Өмір сынақтарының сыры
Жарылқасын Бикенов
Тұяқ бүгінде үлкен ғалым, ғылым докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі. Кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. Жоғары атгестациялық комиссияның мүшесі болып, кандидатгық, докторлық диссертацияларға қорытынды жасады. Қазір алпыс беске келіп жатыр, балалары да өсті.
* * *
Сөйтіп жүргенде, 1973 жылдың қазан айында бір жастан енді асқан Нұрқасымымның туа біткен жүрек жетімсіздігі дертіне шалдыққаны белгілі болды. Балам ерекше ақылды, сезімтал еді. Дәрігер бес жасқа толғанда алып келуіміз керектігін айтқан. Алла соған жеткізсе деп жүр едік, бір күні қатты ауырды. Болмаған соң, Әнияш екеуі қаланың «Дальний парк» жағындағы балалар ауруханасына жатқызылған. Алайда, сол қазан айында балам ауруханада жатып жүріп кетті. Сәби түнде қысылған екен, Әнияш қанша айқайлағанмен, көмекке келер не бір дәрігер, не бір медбике табылмапты. Таңғы алтыда баламыздың денесін мәйітханаға алып кеткен. Автобуспен үйге жеткен Әнияшқа есікті өзім ашқан ем: өң-түс жоқ, әбден жылаған. «Нұрқасым енді жоқ». Қаят апамыз, Нұрғиса аға, Омкең Галясымен, Жөкең, Құтпан мен Дәмежан бар, сол уақытта араласқан кісілеріміздің бәріне хабар беріп, облыстық Тұтынушылар одағынан бір машина сұрап алып, «Дальний паркке» келсек, ауруханада баламызды бермейді. «Сот-медициналық сараптамадан өткізу керек». Ол кезде Омкең Ленин аудандық сотының, Галясы Киров аудандық сотының төрағасы, кезекші дәрігер оларды да тыңдамады. Жұмыс күні еместігін алға тартады. Бір-ақ кісі айтса жібереді екен, ол – қаланың бас хирургі. «Ол кім?». «Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков». Омкең сол кісіге қоңырау шалып, рұқсат алды.
Мәйітханаға кіріп, өз баламды өзім көтеріп алып шықтым. Мұндай жағдайды алғаш бастан кешкендік қой, жан-дүнием сұмдық болды. Өмір нені көрсетпейді?! Нұрқасымды Көбетейдегі әкейдің жанына апарып қойдық.
Осы 1973 жылы әкейдің жылын беріп, басына ескерткіш орнаттық.
Жоғарыда аты аталған Владимир Загороднюктің аспирантураға түсу туралы ұсынысынан бас тарттым. «Інімнің жағдайы анау. Әкем қайтыс болды. Жылын бермей жатып, балам қайтыс болды».
* * *
Қызметте, шүкір, елдің ортасында болдық. Қысы-жазы аудан-ауданды аралап. Вениамин Александрович қайда жүрсе, қасына алып жүрді. Ол кісіден де бірталай дүниені үйреніп едік.
Облыстық Тұтынушылар одағында істегеннен кейін, Алматыға да талай барып, Хайдар Қабиболлаұлымен жақсы танысып, қызметтес болдық.
Сонау 1967 жылдан танып, бірінші көргенім – Жаңыл Жұматқызы Жұмағалиева – бөлім басшысы, басқарма мүшесі еді. (Жұбайы Ерназармен де араласып, өмірлік дос болып кеттік). Кейін төрағаның сауда ісі жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілді. 1973 жылдың 3 мамыры күні мені Қазақ Тұтынушылар одағынан Хасенов Ербосын Хасенұлы шақыртты. Қызметке алмақ. Сол кезде Вениамин Александрович: «Өзің шеш. Бірақ, бізге керексің», – деп еді.
Жаңыл Жұматқызы кабинетіме келіп: «Жарылқасын, жақында ғана келдің. Біраз істеп үйренуің керек қой. Алматыға әлі барып үлгерерсің», – деді. Оны сол уақытта төрағаның сауда ісі жөніндегі орынбасары болған Қабден Ысқақұлы да қостады. Облыстық Тұтынушылар одағында да талай мықтылар істеді. Соның ішінде Құлкен Шаяхметов бар. Кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ауатком төрағасының орынбасары, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра аудандарында ауатком төрағасы болған. Мен дүниеге келген 1943 жылы Көбетейде тұрған. Яғни, дүние есігін ашқанымның куәгері. Ол кісінің зайыбы Ермек Қалыбекқызы маған апа болып келеді екен. Қызметте абыройлы Құлағаң ауыл шаруашылығы өнімдері бөлімін басқарды және партия ұйымы хатшысының орынбасары қызметін қоса атқарды. Жаңыл Қибайқызы Қибаева деген апамыз Нұра ауданында бас бухгалтердің орынбасары болды, Қарағанды облыстық Тұтынушылар одағы ревизиялық комиссиясының төрайымы қызметін атқарды. Екатерина Ивановна Фикс, Жауһар Хәкімқызы Асайынова, әрине, қызметтес кісілер көп болды. Жақын араласып, сыйласқан адамдарды ғана атап отырмын.
* * *
Вениамин Александрович Ханмен он екі жылдай қызметтес болдық. Өте білімді, сауатты адам еді. Жыл соңында барлық бөлімдер жылдық есептерін тапсырады. Оларды қорыту керек. Жиырма бес бөлімнің есептерін оқып, қатесін тауып отыратын. Алты орынбасары болды. Ішінде мені жеке шақырып алып, қаржы, есептілік, сақталушылық жөнінде пікір алмасады. Жиылыстар соңында маған сөз беріп, қолдап отыратын-ды. Кейде «Жарылқасынның айтқаны болады, Жарылқасынның айтқанын тыңдайды, біздікін тыңдамайды», — деген сияқты күндеулер де болып жатты. Вениамин Александрович өткізген әрбір лездеме – сабақ. Ешқашан ешкімге қатты сөз айтып көрген емес, жалпылама айтып отырғанда, әркім өз кемшілігін түсінетін. Екеуміз көрші тұрдық. Қызмет ойдағыдай жүріп жатты.
* * *
1974 жылы бірде Вениамин Александрович кабинетіне шақырды. Сөйтсем, ол кісіге Новосібір институтының проректоры, маған бухгалгерлік есептен дәріс оқып, Дипломымды қолыма тапсырған Лазер Авраамович Фолькович, Қарағанды кооператив институтының ректоры Павел Филиппович Котляров. профессор, ғылым докторы Моисей Григорьевич Лернер үшеуі келіп отыр екен. Лазер Авраамович Қарағанды кооператив институтына іссапармен келіпті. Қуанып, құшақтасып амандасып жатырмыз. Котляров бастап, біздің Тұтынушылар одағына келіп отырған соң, «Новосібірде оқығандар бар ма?», – деп сұрағанда, бастығым мені және осында қызмет істейтін орыстың екі қызын айтқан. Өзім келгенше, Фолькович мені мақтап, аспирантураға қалу туралы ұсыныс жасағандарын еске алыпты. Сөйтіп, бастығым мен институт ректорының алдында мерейімді бір өсіргені бар. Жұмыс бабында қолдау көріп жүруіме осы ұстаздарымның да септігі тиді. Ол кісілерге алғысым шексіз арада жеті-сегіз жыл өтсе де ұмытпапты.
Өмір сынақтарының сыры
* * *
Сол 1974 жыл болатын. 19 қараша күні таңертең жұмысқа келдім. Бірінші қабатта орналасқан кабинетімде отыр едім, қаржы бөлімінің басшысы кірді. Қол қоятын қаулыға қарасам, түк көрмеймін. Аппақ қағаз. Ана кісі шұғыл деп қоймайды. Қағазын алдым да, өзін есіктен шығарып, іштен жауып алдым. Жақындатып бір, алыстатып бір қараймын. Әнияш кооператив институтының оқу бөлімінде істейтін, телефон соғып: «Әнияш, сен жылдам жет, көзім көрмей қалды», – дедім. Михайловкаға, №1 емханадағы Үмітжанға бардық. Кісі көп екен, Үмітжанды жолықтырып, ол мені бірден бас дәрігерге апарды. Екі көздің де қысымы сұмдық көтерілген. Біреуі – 29, екіншісі 39-40 шамасында. Майқұдықтағы бас ауруханаға жолдады. Медицина институтында физиологиядан сабақ беретін Жаһан жездемізге хабарласып, шақырып алдық. Бас аурухана үйден алыс емес, бірақ ол кезде жаяу ғана барасың. Көзімнен жас парлап келеді, Жаһанға көрсетпейін деп тырысып-ақ келемін. Әнияш пен бес жасар Әбілқасым соңымыздан еріп келеді. Әбілқасымым әкей қайтарда қалай жыласа, бізге ілескен бойы солай еңірей берді. Сол уақытта жүрегімнің қаншалық езілгенін түсіну қиын шығар.
Бөлімшенің бірде-бір палатасында орын жоқ, дәлізге орнықтырды да, уақыт оз- дырмай, көзіме дәріні құйып жіберді. «Пилокарпин» екен, қарашықты кішірейтіп, көз қысымын түсірмек. Ота жасаймыз деді. Емдеуші дәрігерім Болдырева Людмила Ан- тоновна Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында аспирантурада оқитын болып шықты. Асықпады, желтоқсан айына дейін жатқызып, көз қысымын түсірумен айналысты. Сөйтті де, маған Мәскеу, Одесса көмектеспейтінін, Куйбышевта профессор, академик Тихон Иванович Ярошевский барын, бір шипа болса, сол кісіден болатынын айтты. Оған КСРО Денсаулық сақтау министрлігі арқылы бару керек. Және кешікпей жолға шығуым керек. Кейін, арада жиырма-отыз жылдай өткенде Әнияш айтады: Людмила Антоновна сыртқа шыққан соң: «Басың жас, күйеуің бірінші топтағы мүгедек болады. Енді жұмыс істемейді. Сондықтан, ойлан», – депті. Әнияш сонда небары 26 жаста. Жас басына осындай ауыртпашылық түсті. Өмірлік жарын қиындықта тастап кеткен жоқ. Тіпті, жоғарыда айтылған дәрігердің сөзі туралы да ешкімге тіс жармаған.
1974 жылы желтоқсан айында ауруханадан шықтым. Куйбышевқа (қазіргі Самара) жүру керек. Кафедра меңгерушісі, профессор Анатолий Наумович Медведев академик Ярошевскийді таниды екен. Өз атынан хат жазып берді. 5 желтоқсан – мерекелік демалыс, Кеңес Конституциясы күні. 6 желтоқсан күні Мерқасым інім екеуміз ұшатын болдық. Нұрғиса ағамыз бен Қаят апамыз мен жолға шыққанша біздің үйде болды. Әңгіме айтып, көңілімді аулап, маған көп демеу жасады. Сол күндері Нұрғиса ағамның да жүрегі мен деп қарс айрылды, білем. Алланың ісіне не шара, қолдан келер қайран жоқ.
Ұшаққа отырардан бір күн бұрын ауылдан Зағипа анам, Қабдолла, Нұрғали, Қуаныш бастаған бір автобус кісі келді. Қарағандының басынан Нұрғиса мен Қаят, Құтпан мен Дәмежан, Рамазан мен Рахат, тағы басқалар келді. Әуежайға келсек, осында мені шығарып салуға келген елу-алпыс кісі жүр. Бір уақытта Дәмежан: «Мәжит күйеу бала, мына кісілердің бәріне балмұздақ алып бер», – деді. Мәжит ол кезде ажырасып, екінші рет үйленген. Екінші әйелі – Кемелдің қызы Тілеужан, Омар Түсіпбеков ағамыздың қолында тәрбиеленген. Жалақы ол уақытта шамалы.
Жарылқасын Бикенов
Мәжит, оның үстіне, екі балаға алимент төлейді. Кейін білгенімдей, қалтасында таксиге мінетін бір сом ғана ақшасы бар екен. Сонда да жолынан жығылмай, балмұздақ сататын қызға паспортын тастап, жаңағы елу-алпыс адамға балмұздақ алып берді.
Куйбышевта күн суық. Аурухана бірнеше корпустан тұрады. Профессордың кабинеті негізгі корпустың үшінші қабатында орналасқан. Академик Ярошевский сәлем айтқан Анатолий Медведевтің жағдайын сұрап жатыр. Төрт кісілік бөлмеден орын берді. Мерқасымды қонақ үйге орналастырып, ұшаққа билет алып беру керек болғандықтан, ертең келуге рұқсат сұрадым.
Еділ өзенінің жағасында «Волга» қонақ үйі бар. Ішінде авиакасса бар. Мерқасымға билет алдық та, екі кісілік нөмірге қонып шықтық. Мейрамханасында отырып, теледидар көрдік. Інім: «Тауықтың етінен, айраннан алып жүрейік», – дейді. Ауруханада буфет барын білетін мен оны қайтемізге бастым. Емханаға барсақ, кісі көп екен. Күте-күте бізді шақыра қоймаған соң, Мерқасымға әуежайға баратын такси шақырттық.
Содан қабылдау бөлмесінде кешке дейін отырдым. Қарын ашты. Тіркелмегендерді буфетке кіргізбейді екен, Мерқасымның айтқанын құптамағаныма өкіндім. Алтыға бес минут қалғанда аты-жөнімді атады-ау. Не жағдай болды десем, сырттан келгендерді бас дәрігердің қолынсыз ауруханаға жатқызбайды екен. Ал бас дәрігер күн үзаққа жиналыста болған. Үшінші қабаттың дәлізінен кушеткалық орын берді. Володя есімді татардың жігітіне де палатадан орын бұйырмаған екен. Өзі Куйбышевтікі. Екеуміз кешкі асқа барсақ, тізімге енбегенімізді айтып, бермеді. Бір-екі тілім нан мен қара шай ішіп, ол күнді де өткіздік. Ертеңінде палатаға ауыстырды. Дәрігеріміз – Наталья Борисовна Лукова. Медицина ғылымдарының кандитаты, доцент. Әкесі Борис Луков ғылым доктор болыпты, соғыс уақытында Ленинградтан көшіп келген. Бірақ, әкесі ерте қайтыс болыпты. Шешесі Станислава да көз дәрігері.
31 желтоқсан күні ауруханада кезекші дәрігер Наталья Борисовна болды. Ординаторлық кабинетте отыр екен. Жетінің кезінде кірдім де, «Сіздер маған неге ота жасамайсыздар? Қашанғы жата берем?», – дедім. «Көзге ота жасау деген оңай дейсің бе? Отадан соң көрмей қалсаң қайтесің?». «Жоқ, көреді», – деймін. «Оны сен қайдан білесің? Сенің көзің оңай нәрсе емес. Бір көзің көрмеуге жақын, көретін көзіңнен айырылсаң, тіпті көзсіз қаласың. Ондайды ешкім мойнына алмайды. Сенің көзіңе ота жасау тек профессор, академиктің қолынан келеді. Жаңа тәсілі бар, сол ғана көмектеседі». Наталья Борисовна өте жақсы адам еді. Бір туғандай болып кеттік. Адамгершілігі зор, науқас адамға жаны ашып тұрады. Тәуліктің қай мезгілінде болсын көмектесуге дайын тұратын елгезек. «Жарайды, – деді маған. – ертеңгі демалысымнан кейін сені профессорға алып барам. Келісімін алу керек, саған отаны бізде одан басқа кісі жасай алмайды».
Айтқан күні профессордың алдына бардық. Үндемейді. Мен: «Тихон Иванович, сіз ота жасауыңыз керек. Мен көрем», – деймін. Күлді. «Сен оны қайдан білесің?». Наталья Борисовна мен профессордың осында бөлім меңгерушісі болып қызмет істейтін баласы Бронислав Тихонович мені қолдап отыр. Қараса, профессордың бір бос күні жоқ екен. Қоғамдық жұмыстары бар, сабағы бар, әйтеуір толып жатыр. Өзі Жоғарғы Кеңестің, облыстық кеңестің депутаты, обком мүшесі, денсаулық сақтау ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, тағысын тағы. Отырғандар: «Тихон Иванович, сіз шамалы уақыт бөлсеңіз болды. Өзіміз дайындап қоямыз», – дейді.
Өмір сынақтарының сыры
Олай қарап, былай қарап, жетісі күнгі бір сағатын бөлді. Мен дереу Қарағандыға телефон шалып, Әнияш пен Мерқасым жетісі күні таңғы алтыда Куйбышевқа ұшып келді. Мерқасым қонақ үйге орналасты да, Әнияшқа ауруханада менің қасымда қалуға рұқсат берді. Әнияш елден әкелген сәлем-сауқатымен бірге білектей қазы алып келіпті. Мұндағы орыстар жылқы етін жемейді екен. Қаншама қазыны жалғыз өзім қалай тауысам, ауруханада жатқан татарларды тауып алып үлестірдік.
Ота сәтті өтті. Ертеңіне Тихон Иванович тексеріп: «Тіл-көзім тасқа, барлығы жақсы», – деді. Мерқасым келіп тұр: «Ұйықтағанда есік ашық қалып, біреу қалтамдағы ақшаның бәрін сыпырып кетіпті», – дейді. Екеуіне қайтуға ақша жоқ. Абырой болғанда, менде бар еді, бердім.
Сол кезде шын мәнінде не болғанын Мерқасым бауырым кейін, араға отыз бес жыл салып барып айтты. Сөйтсек, қонақ үй мейрамханасында отырған мұны бір жігіттер карта ойнауға шақырады. Мерқасым қартаны жақсы көреді, жақсы ойнайды. Жігіттер бөлмесіне апарып, бұл білмейтін бір ойынды үйретіпті. Аналар ұтылады, бұл ақша ұтып алады. Ұтқан сайын қызығады. «Ұтылып отырғандар» бір кезде ақырындап ұта бастайды. «Мықты ойнайсың», – деп қоятын көрінеді. «Сенің қолың кетіп бара ма?» – дегенді де қыстырып қояды. «Ештеңе етпейді», – деген Мерқасым ойынға одан сайын беріледі. Не керек, екі-үш сағатта бар ұтқанынан да, өз ақшасынан да айырылып, ауруханаға таксимен баратын бір-екі сомы ғана қалады... Арада қаншама жыл өткенде естіп отырған соң қайтем, басымды шайқап, күлдім де қойдым.
Ауруханадан 19 қаңтар күні шығаратын болды. Әнияш Куйбышевқа қайта келді. Наталья Борисовнаға сый-құрметімізді көрсетіп, елге рахмет айтып, қонақ үйге бардық. Бірге жатқан Володя мен әйелі Надя екеуі қонаққа шақырды. Наталья Борисовнаның үйінде де қонақта болдық. Келесі күні екеуміз Қарағандыға қайттық. Ағайын-туыспен аман-есен қауышып, мәре-сәре болдық.
Өмірдің үлкен сынағынан алғаш рет солай өттім. Көзіме содан бергі қырық жылдан астам уақыт ішінде алты рет ота жасаттым.
* * *
Көзіме ота жасалғаннан кейін, алты ай сайын Куйбышевқа барып, қаралып отыр- дым. Қашанда Наталья Борисовна қарсы алып. шығарып салатын. Валерий Васильевичке тұрмысқа шықты. Шешесі үшеуі бір үйде тұратын. Кооперация саласында қызмет істегеннен кейін, не жоқтың бәрі қолымда, алып барам. Марқұм кетерде ақшасын санап беріп жатады. Алмаймын десем де болмайды. «Күйеуіміз екеуміз алатын жалақы Әнияш екеуіңнің жалақыңнан алты есе көп», – дейтін. Сосын, Куйбышевтың кондитерлік фа- брикасынан тәттінің неше атасын салып береді. Әйтеуір, туыстай болып кеттік. Баласы- мен Қарағандыға келіп қайтқаны бар. Тағы бірде күйеуін де қарсы алдық. Отбасымызбен араластық. Өзі дүниеден озса да, баласымен, күйеуімен күні бүгінге дейін телефон арқылы сөйлесіп, жағдай білісіп тұрамыз. Талай сынақтан өткенде, сондай адамдар қасымнан табылды. 1998 жылға дейін Куйбышевқа барып тұрған уақытымда, жоғарыда айтқан Зейнетулла-Володя Булатов ауруханаға жұмасына екі рет келіп, шыққанда үйінде қонақ етіп, мені бала-шағасына дейін қадірлейтін. Менің үйіме әйелімен бірге келіп, қонақ болып қайтқан. Осы күнге дейін хабарласып тұрамыз.
Жарылқасын Бикенов
Сол кісілердің бәріне басымды иіп, рахметімді айтам.
* * *
1979 жылдың 1 сәуірінде ота жасатуға тағы да Куйбышевқа бардым. Менімен бірге ауруханада сонау Павлодардан Куйбышевқа тартылған мұнай құбыры компаниясының бас директоры жатты. Дүние жүзінің әуе толқындарынан хабар ұстайтын радиоқабылдағышы бар. Содан мен Алматыны, басқалар басқасын тындаймыз. Ота жасалған бір жігіттің көзі қарығып, инфекциялық бөлімшеге алып кетті. Соңынан жаппай карантин жарияланды да, бәріміз инфекциялық бөлімшеден бір-ақ шықтық.
Менің көзім қызарып кетіп, түк көрмейтін қылып жауып тастады. Бөтен палата. Жатып-тұруың қиынға соғады екен. Көңілім құлазыды. Көріп отырған көз су қараңғы сияқтанды да қалды. Енді көре ме, оны бір Құдай біледі. Наталья Борисовна басқа корпуста болғанына қарамай, таңертең сағат сегізге он бес қалғанда жүгіріп келіп, жалғыз мені қарап кетеді. Түсте де, кешке де солай. Дәрі құйғызады, уколдың түр-түрін белгілейді, алуан түрлі аппаратқа апарады. Одан қалса, көңілімді аулайды.
Телефонға шақырды. Қарағандыдан Болат Қажыкәрімов екен. Елдегі дос-жаран күнара хабарласып, халімді біліп тұратын. Болат қалжыңдап, менің көңілімді аулағысы келеді. Ал менің көзімнен жас парлап, «иә» деген бір ауыз сөздің өзі көмейімнен қыстығып әрең шығады. Жағдайым туралы тіс жармадым. Бірақ, досымның елегені салым суға кеткен маған қайрат беріп, қайта жігерлендірді. Бөтен елде жатқанда, өмірімнің ең бір қиын сәттерінде жолдастар көрсеткен қолдау, қамқорлық мен үшін баға жетпес дүние.
Елге қайтуымды о баста 15 сәуірге белгілегенбіз. Бұл сәтті 25 мамырға дейін күтуіме тура келді. Қос көзім, таңған дәкені алғанда, бұ жарық дүниені толық көрді. Наталья Борисовнаға мың да бір рахмет айтам!
* * *
...Мәжит туралы. Шыншыл, адал, артық сөзі жоқ жігіт – Телқозы шоңның ұрпағы. Самар жездесі әкеден ерте айырылған Мәжиттерге қиын-қыстау заманда қорған болды. Самар ақсақал Мәмбет ата балаларының ішіндегі сөзге ширағы, өзі бауырмал, еліне, жұртына үлкендік сөзін арнап жүретін адам еді. Мен Куйбышевқа кетіп бара жатқан уақытта Мәжит Ақмешіт ауылында рабкооп төрағасы болып жүрген. Мәжитке облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылардан сұрап, совхоздың бағасымен бір жылқы алып беруді, қысқа жеткізбей біздің үйге соғым сойып әкелуді тапсырып кеттім. Ол кезде Балықтыкөл совхозының директоры – досымыз Қорабай Досжанов. Бас ветеринар – біздің Қуаныш. 31 желтоқсан күні Мәжит жылқыны алуға барады. Сөйтсе, жылқышы жолатпайтын көрінеді. Жаңа жылдың қарсаңы, ешкім жоқ. Сөйтіп тұрғанда, Ақмола ауыл шаруашылығы институтында алты айлық курста оқып жүрген Куаныш сап ете қалыпты. Жылқының семізін таңдатып сойдырады да, Мәжиттің машинасына артып беріпті. Бұл-дағы Қуаныштың досқа адалдығының, жанашырлығының бір белгісі.
Өмір сынақтарының сыры
Жарылқасын Бикенов
Әйтпесе, оқуда жүрмін деп сылтау айтса да болатын еді. Мәжит қуанып, Қарағандыға беттейді. Жолда машинасы жүрмей қалыпты. Уақыт өткізбеу үшін, шопырды қалдырып, өзі жылқыны жолшыбай машинаға салып алады да, түнгі сағат он екінің кезінде Майқұдыққа жетеді. Үшінші қабатқа көтеріп шығарысатын ешкім жоқ, бірінші қабаттағы Жұмағалидың үйіне кіргізіпті. Өзі тоңған, тамақ ішпеген. Бақаң мен Әнияш тәтті-жұмсағын алдына қойып күтіпті. Сонда Мәжит: «Ешкімнің ала жібін аттап көрмеген Жарылқасынға бұл кесел қайдан жабысты?!», – деп көзіне жас алған екен.
* * *
... 1971 жылы Қарағандыға келгенде облыстық Тұтынушылар одағы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Махами Абдулович Яхин еді. Ақтоғай, Қу, Нұра сияқты аудандардың бірінші хатшысы болған. Бұл кісіден көп тәрбие көріп, көп үйрендік. Ин- ститутты жаңа бітіріп келген жас жігіт Қазболат Сопыжанұлы Әшляев сол бөлімде аға нұсқаушы болып істеп жатты. Күзде партияның есеп беру-сайлау жиналысы болды да, мені партия ұйымының хатшысы етіп сайлады. Аудандық комитетте де, басқармада да, жастар арасында да беделім бар. Елдің бәрі жассынбай сыйлайды. Молдаш Мұқатов деген үлкен ақсақалымыз болды. Сауда техникасын ұйымдастыру бөлімін басқарды. Күллі сауда жабдықтары мен жаңа дүкен ашу мәселелері сол кісінің қолында.
Мен сайланған соң, комсомол ұйымының жиыны өтті. Қазболат Сопыжанұлын комсомол ұйымының хатшысы етіп сайладық. Қазболат кейін Махами Абдуловичтің орнына ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Қалалық атқару комитетінің сауда бөлімін басқарды. Обкомда нұсқаушы, облыстық сауда басқармасы бастығының орынбасары болды. Одан кейін Алматы мен Талдықорғанда облыстық Тұтынушылар одағының, облыстық сауда басқармасының бастығы болды. Орталық Комитетте нұсқаушы қызметін атқарды. Қазақ Тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық Тұтынушылар одағының төрағасы қызметтерін де атқарды. Ал 1999 жылдан бастап күні бүгінгі дейін – Қазақ Тұтынушылар одағының төрағасы. Қазболаттың әкесі Сопыжан Әшляев «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресі бастығының орынбасары, әлеуметтік-кадр ісі қызметінің басшысы болды. Сопкеңе Қазболатпен бірге барып, ол кісі менің Майқұдықтан Қарағандының орталығына көшуіме себін тигізіп еді. Орынтай апамызды танып, кейін Ерқара мен Гүлнүр Аймағамбетовтер арқылы тіпті жақындастық. Қызмет істеп жүрген соң үстімізден нешетүрлі арыз жауған кездер де болды. Сонда обкомда істеп жүрген Қазболаттың аққа жақ болған азаматтығын көрдік. Еңбегі жанды, бүгінде ел сыйлаған үлкен азамат. Қуаныш пен қайғымыздың қай-қайсысында да қасымыздан табылды. Қазболат пен зайыбы Раушанға біз отбасымызбен ырзамыз.
* * *
... 1973 жылы Ербосын Хасенұлы Хасенов Қазақ Тұтынушылар одағына шақырғанда, Алматыға 3 мамыр күні ұшақпен бардым. Кеңседе одақ төрағасының орынбасары Ярополк Владимирович Косыла мен кадр ісі басқармасының басшысы Әнуарбек Артықбаев күтіп алды. Ербосын Хасенұлына бармас бұрын, Хайдар Қабиболлаұлы Дәменовке кіріп шықтым.
Өмір сынақтарының сыры
Ол кісі мені Қазақ Тұтынушылар одағы бақылау-тексеру басқармасының басшысы етіп қоймақшы екенін, басқарма мүшесі болатынымды айтты. «Ревизор болам десең, бүкіл Қазақстанды аралап жүрем десең өз еркің. Мен сенің ағаңмын, жұмысты қай уақытта да бірге істейміз. Ербосын Хасенұлымен бірлесіп шешерсіңдер», – деді Хайдар Қабиболлаұлы. Ербосын Хасенұлы Алматының орталығында салынып жатқан, құрылысы аяқталуға жақын үш үйдің бірінен маған үш бөлмелі пәтер беретінін жеткізді. Бірақ мен отбасылық жағдайымды, ата-анамнан облыс орталығының өзіне әрең жырақтағанымды, мұнда келсем, жақындарымның қамқорлықсыз қалатынын көлденең тарттым. Ол кезде Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы Сұлтан Қапарұлы Досмағамбетов болатын. Ербосын Хасенұлы сол кісіге қоңырау шалып: «Республика үлкен, тауарды түгендеу мәселесі өткір. Одақ бойынша жағдайымыз мәз болмай тұр. Сондықтан, мына Жарылқасынды бізге ауыстырсақ деп жатырмыз, қалай қарайсыз?», – деп сұрады. Сұлтекең ар жақтан: «Ербосын Хасенұлы, елдің жігіттерін қолынан жұмыс келеді деп шақырып жатқандарыңызға рахмет. Бірақ, енді, біздің жағдайды да білесіз ғой. Кадр мәселесі ақсап тұр. Келгені жаңа ғана. Біз ол жігітті қызметінде жоғарылатамыз. Сондықтан, жағдайымызды түсініп, ол жігітті қозғамағаныңыз жөн», – деді. Тұтқаны қойған Ербосын Хасенұлы: «Ал, Жарылқасын айналайын, Сұлтан Қапарұлы – үлкен азамат, ол облысты, мен республиканы ойлап отырмыз. Жағдайын түсінем, өзің де отбасылық жағдайыңды айтып отырсың. Келем деп өзің ынта білдірсең, мен алам. Облыста қалам десең және еркіңде», – деп қайырды әңгімені. Шықтым. Хайдар Қабиболлаұлына кіріп ем: «Саған өсу керек, әрине. Бірақ, іс білетін бас бухгалтер маған облыста да керек. Менімен жұмыс істеймін дегеніңе рахмет. Екеуміз ағалы-ініліміз ғой, осылай ары қарай істей берейік», – деп ризашылығын білдірді.
Біздің облыстық Тұтынушылар одағының бастауыш партия ұйымы республика тұрмақ, Кеңес Одағы аумағында маңдайалды саналды. Өйткені, Махами Абдулович – бірінші хатшы, Шаяхметов Құлаға – ауатком төрағасы, ауданнан алғаш шыққан Жоғарғы Кеңес депутаты, Қадырсызов Камал Қожанұлы да аудан басшысы болған, Балғабаев Жалау Зайсан, Егіндібұлақ аудандарында бірінші хатшылықты атқарған, Мағрұпов Бөкен деген азамат Ақтоғай ауданы атқару комитетінің төрағасы қызметінде істеген, өте талапшыл жандар болатын. 1966 жылы ашылған Қарағанды кооператив институтының тұңғыш ректоры Павел Филиппович Котляров болды. Және ол кісі осынау білім шаңырағын 1979 жылға дейін басқарды. 1973 жылы мені осы институтқа есеп-қаржы факультеті Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болуға шақырып, осы қызметті 1998 жылға дейін атқардым. Мен келгенде есеп-қаржы факультетінің деканы Зейнеш Шахметұлы Шүмеков болатын. Кафедра меңгерушісі Владимир Васильевич Загороднюк, одан кейін Сәлім Көпжасарұлы Қошқаров болды. Комиссия төрағасы болып алғаш сайланғанымда, дипломына қол қойғандардың ішінде Николай Егорович Усатов болды. Кейін ол облыстық Тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары, нұсқаушы, обкомның бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
* * *
Қарағандыда, Қостанайда қызмет істеді. Адамгершілігі мол, артық сөзі жоқ, қабілетті азамат болатын. Сол 1973 жылғы түлектерден Мылтықбай Ғазалиев, Ескермес Мүсілімов, Құралай Сағынайқызы Мәдиева – қазір сол Қарағанды экономика университетінде кафедра меңгерушісі, профессор, Гүлғасира Жылмасова Талды, Қарқаралы аудандарында бірталай жыл райпоның бас бухгалтері болып, кейін колледжде бухгалтерлік есептіліктен сабақ берді. Қадірлі азаматтар, осы күнге дейін қатынасып, хабарласып тұрамыз.
* * *
1973-75 жылдары аң терісі, коньяк операциялары жүргізілді де, көптеген дүкендерімізді, басқа да бірқатар нысандарымызды жауып тастады. Осакаровкадағы ауданаралық база, Теміртау шарап цехы, облыстағы комиссиялық дүкендер жабылып, Абай тігін фабрикасының қаракүзен, ондатр баскиімдер өндірісі уақытша тексеруге тоқтатылды. Операциялар сол кездері Қарағандының сауда саласында орын алған ірі, өзіндік жүйесі қалыптасып үлгерген алаяқтықтың тамырына балта шабу үшін жүргізілген болатын. Бұл операцияны Москваның қылмыстық іздестіру басқармасы жүргізді.
Қараша айында ауруханада жатқанымда, коньяк операциясы бойынша Геннадий Амушекели деген грузинді ұстап, түрмеге жауыпты. Менен де күдіктеніп, әдейі ауруханада тығылып жатыр ма десе керек, кабинетімдегі қағаздарды ақтарыпты. Оны кейін білдім. Негізі, коньяк операциясына менің ешқандай қатысым жоқ. Сөйтсек, коньяк вагон-вагонымен келіп, күллі аудандарға, дүкендерге бөлініп беріп жатқанда, сыбайластар тауардың кем шыққаны туралы акт жасап, жымқырылған жәшіктерді сатып, ақшасын алып отырған ғой. Оны біз білмегенбіз. Оны білетін жаңағы грузин Мәскеумен тікелей байланыста болған. Мамыр айында өткен обкомның бюросында төрағаның сауда жөніндегі орынбасары Қабекең «тиісті құжаттарға бақылау-қадағалаусыз қол қойғансың» деген желеумен қызметінен алынды. Андрей Семенович Беляев та қызметінен босатылды. Орынбасарлыққа Жаңыл Жұматқызы Жұмағалиева тағайындалып, кадр ісі бөлімінің меңгерушілігіне де басқа адам келді. Жаңыл Жұматқызы – аса қабілетті, ұйымдастыру жағына мықты. Кеңес Одағындағы барлық жаңашылдықтарды өзіміздегі кооперация саласына енгізе білді. Қазақстанда облыстық Тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары болған бірінші әйел – осы Жаңыл. Тіпті, одақтық орталықтың Мәскеудегі жиындарында үлкен төрағамен бір қағарда отырғаны есімізде.
* * *
1975 жылы облыстық Тұтынушылар одағында нешетүрлі жағдайлар болып жатты. Бір күнде облыстағы аудан рабкооптарын түгел тексергеніміз бар. Келісімен, осындай үлкен жүмыстарға араласып кеттім. Бухгалтерлік есептілікті автоматтандыру, механикаландыруды енгізу, америкалық, германиялық «Аскота», «ПВЭМ», «ЭСМ» машиналары, Болгарияның жаңа есептеуіш машиналарының шығуы осы кезеңге тап келді. Мұның басы-қасында досымыз Сәлім Қошқаров жүрді.
Жарылқасын Бикенов
Кандидаттығын қорғады. Сәрсен Сүйгенұлы Аяжанов деген азамат келіп, кооператив институтының ақпарат кафедрасын басқарды. Сергей есімді лаборанты болды. Жаңалықтар Қарқаралы, Осакаров, Мичурин, Нұра аудандарында кезек-кезегімен енгізіліп жатты. Республикалық семинар өткіздік. Соның бәрін облыстың, республиканың басшылары көрді. Жылына екі рет облыстық семинар-жиналыс ұйымдастырамыз. Мен облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтерімін. Кооператив институтымен тығыз байланыста болдық. Аудандарға шығамыз. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды мықтап қолға алдық. Ара-арасында өзім де Мәскеу, Воронеж, Львов, Ташкент, Ленинград қалаларында білім-білігімді жетілдіріп, институтта студенттерге дәріс оқып жүрдім. Республикадағы сала басшыларымен араластым. Басқалардың Хайдар Қабиболлаұлын қалай сыйлайтынына куә болдым. Баяндаманы керемет жасайтын. Мәскеуліктер Қазақстанда кооперация саласы кенже дамығанын айтып, сынап жатады. Сонда ол кісі біздің елдің үлкендігін, оның қаншама жерді алып жатқандығын, онда қандай адамдар істейтінін, байланыс, кадр мәселесінің күрделілігін айтып, Мәскеуде, жылы жерде отырмай, мықты болсаңыздар, өздеріңіз келіп істеп көріңіздерші деген сөздерге дейін барып жатушы еді. Ешкімнен қорқып, тартынбайтын және бізді де солай тәрбиеледі. Вениамин Александрович те өз қызметінде бірталай істер атқарды. Көрсеткіштерімізге қарай республика, Одақ деңгейінде бірінші орын алып, Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің, республикалық кәсіподақтың ауыспалы Қызыл туына қол жеткіздік. Сыйақы беріліп жатты.
Ол кездері облыстық Тұтынушылар одағы облыстық атқару комитетінде жылына бір рет есеп беруші еді. Сондай тыңдаудың бірінде мынадай жағдайға тап болғанымыз бар. Атқару комитеті төрағасының орынбасары – Қайыр Баймолдин. Сыртымыздан біреулер бірдеңелер айтқан. Одақтың төрағасы мен оның алты орынбасары және мен барып отырмыз. Аткомның барлық бөлім бастықтары, облыстық мемлекеттік банктің басшысы Четверяков Иван Федорович, салық инспекциясының, халықтық бақылау комитетінің, тағы да басқа мекемелердің өкілдері қатысты. Орынбасарларды тыңдады, кезек маған келді. Қандай шаралар қолданып жатқанымызды, проблемаларды, оларды қалай шешу керектігін тәптіштеп айтып жатырмын. Орынбасарларға тиіспей, маған шүйліксін. Ақыр-соңында, Бикеновтің жұмысы қанағаттанғысыз деген қорытындыға келді. Біздікілер үндемейді. Сол кезде, есімнен кетпейді, Иван Федорович Четверяков орнынан тұрды. Бұл кісі банк басшылығымен қатар, обкомның тексеру комиссиясының төрағасы, соғысқа қатысқан, аса беделді адам. Баппен, ойланып-толғанып сөйлейді. Онымен облыстық аткомның төрағасы санасады. «Сіз Бикеновті білмейсіз, – деді Иван Федорович облатком төрағасының орынбасарына қарап. – Бұл азамат – облыстағы бас бухгалтерлердің алды. Өте білімді, жұмысына тиянақты. Сыртынан басқа қандай мәліметтер түскенін білмеймін, бірақ оның қандай адам екенін аудан, облыс көлемінде қоян-қолтық жұмыс істеп жүрген біз білеміз. Сондықтан, сіз Бикенов жөніндегі көзқарасыңызды өзгерткеніңіз дұрыс. Оның үстіне, облысымыздың Тұтынушылар одағы бүгінде Қазақ тұтынушылар одағының туын, сыйақысын алып отыр. Ал облыстық одақтың Бикеновке тікелей қатысты есептілігі, тауары түгел болмаса, қаржылық жағдайы төмен болса, бірден көрінер еді. Оны республика, кооперация саласы мойындап отырғанда, біздің арамызда қалай жаман болып қалады?». Ақыры не керек, отырғандардың мен туралы ойлары бірден өзгерді де, жылдық қорытынды жасалған уақытта алғыс алып шықтық.
Өмір сынақтарының сыры
Жарылқасын Бикенов
Басыма қиындық түскен тағы бір сәтте де жанашыр азаматтар араша тұрғаны есімде. Ол уақытта облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Оразалы Шәкіров, Николай Григорьевич Давыдов, Тиышбек Аханов, Қайыр Баймолдин еді. Артымнан сөз тарап жүрген кез. Сонда Қалыш Бадин «Сіздер көлденең кісілердің сөзін айтасыздар. Ал біз, облыстық қаржы бөлімі, бұл адаммен тығыз байланыста жұмыс жасап жүргендіктен, білетіндіктен, ол сөздерге сенбейміз», – деп еді. Қалекең марқұмның осы бір ауыз сөзі әлгі қауесеттің бәрін далада қалдырды.
Кезекті бір жылдық есеп беруде мені тағы да нысанаға алды. Сол уақытта Тиышбек Аханұлы облыстық аткомның бағалау бөлімін басқаратын. Жиын үстінде: «Оразалы Шәкірұлы, Қарағанды облысында Жарылқасынға теңдес бас бухгалтер жоқ», – деді. Содан кейін-ақ басқалардың маған деген көзқарастары өзгеріп жүре берді.
Сол уақытта Давыдов Николай Григорьевич облыстың Халықтық бақылау комитетін басқаратын. Комитеттің барлық мүшелерін жинайтын болып, сол жиында бір баяндама жасауымды сұрады. Бүл көзім ауырайын деп жүрген 1974 жыл болатын. Вениамин Александрович екеумізді президиумға отырғызып қойды. Баяндамамды оқуға шығып ем, көзім бұлдырап кетті. Өзім жазған дүние, абырой болғанда, қағазға қарамай-ақ, қатырып айтып шықтым. Халықтық бақылау қалай тексеруі, бағалауы керек? Шешім қабылдау, істі қарау тетіктері туралы әңгімеледім. Баяндамамды аяқтап, мінбеден түсіп бара жатыр ем, Николай Григорьевич орнынан тұрып келіп қолымды алды, алғысын жеткізді. Абыройымыз өсті. Ел ағалары өсіп келе жатқан біз секілді жастарды осылайша қолдамағанда, қорған болмағанда, не болар едік? Сол кісілерге қай уақытта да басымды иемін.
* * *
Қарағандыға енді келген кезіміз, Сапар Исабековпен алғаш таныстық. Туыстығымызды, әке-шешеміз соғымының жарты омыртқасын бөлісіп, араласып- құраласып тұрғанын айтып, қатты араласып кеттік. Сапар арқылы Қасекеңмен, марқұм Шәкітаймен, Қадырбек Мейрамбековпен. Қасекеңнің күйеу баласы Төлеутай Сүлейменовпен, Хамидолла, Болат, Оралбай Әбдікәрімовтермен танысып, білісіп жаттық. Уақыт оза берді. 1977-78 жылдар. Ерқара кооператив институтында мұғалім, саяси экономиядан кандидаттық диссертациясын қорғап келген. Гүлнұр екеуінің тойын тойладық. Кешегі әкеміз Әукебай Кенжин, інісі Мәулет – Гүлнұрдың әкесі, анасы Қадиша Досжанқызымен таныс болдық. Біз үшінші қабаттағы 87-ші пәтерде, ал Ерқаралар бесінші қабатта тұрдық. Екінші күні Әукең, Мәукең, Ермекқали Алмажанов Зәурешімен, Сәлім Қошқаров Дәметкенімен, бәріміз құда күттік.
Әукеңмен 1971 жылы танысқанбыз. Мүсірәлимов Әукен, інісі Шорман деген ағамыз болды. Әукеңнің әйелі Мереке, әкесі Мәйкен, екінші анасы болды. Өз анасы өмірден озып кеткен. Мәйкен ақсақалдың қарындасы Рахия Әнияштың атасы Әбутүсіп Әбдірахманұлының әйелі болған. Әпшең өмірден озғаннан кейін, сол ағасының балаларының қасына келіп, Қарағандыда тұрды. Сол Әукеңдер бізді бірінші болып шақырған. Ол кезде «Қарағанды энергода» кәсіподақ комитетінің төрағасы. Бір күні: «Жарылқасын, қалада осындай уақытта кезігейік, сосын Әукеңе барайық». – деді.
Әукең бұрын қалалық комитеттің хатшысы, обком хатшысы, одан «Қарағандыкөмірде» қызмет істеп, зейнеткерлікке шыққаннан кейін, тұрғын үй-кұрылыс басқармасының (УЖКХ) бастығы болып жүрген уақыты. Үй атаулы сол кісінің қолында. Кабинетінде қабылдап, ыңғайын келтіруге тырысатынын айтқан-ды. Әукең республика деңгейіндегі бірқатар тұлғалармен, оның ішінде Димаш Ахметұлы Қонаевтің өзімен сыйласқан. Сондай кісілермен дәмдес болдық.
* * *
Сапардың әпкесі Нағжан апамыз бен жездесі Қайып Шәйменовті көзіміз көрді. Ол кісілердің Есентай, Мереке деген ұлдары мен Оржан, Роза, Дана деген қыздары бар. Қайқаң үлкен азамат еді. Кезінде мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болған. Еліне қадірі асқан азаматтың есімі бертінде Нұра ауданының «Шахтер» ауылындағы мектепке, Ақмешіт ауылындағы көшеге берілді. Тәрбиелеп өсірген балалары да үлкен жетістіктерге жетті. Есентай политехникалық институттың автожол факультетін бітіріп, жоғары оқу орнында сабақ берді. Мемлекеттік автоинспекция саласында қатардағы қызметкерден бастап, облыстық МАИ-дың басшысы дәрежесіне дейін жетті. Полковник атанды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, кандидаттық диссертация қорғап, Нәрікбаев атындағы заң институтында қызмет жасады. Қазір Орталық Қазақстан академиясының бірінші проректоры, профессор, ел-жұртына сыйлы азамат. Зайыбының есімі – Гүлден, сыйласып тұрамыз.
* * *
Мұрат пен Мәрия Ахметбековтер – қадірлі құда-құдағиымыз. Мәрия – кооперация саласының майталманы, Егіндібұлақта гастроном директоры болып жүргенде, қазақ әйелдерінің ішінде бірінші болып, Орталық Тұтынушылар одағының Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысқан. Бүгінде бұл кісілер бала-шағасының қызығын көріп, солардың ортасында жүріп жатыр.
* * *
... 1976 жылы Қарағанды кооператив институтында мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасымын. Сол жылғы түлектердің ішінде білімді азаматтар болды. Татьяна Жолкевская, Нина Тарашенко, Ирина Меньшикова, Құдайберген Көпжасаров, Әлмахан Мәуленовтер кооперация саласына маман болып келгенде, білімін, қабілетін көрсете білді.
Құдайберген кейін Шымкент облыстық Тұтынушылар одағының бас бухгалтері болды. Бірақ, 1990 жылдары бизнеске кірді де, бірде бірнеше машина жүкпен жоғалып кетіп, содан табылмады. Әйелі Рахима, балалары қалды.
Әлмахан болса, Сарыағаш ауданының бас бухгалтері, Тұтынушылар одағының төрағасы, басқа да қызметтерде істеп, қазір кәсіпкерлік саласында өсіп-өніп жатыр. Хабар алысып, қатысып тұрамыз.
Өмір сынақтарының сыры
Жарылқасын Бикенов
Татьяна Жолкевская институтты бітірген уақытта, қайын атасы Геннадий Иванович Жолкевский біздің ПМК-ның бас бухгалтері болатын. Өте қадірлі азамат еді. Есеп саласының бір қағазды екі жазбайтын майталманы. Келіп, келіні Татьянаны қызметке алуымды өтінді. Басында ПМК-да істеген Татьяна облыстық Тұтынушылар одағында жүріп, бухгалтерліктен экономист болып ауысты да, жоспарлау бөлімінің басшысына айналды. Облыстық Тұтынушылар одағына 1993 жылы Базарбай Қаржасов төраға болып келгенде, төрағаның орынбасары болып тағайындалды. 1984 жылдан бастап, 2010 жылға дейін бірге жұмыс жасаппыз. Төрағаның бірінші орынбасары кезінде сан қияны бірге бағындырдық. Ұстанымы берік, сауатты, білімді, кооперация үшін жанын беретін адам болды. Күні бүгінге дейін достығымыз жарасып келеді. Той-қызығымыз бірге.
* * *
жылдың қараша айында Украинаның Львов қаласына он бес күндік біліктілікті арттыру курсына баратын болдық. Ол кезде Львовта біздің саланы механикаландыру мен автоматтандыру жақсы дамыған. Қарағанды – Қостанай – Куйбышев – Киев бағытымен ұштық. Киевтен Львовқа жергілікті планермен жеткізді. Денсаулығым мәз болмаған соң, Әнияш бірге барған. Сауда-экономикалық институтының жатақханасына орналастық. Қазақстаннан келгендер көп. Қазақ Тұтынушылар одағы басқарма басшысының орынбасары Анна Михайловна Лаврик, әр облыстан жиылған бас бухгалтерлер бар.
Львов – Батыс Украинадағы көне қала. Көшелерінде асфальт емес, жұмыр тас төселген. Жаңбыр суы көшеде жиылмай, кәріз жүйесімен ағып кетеді екен. Сәулеті еураполық стильде, көшелері тар болғанмен, бір шетінен шықсаң, екінші шетінен айналып келіп тұратындай ыңғайлы.
Институттағы сабағымыз басталып та кетті. Әнияш қасымда екі-үш күн болды да, Қарағандыға қайтып кетті.
Бірге барғандар қолымыз босаған уақыттарда қаланың көрікті жерлерін араладық. Католиктердің шіркеуі – костелды барып көрдік. Онда халық көп жиылады екен, тіпті көше жабылып қалады. «Холм славы» деген мемориалы бар екен. Онда 1914-1915 жылдары Галиция майданында қаза тапқан орыс императорлық әскерінің жауынгерлері, 1944 жылы Львовты фашистерден азат ету ұрыстарында бақилық болған кеңес жауынгерлері мен офицерлері жерленген. «Кафедральный собор святого Юрия», «Лычаковское кладбище» тәрізді әйгілі орындарды тамашаладық. Сөйтіп, курсты аяқтағаннан кейін елге оралдық.
* * *
жылы Хайдар Қабиболлаұлы іссапармен Қарағандыға келді. Ол кезде мен Майқұдықта тұрамын. Вениамин Александрович Хан, Павел Филиппович Котляров, Даминов, мен бармын, бәрімізді – Тельман ауданына Иван Иванович Реймер қонаққа шақырды. Кештетіп қайттық. Екінші машинаны бос ертіп, бәріміз бір машинада әңгімелесіп келеміз. Мені Майқұдыққа әкеліп тастады. «Кіріп, шай ішіңіздер», – деп қоям.
Өмір сынақтарының сыры
Павел Филиппович: «Жарылқасын, сен не, мына жерде тұрасың ба?» – деп сұрады. «Иә», – деймін. «Вениамин Александрович, облыстық Тұтынушылар одағы бас бухгалтерінің Майқұдықта тұрғаны қалай?», – дейді ана кісі. Шындығында, сол уақытқа дейін талай қам жасағанбыз, қалаға көшудің орайы келмей қойып еді. Павел Филиппович қазақша білетін еді: «Хайдар Қабиболлаұлы, мынау ұят қой», – деді. «Павел Филиппович, жағдай осылай болып тұр, пәтер мәселесі қиын. Әрине, қалаға көшсе, жақсы болар еді», –деп жауап қайырды Вениамин Александрович. «Хайдар Қабиболлаұлын шығарып салғаннан кейін маған кел, – деді Павел Филиппович. – Мен саған қаланың ортасынан үш бөлмелі үй берем». Ол кісіні жақын тани қоймайтын едім. 1968 жылы Нұрада бас бухгалтер болып жүргенімде жолықтырғаным бар. Сол кезде институт ректоры болып тұрған Павел Филиппович, жанында Лернер Моисей Григорьевич бар, практиканттарды көруге келді. Олар келгенде, не Тұтынушылар одағының төрағасы, не кадр мәселесі жөніндегі орынбасар болмай, жергілікті жағдаймен мен таныстырдым. «Новосібірде оқу бітірген екенсің, бізге институтқа мұғалім болып кел», – деді. Мен сыпайыгершілікпен рахметімді айтып жатырмын. Жергілікті мейрамханада дастархан жайып, екеуін сыйлап шығарып салған едім. Облысқа келгеннен кейін, институтта мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болып, Павел Филипповичпен қоян-қолтық жұмыс істеп жүрдік.
Ертеңінде телефоным шыр ете қалды. Павел Филиппович екен, қазақша сөйлеп тұр: «Жарылқасын, амансың ба? Келмей жатырсың ғой?». Бардым. Құрылыс және шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарын шақырып, белгілі күннің ішінде маған үш бөлмелі үй алып беруге бұйрық берді. Ол: «Жақсы, жақсы», – деді. Тек айтқан уақытта қазір тұрып жатқан үйімді босатуым қажеттігін, ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі Сағынтай Шериездановтың әке-шешесін көшіріп әкелетінін айтты. Айтқанындай, қаладан пәтер берді де, көшіп болған соң, ескі үйдің кілтін ана кісілерге апарып бердік.
* * *
1977 жылы Әнияш екеуміз алғаш рет Қара теңіздің жағасында демалатын болдық. Барсақ, бір қазақ жоқ. Енді орналасып, асханаға кіріп келе жатқан бетіміз. «Міне, қазақ!» – деп, біреу мені ұстай алды. Ермекқали Алмажанов деген атыраулық жігіт. Зайыбы Зәурешпен бірге жүр. Дос болып кеттік. Беріш ішінде Исатай-Махамбеттің ұрпақтары. Зәуреш те Атыраудың қызы, Адай. Балаларының өмірге келгенін көрдік. Бәріміз Жданов көшесі, 32-а мекен-жайында орналасқан үйде тұрдық. Сол үйде өзімізбен аралас-құралас Сәлім, Сәрсен, Сапар, Ермекқали, Ерқара, Жақсылық Талпақов, Сәбит Қарашолақов сияқты біраз азаматтар тұрды. Орынбасар мен Ғалымбек Новосібірде институт бітірген. Орынбасармен 1962 жылы техникумда танысқанбыз. Қарағандыға келген соң, Ғалымбек екеуі кооператив институтының бухгалтерлік есеп кафедрасында қызмет етіп жатты. Ерқара мен Гүлнұрдың үйінде қонақ болғанда, жеті отбасы дос боламыз деп келістік. Соның ішінде, Әнияш екеуміз, Сапар мен Руза, Сәлім мен Дәметкен, Ғалымбек пен Орын- басар, Ермекқали мен Зәуреш, Болат пен Сақыпжамал, Ерқара мен Гүлнұр бармыз. Компаниямызға «семерка» деп айдар тағып, оның «жарғысын» бекіттік. Президент – мен, вице-президент Сақыпжамал болып сайланды.
Жарылқасын Бикенов
Оның тәртібі, қонаққа шақыру, жылдық жүріс-тұрысы, біріне-бірі көмегі туралы айтылды. Жылына мың сомнан жинап, кімнің қандай мәселені мойнына алатыны тәптіштелді. Келіскеніміздей, барлық мерекелеріміз, қызық-тойларымыз бірге өтті. Сол жеті шаңырақ бүгінге дейін бірге жүріп, бірге тұрып келеміз. Сапар елу жеті жасында, ерте қайтып кетті. Одан кейін Ермекқали, Сәлім дүниеден озды...
* * *
1979 жылы шешем Зағипаның көзі тірі. Жаңаарқаның Қызылтау совхозында нағышымыз, шешейдің немере ағасы Қадырбайдың ұлы, яки бауыры Егінбай тұратын. Егінбайдың анасы Айша апамыз тоқсаннан асып қайтыс болды. Атақты адам болған. Бұл кісінің де руы — Қалыбек. Күйеуі — Қадырбай. Кейін Көпен деген кісіге тұрмысқа шығып, жалғыз ұлы Егінбайдың фамилиясы Көпенов болып кетті. Көпен ақсақалды да, Айша анамызды да кішкентайымда көргенмін. Шешем Айша апамызға уақытында барып топырақ сала алмаған. Соған барып қайтуым керек, батасын жасайын деп мазасызданып жүретін. Менің кезекті еңбек демалысымның уақыты келіп, Зерендіге баруға жиналып жүр едім. Оған дейін барып қайтайық деп шешеме хабарласып едім, ол кісі Қарағандыға келді. Көрші тұратын Болат деген шахтер жігіт болатын. Су жаңа «Жигулиі» бар. Келісіп, соның көлігімен шешей, мен, Әбілқасым мен Гүлшат бәріміз жолға шықтық. Жаңаарқадан төрт шақырым жердегі аткорм совхозына бардық. Совхоз директоры Таласбай Рахметов—досым. Жол нұсқар кісі керек. Егінбайдың туған нағашысы Түйте баласы Ғалым деген жігіт осында бас инженер екен, сол «УАЗ» көлігімен бастап отырып, бізді Егінбайдың үйіне алып бардық. Егінбай жоқ, үйде жары Тиышкен, баласы бар екен. Бізді жылап-сықтап қарсы алды. Қолма-қол бір марқасын сойып, құрметтеп жатыр. Үлкен ұлдары Серік жақында үйленбекші екен, Егінбай соның қамымен керек-жарақтар алуға кетіпті. Содан ол түнгі он екінің кезінде бір-ақ келді. Жетім өскен жігіт қой, жақын туыс болып келетін шешеммен жылап көрісті. Таңертең кері қайттық. Жаңаарқа арқылы, қайтадан кешегі жолмен жүріп келеміз. Бір уақытта қарасақ, жол үстінде көлденең түсіп жылан жатыр. Жыланды өмірімде бірінші рет көруім. Машина екпінін басты. Бірақ, жылан қозғалмайды. Машина да тоқтаған жоқ, үстінен басып өте шықты.
Жылан демекші, мақұлықтың бұл түрі туралы мынадай тәмсіл естігенім бар еді. Жылан деген қара жолдың үстінде бекерден-бекер жатпайды екен. Ол әлдеқалай кінәлі болып, өзінің ордасынан қуылса, өзін өзі осылайша жазалайды екен де, қу жанын шүберекке түйіп, жол үстінде жатады екен. Өлсе – өлді, тірі қалса – ордасымен қайта барып табысады-мыс... Сонда, жылан екеш жыланның да қайсыбір пенделерге бұйырмаған абырой, намыс деген биік ұғымдарға түйсігі жететін болғаны ғой...
Жылан туралы әңгіме қозғалған соң, мына бір оқиғаны айтып кетейін. 1985 жылы Теңіз ауданына бардық. Баршынның басында Жақсы көң, Жаман көң деген екі өзен бар екен. Бірде кешке таман, жұмыстан кейін суға түсіп қайтпақ болдық. Су ішінде бірдеңе ысылдап, біресе оң жағымнан, біресе сол жағымнан зыр-зыр етеді. Басында не екенін аңдамай қалдым. Бір кезде басы айқындалды. Мынасы не?! Су жыланның барын сонда білдім. «Мына суларың өздеріңе» деп шықтық та кеттік. Су жыланды алғаш көргенім сол.
Өмір сынақтарының сыры
* * *
1979 жылы Әнияш екеуміз балаларымыз Әбілқасым мен Гүлшатты алып, Зерендіге демалуға бардық. Құда-құдағиымыз Ислам мен Бекен Оспановтар бар, коттеджге орналасып, жақсы тұрып жаттық. Целиноград облыстық Тұтынушылар одағы тексеру комиссиясының төрағасы Анатолий Каландерец те демалып жатқан болатын. Ол кісі Зерендіден Балқашинге барғанда ондағы таныстарға айтып, сендерге достарың соғады деп хабарлаған болатын. Бірақ ешкім келе қоймады. Күтіп-күтіп, ертең қайтамыз деп отырғанбыз. Алып келген шұжық. сүріміз бар. Соның бәрін асып қойып отырсақ. кіреберістен біреу айқайлайды: «Женя, Женя», – деп. Әнияш есікті ашып қараса, Қошқарбай тұр. Ұшып тұрып, құшақтасып жатырмыз. Әйелі Гүлжанмен келіпті. Олармен бірге Маралды орман шаруашылығының директоры келіпті әйелімен. Олармен амандасып болғанымызша, Балқашин аудандық Тұтынушылар одағының төрағасы Егор Егорович Вагнер мен бас бухгалтері Федор Григорьевич Зайцев те келе қалды. Дастарханды жайып тастап, қолма-қол шайды қойып жібердік. Етіміз пісіп жатыр. Олар болса, басын үйітіп, тұтасымен пісіріп әкелген қойын шығарып жатыр. «Бұларың болмайды, – дедім мен. – Бізге қонаққа келген екенсіңдер, біздің дәмнен аласыңдар». Сол күні мен оларды, олар мені әбден сыйладық... Балқашинде 1963-64 жылдары бір жарым жыл ғана қызмет істедім ғой, жасым сол кезде жиырма бірде ғана. Арада бақандай он бес жыл өткенде, міне, мені іздеп келіпті. Әдейі хабар да бергенім жоқ. Бұл да болса, бір кездегі өзара татулығымыздың, сыйласа білгеніміздің көрінісі. Бұл да бір құрмет.
Бүгінгінің биігінен қарап отырсам, сол бір қадірлі жандардың өмір жолын енді бастаған мендей жап-жас жігітке деген соншама құрметі – еңбегіме, жүріс-тұрысымның дұрыстығына, бойымдағы әкенің қаны, ананың сүтімен дарыған адамгершілік қасиеттеріме берілген зор баға екен ғой.
«Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа ғой,
Жасы кіші демеңіз, ақылы асса, аға ғой, – деп қазекем тегін айтпаса керек. Жасы үлкен жандардың сол жолғы маған деген шынайы құрметі, риясыз көңілі, ыстық ықыласы ерекше күш берді, алган бағытымның дұрыстығына деген сенімімді арттыра да түскен еді...
Сөйткен Қошқарбай өмірден ерте озып кетті. Достыққа мығым азамат еді. Артында қалған екі қызы мен ұлы бар. Ұлы сол Маралды орман шаруашылығында бас инженер, Гүлжан зайыбы да сонда. Қызының бірі Астанада, бірі Қостанай жағында қызмет істеп жатыр деп естідім. Осындай адамдармен араластық, бірге жүрдік. Олардан тәрбие алдық, солай адам болдық.
* * *
1979 жылы кезекті еңбек демалысынан қайтып келсем, Жаңыл Жұмағалиева төрағаның бірінші орынбасары қызметінен ауысып кеткен екен. Орнына басқа кісі келіп, қызмет жасады. Бұл, әрине, Жаңыл Жұматқызына жасалған үлкен қиянат болды. Көре алмаушылар неше түрліні ойлап тауып, обкомға арыз жазған. Александр Гаврийлович Коркиннің обком хатшылығына жаңа келген кезі, облыстық Тұтынушылар одағы төрағасының пікіріне де қарамаған. Әйтпесе, ішкен-жегені жоқ, атқара алмай қалған қызметі де жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |