2 МОДУЛЬ
&&&
$$$002-005-000$3.2.5 №5 дәріс Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1 Сәйкестікті растау жөніндегі органдары туралы жалпы ақпарат
2 СРО құрылымына қойылатын талаптар
&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1 Сәйкестікті растау жөніндегі органдары туралы жалпы ақпарат
1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.
3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;
2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;
3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;
4) сәйкестiк туралы декларацияларды және өтініш-декларацияларды тiркейдi;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
&&&
$$$002-005-002$3.2.5.2 СРО құрылымына қойылатын талаптар
4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:
1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:
1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан және оларды беруден бас тартуы туралы деректердің электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;
4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау ережелерін бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды, өтініш-декларацияларды заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.
&&&
$$$002-005-100$ №5 дәріс бойынша өзін тексеру сұрақтары
1.Сәйкестікті растау туралы не түсінез?
2Сәйкестікті расату жөнінідегі аккредиттеу туралы не түсінез?
3 Сәйкестікті растау туралы органдарга қойылатын талаптар?
4 Сәйкестікті растау органдарының құжаттарына қойылатын талаптар?
&&&
$$$002-006-000$3.2.6 №6 дәріс Сынақ зертханалары (орталықтар)
1 Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
2 Зертханалар
3 Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері
&&&
$$$002-006-000$3.2.6 1 Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
Сынақ зертханасының (орталықтары) заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады.
Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (ортлығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.
Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана (орталықтары) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді.
Аккредиттеу
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
$$$002-006-000$3.2. 2 Зертханалар
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:
1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;
2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
&&&
$$$002-006-000$3.2.3 Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері
Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз —адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік қүжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар
1.Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге
тыйым салынады.
Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.
2.Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс.
Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудага арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді. Ақпараттар өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы) өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс.
&&&
$$$002-006-000$3. №6 дәріс бойынша өзін тексеруге арналған сұрақтар
1Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеудің маңызы
2 Сәйкестік сертификаты дегеніміз не
3 Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері қандай
&&&
$$$002-007-000$3.2.7 №7дәріс . Сәйкестікті растауды сынау
1 Сертификациялық сынақ негіздері
2 Cертификатық сынаулардың маңызы
&&&
$$$002-007-000$3.2.7 1Сертификациялық сынақ негіздері
Өлшеу, сынау және бақылау сертификаттау кезінде сәйкестікті бағалаудың негізгі әдістері болып табылады. Оларды қолдану ерекшеліктері сынақ зертханаларында өнімді сертификаттау кезінде шеетін міндеттермен байланысты (таблица).
Таблица. «Өлшеу», «сынау», «бақылау» ұғымдардың өзара қатынастары
Термин
|
Мақсаты
|
Сапасын бағалау
|
Дәлдәк көрсеткіштері
|
Өлшеу
|
Шаманың (параметрдың) мәнін анықтау
|
Өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау
|
Өлшеу қателігі
Δизм
|
Сынау
|
Шаманың (параметр-дың) мәнін берілген сынақ режимдерде және шаманың (параметрдың) мәнін белгілеуші фактор-лардың әсер етуі режимінде анықтау
|
Берілген сынақ режимдерде және әртүрлі факторлардың әсер етуінде өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау
|
Δи = Δp +Δф + Δизм
мұндағы
Δp – режим қателігі
Δф - фактор қателігі
|
Бақылау
|
Шаманың (параметр-дың) берілген сынақ режимдерде және факторлардың әсер етуінде берілген шек ішінде болу фактін айқындау
|
Параметрдің жіберілетін шек ішінде болу дұрыстығының дәрежесін бағалау
|
I және II текті қателіктердің
Δи ескерілген түрдегі ықтималдығы
|
Сынақ жүргізудің мақсаты - өнімнің сандық және сапалық сипаттамалара баға беру, яғни берілген жағдайларда талап етілген функцияларды атқара алу қабілетін бағалау. Бұл мақсаттың шешімі сынақ зертханаларында табылады. Шешімі болып сынақ хаттамасы табылады. Сынақ хаттамасында өнімнің параметрлерінің мәндері көрсетіп жазылады.
Бақылаудың мақсаты - өнімнің сипаттамаларының нормативтік құжаттарда қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау, оның ішінде сынақ нәтижелері бойынша да. Бұл мақсатты сәйкестікті растау жөніндегі органның сарапшылары шешеді. Сондықтан бақылау мақсатын сарапшылық бағалау мақсаты деп айтуға болады.
Өнімнің сәйкестігін бағалау кезінде бұл екі операция параметрлерді қлшеумен байланысты жүргізіледі. Сапа жүйелерінің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жүйелері сәйкестәкті өлшегіш техниканы қолданбай, көзбен немесе органолептикалық әдістердің (аудиттер, тексерулер, сурау жүргізу, және т.с.) көмегімен бағалауды қарастырады. Персоналдың сәйкестігін растау кезінде бекітілген ережелер бойынша сәйкестікті растау емтиханы өткізіледі.
Суретте сәйкестікті растау кезінде қолданылатын бақылау түрлерін жіктеу схемасы келтірілген.
Сәйкестікті растау кезінде қолданылатын бақылау түрлері
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |