Сынақтарының сыры». Қарағанды: «Tengri Ltd»



бет9/37
Дата08.07.2018
өлшемі11,09 Mb.
#48541
түріСынақтар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
96




Өмір сынақтарының сыры

Аз-кем бөгеліп, Ақмолаға қайтпақ. Әкей Мерқасым екеуіне Нұраның ар жағындағы жұмысшылар бригадасынан арбаны толтыра жем, бидай алып келуді тапсырды. Екеуі құлынды биені жегіп алып, жүріп кетеді. Үш- төрт шақырым ғана жер, тек Бұғыбай өткелі арқылы Нұра өзенін кесіп өту керек. Өзеннің ағаш көпірін кектемде жүрген сел бұзып кеткен. Тақтайлары шашылып жатыр. Жаяу адам соларды басып, еппен өтпесе, көліктің өтуі қиын. Әкейдің досынан айтылған жем, бидайды арбаға өңгеріп алады. Өткелге келгенде, биеге ауыр болар деп, Мейрамбай жүкті өзі арқалай жөнеледі. Амалдап, Нұраның екінші жағына шығарады. Мерқасым да Мейрамбайдың айтуымен бергі жағаға шығады. Өзеннің жайын білмейтін Мейрамбай арбаға отырып өткенде судың ағыны қатты, оның үстіне, мейлінше ойпаң жерімен жүреді. Бір кезде жеккен арбасы сынған көпірдің бақандарына тіреліп, бие не әрі, не бері қозғала алмай, тұрып қалады. Арбаның үсті жұлынып, қайық құсап сумен ағып бара жатқан көрінеді. Жүзу білмейтін Мейрамбай соған жармасып, ол кетеді. Бие суға батып кетіпті. Мерқасым жас бала, жылайды да, Көбетейге қарай жүгіреді. Естіген әке-шешеміздің зәре-құты қалмайды. Бие кеткенімен, құлыны аман. Мейрамбай жоқ. Біреудің жалғыз ұлы, екі апасы бар - Бәшен, Күлэш. Келіншегі үйде, бәрі жылап-сықтап жүр. Біреу велосипедпен, біреу ат-арбамен, біреу жаяу ІІұраға жүгіреді. Бір қараса, тақтайға жармасып жағаға шыққан Мейрамбай аяңдап келе жатыр дейді. Қаланың баласы, өзеннің сырын қайдан білсін...

Тағы бір есте қалган оқиғасы бар. Мерқасымның жас кезі. Үйленген, балалы болған. Біз Қарағандының орталыгында, үш бөлмелі пәтерде тұрамыз. Мерқасым Мичурин совхоз-техникумының механика бөлімінде оқиды. Сенбі-жексенбі келіп- кетіп отыратын. Қыс уақыты. Елдегі Ахмедия мен Жәмиланың ұлы Елеш екеуі әдеттегідей келіп қонып, ертеңіне моншаға барады. Нұркен Әбдіров даңғылындағы моншаға түсіп шыққан соң, сыраханаға кіреді. Елеш қайтатын болып, автостанцияға бағыт алыпты. Кешкісін қайтқысы келмеген Мерқасым үйге келіп қонды да, таңертең ерте тұрып жолға шықты. Бір-екі күн өткен соң хабарласып тұр: «Жәкібай, Елеш бар ма? Сабақта жоқ». «Көрмедім, білмедім», - деймін. Елеш ұшты-күйлі жоқ. Көбетей естіген, аттандап іздеу салып жатыр. Екі қыздан кейінгі жалғыз ұл еді. «Екеуі бірге кеткен. Бұл келеді, ол жоқ. Не себептен, қалай? Неге бірге келмеген?», - дегендей сан саққа жүгірткен әңгімелер шықты. Біз де састық. Милиция, аурухана, мәйітханаларға жағалай қоңырау шалып, алашапқын болдық. Ешкім ештеңе білмейді. Техникум дүрлікті. Мерқасымда маза жоқ, жоқ жердеп кінәлі болды да қалды. Облыстық Тұтынушылар одағы кеңсесінің дәл іргесінде асхана болатын. Бір күні сол жерден түскі асымызды ішіп, шыгып келе жатсақ, түрі таныс біреу кетіп барады. Елеш! «Ойбай, тоқта! Сен қайдажүрсің?»,- деп жармаса кеттім. Сөйтсем, әлгі айтқан күні автостанцияда автобус күтіп тұрған Елешті тыйым салынған жерде шылым тартқаны үнін милиция ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін деген айыптаумен он бес тәулікке жауып қойыпты. Мән-жайды біле сала, Көбетейге хабарладық. Техникумға хабар жеткіздік. Бұл 1978-79 жылдары болған оқиға.

97




Жарылқасын Бикенов

* * *

... Әбілқасым институтқа түсетін болды. Құжаттарын политехникалық институттың автожол факультетіне тапсырды. Физика мен математикадан тәуір баға алғаны абзал. Төкен Рахымжановтың әйелі Қима Құдайбергенқызы арқылы репетиторлыққа екі еврейді таптық. Бірі - математикадан, бірі - физикадан. Олар дайындаған бала оқуға қайтсе де түседі-мыс. «Екі-үш күн көреміз, білімі жетпесе, репетиторлық жасамаймыз, ренжімейсіздер», — деді әлгілер. Алды, дайындады. Ешқандай ши шыққан жоқ. Емтихан тапсыратын күн де келіп жетті. Баламыздың мінезі бар еді, «Мен емтихан тапсырып отырғанда, политехтың қасына келетін болсаңдар, сол сәтте құжатымның бәрін қайтарып алам», — депті шешесіне. «Ойбай, мынау бүлдіреді, одан да кетейік», - деп, Әнияш екеуміз Қарқаралыға кетіп қалдық. Әбілқасым математикасын беске, физикасын төртке тапсырып, орыс тілінен шығармасын да ойдағыдай жазып, оқуға түсті. Бірінші курсты төрт пен беске бітірді. Ол уақыттағы заң бойынша, екінші курста әскерге алып кететін-ді. Әскери борышын Мәскеуде өтеді. Әскерден келген соң, баланың өзгерегіні бар емес пе, оқуды әлсіретіңкірей бастады. Десе де, туа біткен қабілеті бар, соның арқасында оқуын тәмамдап, дипломын алды.

Досым Адамбеков - қалалық милицияның бастығы, қылмыстық іздестіру бөлімшесіне қызметке алатын болды. Марат Халықов сол кезде ОБХСС-ті басқарады. Аманберлі Исабеков ҚарМУ-дың заң факультетін тәмамдап, сонда қызмет істеп жатқан. Сол бірде Әбілқасымды жолықтырыпты, маған қоңырау шалып тұр: «Ағатай, қылмыстық іздестіруде несі бар, ОБХСС-ке келсін. Рұқсат беріңіз»,—дейді. Әбілқасым біртін-біртін қалалықтан облыстық деңгейге көтерілді. Қарағандының Жоғары милиция мектебін де бітірді. 1995 жылы Айгүлге үйленді. 1996 жылы өмірге немерем Арлыжан келді. 2004 жылы жарық дүние есігін Томирис ашты. Әбілқасьім кейін облыстық Ішкі істер басқармасының «тоғызыншы бөлімінде» істеді. Қаржы полициясына ауысты. Қазір екі бөлініп жатқан соң, соның экономика жағына қарай ыңғайлануда. Полковник шенді офицер. Үлкен немерем Арлыжан Чехияда, экономика университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатыр.

Күлшатым экономикалық университеттің қаржы, заң факультеттерінде білім алған. Әділет министрлігінде беделді қызмет істейді. Мұхаммед есімді ұлы он беске келді. Қазақ-түрік лицейінде оқиды, тіл меңгеріп жатыр.

Ерғанатым экономика университетінің заң факультетін бітірісімен, сотта қызмет істеді. Әскери прокуратура саласында, Қарағандыда, Приозерскіде, Астанада жүрді. Қарағанды облыстық қаржы полициясында қызмет істеді. Қазірде Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінде прокурор.

Динара келінім — ағылшын тілінің маманы. «Болашақ» бағдарламасы бойынша, Лондонда магистратура оқыған. Мектепте мұғалім, кейінгі жылдары Араб әмірлігінің Қазақстандағы елшілігінде аудармашы, елшінің көмекшісі қызметтерін атқарды. Қазір «Болашақ» университетінде аға мүғалім қызметінде.

Әнияш ҚарМУ-дың биология факультетін, кейін Қарағанды кооператив институтының есеп-қаржы факультетін бітірді. Бірталай жыл осы институтгың оқу бөлімінде, бухгалтерлік факультетті де тәмамдаған соң, бухгалтерлік есеп кафедрасында лаборатория меңгерушісі болды. «Қазақ жарылыс өнеркәсібінде» қызмет істеді.

98




Өмір сынақтарының сыры

Зейнет демалысына шыққанмен, үйде қол қусырып отыра алмады да, қазір атауы Қарағанды экономикалық университеті болып өзгерген сол оқу орнында мұрағат бөлімінің меңгерушісі болып жүр. Әнияш өзінің еңбекқорлығының, адалдығының, адамдығының арқасында еліне сыйлы, қадірлі қалпы жүріп жатыр.

* * *

Әнияш бірнеше жыл қатарынан Роза абысынымен (Сегізбай Рахымжановтың зайыбы) Сарыағашқа демалуға барып жүрді. Сол жақта Клара есімді Павлодарлық келіншекпен тіл табысады. Клараның жары Әмір 1985 жылы Қарағанды облыстық статистика басқармасының есептеу орталығының директоры болды. Содан бастап, осы күнге дейін араласып келеміз. Бала- шағамыз көз алдымызда өсті. Әмір мен Клараның туыстары Павлодар облысында, Балқаш жағында тұрады. Анасы Тәженді көрдік. Балқашқа, Сарышағанға барып, іні-қарындастарымеи таныстық. Солардың барлық қызық-қуаныштарының басы-қасында болдық. Клараның әкесі ІІыған ақсақал тоқсаннан асты. Анасы Шәйкеңді көзіміз көрді. Күллі апа-сіңлілерімен араласамыз. Қарағандыға Томскіның институтын бітіргеннен кейін келген Әмір тағы да ҚарМУ-дың экономика факультетінде, КСРО Халық шаруашылығы академиясында оқыды. Кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғады. Ұлдары Ербол мен Марат та ғылым кандидаттары. Үйленді, немере сүйгізді. Өмір бүтінде - доктор, профессор, бір компанияның директорлар кеңесінің төрағасы, экономика университетінің кафедра меңгерушісі.

* * *


... Нұра ауданының «Казгородок» ауылында досым Мәжит тұрады. Мәжит пен Мәрусяның балалары өзіміздің балалардай болып кеткен. Қаншама жылғы достығымыз бір үзілген емес. Еңбек демалысының екі-үш күнін міндетті түрде жанында өткізетін едім, сый-құрметін көрдім. Сол ауылда Мәжиттің ерлі-зайыпты Сейіт пен Мараш деген достары бар. Мәжит те, Сейіт те Әнияшқа аға болады. Сосын, Есен Кәрібаев деген азамат болды, келіншегінің есімі - Әйшікен. Сейіт әкеден ерте қалып, нағашыларының қолында өскен. Марашта солай. Сейіт басында қарапайым жүргізуші еді. Кейін техникум бітіріп, агроном атанды. Тоқырау жылдарында жеке шаруашылық құрды. Інісіндей болған Ермек - ұшқыш, полковник. Сол Ермек пен Сапар Сейіттің жер алуына көмектесті. Мал өсірді, егін салды. Көтеріліп, бар баласын жоғары оқу орнына түсірді, орнықтырды. Алпысқа, жетпіске толған мерейтойларында болдық. Рамазан Сәлімбаев пен зайыбы Рахат Сейітке туыс болып келеді. Бопылдан - Сейіт, Рақымбектен - Әкімжан мен Рамазан. Рамазан ағамыз лауазымды қызметтер істеді: обкомның бөлім меңгерушісінің орынбасары, Киров ауданы Халықтық бақылау комитетінің басшысы, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Рахат апамыз №2 мектепте математика пәнінен сабақ беретін. Жақ, Әзір, Құрбан, Ләззат, Роза - барлық баласы бір-бір шаңырақтың иесі. Өте таза, жаңашыл, жақсылыққа құмар жандар. Сейіт-игі жақсыларға жақын жүретін елгезек азамат.

99




Жарылқасын Бикенов




Өзі кеңпейіл, адамгершілігі мол. Ал Есен - педагог, мектеп директоры, парторг, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін істеді, «Мәдениет үйін» басқарды. Өзін-өзі жеткізген жігіт. Мамандығы - тарихшы, Қарағандының педагогикалық институтында білім алған. Шолпан деген қызы біздің Байділдин Итжан ағамыз бен Рымтай жеңгеміздің ұлы Жангелдіге тұрмысқа шықты. Есенмен әрі құда, әрі құрдаспыз. Сейітпен дос болғаннан кейін, бізбен де дос, қызық-қуанышымызда жанымыздан табылған азамат. Қазір Сейіттің өзі болмаса да, балалары Жұмат, Жомарт, Мұрат, Талғат, Жасұлан, Сұңғаттармен, өзге де қыз балаларымен хабарласып тұрамыз. Марашы аман-есен, қазір елде, балаларының қамқоршысы.

Осы кезде Баттақовтар әулеті жөнінде бір-екі ауыз сөз айтқым келеді. Баттақ ақсақалдың үлкен ұлы Дуантай Москвада Бауман атындағы жоғары техникалық училищені бітірген, Қарағанды политехникалық институтында қызмет істеген. Зайыбы Қанапия - музыкалық мектептің директоры. Ұлы Сүйіндік Ленинград құрылыс институтын бітірген, профессор, Қарағанды политехникалық институтында декан қызметін атқарды, зайыбы - Күлпан. Қызы ІІІәрбану мектепті алтын медальға бітірген, қазір медицина ғылымдарының докторы, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының профессоры, бөлім меңгерушісі. Ұлы Еркін - медицина ғылымдарының кандидаты, бірнеше ауруханаларда бас дәрігер болып істеді, зайыбы - Бану (Полина). Бұлармен біз жақсы араластық. Еркіннің азаматтығын көрдік, елге сыйлы, қадірлі болды. Баттақ ақсақалдың үш ұлы да өмірден озды, ел мақтаныштары еді. Еркіннің балаларын айтсам: қызы Жәмила - медицина ғылымдарының докторы, республикалық дене сауықтыру орталығының басшысы, ұлы Ерлан - Президент істері басқармасы басшысының орынбасары, Абылайы - Назарбаев университетінің екінші курс студенті.

* * *



Мұқатай Смагұлұлы Ысқақов өмірден ерте озды. Алғаш танысқанымызда ауылдық кеңестің төрағасы еді, одан кейін аудандық ауыл шаруашылыгы бөлімінің кәсіподағына жетекшілік етті. Совхоз директоры, Нұра аудандық кеңесінің төрағасы, аудандық Мәслихаттың хатшысы болды. Кешегі Телғозы Шоңның ұрпағы, елінің құрметіне бөленген тұлға еді. Асыл жары, руы Нұрбай Жамал ете қадірлі, қасиетті адам еді. Екеуі балаларын жеткізіп, немерелерін көріп кетті. Соңғы сапарға аттанғанынша қасында болдық. Балалары Төлеутай, Тамара, Ләззат, Баян, Меркуриймен осы күні де араласамыз. Немересі Ғазиз жақында үйленді. Шөбересі Жәңгірдің тұсауын кесу құрметіне ие болдым. Мұқатай - әкем мені оған, оны маған тапсырып, бауырластырып кеткен досым... Мұқаң мені өле-өлгенше сыйлап, әкеміздің айтқан тапсырмасын орындады. Қарағандыға келгенде, біздің үйге соқпай немесе телефон шалмай кетейтін. Бір келгенінде жұмыс бабымен жүріп, маған хабарласуға үлгермей, сол беті қайтып кетеді. Теміртаудан аса бере бір доцгелегі жарылыпты. Машинадағы қосалқы дөңгелекті салады да жүре береді. Коп ұзамай, «Покорное» (қазіргі Баймырза) ауылынан аса бергенде, екінші дөңгелегі жарылады. Қосалқы камерасы бар екен, соны айырбастап салады. Осакаровтан асқанда үшінші дөңгелегі кеткен көрінеді. Сонда қасындағы шопырға: «Бикен ақсақал балам екеуің ағалы-інілідей қай уақытта да бірге болыңдар деп еді.



Өмір сынақтарының сыры

Осы жолы Жарылқасынға қоңырау да шалмай, үйіне соқпай кетіп бара жатыр ек, мынау сол кісінің аруағы ғой деймін», - депті. Сөйткен де заман болған.

Мұқаңның екі әкесі болды: Балтабай, Смагұл деген кісілер. Балтекең домбыра тартатын. Таза адам еді. Мұқатайдың балаларын өзіне бала қылып, Баянды, Гамараны. Төлеутайды Балтабаевтар етіп өсірген адам. Смағұл әкесі де жақсы, елге сыйлы жан болды.

* * *


Рафқат апамның жары Қабдолла жездем 1991 жылы қайтыс болды. Қадірі бөлек жан еді. Балалары мені «Ағатай» деп атап, ет-жүрегімді елжіретіп жүр. Апамыздың өтініші бойынша, ұлы Мұраттың Асылжаны туғанда Әнияш екеуміз кіндік әке, кіндік шеше болдық. Асылжан қазір үтікен азамат, жоғары сыныпта оқиды.

Рафқат апамның сіңлісі Рымжан Астанада тұрады. Нұрлан жездеміз өмірден озып кетті. Үмітжан сіңлісінің орны біздің әулет үшін тіпті бөлек. Ауырған кездерімде Үмітжан мен Жаһан жанымнан табылып еді. Амал нешік, екеуі де бұл фэниді тастап кете барды. Бір ерекше адамдар болатын. Өмірге деген көзқарастары бөлек, тал бойында тек тазалық пен адалдық тұнған жандар еді. Тұңғыш немересі Айдана өмірге келгенде, Жаһан қоңырау шалып: «Жарылқасын, Әнияш, баланы перзентханадан алып шығайық. Кіндік әке, кіндік шешесі боласыңдар. Басқа емес, сендер лайық деп санадық», - деді. Айдана КИМЭП-тің 2-ші курсында оқып жатыр. Жанан мен Үмітжан өмірден озғанымен, балалары Нұрлан, Гүлжан, Шолпанмен хабарласып тұрамыз. Апамыздың сіңлісі Еркіш пен күйеу баласы Ахметжанмен, Кенжеш пен жары Амангелдімен де қатынасымыз үзілген емес. Олардың да балаларының той-томалақ, қызық қуанышының басы-қасындамыз. Жансерік өмірден озып кетті... Зайыбы Күлән, бала-шағасы, немерелері өсіп жатыр.

* * *

Ермекқалидың тұңғышы Әзімханның ұлы Әлихан туғанда да кіндік әке, кіндік шеше атандық. Оларға да көз-көңіліміз түзу.

* * *


Құтпан мен Дәмежан Ералиндердің ақ дастарханынан талай дәм татып, балаларының өскен-жеткенін көріп жүрміз. 1991 жылы Құтпан өмірден озған соң, Дәмежан, заман ыңғайына қарай, дүкен ашты. Сол уақытта Дәмежанның ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігін байқадық. Өзі үшін бір, Құтпан марқұм үшін бір қажылыққа да барып қайтты. Екі адамның өлімі бізге қатты батты. Оның бірі осы Дәмежан. Жамбас сүйегінің жұлыны үзіліп, балалары Германиядан дәрігерлер алдырып, Астанада ота жасатып еді. Одан кейін, Ресейдің Қорған қаласындағы Елизаров институтында ота жасады. Жүрек тамырында қан ұйып.

101




Жарылқасын Бикенов

содан кетті. Екіншісі - Сейіт, шапқылап жүрген жігіт еді, шаруа қожалығының басшысы. Жаман ауруға ота жасағанда қайтыс болды. Қадірлі адамдарымыздан қас-қағымда айырылып қалдық.

* * *

Рахила апамыздың жолдасы Кәрібай жездеміз зейнет демалысындағы полковник еді. Алматыдан қаралы хабар келді. Тельман Ақашұлы Әлімбаев ағамыз, Сейіт, Төлеген Оразбеков төртеуіміз барып қайттық. Соңғы сапарына шығарып салып, асына қатыстық. Сағат үш-төртте босадық. Ал пойызымыз кешкі сегізде. Төрт сағат уақыт бар. Жапаров Ермек ініміз, зайыбы Мейіз Алматыда тұратын. Авиация полковнигі, елге оралған кезі. Біздің ауылдың тумасы ғой. Сейітке көп жәрдемдесіп, ағалы-інілі болып кеткен. Өліктен кейін үйге баруға болмайды, жақын жердегі қытай мейрамханасына барып, біраз отырдық.

Сол Ермек қазір бұл жарық дүниеде жоқ. Тоқсан екі жасында өмірден озған ұстазымыз Махмет Темірұлы «Арман мен азап» атты еңбек жазыпты. Соны кітап етіп жарыққа шығаруға Ермек демеуші болды. Махаңның Жазушылар одағының мүшесі болуына септігін тигізді. Менің өмірбаяндық деректерім мен Қайрат Жұмағалиевтің мен туралы жазған поэмасын қомақты «Қазақ жерінің зиялы азаматтары – «Почитаемые люди земли казахской» жинағына енгізіп жүрген де осы Ермек еді. Сыртта жүрсе де, еліміздің азаматтары деп елеп жатқанына қалайша риза болмайсың.

ДОСААФ-ты (Армияға, авиацияға және флотқа септесудің ерікті қоғамы) жекешелендіреміз дегенде, Ермек тәрізді азаматтар көнбей, күресіп бақты. Облыстарда ДОСААФ-тың парашютпен секіруге, ұшақпен ұшуға үйрететін мектептері жұмыс істеді.

Ермек бірде Канадаға барады. Барған компанияның басшылары бір ұшаққа отырып көруін сұрайды. Басқа типті ұшақтар. Ұшып жүрген кезі де емес. Ұша алмаймын деуге намысы жібермейді, жоғары дәрежелі ұшқыш, полковник. Өмірінде азаматтығы бар, әскері бар 18 түрлі ұшақты басқарған екен. Өзіне таңсық ұшақтың ұшу-техникалық мағлұматын алып, жарты сағаттың ішінде танысып шығады. Ойдағыдай әуеге көтеріліп, еш қиындықсыз қонып, канадалықтарға өзін мойындатыпты.

Ермектің зайыбы - Мейіз Жүнісбекқызы. Ермектің соңында қалған Алмагүл, Ақбота есімді қыздары бар. Алмагүлдің жолдасы Асылжан Мамытбеков бүгінде еліміздің ауыл шаруашылығы министрі. Ақботаның баласы Мәскеуде оқиды. Ермекпен таныс-біліс болған кісілердің бәрі оның атын осы күнге дейін аңыз қылып айтады. Жатқан жері жайлы болсын...

* * *


Қуаныш Құсайынов партияның облыстық комитетінде, аудандық, облыстық, республикалық прокуратураларда лауазымды қызметтер атқарды. Білімді еді, алдына барған талай адамға қол ұшын берген қайырымды жан-тұғын. Ел азаматтарына қамқорлық жасады.

102




Өмір сынақтарының сыры

1980 жылдың тамыз айында еңбек демалысын алып, Қарағандыға келген сапарында қайтыс болып кетті. Калий жетіспеушілігі дертіне шалдыққан екен. Жаңадан «Жигули» алып, Алматыдан Қарағандыға келген беті. Жанында әйелі Алена, балалары Айгүл мен Гүлнар бар. Нұра бекетіндегі қайын атасына соғып, Көбетейге барады. Өзі ай бұрын ғана емделіп шыққан. Сол өзіміздің ауылда аяқ астынан дерті ұстап, қатты қиналады. Жергілікті дәрігерлер сырқатының сырын түсінбей, ұшақпен Қарағандыға жеткізді. Аурухананың қабылдау бөлмесінде күтумен, құжат толтырумен тағы екі сағат бөгеген. Аурухана төсегіне енді жатқыза бергенде жүріп кетіпті. Көбетейде қара жердің қойнына бердік...

* * *


Техникумда бірге оқыған досым Бақыт Есенбековтің отбасымен, әйелі Алтынмен, балаларымен 1971 жылы Қарағандыға келгеннен бастап, күні бүгінге дейін аралас-құраласпыз. Өмірдің талай сындарынан бірге өттік.

* * *

Естай есімді Ақтоғайдың азаматы болды. Жарының аты -Күліш. Нарынқолдық Таласбаймен (жары Мағар) де көрші тұрдық. Естайдың әкесі Әшірбек Қорабаев Ақтоғай ауданында бас бухгалтер болған, соғыс ардагері.

Таласбай Жаңаарқа ауданында шаруашылық басқарып тұрған кезінде бірде: «Жарылқасын, биылғы соғымыңды 31 желтоқсан күні сағат алтыға дейін өзім алып барам, жаңа жылды бірге қарсы аламыз», - деді. Айтқан күні отбасымызбен Таласбайды тосып отырмыз. Жайнатып дастархан жасап қойғанбыз. Сағат алты түгіл, жеті- сегіз-тоғыз болды, Таласбайым жоқ. Сағат онда келді-ау, ақыры. Әкелген соғымын қолма-қол бұзып, қазанға ет салдық. Сөйтсек, Таласбай бізге жүрейін деп тұрғанда, Алматыдан Қуаныш ағамыз сап ете түсіпті. Таласбайдың оған да соғым берем деген біраз жыл бұрынгы сөзі бар екен. Қуанышқа деп тағы бір жылқыны сойса, қазысы шынтақтан жоғары, еліге жетер-жетпес шығыпты. «Ұят болды-ау. Қарағандыға апарайын деп отырған соғым бармақ қазы шығарып еді, соны сіз алыңыз, мынаны Қарағандыға апарып берейін», - депті Таласбай. «Қарағандыға кімге апарасың?». «Жарылқасын Бикенов деген досымыз бар, соған». «Ол кім еді? Қайда істейді?». Таласбай түсіндіреді. «Ол Жарылқасын менің інім ғой. Жарылқасынның соғымына тиіспе. Маған бұйырганы осы екен», - деп, Қуаныш өзіне арнап сойылған арық жылқыны алып кетеді. «Мұндай ағаны көргем жоқ. Мен болсам, Алматыдамын, келімді-кетімді кісім бар, семізін маған бер дер едім. Адалдығын көрмейсің бе», - деді Таласбай маған көңіліндегі сөзін ақтарып отырып. Енді бірде Таласбайдан соғым алам деп өзім бардым. Совхоз директорының орынбасары Боранқұл ақсақалдың үйінде дастархан жайылды. Жайланып отырмыз. Таласбай бір кіріп, бір шығады. Беймаза күйде. Ештеңе сезіп отырғаным жоқ, уақыт өтіп барады. Ас қайырып, сыртқа шықсам, Таласбай: «Жарылқасын, бұйырғаны осы болды. Саған деп алғашқы сойғанымыз шынтақ қана шығарды. Оны қоймаға өткізіп, екіншісін сойдырып едім, бұның да қазысы елі ғана шықты», - дейді. «Таласбай, айналайын-ау, екі жылқы соятын мен кіммін саған?!

103




Жарылқасын Бикенов

Алғаш сойылғанын берсең де өкпелемеймін ғой, әдейілеп істеген жоқсың», - деймін мен. Айта берсең, Таласбайдың азаматтығы көп. Отбасымызбен араласып, мәре-сәре болып жататын ек, ол да өмірден озып кетті...

* * *

Егіндібұлақтық Баян Жәркеев деген азаматпен ол Нұра ауданына қарасты Нұра совхозының директоры болып тұрған кезде таныстық. Жарының есімі - Күләш. Бір жылы одан жылқы сұрап ем, сөзге келместен, желтоқсан айының бас кезінде Көбетейдегі шешеме үлкен жылқы апарып беріпті. Шешем мен Рахат жануарды жемдеп, семіртіп, жыл соңында соямыз деп отырғанбыз. 27 желтоқсан күні Рахат қоңырау шалып тұр: «Жәкібай, соғымың арам өліп қалды», - деп. «Бір өзінде екі жылқының еті бар, таудай еді», - деп шешем де өкінді. Әлгі жануар бұйырмаган соң, сол уақытта совхоз директоры болып жүрген Мұқатай ақшамызға соғым жасап берді. Баян болса: «Жәке, саспаңыз, келер жылғы соғымыңыз менен», - деді. Жыл өтіп, айтқан уақытында бардым. «Ақшага жақсысын сайлап бер», - деймін. «Жәке, ұят болады. Былтырғы соғым бұйырмады. Сіздің алдыңызда кінәлімін», - дейді Баян. «Баян, - дедім мен, - екеуміз доспыз, ағайын адамбыз. Біздің әулетке, үрім-бұтағымызға ұрлық-қарлық, текке алу жақпайды. Тегін беріп ең, арам өлді. Ақшасын төлейін, жаздырып, түбіртегін бер», - дедім. Жылқыны арзан бағаға берді. Сол соғым қазірге дейін есте: әрі семіз, әрі дәмді шығып еді.

* * *


Рахила апамыздың 80 жасқа толған мерейтойында Алматыда болдық. Өмірінің соңын Қарағандыда өткізіп, ақтық сапарға аттанғанында бауыры Құтпанның қасына қойдық. Келіні Дәмежан бәрі бір жерде жатыр. Ол кісілердің біз дегендегі көңілі ерекше еді. Рахмет айтамыз. Нұрғиса жездеміз бен Қаят апамызды да қолымызбен қойдық. Үлкен ұлы Мұхамедқали қандай еді. Зайыбы -Қарлығаш, балалары - Дина, Дәурен, немерелері өсіп жатыр. Раушанының үрім-бұтағы өсіп-өнді. Үлкен ұлы Қайрат пен келіні Гүлшаттан туған немересі Димаш Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінде оқиды. Одан кейінгі ұлы Жанат пен Зура келінінің Аяна, Нұрхан деген балалары өсіп жатыр. Райханы да үйлі-баранды. Ерлан деген ұлы, немерелері бар.

Қарабай мен Раиса бізбен өте жақын араласты. Қарабай Жезқазғанда қалалық, облыстық сауда саласын басқарды. Кейін 'Галғар аудандық Мәслихатының хатшысы болды, сол ауданның Құрметті азаматы. Раиса Жезқазғанда, Алматыда зергерлік дүкендер ұстап, кәсіпкерлікпен айналысты. Қарабай мен Раисаның балалары Алиса, Ажар - Марко, немерелері Нұрғиса, Альма өсіп жатыр.

Сансызбай мен Розаға тоқталсақ. Сансызбай үлкен қызметтерде істеді. Қазірде Ғылым және білім министрлігінде Комитет төрағасы. Балалары Олжас (жары Аня), Амин, Айжан, Нұржандар өсіп жатыр. Роза кәсіпкерлікте үлкен жетістіктерге жетті.

Аманжол мен Ларисаның да балалары Нұрсайт, Әлібек жоғары білімді, зиялы азаматтар болып ержетті. Нұрғиса ағамыз небары алпыс жасында қайтыс болып еді.

104




Өмір сынақтарының сыры

Қаят апамыз бертінде, сексеннен аса өмірден озды. Қаят апамызды ел, ағайын-туысы сыйлады. Соғыс уақытында ағалары әскерге кеткенде, Қарағандыда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында технолог болды. Бәрімізді асырап-сақтап қалды. Нұрғиса ағамыз әскерден келгеннен кейін драма театрында қызмет істеген. Суретші, көркемдік кеңестің мүшесі болды. Сол кездері Күләш Байсейітовамен бірге гастрольдік сапарларға шыққан кездері болған. Балет бишісі, режиссердің көмекшісі қызметтерін де атқарды. Бірде анасы марқұм театрға өнерін тамашалауға барады. Балет биінде жігіт қызды бір қолымен көтеріп ұстап түратын сәті бар. Дәл сол тұсында, алдыңғы қатарда отырған анасы айқайлайды дейді: «Әй, Нұғыжан, белің үзіліп кетеді, таста ана қызды!», - деп.

Нүрекең Қаят апамызға сөз айтып жүреді. Қаят апамыздың ағасы Жолдыбек өрт сөндіру қызметінде шопыр, Қарағандыдағы алғашқы жүргізушілердің бірі. «Әртіске қыз беретін жағдай жоқ. Оны мен машинамен басып өлтірем», - десе керек. Ерубай ағасы - комендант. «Машинаны қой, мен тапаншамен атып тастаймын», - дейді ол. Сонда судья Омар Түсіпбекұлы тұрып екі ағасына: «Сендерді соттаймын ба сонда? Сотталайын деп отырсыңдар ғой», - деп қалжыңға бұрған екен. Екеуі тату-тәтті өмір сүрді. Нұрекең сыйлы, қадірлі адам болды. Ауырып, қиналған уақытымда менің қасымнан табылды.

* * *


Сәтбек Уәйісбек ағамыздың әкесі Сәрсекей біздің әкейдің апасынан туады. Жиеншар емес, ағалы-інілідей болып өстік. «1 май» совхозында тұрған Күлмағамбет деген туысы, өзінің баласы жоқ, Сәтбекті баласындай көріп, бұл қысы-жазы сол үйге барып, шаруасына көмектесіп жүретін. Күлекеңнің алдымен әйелі, кейін езі қайтыс болды. Күлмағамбет бақуатты түрды, отыздан аса жылқысы болған. Сәтбек ол кісіні соңғы сапарына барлық жөн-жоралғысымен шығарып салды. Аманатын түгел орындады. Сәтбек өзі «Қазақ жарылыс өнеркәсібі» мекемесінде қызмет істейтін. Көңілі түскен көп адамға қол үшын бергенін де білеміз, жомарттығы да бар. Бірде: «Бір үйір жылқымды Ақмоланың базарына апарып сатып келіңдер», - депті. Ол кезде әкей жоқ, шешейдің көзі тірі. Әнияш екеуміз Көбетейдеміз. Мерқасым отыздан асқан жігіт, шаруаны соған тапсырдық. Сәтбек сатуға әкететін жылқыларды өз пайымымен бағалап берді. Яки, сол шамадағы ақшаға сат дегені ғой. Мерқасым таңғы бестен Ақмолаға кетті. Мал базарына апарған. Құжынаған халық жылқы тиелген машинаны қоршап алып, ханталапай үлестіріп әкетіпті. Сәтбек болжағаннан анағұрлым көп пайда түскен. Сағат сегіздің кезінде Мерқасым аңқылдап жетіп келді. Біз оны ерте дегенде он екі-бірге қарай келер деп отырғанбыз. Бір-екі бас емес, пәленбай мал. «Сатып келдім», - дейді. Бір дорба ақшаны Сәтбекке беріп жатыр. Қайда-а, күткендегіден әлдеқайда көп ақша! Сәтбек ішінен бір бума жиырма бес сомдықтарды алды да, бәріміз отырған ас үйдің ішіне шашып жіберді. Малының базарлы болғанына қуанып, ризашылығын білдіргені. Мерқасым, Рахат, басқаларьтмыз жинап жатырмыз. Апам «тимеңдер, тимеңдер» деп шыр-шыр етеді. Ақшаны жинап, Сәтбектің өзіне берді. Сәтбек болса: «Нағашы апа!», - деп қайта шашады. Үш шашып, үш жинап, ақыр аяғында Сәтбек: «Бітті. Мен алмаймын бұл ақшаны», - деді. Бәріміз бөліп алдық. Мерқасымның қолы өтімді еді. Оның тағы бір ерекшелігі - жолы да сондай жеңіл болатын.

105




Жарылқасын Бикенов

Осакаровка мен Киевка арқылы Черниговкаға жету үшін жолшыбай көліктерді үш рет тоқтатып міну қажет. Мерқасым тоқтатып мінген машиналардың шопырлары оның әңгіме-қалжыңдарына қарық болып, одан ақша да алмайтын. Жолының жеңілдігі сол, діттеген жеріне вокзалдан шыққан автобустан бұрын барады.

* * *

Сәтбек демалыс күндері қызмет келігін қаңтарып қойып, меншікті «Волгасымен» жүреді. Бірде, 31 желтоқсан күні кешкі сағат алтыдан кейін қоңырау шалды. «Жарылқасын, Екібастұзға барып қайтуымыз керек. Кәртайға жаңа жылды бірге қарсы аламыз деп уәде бергем», - дейді. Алдын ала ескертілмеген нәрсе, 2 қаңтарға үйге қонақ шақырып қойғанбыз. Оның үстіне, күн қатты боран, аяз көтерілетінге ұқсайды. Екібастұз үш жүз шақырымнан артық жер. Кәртай - политехта бірге оқыған досы, Екібастұзда шахта директоры. Әйелі - Күнтай, балалары бар. Қос қабатты үйі бар, ол кезде ондай баспана сирек кездеседі. «Мына боранда қайда барамыз? Қонақ та шақырып қойғам, қайта алмай қалсақ қайтеміз, ұятты кісілер еді...», - деймін мен тартыншақтап. «2-сі күні сағат тура бірде үйіңде боласың, оган кепілмін. Тек, жүр», - дейді ол да табандап. Сәтбектің райын байқап тұрмын: қайтсе де барады. Көңілін қимай, оның үстіне жолда қалса обалына қалармын деген оймен амалсыз ере бердім. Шопыры Виктор Досулов деген жас жігіт болатын. Ескі «Волгамен» сағат жетінің шамасында Қарағандыдан шықтық. Жиырма шақырымдай жүргеннен кейін машинаның генераторы істен шықты. Сәтбектің кері қайтатын түрі көрінбейді. Боран, азынаған жел. Қосалқы генераторы бар екен. Оны ауыстырып салуға бір сағаттан артық кетті-ау деймін. Соның өзінде жиырма-отыз шақырым сайын аялдап отыруымызға тура келді. Виктор ара-тұра күрегін алып шығып, жолдың қарын аршиды. Біз артынан итереміз. Түк көрінбейді. Он екіде жетпек түгіл, сағат тілі екіге жақындады, біз әлі жолдамыз. Кейін білгеніміздей, Кәртайлар бізді күте-күте, таңғы төртке қарай жатып қалыпты. Біз сол төрттен аса жеттік. Үй иелері өре түрегеліп, дастархан жайды. Бәйек болып жатыр. Таңертең онға жақын тұрсақ, монша жағып қойыпты. Әбден терлетіп, шаршағанымызды шығарды. Патшадай күтті. Келесі, екісі күні Қарағандыға қайтгық. Бірге он минут қалғанда, Сәтбек үйдің қасына алып келіп: «Ал, Жарылқасын, қонағыңды күт», - деді.

Кәртай Сәтбектің жан жолдасы болды. Тағы бірде Кәртайдікіне барады. Қайтпақшы болғанда, екеуінің достығына риза болған Кәртайдың әкесі: «Сәтбек, шырағым, кетіп бара жатырсың: менің саған берегін ештеңем жоқ. Алатын зейнетақым он екі сом, бір сомыы саған берем. Шын көңіліммен бергенді игілігіңе жұмса», - депті. Ақшасы жетеді, бір сомға қарап тұрған Сәтбек жоқ. Баталы бір сомды әмиянының түбіне тығып қояды. Арада уақыт өтеді. Бір жылы, жылдық қорытындыға сәйкес, Сәтбектің басқармасы Қазақстан бойынша бірінші орын алды. Сонда Сәтбекке «ЕАЗ-2410» маркалы су жаңа машинаға квота сыйақы ретінде беріледі. Ол кездері бұл машинаны кезексіз алудың өзі тегін дүние секілді еді. Сәтбекке бұйырып тұр, енді ақшасын төлеп алуы керек. Бір сомды нақ осы жағдайда жаратыпты. Сәтбек көлігінің қызығын көрді...

106




Өмір сынақтарының сыры

Сәтбек Қуанышпен де ағалы-інілідей еді, отбасымен араласты. 1987 жылдың наурыз айында Қуаныштың баласы Бейсембай үйленетін болды. Әнияш Сарыағашта демалып жатқан. Жұма күні сағат кешкі жетіде «Балықтыкөл» ауылында қыз ұзату тойы. Құдасы - Алтынхан деген азамат. Ауылдық кеңестің төрағасы екен. Құдағиы Күләш мектепте мұғалім. Бейсенбай мен қалыңдығы Алма ҚарМУ-дың математика факультетін бітірген. Қызды алып, «Энтузиаст» ауылына (қазіргі Ахмет ауылы) баруымыз керек. Қуаныш - бас зоотехник. Әке-шешесі қолында. Біздің Мұқатай Ысқақов та совхоз директоры. Барғанда Сәтбектің жаңа «Волгасына» мініп, қайтарда Қуаныштың «УАЗ-ына» отыратын болып келіскенбіз. «Волгаға» қалыңдық пен күйеу жігітті, жолдастарын жайғастырып әкелу керек. Кешкі бестің кезінде жолға шықтық. Қарағандыда қар еріңкірей бастаған. Жанымызда Таня, Сәтбек, кішкентай Амангелді бар. ІІІахтинскіден өттік, күн жақсы. «Дзержинскийден» аса бере, борай бастады. Мән бермедік. Жүйткіп келеміз. Самар мен Есенгелді ауылдарының арасындағы жолдан Балықтыкөлге баратын 32 шақырымдық көтерме жолға жеттік. Боран күшейе түсті, оған сасқан біз жоқ. Көлігіміз бір жерде тұрып қалып еді, итере-митере ілгері жүріп кеттік. Омбылап келеміз, қар қалың. Жолдың қалтарыстары бар, қарама-қарсы бағыт алған машиналар бірін-бірі өткізіп барып жүреді. Жолды қар басты, жүре алмайтын жағдайға жеттік. Жолды аршып жіберейік десек, машинада күрек те жоқ. Шопыр жігіт не жылы шалбар кимепті, не қолғабы жоқ. Сәтбек былғары пальтода, аяғында туфли. Мойнына бөкебай орамаған: қалада, жылы машинада жүрген адам ғой. «Волганы» итеріп көрсек, болмайды. «УАЗ» келіп тоқтады. Бас дәрігер болып істейтін танысымыз Елеусіз Серіков екен. Бізді тартып, өткізіп жіберді де, өзі біраз ілесіп отырғаннан кейін, басқа жаққа бағыт алды. Біршама жүріп отырып, әлден уақытта «Волгамыз» тағы тұрып қалды. Сол тұрганнан мол тұрдық. Шопырдан жанармайдың жайын сұрасақ, «Бір тоқтап, бір жүрсек, үш-төрт сағатқа жетеді, одан артыққа жетпейді», - дейді. Далада үсіп өлетін түріміз бар. Сәтбек Балықтыкөлге жаяу барып, машина алып келмек болды. «Сәтбек, сені жалғыз жібермеймін, мен де барам», - деймін. Машинадан шықсақ, боран сұмдық. Іле Таня да шығып: «Екеуің де бармайсыңдар. Өлсек, бірге өлеміз. Қазір екеуің адасып, далада қай жерде қалғандарыңды білмей қаламыз», - деп тоқтатты. Отырмыз. Бір шамада вахталық жұмыскерлерді әкеле жатқан «ЗИЛ-131» көлігі келіп тоқтады. Бізді сүйреп шығарып, өзі алға түсті де, Балықтыкөлге дейін алып келді. Алланың сақтағы ғой. Үсті-басымыз малмандай: далаға шықсаң қатады, ішке кірсең ериді. Той болатын асхана ауыл шетінде екен. Жанында бір «УАЗ» тұр. «Мынау Қуаныштың «УАЗ-ы» ғой. Біз жолда өлейін деп жатырмыз. Шығып, қарсы алудың орнына...», - деп сыбап алдық. Ол «УАЗ» совхоздікі болып шықты, Қуаныштар әлі жоқ. Ел отыр, түнгі он екі болды. Жетіден бастап жиылған халық. Қыз алатын Қуаныштар келмеген. Күйеу жігіт те жоқ. Әйткенмен, жиналған елге қайта беріңдер деуге бола ма. Ұзату тойын бастап жібердік. Отырыс соңынан Алтынхан құдамыздың үйіне қондық. Ертеңіне «Энтузиаста» үйлену тойын өткізу керек.

Ақтүтек боран. Ішінде Қуаныштың анасы Құлқадиша, Мұқатайдың әйелі Жамал бар бір қауым ел «УАЗ» бен автобусқа мініп, жолға шыққан. Алдарына «К-700» тракторын салып алыпты. Трактордың қар тазалағыш күрегі үш бұрышты емес, тік бұрышты екен, тау болып жатқан қарға әлі келмей қалған. Сенбінің күні батты, олар әлі жоқ.

107




Жарылқасын Бикенов

Жексенбі, түс болды. Жоқ. Біздің де, үйдің де берекесі қашты. Демалыс күнгі түн өтті. Жолдағы адамдардың хал-жағдайын ешкім білмейді. Кейін білгеніміздей, оларға тағы бір трактор келіп көмектесіпті. Ол уақытта совхоздың директоры Қоқан Ашуов, машиналарымен ол да далада жүр... Таңғы үштің кезінде Құлқадиша анамыз кірер-кірместен: «Қыз қайда?!» - дейді. Табалдырықтан аттаған күйі тұр, одан ары аттап баспайды. «Жол сондай, біз бөгелмейміз». Болмай кіргіздік. Дастархан жайылды. Төрттен аса жолға шықтық. Басқа көліктер қос «К-700» тракторының соңынан ілесіп отырды. Таңертеңгі жетіден аса Қарағандыға баратын негізгі тас жолға да жеттік. Ол кезде Сәтбекпен көрші емеспіз, Бейбітшілік бульварында тұратын. Сөйтіп, Бейсенбай мен Алманың сенбіге жоспарланған тойы дүйсенбі күні өтті.

Жастар Қарағандыдағы бір бөлмелі пәтерде тұрды. Дүниеге Әсет, одан кейін Анеля келді. Бейсенбай институтта ғылыми қызметкер болып жүріп, біртіндеп әкімшілікке ауысты. Шәймерден Әбілмәжінұлы Оразалинов деген ағасы Бейсенбайды үлкен жолға бағыттаған еді. Облыстық Мәслихаттың депутаты, хатшысы, облыс әкімінің орынбасары болды. Қазір «Қазақстан Реиубликасы тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің атқарушы директоры. Алма-№101 лицейдің директоры. Қуаныштың зайыбы Тілеукен ертең алпысқа толады деп отырғанда, 2003 жылдың 18 мамырында ауруханада қайтыс болды. Аяулы ана, адал жар, ардақты досымыз еді, арулап жер қойнына бердік.

* * *

Тұяқ балдызымның жары Сәуленің ата-анасы - құда-құдағиымыз Рақым мен Үрқия Оспановтармен сонау 1973 жылы танысқаннан өмірлерінің соңына дейін сыйластығымыз үзілген жоқ. Жасымыз әлдеқайда кіші болғанымен, Әнияш екеумізге «Жәке», «Әнеке» деп өтті. Еліне қадірлі жандар еді. Рақаң облаткомның құрылыс бөлімінде сектор меңгерушісі болып қызмет істеді. Ұшқыштар училищесін бітірген, соғысқа қатысқан. Бетті кісі болды, өтірікке жаны қас еді. Заманында Қарағандының күллі құрылысы сол кісінің қолынан етті. Ұрқия құдағиымыз екеуінің жайған дастарханы, аралас-құралас достары ерекше жандар болатын. Інісі Ислам мен келіні Бекен, Қамза Ахмедиев, Әукен мен Мереке Мүсірәлимовтер, Шорман мен Жанат, Жұмаш пен Мәрия Әкеновтер осы кісілердің тұрақты қонағы еді. Тілектері ортақ, пейілдері ақ, ықыластары бөлек жандар болатын. Рақаң арқылы Қинаят Көбеев (әйелі Мәрия) ағамызбен танысып-білістім. Айналасына сыйлы адамдар. Үлкен ұлы - Мереке, Люда есімді келіні бар. Қыз кезіндегі фамилиясы Песцова болатын, Қарағанды кооператив институтын бітірді. Менің қол астымда қызмет істеп, аға нұсқаушы, бас бухгалтердің орынбасары болып, кейін олар Жамбылға көшіп кетті. Қинекеңнің бір құдасы Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсенов еді. Жоғары милиция мектебінің генералы. Қинекеңнің ұлы Еркін - Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, ғылым докторы, профессор, академик. Оның зайыбы Жанна - Михаил Шаекиннің қызы. Екі жастың қызығына куәгер болдық. Әкесінің көзін көрген адам ретінде Еркін бізді осы күні де сыйлайды, құрметтейді. Қинекеңдер бізден үлкен болғанына қарамастан, бірге жүрдік, үлгі тұттық.

108






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет