$$$002-013-000$3.2.13 №13 дәріс бойынша өзін тексеруге арналған сұрақтар:
Сертификатталған өнім мен көрсетілетін сәйкестік белгісімен таңбалауды кім жүзеге асырады?
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалауға кімнің құқығы бар?
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау құқығының тәртібі.
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау шешімі қашан қабылданады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚР СТ 3.25-2001 ҚР ГСС. Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау тәртібі .
$$$002-014-000$3.2.14 №14 дәріс Жекешелендірілген түрге қызмет көрсетудің сертификаттаудың ерекшелігі.
1. Туристік-экскурсиондық қызмет және туристерді орын-орындарына орналастыру бойынша қызмет көрсетудің сертификациясы
2. Қонақ үй қызметі көрсетуінің сертификаттау ерекшелігі.
$$$002-014-000$3.2.141 Туристік-экскурсиондық қызмет және туристерді орын-орындарына орналастыру бойынша қызмет көрсетудің сертификациясы
Туристік субъектінің ерекшелігіне:
1. туристік оператор
2. туристік агент
3. аудармашы түрлері, туризмнің инструкторы, экскурсия жүргізуші
4. туристер
5. экскурсанттар
6. басқа да туристік орталықтардың бірігуі
7. мемлекеттік органдар
Туристік объектінің мақсаты – саяхаттау кезде туристердің көңілінен шығатындай етіп әр түрлі объектілерді көрсетуге міндетті. Оларға табиғи климаттық зоналар және табиғи объектілер, көш тарихи объектілерді, мәдени-әлеуметтік объектілерді және басқа да объектілерді көрсетуге міндетті.
Туристік индустрия – туристерді орналастыруға, транспорттарды,
тамақтану объектісі, спорттық кешендермен және т.б. негізделген, оларға әр ұйымдар жатады және туристерге экскурсия уақытында аудармашылардың қызмет көрсету түрлері жатады.
Туристік индустрияның қызмет көрсету түрлері:
Турларды жеткізіп беру қызметі
Тұрып жатқан жерге жеткізіп беру
Тағамды жеткізіп беру қызметі
Жарнамалық және информациялық қызмет
Транспорттық қызмет
Көңіл көтеру
Және т.б. туристік қызмет көрсету
Туризмдық ұйымдардың формаларының бекітілімдері халықаралық және ішкі туризм болады. Халықаралық туризмге кіретіндерге:
Шығу туризм – Қазақстан Республикасы аймағында саяхаттаушы, бірақ та оның аймағындағы тұрғылықты тұрмайтын;
Шығу туризм – Қазақстан Республикасы саяхаттаушы азамат, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын, басқа мемлекетке баруы.
Ішкі туризм – Қазақстан Республикасы аймағында тұратын тұрғылықты азамат. Сол аймақта саяхат шегуі.
Туризмнің түрлері – әлеуметтік, экологиялық спорттық, конгрестік, денсаулықтық және т.б. Туризм қызмет көрсетуге сертификатты сертификаттау органдары береді. Сертификаттау органының өзі Қазақстан Республикасы аккредитациясынан және ҚР МС 3.5 талаптарынан өтуі міндетті. Сертификат заңды актілерін және нормативтік документтердің талаптарына сай актіледі, яғни бұлар адам өмірінің қауіпсіздігі, туристердің денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, туристік және заттарының қауіпсіздігі, функционалды қызмет көрсетудің орындалуы, тура немесе уақытты орындалуы. Егерде көрсетіліп жаатқан қызмет, НҚ сай болмаса, шағымданушы құжаттарды жинап ҚР заңды тұлғаларына жібереді.
Туристік қызмет көрсетудің сертификациясында қызмет көрсетудің мінездемесі, қызмет көрсетудің шарттары және баға беру әдістері болу керек. Рұқсат етіледі:
*Идентификациялық қызмет өткізу. Соның ішінде КПВЭД классификациялық группаға тиісті екенін анықтау. Яғни техникалық құжаттармен функционалдық белгіленуі;
*НҚ бекітілген қауіпсіздік қызметінің сәйкестік талаптарын толығымен растау. Туристік қызметке сертификацияны жүргізу үшін;
*Сертификаттауға тапсырыс беру;
*Тапсырысты толығымен қарау және тапсырыс бойынша шешім қабылдау, соның ішінде схеманы таңдап алу;
*Сертификаттауға тапсырыс берушімен сертификаттау органының арасындағы келісім –шартты бекіту;
*Қарастырылған схема бойынша сертификаттау жұмысын жүргізу;
*Алынған жұмыстарының нәтижелері мен анализі және сәйкестік сертификатын беру келісімі қабылданады (одан кейін сертификат);
*Сертификат ҚР мемлекеттік реестрінде тіркеледі және тапсырушыға беріледі.
Арыз беруші сер–лық жұмысты жүргізу үшін сұранысын сертификациялық органға жібереді. Яғни бұл органның ҚР ГСС аккредитациясынан өткен болуға шарт. Сәйкестік сертификациясы жүргізілу кезінде тапсырысты НҚ жинағы толығымен болуы шарт. Сертификатттау органы ҚР СТ 3.5 белгіленген талаптар бойынша тапсырысты безендіреді. Тапсырыстың шегінің қабылдау уақыты – тапсырыс түскеннен кейін 2 жұмадан аспау, ал кіші кәсіпкерлік өкілдікке – аптада кем емес. Егер тапсырыс бойынша кері екенін қабылданса, сертификаттау органы тапсырыс берушіге сертификаттау жүргізу мүмкін еместігін хабарлануы келісім арқылы тапсырыс беруші шарт бойынша бір данасын сертификаттау органына жібереді. Осыдан кейін сертификаттау органы өз жұмысына кіріседі. Сол сәтте тапсырыстың болмай қалған кезінде стандарттау, метрология және сертификаттау уәкілетті мемлекет органға тапсырыс берілген сертификаттау түрі жіберіледі. Сертификаттау қызметі кезінде сертификаттау органдары қауіпсіздік және сапалы қызмет көрсету міндеттемелерінің сақталуы сарапшы бағалау арқылы жүргізіледі. Баға беру эксперттердің шешімі бойынша орындалады.
Тексеріс нәтижесі актінен немесе баға беру нәтижесінің есебінен хаттарды тексеріс нәтижесі жарамды болса, сертификаттау
органы сәйкестік сертификатын жөндеп, тіркеп оны тапсырыс берушіге береді. Тексеріс жарамсыз нәтиже берсе, сертификаттау орган тапсырыс беруші сертификат берілмейтін туралы және себебі көрсетіліп беріледі. Сертификат жарамдылық мерзімін сертификаттау органы сертификаттау схемасы, қызметі, баға беру нәтижесі мен немесе ҚР СТ 3.5 сапа жүйесіне сәйкес белгіленеді. Сәйкестік бойынша маркировканы сертификаттау органы жүргізген қызметіне беріледі. Берілген сертификаттың әр біреуі 4 схемаға сер-дан таратылады. Жұмыс атқарушы сәйкестік белгісін алғаннан кейін, оны документтарда қолданады. Сәйкестік белгісі берілуші тұтынушыға, жарнамаларда және басқа да материалдарда қолданады. Берілген сертификатта сериялық жұмыс талаптарының сақталуы қадғалайтын инспекциялық бақылау органдары жүзеге асырады.
Инспекциялық бақылау сертификаттаудың жарамдылық мерзімінің периодында жылына бір рет және жоспарсыз тексеріс жүргізеді.
Жоспарсыз тексеріс сер-лық қызметі артық ақпарат түскен кезде ғана жүргізіледі. Жоспарсыз тексеріс тапсырыс берушінің технологиясы хабарында да жүргізілуі мүмкін, қызмет көрсету мінездемесі, қызмет көрсету шарттары өзгерген. Инспекциялық бақылау нәтижесінде екі дана акт құрады. Оның біреуі актыны сертификат алушыға, екіншісі – сертификаттау органына. Инспекциялық бақылау нәтижесінде сертификаттау органы сертификаттаудың іс–әрекетін тоқтатады және сәйкестік белгісін жояды, егер:
– сертификаттау органына байланысты тексеріс беруші шарт бойынша
Финанстық міндеттемесін орындамаса;
сертификаттау органы құрамының өзгеруі немесе технологиялық кәсіпорын қызметінің тапсырыссыз жіберілуі информациясының жоспарсыз тексеруден сертификаттау органына бастарту кезінде;
Сертификаттауды тоқтату іс–әрекетінде түзетілетін рәсім жүргізіледі. Түзетуші рәсім жүзеге асырылмаса немесе эффектілі болмаса сертификаттау органы сәйкестік сертификатын, сәйкестік белгісін жояды.
Сертификаттауды жою жұмысы енгізілген лайықты тізімі енгізілгеннен ҚР мемлекеттік реестрінен бастап күшіне енеді және сертификат қайтарылуы тиіс. Сертификатты қайта беру СТ ҚР 3.5 96 талаптары бойынша жұмыс жасалады.
$$$002-014-000$3.2.14 2. Қонақ үй қызметі көрсетуінің сертификаттау ерекшелігі.
Қонақ үй қызметінің сертификациясы:
Қонақ үй қызметінің жабдықтаушысы да сәйкестік сертификатының болуында өзінің іскерлігін жүзеге асырады, заңды ережелермен анықталған берілген қонақ үй ғимаратында жарықтандырылады және жарықтандырылған үлгілі қонақ үй аттарымен белгіленген, тәртіпті жұмыс тізімі автокөлік тұратын орыс және ағылшын тілдерінде жазылады. Қонақ үй жабдықтаушысының қызметі:
Аралық халалық және халықаралық байланыс ұжымдық телефондары жеке немесе ортақ кабинеттерде болуы керек;
қонақ үй көшелерінде байланыс телефоны, қызмет көрсету тізімі, өрт қауіпсіздігінің құрылымы, буклеттері және т.б. туристерге қажетті заттар мемлекеттік, орыс және керек болған жағдайда ағылшын тілдерінде жазылу керек;
Алдағы болжау жұмысын қонақ үй қызметіне:
кір жуу, химиялық тазарту;
такси шақыру;
Астанаға экскурсияға шығару;
электронды интернет жүйелеріне қосылу;
спорттық кешен;
жабдықтаушы мен тұтынушының арасындағы келісім шарттың орындалуы.
Қонақ үйде тұру тәртібі мен шарты қонақ үйдің жеткзіушінің ережесімен анықталады. Қонақ үй персоналдында кәсіби дайындық болуы керек.
Қонақ үйдің жеткізушісі персоналдарды арнайы киім мен қызмет белгісі бейджикпен қамтамасыз етеді.
Персоналдың функционалды міндеттерін инструкцияға сай қонақ үйдің администрациясы орнатады.
Бақылау сұрақтары:
Туристік қызметтің субъектісіне не жатады?
Туристік қызметтің объектісіне не жатады?
Туристік индустрия дегенді қалай түсінесіз?
Туристік индустрияның қандай қызметін білесіз?
Туристік қызметті сертификаттау тәртібін анықтауда қандай операциялар жүргізіледі?
&&&
$$$002-015-000$3.2.15 № 15 дәріс Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету
1. Сапаны қамтамасыз етудің жалпы критерийлері
2. Сертификаттаудың «сапа шеңбері» процесі.
&&&
$$$002-015-000$3.2.151. Сапаны қамтамасыз етудің жалпы критерийлері
Сапа- комплексті ұғым болып саналады. Мысалы, Oxford Pocket Dictionary оны «салыстырмалы сипаттаманы (төменгі сапалы, тауарды сұрыптарға бөлу) немесе абсолютті сипаттаманы (сапалы,жақсы), белгі, негізгі мәліметтер, параметрлерді қалыптастыру деңгейі» деп анықтайды. Сапаны басқаруда қолдануына байланысты «сапа» термині 70 жылдардың басында EOQ-дің (сапа туралы Еуропалық ұйымның) анықтауы бойынша «сапа-өнімнің тұтынушы талабына сәйкестік деңгейі» ретінде түсіндіріледі. «Сапа» терминінің қазіргі таңдағы версиясы ИСО8402 «Сапаны басқару және сапамен қамтамасыз ету. «Сөздік» деп аталатын халықаралық стандартта көрсетілген, онда былай жазылған: «Сапа- орнатылған және болжам түріндегі қажеттіліктерді қамтамасыз ету қабілеттілігіне жататын объекті сипаттамасының жиынтығы».
Сертификаттау процесі объектісіне сенімділік және бейтараптық сипаттамаларын жатқызуға болады.
Сертификаттау объектісінің НҚ талабына сәйкестік баға сенімділігі сертификаттау жөніндегі техникалық жиынтықты және сынақ зертханалары органдарымен анықталады. Сертификаттау нәтижелерін алудағы бейтараптық қызығушылықты жақтарға, яғни, өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздік деңгейіне байланысты.
Сертификаттау сапасын қамтамасыз етудің екі критерийі мынадай. Бұл критерийлерге сәйкес жетістік механизмі «сапа шеңберінде» көрсетілген. Ол сапаға әсер ететін өнімді (процесс, қызмет көрсету) өндіруде толық цикл элементтерінің өзара қарым-қатынасын айқындайды.
Сертификаттаудың жалпы сапасы сертификаттау алдындағы периодтан, сертификаттаудың орындауынан және сертификаттаудан кейінгі қызметтен тұрады. Сертификаттаудың сапасы маркетинг және сұранысты танып-білу сатысында сәйкестік бағасы жүргізілетін талаптарға сай талдау және сертификаттау жүйесін таңдаумен түйінделеді. Берілген сатыда әр түрлі елдерде сынау және сертификаттау нәтижелерін қабылдау жағдайлары ескерілуі қажет.
Сертификаттау процесінің жобалау сатысында сапаға әсер ететін барлық факторлар ескерілуі қажет: тапсырыс берушінің тілектері, заңнамалық талаптар, сонымен қатар сертификаттау және сынақ зертханалары органдарының қызмет етудегі ұйымдық, техникалық және ғылыми әдістемлік аспектілері.
Сертификаттауды жүргізуге қажетті ресурстар өзіне сертификататтау және сынақ зертханалары органында мыналардың болуын қамтамасыз етеді: квалификацияланған тұлға; мамандандырылған қоймалар; НҚ фонды; өлшеу, сынау және бақылау әдістері; заманауи оргтехника. Сертификаттауға арналған ресурстар орнатылған талаптарға жауап беруі қажет. Олардың сәйкестігі сертификатталған және сынақ зертханалары туралы органды аккредиттеу кезінде тексеріледі.
Сертификаттау процесстері, мысалы, сынауға үлгілерді алу, инспекциялық бақылауды жүргізу немесе арызды өңдеу сенімділік пен бейтараптыққа жету сенімділігі қамтамасыз етілуі үшін қарастырылады. Барлық процесстер мейрамдарды есепке алатын жұмыстың (аудит) сыртқы және ішкі сапасын тексеруді жүргізу мүмкіндігі қарастырылатындай болуы қажет. Маңызды мәнді барлық процесті құжаттандыру және архивтеу, арыз берушінің коммерциялық құпиясын сақтайтын ақпараттың конфиденциондығын қамтамасыз етуі алады.
Сынауда өнім (қызмет) үлгісі бар сертификаттауды сапа жүйесін бағалау және сәйкестік туралы шешімді қабылдау, сертификаттау жүйесіндегі талаптармен сәйкес, сертификаттау және сынақ зертханалары органдарының ішкі инструкциясы және таңдалған сызба бойынша жүргізеді.
Сертификаттау сапасын қамтамасыз ету сәйкестік базасын бақылау процесін жүргізбей қол жетімсіз болып табылады. Бұл периодтық сыртқы және ішкі аудит жүйесінің бар болуымен анықталады. Сыртқы аудит сертиф. және сынақ зертханасы туралы орган жұмысшыларымен орындалады, көбінесе оны сапаға арнайы тағайындалған жауапты жүргізеді. Аудит нәтижесі дәстүрлі мейрамдарды жүргізу туралы ұйымдыққа ақпарат болып табылады.
Сыртқы аудитті тәуелсіз сарапшылар немесе инспекциялық бақылау шеңберінде аккредиттеу жөніндегі органдар жүзеге асырады. Ондағы барлық бақылауларды жүргізуде статистикалық әдістер қолданылуы қажет. Сертификаттау нәтижесін соңғы бақылау сертификатты шығару жөніндегі шешім қабылданғанда жүргізіледі.
Сәйкестік сертификатын және сәйкестік белгісін қолдану құқығы инспекциясын өңдеу сатысында олардың максимальді ақпарттығын және мәнін қамтамасыз ететін формасына және мазмұнына талаптар қадағалануы қажет. Сертификаттау жүйесіне тәуелсіз кез келген сертификат; сертификат объектісінің атауы; ол сәйкес келетін НҚ; сертификат берген сертификаттау органы атауы; шыққан мерзімі; жарамдылық мерзімі және сертификат жөніндегі органның аккредиттелгені туралы белгі болса.
&&&
$$$002-015-000$3.2.15 2. Сертификаттаудың «сапа шеңбері» процесі.
Сертификаттаудан кейінгі қызмет сапасы «сапа шеңберінің» төмендегідей элементтерімен анықталады:
*сертификатталған өнім, қызмет, сапа жүйесі немесе тұлғаның нақты тізімін енгізу; тізім сертификаты объектісі туралы керекті ақпаратты қамтамасыз ету керек және тұтынушылардыың кең қолданысына қол жетімді болу керек; *сертификат жөніндегі орган тарапынан сертификатталатын өнімге инспекциялық бақылау;
*сертификат жөніндегі органның ақпараттық қызметі. Сәйкестік сертификатының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда өтініш беруші жаңа сертификаттау туралы шешім қабылдай алады. Сертификатгаудың «сапа шеңбері» даму жағдайын сертификаттау және сынақ зертханалары органдары жүзеге асырады.
&&&
$$$003-000-000$3.3 Тәжірибелік сабақтар
&&&
$$$003-001-000$3.3.1 1. Модуль №1 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:. Сәйкестікті растау аймағындағы ұғымдар
Сабақтың жоспары:
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңың оқу.
2 Сұрақтарға жауап беру
&&&
$$$003-001-001$3.3.1.1 №1 тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты : Тақырып бойынша теориялық білімін қорытындылау:
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңың 1 тарауының 1бабын оқу
2 Терминдердің анықтамаларын жаттау ( сертификаттау ,дайындаушы, өтініш беруші , сәйкестік белгісі)
&&&
$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақ бойынша өзін тексеру тапсырмалары
Қалдырылып кеткен сөйлемдерді толтыр
1) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша ........................................;
2) сәйкестік сертификаты - .................................................. техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;
3) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға .................. куәландыратын құжат;
4) сәйкестікті ерікті растау - ............................. немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
5) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде ......................... растау жүзеге асырылатын рәсім;
6) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен ..................................тұлға;
&&&
$$$003-002-000$3.3.2 №2тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: ҚР техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің құрылымдық элементтері
Сабақ жоспары :
1«Техникалық реттеу туралы »Заңның құрылымын оқу
2 Сұрақтарға жауап беру
&&&
$$$003-002-001$3.3.2.1 №2 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақ мақсаты: Сертификаттаудың заңнамалық негізі туралы білімін тереңдетіп меңгеру.
Сабақтың мазмұны :
1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау мен бекіту тәртібімен танысу.
2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының негізгі құрылымдық элементтерін оқып меңгеру
&&&
$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақ бойынша өзін тексеру тапсырмалары
1. Қазастан Республикасының сертификаттау туралы заңының негізі
2. Қазіргі уақытта сертификаттау аумағында қандай заң қолданылады
&&&
$$$003-003-000$3.3.3 №3 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
Сабақ жоспары :
1 «Теникалық реттеу туралы» заңынын 5, 6,8,10 1 тарауларын оқу
2 Сұрақтаға жауап беру
&&
$$$003-003-001$3.3.3.1 №3 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақ мақсаты : ҚР ТР бойынша уәкілетті органың функцианалды міндеті
Сабақ мазмұны:
1 Сертификаттау аумағындағы ТР жүйесінің мемлекеттік органдарын оқу
2 Техникалық реттеу туралы заңын оқу
&&&
$$$003-003-002$3.3.3.2 №3сабақ бойынша әдістемелік нұсқау бойынша тапсырма
1ҚР ТР жүйесіне кіретін мемлекеттік жүйесіне кіретін органдарды атаңыз
2 ҚР ТР аумағындағы өкіметтің құзіреттілігі
3 Ақпараттық рталықты атаңыз
&&&
$$$003-004-000$3.3.4 №4 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы : Уәкiлеттi органның функционалдық қызметін оқу
Сабақтың жоспары:
1 «Техникалық реттеу туралы » заңының 7 тарауын оқу
2 Сұрақтарға жауап беру
&&&
$$$003-004-001$3.3.4.1 №4 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: ҚР ТР жүйесінің уәкілетті органның және функционалдық міндетін оқу
Сабақтың мазмұны:
1 Уәкілеті органның құрылымын меңгеру
2 Уәкілетті органның функциясын оқу
3 Сұрақтарға жауап беру
&&&
$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай?
2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз.
3 Өкілетті органның құзыреттілігін неде?.
4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу.
2 Модуль
&&&
$$$003-005-000$3.3.5 №5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Сәйкестікті растау
Сабақтың жоспары:
1 « Сәйкестікті растау туралы »техникалық регламентті оқу
2 Сұрақтарға жауап беру
&&&
$$$003-005-001$3.3.5.1 №5 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты : Нормативтік құжаттамалармен жұмыс істеуді практикалық жетілдіру
Сабақтың мазмұны:
1 «Теникалық растау туралы» заңның 26 бабын ( 4тарау)оқу
2 « Сәйкестікті растау туралы »техникалық регламентті оқу
&&&
$$$003-005-002$3.3.5.2 №5 сабаққа арналған тапсырма
1 Сәйкестікті растау объектілерін атау
2 ТР сәйкестікті растаудың қандай түрлері қарастырылады
...
&&&
$$$003-006-000$3.3.6 №6 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы : Міндетті сертификаттау
Сабақтың жоспары:
1« Сәйкестікті растау туралы »техникалық регламентті оқу 2Сертификациялық сынақ жүргізуге бланкілерді толтыру
&&&
$$$003-006-001$3.3.6.1 №6 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: Нормативтік құжаттармен жұмыс жүргізу кезінде сертификаттау бойынша жүргізілген жұмыстардың салдарын практикалық білімдерін жетілдіру
Сабақтың мазмұны:
Сәйкестікті растау туралы »техникалық регламенттің 2 тарауын оқу
Сертификациялық сынақ жүргізуге өтініш бланкілерін толтыру
Сұрақтарға жауап беру
&&&
$$$003-006-002$3.3.6.2 №6 сабаққа арналған тапсырмалар
1. Сертификаттау бойынша жүргізілген жұмыстардың салдары қандай?
2. Сертификациялық жұмыстарды жүргізуге өтініш берудің негізгі ережелері
&&&
$$$003-007-000$3.3.7 №7тәжірибелік сабақ
Тақырыбы : Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі
Сабақтың жоспары:
1 ҚР СТ 3.9 стандартымен танысу
№7тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу .
Сабақтың мазмұны:
1 Шетелдік өнімдерді сертификаттауды жүргізу мақсаттарын анықтау.
2 ҚР СТ 3.9 қолданып, оқытушының тапсырмасы бойынша сертификаттауға қажетті құжаттамаларды толтыру.
3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
1 №7 тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған?
2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай?
3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек?
4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет?
5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай?
6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі?
Қолданылатын әдебиеттер: ҚР СТ 3.9 «ҚР МСЖ. Шетелдік өнімдерді сертификаттау».
3 Модуль
&&&
$$$003-007-000$3.3. 8 №8 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Сабақтың жоспары :
Өнімге жүргізілетін сертификаттаудың тәртібін қарастыру
№8 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.
Сабақтың мазмұны:
1 Өнімді сертификаттау кезінде негізгі операцияларға көңіл аудару.
2 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген:
1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;
3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;
4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;
5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;
7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;
8) Сертификат беру;
9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);
10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.
3 Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену.
№8 тәжірибелік сабаққа арналған тапсырма
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МСЖ өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?
2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?
3 Қандай ережелер бойынша үлгілерді іріктеу жүргізіледі?
4 Сертификаттау мақсатымен өнімді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?
5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?
6 Сертификатталған объектіні инспекциялық бақылау жүзеге қалай асырылады?
&&&
$$$003-007-000$3.3.9 № 9 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Тақырыбы: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Сабақтың жоспары:
Қызеттерді сертификаттау тәртібімен танысу
№ 9 тәжірибелік сабақ қа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу.
Сабатың мазмұны :
1 Қызметтерді сертификаттау кезінде негізгі кезеңдерге көңіл аудару.
2 Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі келтірілген:
1) Органға сертификаттауға өтінім беру;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау;
3) сертификаттау схемасын таңдау;
4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;
5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;
6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;
8) Сертификат беру;
9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).
3 Осы тәртіп бойынша оқытушы берген тапсырмаға сай негізгі құжаттамаларды толтыруды үйрену.
№ 9 тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МСЖ қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?
2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?
3 Қандай ережелер бойынша қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу орындалады?
4 Сертификаттау мақсатымен қызметтерді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?
5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?
6 Сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді?
&&&
$$$003-007-000$3.3.10 № 10 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Тақырыбы: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары
Сабақтың жоспары:
Өнімге және қызметке сертификаттаудың ерекшеліктері
№ 10 тәжірибелік сабаққа арналған әдстемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемаларын оқып меңгеру.
Сабақтың мазмұны:
1 Өнімдерді және қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктеріне көңіл бөлу.
2 Біртекті өнімдер топтарын және қызметтерді сертификаттаған кезде қолданылатын әртүрлі схемаларының артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу.
3 Оқытушының тапсырмасы бойынша әртүрлі схемаларды пайдаланып, белгілі өнімдер топтарына және қызмет түрлеріне сертификаттауды жүргізу.
4 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
№ 10 тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:
1 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 1-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
2 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 2-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
3 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 3-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
4 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 4-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
5 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 5-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
6 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 6-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
7 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 7-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
8 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 8-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
9 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 9-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
10 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 10-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері.
11 Қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктері қандай?
&&&
$$$003-009-000$3.3.11 №11тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Туристтік саяхаттық қызмет
Сабақтың жоспары :
Туристік саяхаттық қызметке сертификаттау жұмыстарын жүргізу
№11тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты: туристік саяхаттық қызметтің сертификациялық схемасын оқу
Сабақтың мазмұны: 3.27стандартын оқып меңгеру
№11тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
Бақылау сұрақтары:
1. Қзметтің қандай түрлері болады
2. Қызметтің идентификациясы деген не
3. Сертификациялық қызметтің тәртібі каз
...
&&&
$$$003-010-000$3.3. 12 №12 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Қызметтер мен өнімдерді маркілеу
Сабақ жоспары:
Маркілеу тәртібімен танысу
№12 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты:
ҚР СТ 3.25-2011. Өнімді және қызметтерді маркілеу тәртібі жән сәйкестік белгісі. стандартымен танысу.
Сабақтың мазмұны: Стандарттың мазмұнымен танысу.
№12 тәжірибелік сабаққа арналған тапсырма
Бақылау сұрақтары:
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау құқығының тәртібі.
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау шешімі қашан қабылданады?
&&&
$$$003-014-000$3.3.14 №14 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы : Сертификаттау органдарына қойылатын талаптар
Сабақтың жоспары : СТ РК 7.2-2002 стандартын меңгеру
&&&
$$$003-014-001$3.3.14.1 №14 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты : Сертификаттау органдары бойынша аккредиттеу жүргізу әртібін оқу
Сабақтың мазмұны:
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау құқығының тәртібі.
Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау шешімі қашан қабылданады?
&&&
$$$003-014-002$3.3.14.2 №14 сабаққа арналған тапссырмалар
Бақылау сұрақтары:
1. Сертификаттау органдарына қойылатын талаптар
2. Сертификаттау бойынша аккредиттеу органдарының тәртібі
Әдебиеттер:
1. СТ РК 7.2-2002 Требования к органам по сертификации
&&&
$$$003-015-000$3.3. 15 №15 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы : Сапа менеджменті және өндірісі сертификаттау
Сабақтың жоспары: МС ИСО 3.15.2-98 ГСС РК танысу
&&&
$$$003-015-001$3.3.15.1 №15тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың мақсаты : Сапа менеджменті және өндірісі сертификаттау тәртібін оқу
Сабақтың мазмұны:
МС ИСО 3.15.2-98 ГСС РК. Стандартын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |