады. Бір күні кешкісін алдынан жалт-жұлт еткен тұлпар шығады. Хазіреті Ғалы (р.а.) оның сұлулығына таңғалады. «Мынау менің атым болуы керек. Қайтсеңдер де ұстаңдар», - деп, нөкерлерімен бірге қуып береді. Тұлпар қашып келеді. Жете алмайды. Қуа-қуа, дос-жараны бірінен соң бірі қала береді. Аты мықты деген Хазіреті Ғалы (р.а.) да жете алмайды. Аты әбден болдырып. күн бата бір жерге жетіп аяңдайды. Әлгі атты атуға қимайды, тірідей ұстап мінгісі келеді. Дұрыстап қараса, өзінен қашқан аттың үш аяғы ғана бар екен. Бұл таң-тамаша қалып, одан сайын қызығады. Қасындагы жолдастары әлі жоқ. Жолды қиып, төтесінен жүрмек болады да, таудан асып келе жатса, алдынан бір үлкен айдаһар кезігіпті. Хазіреті Ғалы (р.а.) дойыр қамшысымен тартып жібергенде, жылқының мықты дегенінің өзі тұрған орнында жатып қалады екен. Айдаһарды сол қамшысымен тартып кеп жіберсе, әлгі құбыжық қайта өсе түседі дейді. Қамшысын қайталап сілтемекке ұмтылғанда, айдаһар аттың алқымынан алады. Сол кезде Хазіреті Ғалының (р.а.) қолы айдаһардың басына сипай тиеді. Сол-сол-ақ екен, айдаһар сылқ етіп жерге құлайды. Мұнысы несі деп ойлайды да, ары қарай жүре береді. Келе жатса, жолын- да көлденең жатқан кішкентай сандықты кореді. Ат үстінен қамшымен іліп алайын десе, сандық орнынан қозғалмайды. Иіліп барып, көтерсе, аты тізесіне дейін жерге кіріп кетеді. Сандықты көтере алмайды. Сол жерде аппақ киім киген, жылы жүзді ақсақал пайда болады. Хазіреті Ғалы (р.а.) көтере алмаған сандықты таянып,
Өмір сынақтарының сыры
ұшымен ғана көтеріп алады. Сөйтеді де, жоқ болып кетеді. Ештеңеге түсінбеген Хазіреті Ғалы (р.а.) сапарын одан әрі жалғастырады. Енді бір уақытта қараса, лық толы қап арқалап, бір кұлап, бір тұрып бара жатқан кісіні көреді. Жолда бірдеңе жатса, әлгі адам тоқтап, оны онсыз да толы қабына салып, әрі қарай мықшыңдайды. Осының бәрін түсіне алмаган Хазіреті Ғалы (р.а.) келген соң, Пайғамбарга (с.г.с.) барып сәлем беріп, болған жайды баяндайды. «Менің ағымнан мықты, менің атымнан жүйрік ат жоқ деп жүретін едің, бұл Алла Тағаланың саған сабаңа түс дегені ғой. Сенің атыңнан үш аяғымен-ақ озатын ат бар екен», - дейді Пайғамбар (с.г.с.). Хазіреті Ғалы (р.а.) айдаһар, сандық, ақсақал, қап арқалаған адам туралы айтқанда, Пайгамбар (с.ғ.с.): «Айдаһар - ол әйел. Әйелді ұрған сайын, ашынып өсе береді. Сипасаң, сылқ етіп құлап, айтқаныңнан шықпайды. Сандықты сен кішкентай деп менсінбей, күшіңе ғана сенгенсің. Сырын білмеген дүниеге төбеден қарауға болмайды. Ақсақал - Қызыр баба, осының бәрі сол кісінің сабағы. Ал қап арқалаған адам - мына жүрген біздерміз. Күнәміз көбейген сайын, оны азайтқанның орнына, көбейте береміз. Бұл да Алла Тагаланың саған беріп отырған хабары. Ойлан. Күнәдан аулақ бол, халқыңа қызмет істе», - деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |