Стандарттау объектілері және облысы.
Стандарттау объектілері болып, әдетте, көп мәрте ұдайы қайталанылатын және/немесе қолдану перспективасы бар өнімдер, процестер (жұмыстар), көрсетілетін құзметтер табылады. Екіншіден, стандарттау объектілеріне оларға нормалар, талаптар, сипаттар, параметрлер, ережелер және т.б. әзірленетін объектілер жатады. Стандарттау объектілері 1-таблицада көрсетілген
Таблица 1. Стандарттау объектілерінің жіктелуі.
Стандарттау объектілері
|
Өнімдер (тұтыну тауарлары, өндірістік құралдар)
|
Қызмет көрсетулер Ұтұрмыстық, өндірістік)
|
Процестер (жұмыстар)
|
Бақылау әдістері
|
Шикі-зат және табиғи отын
|
материалдар және азық-түлік
|
дайын өнім-дер
|
мате-ри-алдық
|
матери-алдық емес (әлеу-меттік- мәдени)
|
және біртекті өнімдер топтарының жеке аспектілері:
терминдер, белгілер;
параметрлер мен өлшемдер;
техникалық талаптар.
|
және біртекті қызмет көрсету тпотарының жеке аспектілері:
терминдер;
техникалық талаптар;
бағалау әдістері;
көсіпорындарды жіктеу;
персоналға қойылатын талаптар.
|
өнімнің өмірлік циклының жеке кезеңдерінде кездесетін процестер;
бақылау әдістері;
қабылдау ережелері;
маркалау, буып- түю, тасымалдау және сақтау ережелері;
материалдық емес өндірістермен (статистикалық, банк, баспа қызметі) байланысты процестер;
басқару процестері;
өлшеу процестері;
ақпаратты есепке алу және ұқсату процестері;
қорғау процестері (адамдарды, табиғатты)
|
сынама алу;
сынау, өлшеу, талдауларды өнімді шығару, сапасын бағалау, сертификаттау, қолдану кезіндежүргізу амалдары мен әдістері.
|
Стандарттау облысы деп өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығын айтады. Мысалы машина жасау стандарттау облысы болып табылады, ал машина жасаудағы стандарттау объектілері: технологиялық процестер, қозғалтқыштар типі, машиналардың қауіпсіздігі және экологиялылығы және т.б. болып табылады (экологияға қолайлығы).
Достарыңызбен бөлісу: |