5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»



бет3/4
Дата04.07.2018
өлшемі117,41 Kb.
#47102
1   2   3   4

$$$002-007-000$3.2.7 2 Cертификатық сынаулардың маңызы
Объетісіне байланысты өнімді, көрсетілетін қызметті, сапа жүйесін (өндірісті) және персоналды бақылау кездеседі. Барлық объектілер шикізатқа, материалдарға, бұйымдарға, жабдықтарға және саймандарға бекітілген нормалардың талаптарына сәйкестікке тексеріледі. Бақылау объектілерінің маңызды сипаттамаларының бірі болып олардың бақылауға жарамдығы, яғни бұйым конструкциясының оны жасау, сынақтан өткізу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ыңғайлы және сенімді түрде бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету қасиеті табылады.

Аталған объектілерден басқа сапа жүйесі элементтерін және өндірістік процестің кезеңдерін бақылау жүзеге асырылады.

Станокта, престе жүргізілген кез келген операциядан кейін және ? жинау операциясынан кейін жүргізілетін бақылауды операциялық бақылау деп атайды. Дайын бөлшек, торап жасап шығарылғаннан кейін немесе бұйым дайын өнім ретінде шығарылғаннан кейін қабылдау үшін бақылау жүргізеді. Бұл жерде комплектінің түгелдігі, буып түйілуі өалай (қандай жағдайда) тасымадланғаны және сақталғаны бақыланады. Операциялық бақылау кезінде қандай параметрлері тексерілуі керек және қандай сайман немесе өлшеу құралы қолданылуы керектігі туралы технологиялық процестің картасының «бақылау операциясы» бағанасында жазылады. Қабылдау үшін (қабылдау алдында) бақылау мемлекеттік стандарттар, жалпы техникалық шарттар және тиісті техникалық шарттар бойынша жүргізіледі.

Барлық операциялардың мәні - өндіріс процесінің кезеңдерінің сипаттамаларын, режимдерін және т.б. көрсеткіштерін тексеру болып табылады.

Объектілерді немесе өндіріс процесінің операциясын бақылау мынадай түрде жүзеге асырылуы мүмкін: лезде (летучий) – жүргізу мерзімі регламенттелмейді, кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін; периодтық – белгілі уақыт аралығы (сағат, тәулік, ай) өткеннен кейін жүргізіледі; үздіксіз – үздіксіз (тұрақтытүрде) жүргізіледі.

Бақылау құралдарына байланысты бақылаудың мынадай түрлері кездеседі: көзбен бақылау (визуальный) – бақылау объектісі көзбен бақыланады және оның нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі анықталады (барлық операциялардың орындалғаны, маркировкасының, жол құжаттарының (сопроводительные документы) болуы; органолептикалық – сарапшы мамандармен жүргізілетін субъективтік бақылау әдісі (балдар санымен бағалау); аспаптардың көмегімен (инструментальный) бақылау – бақылау-өлшегіш саймандардың, калибрлердің, аспаптардың, стендтардың, сынақ машиналарының және т.б. көмегімен жүзеге асырылады. Бақылаудың соңғы түрі автоматтандырылған және қоломен жүргізілетін деп бөлінеді. Қолмен бақылау кезінде штангенциркуль, микрометр, калибр, индикатор сиақты қол саймандары қолданылады. Бұндай бақылаудың сапасы төмен болады. Барлық бұйымдарды жаппай бақылаған кезде де 2-4 % ақауы бар бөлшектер бақылаудан өтіп кетеді. Автоматтандырылған бақылау арнаулы құрал-жабдыұтарды қолданумен байланысты. Сапасы жоғары болып табылады. Ең прогрессивті болып автоматты тұрде бақылау табылады. Автоматты түрде бақылауда бөлшектер мен тораптарды жасағанда өндірістік желіге автоматты бақылау құралдары ендіріледі. Бұл құралдардың көмегімен үздіксіз бақылау жүзеге асырылады. Бақылаудың бұл түрі подшипник шығаруда кеңінен қолданылады.

Өнімнің көлеміне байланысты бақылау жаппай және таңдамалы деп бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде бақыланатын өнімнің сапасы туралы шешім өнімнің әр бірлігін тексеру нәтижесі бойынша шығарылады. Таңдап бақылау кезінде шешім өнім партиясынан, ағыннан алынған бір немесе бірнеше таңдаманы (норамтивтік құжаттардың талаптарына сай) тексеру нәтижесі бойынша шығарылады.

Технологиялық процестің барысына әсер етуіне байланысты активті және пассивті бақылау кездеседі. Активті бақылау технологиялық жабдығға ендірілген құралдың көмегімен жүзеге асырылады. Алынған нәтижелер бұйымды жасау процесін үздіксіз бақылау үшін қолданылады. Пассивті бақылау алынған нәтижелерді тіркеп қана қояды.

Бақылау объектісіне әсер етуі бойынша бұзып бақылау және бұзбай бақылау кездеседі. Бұзып бақылаудан кейін бұйым ары қарай пайдалануға жарамай қалады.

Тексерілетін параметрлердің типі бойынша геометриялық параметрлерді (сызықтық, бұрыштық өлшемдерін, жазықтықтардың, остердің, бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың және т.б. формалары мен орналуын), физикалық қасиеттерді (электрлік, жылутехникалыұ, оптикалық және т.б.), механикалық қасиеттерді (беріктік, қаттылық); микро- және макроқұрылымын (металлографиялық зерттеулер); химиялық қасиеттерін (заттың құрамын химиялық талдау, әртүрлі орталарда химиялық тұрақтылық), сондай-ақ арнаулы бақылау (жарық-, газөткізгіштігі, герметикалығы).

Сәйкестігін растау кезіндегі бақылау процесі ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Бақылау процесінің негізгі элементтері: объект, әдістеме және бақылауды орындаушы, сондай-ақ бақылау бойынша нормативтік құжаттар болып табылады.

Бақылау процестерін, ең алдымен техникалық бақылау процесін ұйымдастыру кезінде ГОСТ 14.317-75 стандартын қолдануға болады. Бұл стандартта техникалық бақылау жүргізу кезінде қолданылатын операцияларды әзірлеудің негізгі кезеңдері көрсетілген.

Өнімді сынақтан өткізу (сынау) бақылаудың бір түрі болып табылады, сондықтан оған да жүйылік тәсілдемені қолданады. Сынақ жүргізу жүйесіне төмендегі негізгі элементтер кіреді: объект (бұйым, өнім), сынақ категориясы, сынақ жүргізу және қлшеу үшін қолданылатын құралдар (сынақ жабдықтары және салыстырып тексеру немесе тіркеу құралдары), сынақ жүргізуші, сынақ жүргізу үшін нормативтік құжаттар (бағдарлама, әдістемелер).
&&&

$$$002-007-100$ №7 дәріс бойынша өзіндік бақылау сұрақтары

1Сертификаттау сыныақтары қандай сынақтар



2 Сертификттық сынақтардың маңызы
&&&

$$$002-008-000$3.2.8 №8 дәріс Сәйкестікті растауды қолдану аумағы


  1. Міндетті және ерікті сертификаттау объектілері

  2. Өнімді және қыызметтерді сәйкестігін растау схемалары



&&&

  1. $$$002-008-001$3.2.8.1 Міндетті және ерікті сертификаттау

объектілері

Перечень продукции, подлежащей обязательной сертификации, утвержден Постановлением Правительства Республики Казахстан № 1787 от 29 ноября 2000 года «О контроле соответствия продукции в Республике Казахстан»

  1. Автотранспорттық құралдар.

  2. Ауылшаруашылық техникалар.

  3. Спорттық, азаматтық, қызметтік штаттық қарулар.

  4. Электротехникалық, радиотехникалық электрондық бұйымдар.

  5. Байланыс құралдары.

  6. Мемлекеттік құпияларды құрастыыратын , мәліметтердің техникалық құралдары .

  7. Қатты, газ және сұйық отын түрінде жұмыс жасайтын жылытқыш аппаратура

  8. Тұрмыстық химия тауарлары.

  9. Ұлттық тұтынушылық тауарлар.

  1. Қаптауыш орамдар .

  2. Ағаш тауарлары .

  3. Құрылыс амтериалдары.

  4. Жеңіл өнеркәсіп тауарлары .

  5. Дәрілік заттар.

  6. Медициналық техникалар.

  7. Парфюм –косметикалық тауарлар .

  8. Тамақ және ауылшаруашылық өндірісінің азық түліктері .

  9. Отындық шикізаттар .

  10. Ойыншықтар.


&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2. Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары
Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен тағайындалған схемалар бойынша жүргізіледі.

Сертификаттау схемасы үшінші жақтың өнімнің сәйкестігін бағалау кезіндегі іс-әрекеттерінің құрамы мен кезектілігін белгілейді.
Сертификаттау жүйесімен бірнеше сертификаттау схемалары қарастырылған. Схеманы таңдап алу кезінде нақты өнім өндірісінің, оны сынау және қолданудың рекшеліктері ескерілу керек. Бұлармен қатар куәландыру деңгейіне қойылатын талаптар және өтінушінің шығындарының мөлшері ескеріледі.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары 2- таблицада берілген.
Таблицадан растау әдістері ретінде:

  • сынау;

  • қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру;

  • өндірістің жай-күйін талдау;

  • инспекциялық бақылау қолданылатынын көруге болады.

1 – 6 және 10- сертификаттау схемалары сериялап шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7 – 9 схемалар – шығарылып жатқан өнімді сертификаттауда қолданылады.


2- таблица. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау

схемалары



Схема номері

Сәйкестікті

растау әдісі



Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертификаттың күшінде боле мерзімі, артық емес

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Типін сынау1

-

-

6 ай

Маркалау жүргізілмейді

2

Типін сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау

12 ай

Осы типтің барлық шығарылған өнімдері маркланады

3

Типін сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау

12 ай

-«-

4

Типін сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Шыға-рушыдан алынған үлгі-лерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау

18 ай

-«-

5

Типін сынау

Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынауҮ. Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өнді-рісті (сапа жүйесін) бақылауҮҮ

36 ай

-«-

6

Типін сынау

Сапа жүйесін сертифи-каттау

Сапа жүйесін бақылауҮҮ

36 ай

Маркалау жүргізілмейді

7

Партияны сынау

-

-

Партияны босату мерзімі

Маркалау жүргізілмейді

8

Әр өнімді сынау

-

-

Тағайындал-майды

Әр өнім маркаланады

9

Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру

-

-

Өнімнің жарамдылық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес

Маркалау жүргізілмейді

10

Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру

Өндіріс-тің жай-күйін талдау

-

12 ай

Маркалау жүргізілмейді

1 Шығарылатын өнімді оның типтік өкілі болып табылатын бір немесе бірнеше үлгілерінің сәйкестігін растау негізінде сынау.

Ү Сынаудың қажеттілігін және көлемін өнімді сертификаттау жөнінднгі орган сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижесі бойынша анықтайды.

** Өндіріске немесе сапа жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.



&&&

$$$002-008-100$№8 дәріс .Өзіндік тексеру сұрақтары
1 Өнімді сертификаттау схемалары қанша

2 Қызметтерді сертификаттаудың қаншасхемалар бар


3МОДУЛЬ
&&&

$$$002-009-000$3.2.9 №9 дәріс . Өнімнің сәйкестігін растау
1Сәйкестікті растау түрлері .

2 Міндетті сертификаттау .Жүргізу тәртібі.


&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Сәйкестікті растау түрлері .
Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін растау ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін.

Өз еркімен сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды.

Сәйкестікті міндетті растау төмендегі түрде жүзеге асырылады:

шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы;

міндетті сертификаттау жүргізу арқылы.

Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны.

Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.

Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды.

Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады.

Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1 кестеде келтірілген.


&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2 Міндетті сертификаттау. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау;

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу;

4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау;

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе);

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну.

Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы.
&&&

$$$002-009-100$ №9дәріс .Өзін тексеруге сұрақтар
 1. Сертификаттау бойынша жүргізілген жұмыстардың салдары қандай

2. Сертификаттаудың қанша түрі бар


&&&

$$$002-010-000$3.2.10 №10дәріс. Сәйкестік туралы декларация
1 Декарация туралы түсінік және оның объектілері

2 Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі.


&&&

$$$002-010-000$3.2.10 1 Декарация туралы түсінік және оның объектілері
Сәйкестiк туралы декларацияда:

1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;

2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;

3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттің атауы;

4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;

5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;

6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;

7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

4. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.

5. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөніндегі органда тiркелуге тиiс.

6. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.

7. Сәйкестiктi декларациялау:

1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау;

2) сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламенттерде айқындалады.

Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.

Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.

Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.

8. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөніндегі органда сақталады.



&&&

$$$002-010-001$3.2.10.2 Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі.

Өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рәсімі отандық тауар өндірушілерді қолдау және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттауға жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында енгізілген.

Бірақ өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау отандық өнімдерге ғана таралады және импортталатын өнімдерге қолданылмайды.

Сәйкестік туралы декларация міндетті сертификаттауға жататын және «Сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы растау рұқсат етілген өнімдердің Тізіліміне» енгізілген өнімдерге қатысты қолданылады.

Өнімді жеткізуші (шығарушы, сатушы) сәйкестік туралы декларацияны өнімнің өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың негізінде қабылдайды. Мұндай құжаттарға жатады:



  • өнімнің үстінен шығарушымен (тапсырушымен) және (немесе) компетентный сынақ зертханаларымен жүргізілген бақылау сынақтарының хаттамалары;

  • өнімге бұрыннан берілген күшіндегі сәйкестік сертификаттар және (немесе) шикізатты, материалдарды, комплекттеуші бұйымдарды сынау хаттамалары;

  • стандарттардың талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау актілері (стандарттардың талаптары бұзылмаған жағдайда);

  • өнімнің (шикізаттың, өндіріс процесінің, буыпөтүю, маркалаудың) тағайындалған талаптарға сәйкестігін растаушы құжаттар, сапа жүйесінің немесе шығарушы кәсіпорынның өндірісінің сәйкестік сертификаты және т.б.

Сәйкестік туралы декларация нақты өнім немесе олардың сәйкестікті растайтын бірыңғай талаптар қойылатын біртекті өнімдер топтарына қатысты қабылдануы мүмкүн.

Сәйкестік туралы декларация Мемстандартпен бекітілген форма бойынша толтырылады.



&&&

$$$002-010-100$ №10дәріс бойынша өздік бақылауға арналған сұрақтар

1 Сәйкестік декларациясын қабылдауға қандай ұйымдар құқылы

2 Сәйкестік декларациясы қанша уақытқа қабылданады
Әдебиеттер

1. Техникалык реттеулер туралы: ҚР Заңы - Астана, 2012

2 «Сәйкестікті растау туралы » техникалық регламент

 

&&&



$$$002-011-000$3.2.11 №11 дәріс Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау
1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері

2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі


&&&

$$$002-011-000$3.2.11 1Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері

Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды ҚР СТ 3.9 сәйкес жүргізеді.

Бұл стандарт бойынша ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде міндетті сертификаттауға жататын шетелдік өнімдердің сәйкестігін растаудың жалпы ережелерін, жүргізу тәртібі мен рәсімдерін орнатады.

Бұл стандарт сертификаттау жөніндегі аккредиттелген барлық органдарына, сынақ зертханаларына, сарапшы-аудиторларға, сонымен қатар ҚР МСЖ қызметіне қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып саналады.

Шетелден әкелінген өнімдердің Қазақстанда күші бар нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растауын ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген сертификаттау органдарымен жүргізіледі.

Міндетті сертификаттауға жататын шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды отандық өнімдерге орнатылған ережелер бойынша жасалады, бірақ енгізілетін өнімдердің ерекшеліктері мен келісім-шарттардың бар болуы ескерілуі керек (Қазақстан мен экспортер-мемлекет арасындағы).

Қазақстан Республикасында МСЖ шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауын мына жолдармен жүргізеді:

а) сәйкестік сертификаттарының түпнұсқаларын берген ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің СО мойындалуы;

- сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін берген ТМД қатысушыларының-мемлекеттерінің СО мойындалуы;

- ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген ТМД қатысушыларына жатпайтын мемлекеттердің СО берілген және мөрімен куәландырылған шетелдік сәйкестік сертификаттарын немесе олардың көшірмелерін мойындалуы;

б) Өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі техникалық регламентіне сәйкес талаптарға сертификаттау сұлбаларын қолдана отырып өнімдердің партиясын сертификаттау;

в) өтінушімен сәйкестік декларациясын қабылдау.

ҚР аймағында мойындалған шетелдік СО берілген сәйкестік сертиффикаттардың тізімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органымен анықталады.

Міндетті сәйкестікті растауға жататын шетелден әкелінген өнім енгізу уақытына өнімнің партиясы ретінде саналады, сериялы өнідіріске сәйкестік сертификаты болса да. Мұнда партияның мөлшері енгізілетін құжаттың тауарменжүретін құжаттамаға сай анықталады.

Міндетті сәйкестікті растауға жататын көтерме саудаға арналған шетелдік өнімге мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат болуы керек. Бұл ақпаратқа келесі мәліметтер кіреді: өнімнің атауы, дайындаушы-мемлекет пен кәсіпорын, дайындау күні, сақтау мерзімі, жағдайлары, қолдану тәсілі, тағамдық құндылығы. Аударманың дұрыстығына өтінуші жауап береді.

Сәйкестік сертификаты жоқ шетелдік өнімдерге сертификаттау жұмыстарын ҚР күші бар техникалық регламенттерде немесе нормативтік құжаттарда орнатылған қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігін жүргізеді.

Егер Қазақстанда өтінуші өнімге орнатылған талаптар нормативтік құжаттарда болмаса, онда импортер-мемлекеттің нормативтік құжаттарына сәйкестігін тексереді, мұндай құжаттарды өтінуші беруі шартты.

Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау бойынша жұмыстар үшін ақыны өтінуші ҚР Ұ 50.3.01 сәйкес төлейді.

Өтінуші мен сәйкестік растау органы арасында келіспеушіліктер болған жағдайда ҚР 3.10 сай орнатылған тәртіпте апелляциялар қарастырылады.
&&&

$$$002-011-000$3.2.11 2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі

ҚР аймағына шетелден әкелінген өнім міндетті сәйкестікті растауға жатады, сонымен қатар бұл өнім кедендік ресімделуін жүргізетін органмен кедендік декларирлеуден орнатылған тәртіпте өтеді.

Шетелден әкелінген өнімдердің кедендік ресімделуін жүргізу үшін негіз болатын құжаттарға ҚР сәйкестік сертификаты немесе СО тіркелген өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі өтінім-декларация болады (кедендік бақылауға қажетті құжаттарды санамағанда).

Өнімнің кедендік ресімделуін жүргізгеннен кейін өтінуші СО аккредитеу саласына байланысты берілген өнім түріне шетелдік сертификатты мойындауға өтінім жібереді.

Өтініммен бірге мына құжаттар беріледі:

- шетелдік сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмелері;

- өніммен бірге жүретін құжаттама - өнімге шығу тегі сертификаты контракт, накладная, өнімді сынау хаттамасының көшірмесі, сапа менеджмент жүйесі немесе өнідіріс сертификаты, гигиеналық қорытынды, фитосанитарлық сертификат, малдәрігерлік қорытынды.

Өтінімге берілген құжаттар екі тілде жазылады. Егер басқа тілде болса, онда аудармасы болуы керек.

Өтінімді және берілген құжаттарды талдау негізінде СО шетелдік сертификатты мойындау жөнінде шешім қабылдайды және өнімнің сәйкестігін растауын үш тәсілдің біреуімен жүргізеді. СО мен өтінуші арасында сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалады.

Сәйкестікті растау ресімдерін жүргізгенде СО ҚР СТ 1014 талаптарына және басқа да нормативтік құжатарға сай өнімнің сәйкестендіруін өткізеді.

Тез бұзылатын өнімдерге сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шаралары болған кезде ғана мойындалады.

Мойындалған сәйкестік сертификаттары және олардың көшірмелері ҚР МСЖ қабылданған сәйкестік сертификаттарына қайта ресімделеді. Олардың ресімделуін аккредиттеу саласына байланысты сәйкестікті растау органдары жүргізеді.

Сәйкестік сертификатының іске асу мерзімі СО орнатылады және ол өнімнің сақтау мерзіміне байланысты болады, бірақ 1 жылдан аспау керек.

Егер ТМД мемлекеттерімен-қатысушыларымен сериялы өндіріс өніміне берілген сәйкестік сертификатының мерзімі аяқталса, ал өнім сатушыда болса, онда сертификат өнімнің сақтау мерзіміне қарай таралады, бірақ 3 жылдан аспау керек.

СО сәйкестік сертификатын беру алдында, қажет болған жағдайда шетелдік өнімге толық барлық көрсеткіштері бойынша анықтау жүргізеді немесе нормативтік құжаттарда орнатылған талаптарға сай өнімнің сәйкестігін растау үшін кейбір көрсеткіштерін ғана анықтайды.

:

&&&

$$$002-011-100$ №11дәріс бойынша өздік бақылауға арналған сұрақтар
1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау қандай стандартқа сай орындалуы керек?

2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері қандай?

3 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау қандай тәртіпте жүреді?
&&&

$$$002-012-000$3.2.12 №12. Дәріс Қызметтердің сәйкестігін растау

1 Қызметтердің түрлері

2 Қызметтердің сәйкестігін растаудың жүргізу тәртібі
&&&

$$$002-012-000$3.2.12 1Қызметтердің түрлері

Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға:



1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;

2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.

Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.

Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.

Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде келтірілген.

Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді.
&&&

$$$002-012-000$3.2.12 2 Қызметтердің сәйкестігін растаудың жүргізу тәртібі

 Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:

1) Органға сертификаттауға өтінім беру;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау;

3) сертификаттау схемасын таңдау;

4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;

6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).

Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді.



Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.

Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.

Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:



1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;

2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.

Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.

Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.

Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.

Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.

Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:



1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;

2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

3) тексерістер жүргізу;

4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.

Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.

Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.



Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады.

Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган:

1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;

3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді;

4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді;

5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.

Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.



Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.

 :
&&&

$$$002-012-100$ №12 дәріс бойынша өздік бақылауға арналған сұрақтар

1 Қызметтердің қандай түрлерін білесіз?

2 Қызметтерге сертификаттауды қалай жүргізеді?

3 Қызметтер мен өнімдерге сертификаттауды жүргізудің ерекшеліктері бар ма?



&&&

$$$002-013-000$3.2.13 №13 дәріс. Сәйкестік белгісі қызметі және өнімді маркілеу тәртібі
1Танбалау

2 Маркілеудің жалпы жағдайы


&&&

$$$002-013-000$3.2.131 Танбалау
ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде қолданылатын сертификатталған өнімді таңбалау және сәйкестік белгісімен таңбалау тәртібі, сонымен қатар өнімді таңбалауға және сәйкестік белгісімен таңбалауға құқықты көрсету ҚР СТ 3.25 талаптарына сәйкес келеді.

Сертификатталған өнімді таңбалау және сәйкестік белгісі қолдануға арыз беруші (өндіруші, орындаушы, сатушы) ҚР СТ 3.0, ҚР СТ 3.4, ҚР СТ 3.5 талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Өнімді таңбалау және сәйкестік белгісін қолдану құқығын сертификат жөніндегі орган береді.

Сәйкестік белгісімен таңбалау орнын және әдісін сертификат жөніндегі орган арыз берушімен келісе отырып белгілейді.

Стандарттар және басқа да нормативті құжаттар, талаптардың сақталуын сәйкестік таңбасы куәландыратын, сәйкестік сертификатында көрсетеді. Сәйкестік сертификатының пішіні, көлемі және техникалық талаптар ҚР СТ 3.1 көрсетілген.

Өнімді таңбалау және сәйкестік белгісін қолдану мақсаттары:



      • өндірушіге (сатушы, орындаушы) деген сенімділікті жоғрылату, сонымен қатар олармен шығарылатын өнімдерді, қызметтерді реализациялау;

      • тұтынушыларға осы өнімнің және қызметтің адам өміріне және денсаулығына қауіпсіздігі туралы, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаға қауіпсіздігі туралы сенімділіктің болуы;

      • ҚР сауда нарығында заңды және физикалық тұлғаларға керекті жағдайларды жасау.

Сәйкестік белгісін әрбір сертификатталған өнімнің несъемный бөлігіне өндірушінің тауарлық таңбасының жанына немесе сертификатталған өнімнің сәйкестігін айқындайтын нормативтік құжат белгісінің үстіне таңбалайды.

Кейбір өнімдерге (газ тәріздес, сұйық, шашылатын заттар мен материалдар, ұсақ заттар) сәйкестік белгісін таңбалау мүмкін болмаса, онда тараға немесе упаковкаға таңбалайды.

Эксплуатациялық, техникалық және тауарды шығрушы құжаттар сәйкестік таңбасымен сол өнімді сертификаттау ақпараты көрсетілген (сертификатты беру уақыты және нөмірі, сертификат берген орган атауы) орында таңбалануы тиіс. Егер сәйкестік таңбасымен таңбаланған өнімнің осындай ақпараттары болған жағдайда, сәйкестік сертификатының көшірмесінің болуы қажет емес.

Қызметті орындаушы сәйкестік таңбасын ресми бланктерге, квитанцияларға, жолдамаларға, келісім шарттарға, вывеска, наряд заказыларға таңбалай алады.

Сәйкестік таңбасын енгізгенде ол бір түсті болу керек және енгізілген фонда контрасты болу керек.

Өнімді таңбалау және сәйкестік белгісін қолдану кез келген технологиялық тәсілмен орындауға болады: ерітіндімен еріту, балқыту, ою, жазу, штамп және басқа әдістер және бұл әдістер бұл таңбаны сыртқы орта әсеріне беріктігін және өнімді сақтау мерзімінде ұзақ сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Сәйкестік таңбасын оның жеке элементтерін жаңғыртып таңбалауға болмайды. Оның көрінісінің техникалық воплощениесі жасандылықтан қорғайтын арнайы шараларды қамтамасыз ету керек.

Егер сәйкестік таңбасы қаптамалы материалдарға таңбаланса, онда таңбаланған қаптамалы материалдарды сақтау және қолдану, сертификатталмаған өнімдерге қолдану мүмкіндігін шектейтін тәртіпте жүзеге асуы керек.

Өнімнің сәйкестік сертификатының мерзімінің тоқтауы және жойылуы сәйкесінше сәйкестік таңбасын қолдану құқығын уақытша тоқтатуға немесе жоюға алып келеді.

Сертификаттау жөніндегі орган өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік таңбасымен таңбалау құқығын көрсетуге жауапты.

Арыз беруші сертификатталған өнімнің және көрсетілген қызметтің сапасына және сәйкестік таңбасын ҚР заңнамасына сәйкес дұрыс қолдануына жауапты.

$$$002-013-000$3.2.13 2 Маркілеудің жалпы жағдайы

Өнімді және көрсетілген қызметті сәйкестік белгісі бойынша маркалауға ұсыну тәртібі.

Өтініш білдіруші өнімді немесе көрсетілген қызметті сәйкестік белгісі бойынша маркалау ҚР СТ 3.4 немесе ҚР СТ 3.5 на сәйкес сертификат алудың бірінші позициясы болып табылады. Егер сертификат уақыты жұмыс істеп тұрса, өтініш білдіруші сертификатталған өнімге маркировка алу құқығы сәйкестік белгісінің А қосымшасына мыналар қосымшаланады: сәйкестік сертификатталған куәландырылған көшірмесі өтініштің қаралғаны туралы ақының төленгені туралы құжаты сәйкестік белгісінің өтініш білдірушімен және сертификаттау органының келісімімен расталған сертификатталған өнімнің маркировкасы туралы технологиялық инструкцияның болуы.

Сертификатталған өнімнің маркировкасының сәйкестік белгісі бойынша технологиялық инструкциясы мыналарды орнату керек:

Сәйкестік белгісінің өлшемі ҚР СТ 3.1 сәйкес болуы керек.

Түрлі -түсті қолдану

Сәйкестік белгісінің орналасу орны.

Жасанды қорғау шамасы

Таңбалаудың технологиялық әдісі

Сәйкестік белгісінің таңбалаудың қолданылуы, оларды қолдану тәртібі және сақтаудың техникалық құралдарға талаптары сәйкестік белгісінің өнімнің кейбір бірліктерінде маркировкалау тәртібінің сәйкес келмеу жағдайы (егер маркалау технологиялық процесс жағдайында орындалса)

Буып-түйілген материалдарды сақтау және қолдану тәртібін сәйкестік белгісі бойынша маркировкалау (қажет болған жағдайда)

Сертификаттау органы келісіп шартты дайындауда сараптаудың құнын және өнімді маркировкалаудың технологиялық инструкциясын немесе көрсетілген қызметтің сәйкестік белгісінің құндарын есепке алады.

Өнімді және көрсетілген қызметтің жұмысының құны Р.РК 503.01 бойынша орындалады.

Сертификат ҚР СТ 3.4 немесе ҚР СТ 3.5 немесе қолданыстағы стандарттың

Б қосымшасының шешімі бойынша өнімнің маркировкасы және сәйкестік белгісінің ұсыну құқығы безендіріледі.

Сертификаттау жөніндегі органы ҚР СТ 3.11 сәйкес өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік таңбасымен таңбалау құқығын алған өндірістердің учетін жүргізеді.

Өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік таңбасымен таңбалау құқығы келесідей шарттарды орындағанда беріледі:


      • өнімді және көрсетілетін қызметті сертификаттау бойынша жарамды нәтижелер;

      • сертификатталған өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасына тұтынушыларды жарнамаларының болмауы;

      • өнімді және көрсетілетін қызметті сәйкестік белгісімен таңбалаудың сертификат берген сертификаттау жөніндегі органмен сәйкестендірілген технологиялық инструкцияның болуы;

      • арыз бергенде сәйкестік белгісімен өнімді (қызмет) таңбалау құқығы немесе оны беруге болмайтын жөніндегі шешім қажетті құжаттармен арызды алған күннен бастап 30 күн ішінде қабылдануы керек.

ҚР СТ 3.4, ҚР СТ 3.5 сәйкес бекітілген формада сертификаттауға арыз берген кезде сәйкестік таңбасымен өнімді таңбалау құқығын беру шешімі сәйкестік сертификатын беру шешімімен бірге қабылданады.

Сәйкестік таңбасымен өнімді таңбалау құқығын көрсетуге керісінше шешім қабылданғанда, арыз берушіге үш күндік мерзімге отказ беру себебі көрсетілген жазбаша хабарлама жіберіледі.

Өнімді (қызмет) сәйкестік таңбасымен таңбалау құқығын көрсетуде дұрыс шешім мен келіспеген арыз беруші ҚР СТ 3.10 бекітілген тәртіппен қарсылық көрсетуіне болады.

Өнімді таңбалағанда келесі технологиялық амалдарды қолданады:



      • арнайы таңбаның көмегімен сәйкестік таңбасын тұтынушылық қаптамасының дайын өнімін таңбалау;

      • сәйкестік таңбасы таңбаланған шығару құжаттамасының қаптамалық материалдарды және бланктарды қолдану;

      • өнімнің тік бөлігі ретінде орындалған техникалық амалдарды (ярлық, лента) қолдану;

      • сәйкестік таңбасының арнайы дайындалған носительдерін жабыстыру.

Белгі сәйкестігі технологиялық әдісте Қазақстан Республикасының коды және ҚР СТ 3.1 сәйкес сертификаттау бойынша орган коды көрсетіледі.

Сәйкес белгі бекітілгенде мынаны шектеу қажет екініші қолданушы немесе өнім, қызмет сертификациясына жататын оның дау, таласынан.

Өнімді маркалау немесе қызметке сәйкес белгісі жойылуы немесе орган бойынша берілген сертификаттау тоқтатылуы мүмкін мына жағдайда:


  • өтініш беруші өтініш қағазын тағайындау;

  • өндіріс технологиясына немесе өнім (құрамы) құрылымына өзгеріс енгізу;

  • талапқа сай шарты немесе қызметке сәйкес ақауы;

  • өнімнің шығарылуы міндетті талапқа сәйкес емес болса;

  • Сертификаттауға сәйкес қызметі немесе оның жойылуы тоқтатылғанда;

  • Тұтынушыдан рекламация түскенде;

  • Берілген өнім түрлерінің шығарылуы тоқтатылғанда;

  • Заңды тұлғаны жою таратуда.

Белгі сәйкестігі:

Техникалық амал маркасы белгі сәйкестігі өтініш берушімен сәйкес келуі қажет, мерзімі тоқтатылуы немесе жойылу қызметі сертификаттауға сәйкес.

Белгі сәйкестігі орнатылған техникалық амал маркасына сәйкес емес жағдайда. Белгі сәйкестігі келесі жоюлармен сәйкес келуі қажет. Техникалық амал маркасын жою өтініш беруші комиссимен жүзеге асады және акт изъятиямен өңделеді немесе форма еркімен жазылады. Комиссия құрамына сәйкес серт берген сертификаттау бойынша орган кіреді. өтініш беруші және сертификаттау бойынша органның техникалық амал маркасын жоюда және изъятидегі өзара қарым қатынас тәртібі келісім шартта сертифтикаттау бойынша жұмыс жүргізгенде немесе өтінішті берген кездегі келісім шартта жүргізіледі.

Сәйкестік белгісін санционарсыз қолданғанда, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес белгілі бір шаралар қолданылады.

Сертификациядан өтпеген өнімді және көрсетілетін қызметті таңбалауға арналған сәйкестік белгісін қолдану мүмкін емес.

Сертификация жөніндегі органдар арыз бойынша өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығы олармен шығарылған, тоқтатылған және жойылған шешімдерін белгілі тәртіпте Госстандартқа жібереді.

Госстандарт сәйкестік белгісімен таңбаланған өнім және көрсетілетін қызмет туралы ақпарат ресми түрде жариялайды.
&&&


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет