5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған



бет4/24
Дата26.08.2017
өлшемі11,3 Mb.
#29677
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Алғы сөз

I. Құрастырған


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Каламов Бахытбек Хамзинович

« » 20 жыл

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама « » 20 жыл, № __

Кафедра меңгерушісі ________ Джаманова.Г.И

2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде талқыланып оқу үрдістеріне пайдалануға ұсынылды.

Хаттама « » 20 жыл, №___

Төраға _________________

Мазмұны


  1. Кіріспе. Агрометеорология туралы жалпы мағлұматтар.

1.1Өзектілігі және маңыздылығы.

1.2Практикалық сабақтың мақсаты.

1.3Жоспарланған тәжірибелік сабақты орындағаннан

кейін қандай білім тәжірибе алып шығады?

1.4Басқа пәндермен байланыстылығы.


  1. Негізгі бөлім.

1-жұмыс. Тәжірибелік сабақтың мазмұны.

Атмосфералық қысым, өлшеу әдістері.

1.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 1

2. Күн радиациясы.

2.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 2-3

3. Күн- табиғат табиғат үрдісіні энергия көзі.

3.1. Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 3-4

4. Радиациялық тепе-теңдік.

4.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 5

5. Ауа температурасы.

5.1. Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 6

6. Ауаның ылғалдылығы.

6.1. Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 7

7. Бұлттарды бақылау.

7.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 8

8. Жауын-шашынды өлшеу.

8.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 9-10

9. Топырақ ылғалдылығын анықтау.

9.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 11

10. Желдің жылдамдығын анықтау.

10.1. Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 12-13

11. Үсіктерді болжау.

11.1. Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 14

12. Агрометеорологиялық болжаулар

12.1 Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 15

3. Кіріспе

1.1 Өзектілігі және маңыздылығы. Ауыл шаруашылығының басты міндеті - халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық – түлікпен, мал шаруашылығын қажетті жем шөппен, өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз еті, сонымен қатар мемлекетіміздің азық-түліктік қауіпсіздігін және эканомикалық тәуелсіздігін күшейту үшін керекті дәрежеде стратегиялық қор жасау, шет елдерге сатылатын ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты түрде көбейтіп керісінше, шеттен келетін өнімдерді азайту болып саналады.

Бұл міндетті орындау үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапасын жоғарлатып, өзіндік құнын төмендету қажет. Аталған мақсатты іске асыру үшін ауыл шаруашылығының дамуы табиғаттың құблыстары мен қарым қатынаста екенін, солардың ішінде метеорологиялық элементтердің көп өзгеріп, өсімдікттердің өнімділігіне әсерін тигізетінін ескергеніміз жөн.

Метереологиялық элементтер өсімдіктердің өніп өсуіне, олардың өнімділігіне өнім сапасына және өнімнің құнндылллығына көп әсерін тигізеді. Көптеген агрометерологтарыдың зерттеулеріне,қарағанда, қаншалықтыегіншілік мәдениетін жоғарлатұанымызбен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігінің ауа райына, климатқа әлі де болса байланысты екенін көреміз оған дәлел ретінде, жылдан жылға дақылдар өнімділігінің ауытқулығын келтіре аламыз.

Ауа райының өзгеруі агротехникалық әдістерді дұрыстап реттеуді қажет етеді. Мысалы ауыл шаруашылық дақылдарын егу мезгілі, себу мөлшері мен тереңдігі және тағы басқа әдістері тікелей ауа райына байланысты сол метеорологиялық элементтердің өзгеруіне байланысты агротехникалық әдістерде өзгереді.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарлатыу, оны болжау, жоспарлау негізгі метерологиялық элементтерге (температура, жарық,ылғал) байланысты. Жарық, темпратура көпшілік аймақтарда жеткілікті мөлшерде ал ылғал өте тапшы. Далалалық және шөлейт аймақтарда булану жауын шашын мөлшерінен 2,5-10 есе көп болады. Сондықтан, Қазақстан Республикасынды барлық агротехникалық шараларда жоспарлағанда негізгі фактор ылғал болғандықтан, сол факторды оңтайлы жағдайға жеткеру үшін шара қолдануымыз керек.

Республика аумағынды ауыл шаруашылық дақылдарын оның сорттарын және будандарын аудандастырыру үшіен тиісті аймақтың жылу, ылға, жарық ресурстарын білуіміз керек. Сонымен қатар аудандастырылатын дақылдардың аталған метерологиялық элемнттерге қажеттілігін анықтау қажет: неге мақта, қант қызылшасы- оңтүстік, ал жаздық бидай- солтүстік аймақтарды егіледі?

Осы метеорологиялық құблыстарды жақсы біліп оларға бақылаулар жүргізіп, тиімді жағын өсімдік өнімділігін арттыруға пайдаланып, ал қолайсыз ждағдайлармен дер кезінде күресу ауыл шаруашылық мамандарының негізгі міндеті болып табылады.

Агрометеорология – келешек ауыл шаруашықы мамандарына метерологиялық элементтерге бақылау. (өлшемдер) жүргізу, олардың өзгеруіне байланысты дұрыс агротехникалық шаралар ұйымдастыру, зиянды метерологиялық құблыстардың алдын алып, олардың әсерін азаиту мәселелері туралы білім беретін маңызды агрономиялық пән..


    1. Практикалық сабақтың мақсаты.

Агрометеоролгия – климат пен ауа райының ауыл шаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін зерттейтін ғылым. Ол арнайы мамандық және жалпы білім беретін пән емес, бірақ биологиялық және агрономиялық мамандық пәндермен тығыз байланыста. Егіншілік, энтомология, фитопотология, топырақтану, агрохимия, өсімдік шаруашылығы пәндерін толық игеру үшін алдымен агрометеорология пәнін оқып білу қажет.

Студенттерге агрометеорология жөніндегі білім мынандай жағдайларда қажет болады:

а) арнайы мамандық пәнндерін оқып үйренуде;

ә) курсттық жұмыстарды орындауда;

б) дипломдық жұмысын дайындауда;

в) эксперименттік зерттеулер жүргізуде және т.б.

қалыптасқан және болатын ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай, әрі болжай білу үшін мұндай білім мамандарға қажет. Өйткені ауа райына, оның өзгеруіне көңіл бөліп ол өзгерістердің:


  • Ауыл шаруашылық дақылдарының өніп өсуіне;

  • Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулармен зиянкестерінің пайда болуымен таралуына;

  • Микрооргнизімдердің дамуына;

  • Топырақ құрамының қалыптасу үрдісіне және т.б. жағдайларға тигізетін әсерін бақылап отыру қажет.

Агрометеорологияның негізгі мақсаты ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай білу. Өйткені дақылдардың географиялық таралуы ме орналасуы, себу мерзімі, қолданылатын агротехникамен егіс айналымы, ең соңында өнім алу климат пен ауа райына байланысты.

Климат дегеніміз- ауа райының көп жылғы құблысы.

Ауа райы – сол сәттегі метеорологиялық элементтердің жиынтығы немесе уақыт жағынан да, кеңістіктеде метерологиялыық элементтердің үздіксіз өзгеріп отыратын ауа қабатының физикалық құблыстары. Ал бір метеоэлементтің өзгеріске ұшырауы басқаларының да өзгеруіне әсер етеді.

Негізгі метеоэлементтерге мыналар жатады:



  1. Атмсосфералық қысым (мм,мб);

  2. Күн радиациясы (кал/см2,мин)

  3. Ауа және топырақ температурасы (С0);

  4. Бұлттану (балл);

  5. Ауа және топырық ылғалдылығы (мм,мб,%);

  6. Жауын шашын (мм), қар қабаты (см,г/см3);

  7. Булану (мм);

  8. Жел (м/сек,румбы);

  9. Атмосфералық құблыстар (тұман,боран, найзағай,көк тайғақ және т.б.).

Әр бір аудандарда (аймақтарда) климаттың, ауа райының ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсері әр түрлі. Ауа райының өзгеруі аталған метеоэлементтердің өзгеруіне байланысты. Сондықтан, әр бір ауылшарушалығы мамандары метеоэлементтерге бақылаулар жүргізіп, олардың өзгеруі ауа райының қалай өзгеруіне әкелетінін ертеректен білуі қажет. Қандай метеоэлементтіңөзгергені өсімдіктердің өніп өсуіне дұрыс жағдай жасады немесе қандай зияндарын тигізді. Сонымен қатар, метеоэементтерге бақылау жасау табиғаттың қолайсыз жағдайларын да ерте анықтап, олардың келтіретін зияндарына қарсы дайындалуға мүмкіншілік береді. Мысалы: құрғақшылық, үсік, қатты, суық, боран т.б. атмосфералық құбылыстардың болуын ерте болжауға болады. Өсімдіктердің зиянкестеріиен әр түрлі ауруларының пайда болуы ауа райына байланысты. Ауа райының өзгеруіне байланысты қандай зиянкестер мен аурулар пайда болатынын, олардың келтіретін зияндарын болжап, ерте күрес шараларына дайындалуға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін жоғарылату үшін ауа райы мен климаттық жағдайларға бақылау жасап, сол жағдайларды мамандар дұрыс пайдалануы керек. Бір ауданның метеорологиялық жағдайы бірдей болғанымен, әр танапта әр түрлі температуралық және ылғалдық режимдер болуы мүмкін. Бұның барлығы сол танаптардың топырағының құрылымына, механикалық құрамына, жер бедеріне байланысты болады. Агрометеорология ғылым ретінде 19- ғасырдың соңында белгілі орыс ғалымдары Петр Иванович Броунов және Александр Ивановия Воейков жетекшілерімен дами бастады. Олар әрбір аймақтардың климаттық ресурстарын бағалап қай аймақта қандай дақылдар өндіруге болатынын белгілеп берді.



Метеорологиялық элементтерге байқаулар жүргізу үшін әр ауданда, метеостанция немесе метеопост жұмыс істеуге тиісті. Олар өздерінің байқаудан алған мәліметтерін әрбір үш сағат (0,3,6,9,12,15,18,21) сайын, тәулік бойына сегіз рет белгіленген уақытта облыстағы метеостанцияға хабарлап отырады. Сол сияқты осы уақыттарда облыс Республикадағы гидрометеорологиялық станцияға хабарлайды. Жер шарындағы атмосфералық үрдістер бірімен бірі өте тығыз байланыста болады. Бір аймақта болып жатқан метеорологиялық өзгерістер басқа аймақтарға әсер етеді және оны білуіміз қажет. Сондықтан, барлық елдердің метеорологиялық жағдайларын Бүкіләлемдік Метеорологиялық ұжым ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, үлкен метеорологиялық орталықтар жұмыс істейді. Ол орталықтар Мәскеу, Мельбурн, Вашингтон қалаларында орналасқан, олар телетай арқылы бір бірімен метеорологиялық хабарлар алып отырады.
1.3. Құзыреттілігі. Жоспарланған тәжірибелік сабақты орындағаннан кейін студент білуі керек.

  1. Ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және өнімділігіне климат пен ауа райының әсерін бақылау:

  2. Метеорологиялық элементтердің және климаттық жағдайлардың географиялық аймақтарда қалыптасу заңдылығын зерттеу:

  3. Жергілікті аймақта қолданылатын агротехникалық шараларға ауа райы және климат жағдайларының тиімді әсерін. Осы тәсілдерді өзгерту арқылы топырақтың жылу және ылғал режимдерін жақсарту:

  4. Тыңайтқыштар енгізу тиімділігіне ауа райы және климат жағдайларының әсерін бақылау (мөлшері,мерзімі,ауа райына байланысты әр түрлі тыңайтқыштардың жиынтығы). Ауа райының және климаттың өсімдік өнімділігіне тигізетін әсерін мына зерттеулердің нәтижесінен байқауға болады. Картоп түйнектерінің өнімділігі тыңайтқыштарды әр түрлі топыраққа енгізгеннің әсері 9ц/га артты, ал бірдей топырақта әр түрлі климаттық аймақта отырғызылған картоптың өнімділігі 1га 20ц артты.

  5. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерінің пайда болуына, көбеюіне ауа райы және климат жағдайларының әсерін зерттеу. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының зияндылығы мен көбеюіне ауа райы тікелей әсер етеді. Мыслаы: көктем айлары салқын және ылғалды болса, кейбір зиянкестер мен аурулардың белсенділігі төмендейді, ал көктем құрғақ әрі жылы болса белсенділігі жоғары және қуыршақтары мен жұмыртқаларының тіршілік қабілеттілігі жоғарылайы. Ауа райы желді болғанда зиянкестер өсімдіктердің ішкі қабатына тығылып оның өсу нүктесін жояды.

  6. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларымен күресу мерзіміне, қолданылған шаралардың тиімділігіне климаттық жағдайдың әсерін бақылау. Зиянкестерге қарсы ауылшаруашылық егістерді өңдеу кезінде ауа райы жағдайын ескеру керек (температура, ауа ылғалдылығы, жел, жауын-шашын). Мысалы:ұшақпен әр түрлі улы заттарды шашқан кезде желдің жылдамдығы 2м/с – тан аспау керек. Тікұшақпен шашқан кезде 3м/с аспау керек, ал трактормен бүріккен кезде 4м/. Таңертең шық бар кезде бүркілген химикат өңделу тиімділігін 2-3 есе жоғарылатады. Улы заттармен өңдеу ауа райы құбылмалы кезінде жүргізілмейді, себебі жауын-шашын, жел химикаттардың тиімділігі нашарлатады.

  7. Ауыллшаруашылық дақылдарын климаттық жағдайларға байланысты аудандастыру, яғни дақылдарды метеорологиялық элементтерге қажеттіліктерін ескере отырып оларды аймақтарға дұрыс бөліп, орналастыру. Дақылдарды осындай аудандастырған жағдайда алатын өнім ұлғая түседі.

  8. Жылу және ылғалмен қамтамасыздандырылған жағдайда ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі өнімі мен даму кезеңдерін бағалау дәне болдау.

  9. Үсіктер мен құрғақшылықты болдау және осындай қауіпті метеорологиялық жағдайлармен күресу тәсілдерін ойластыру.

  10. Ауылшаруашылық өндірісін агромнтнорологиялық мәліметтермен қамтамасыз ету. Ауылшаруашылығына берілетін мәліметтер әрбір салаға бөлек жүргізіледі: астық, мақта, көкеніс және картоп, жеміс-жидек, мал шаруашылықтары және т.б.

Астық шаруашылығы: жылдың әрбір кезеңіне агрометорологиялық ұсныстар жасалынады:

А) көктемгі кезеңге – көктемдегі ауа райының болжамы, егістік жұмыстарды жүргізу мерзімі, топырақтағы ылғал қоры;

Б) жазғыкезеңге – ауылшаруашылық дақылдарының өсу фазасын

болжау;

В) күзгі кезеңге – дәнді –дақылдадың пісу және өнімді жинау мерзімдерін күздік дақылдарды себу мерзімін болжау.

Жеміс – жидек шаруашылығы: көктемде- жесміс ағаштарының гүлдеу кезеңінде үсіктің болу мерзімін божау. Қыста – түтікшелердің өте қатты суықта зақымдануы, қысқы мерзімде қарсыз жәнеқатты суықтарда тамыр сабақтарының зақымданц үрдістерін болжау.

Өсімдік қорғау : ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен ауруларының ауа райына байланысты пайда болатыны эөнінде мәліметтер. Осындай мәліметтерді, болжауларды дайындау үшін метеорологиялық станциялар мен метеорологиялық посттардың мәліметтерін пайдаланады. Әрбір3 сағат сайын телеграффен алынған метерологиялық мәліметтер арқылы ГМС ауылшаруашылық дақылдарының ауа райына байланысты өніп өсуіне: бақылау жүргізіп отырады.

Осы мәліметтерді пайдалана отрып күндік, 10күндік және айлық агрометеорологиялық бюлетендер құрастырылып,сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарының дамуы мен ауа райын болжау анықтамалары құрылады. Агрометерологиялық бюллитенде барлық негізгі метеоэлементтердің орташа және төменгі көрсеткіштері жинақталады. Ауа және топырақ температурасы, тиімді температуралар жиынтығы, жауын-шашын, топырақ және ауа ылғалдылығы, жел жылдамдығы, қар жамылғысы және ауа райының қолайсыз жағдайлары келтіріледі.

Агрометеорологиялық бюллетеннің екінші бөлімінде ауылшаруашылық дақылдарының өсіріліп аймағына байланысты сипаттамасы және олардың өніп-өсу фазасына метереологиялық элементтердің тигізетін әсері беріледі.

Агрометерологиялық бюллетеннің үшінші бөлімінде ауылшаруашылық дақылдарының келесівегетация укезеңде болатын өсу фазаларына болжам беріледі.

Ауа райының қолайсыз жағдайлары туралы мәлімет радио, телефон, теледидар арқылы хабарланады.

Агрометеорологиялық хабарлардың түрлері: күнделікті, 10күн сайын, анықтамалар, кезең бойынша және жылдық метерологиялық шолу.


  1. Негізгі бөлім.

1-жұмыс. Тәжірибелік сабақтың мазмұны.

Атмосфералық қысым, өлшеу әдістері.

Ауаның салмағы болғандықтан ол жер бетіне қысым түсірді.


Атмосфералық қысым - бір өлшем жерге (см2 , м2) ауаның түсіпетін күші немесе қысымы. Метеорологиялық элементтердің ең маңыздысы атмосфералық қысым болып табылады, өйткені оның уақыт аралығында өзгеруі ауа райын өзгертеді.

Атмосфералық қысым сынап бағанасының барометр түтікшесіндегі биіктігімен өлшенеді (мм). Сынап бағанасы бойынша 760 мм тең қысым қалыпты атмосфералық қысым болып табылады. Қалыпты атмосфералық қысымды «мб» өлшеміне ауыстыруға болады:

Ол үшін 760 мм : 0,75=1013,3 мб.

Ең жоғары атмосфералық қысым – 1080 мб.

Төменгі атмосфералық қысым – 680 мб.

Атмосфералық қысым мына факторларға байланысты:




  1. Жердің теңіз деңгейінен биіктігіне. Температура бірқалыпты

болғанда,бірақ жер беті теңіз деңгейінен жоғарылаған сайын, қысым төмендейді, өйткені белгілі бір нүкте түсетін атмосфераның салмағы жеңілдейді.

2. Ауа температурасына. Температура көтерілген сайын ауа тығыздығы төмендейді, сондықтан да қысым да төмендейді.

3. Ауа құрамындағы су буларына. Атмосферадағы су буларының мөлшері артқан сайын құрғақ ауаны ығыстырып, оның орнын басады. Су буларының тығыздығы құрғақ ауаға қарағанда төмен, сондықтан атмосферадағы су буларының мөлшері жоғарылаған сайын , қысым төмендейді.

Жер бетіндегі ауа қысымы өзгерген сайын атмосферадағы әр түрлі ауа массалары бір орыннан екінші орынға жылжи бастайды, соның әсерінен ауа райы өзгеріп, климат құбылмалы болады. Атмосфералық қысымда периодтық (дұрыс) және периодтық емес (дұрс емес) өзгерістер болып тұрады. Атмосфералық қысым метеоэлемент, кей кезде ол тез құбылады, ал кейде біраз уақыт біркелкі болып тұрады. Периодтық қысымның өзгеруі күннің биіктігінің бір тәуліктік немесе жыл бойына өзгеруіне байланысты. Күндіз атмосфералық қысым түнге қарағанда және жаз айларына қарағанда төмен болады. Бұл өзгеріс жоғарыда айтылған заңдылыққа сәйкес атмосфералық қысымның дұрыс өзгеруі. Ал, қысымның дұрыс бағытта өзгермеуі немесе күндіз жоғарылап, түнде төмендеуі периодтық емес һзгеріске жатады. Бұл құбыластар термикалық және динамикалық өзгерістерге алып келеді. Жер бетінің бірқалыпты жылынуы немесе салқындауы, жылы (жеңіл) және суық (ауыр) ауа массаларының келуі қысымның түсуіне немесе көтерілуіне алып келеді. Егерде жылы ауа массасы келсе, онда қысым төмендейді. Ауа райын жақын мезгілдерге болжау үшін (сағаттарға) болжау үшін периодтық емес атмосфералық қысымның өзгерістері пайдаланылады.

Тәулік бойынша атмосфералық өзгеруінде екі екі максимум және екі минимум байқалады.Ең жоғары атмосфералық қысым сағат 10-да және 22- де байқалады, ал ең төмен 4-те 16-да байқалады.

Тәулікаралық қысымның өзгеруін бақылауауа райын болжау үшін қажет. Ауа райы тұрақты, өзгеріссіз болатын жағдайда атмосфералық қысымның бірнеше күн қатар өзгеруі 0-тең болуы мүмкін. Ал, ауа райының тез өзгеруі қысымның 10-15 мб өзгеруіне әкеліп соғады.

Тәулікаралық қысымның ең жоғары құбылмалылығы қыс айларында мұхиттардың үстінде, ал ең төменгі жаз айларында құрлықтарда байқалады. Жақын мезгілдерге ауа райын болжау үшін барометрлік тенденцияны және барометрлік сипаттамаларды білу қажет.

Барометрлік тенденсия – қысымның 1 сағат ішінде қаншалықты көтерілгенің (мм) немесе төмендегенің білдіретін көрсеткіш.
Мысалы: 1) сағат 6 – да 688 мм 688 мм сағат 9 –да 687 мм 690 мм барометрлік тенденция - 1 +2

2) қысымның периодтық және периодтық емес өзгеруі.

Барометрлік сипаттамалар 3 сағатта қысым қалай өзгергенің көрсетеді, егер тәулік бойында осы өзгерістерді біле алсақ, біх жақын уақыттағы ауа райы өзгерісін айта аламыз.



9-дан 15-ке дейін «Р» төмендейді.

15-тен 21-ге дейін «Р» көтеріледі.



Бұл өзгеріс периодтық өзгеріске жатады, сондықтан ауа рй өзгермейді, күн ашық болады. Картада бұндай жағдай тік сызықпен белгіленеді.

9-дан 15-ке дейін «Р» көтеріледі.

15-тен 21-ге дейін «Р» төмендейді.



Бұл өзгеріс периодтық емес өзгеріске жатады, сондықтан ауа рай өзгереді, жаңбыр жауады. Картада мұндай жағдай төмен қараған сызықпен белгіленеді.

9-дан 5-ке дейін «Р» көтеріледі

15-тен 21-ге дейін «Р» төмендейді.

15-тен 21-ге дейін «Р» көтеріледі.


Бұл өзгеріс ешқандай заңдылыққа бағынбайды, сондықтан ауа райы құбылмалы болады. Мұндай жағдайды әр түрлі сызықтрмен белгілейді.

Барометрлік ниверилеу - Қысқы мерзімде белгілі бір жер бедерінің рельефті картасын құрастыру үшін, барометр анеройд көмегімен жердің нивелирлеуін жүргізеді.

Баромтрлік ниверилеу – атмосфералық қысымның айырмашылығына байланысты бір нүктеден екінші нүктенің биік орналасуын анықтау. Бұл анықтау, жоғары көтерілген сайын атмосфералық қысымның төмендейтіндігіне байланысты. Ол үшін, бірінші нүктеде атмосфералық қысымды, температураны өлшейміз, содан соң екінші нүктеге көтеріліп

осындай өлшеулер жасаймыз.

Биіктіктің айырмашылығын келесі формуламен анықтаймыз:

һ=Р×n

Бұл жерде:



һ – екі пункт арасындағы биіктік айрмашылығы, м.

Р–атмосфералық қысым айырмашылығы n – барометрлік ступень – бұл атмосферплық қысымның мб көтерілуі немесе төмендеуі үшін қанша метір жоғарылау нмесе төмен түсу керек екендіін білдіреді.


Егер де салыстырмалы екі пункттін орналасуы теңіз деңгейі биіктігінен 1000 метрден төмен болса, онда барометрлік ступень мәні 9 метрге тең болады, ал биіктік көбейе берсе төмендегі формуламен барометрлік ступеннің мәнін табу керек:

n=8000×(l×αt)

Бұл жерде:

8000 – тұрақты шама;

α – трақты мөлшер (ауаның ұлғаю коэффициенті) = 0,004:

t – жоғары және төмені пункттердің орташа температурасы;

tорташа=tж+tТ\2
Р–орташа атмосфералық қысым:

Рорташаж Т\2

Барометрлік нивелирлеу геодезиялық нивелирді және рейканы пайдалана алмайтын жағдайларда қолданылады:
- екі пункттін ара қашықты өте алыс болса,100 км және одан да көп болғанда;
- жер бедерінің картасын тез дайындау керек болғанда;
- невелир пайдалану қиын болғанда;

Барометрлік невелирлеудіжүргізу үшін ең қолайлы аспап барометр-анероид, бұл өлшемнің негізі - әр түрлі биіктікте метеорологиялық элементтердің өзгеруіне байланысты (атмосфералық қысым, температура)


жер бетінен жоғары көтерілген сайын метеорологиялық элементтердің өзгеруі:

а) әрбір 100 м көтерілген сайын жазда ауа температурасы 0,5 С төмендейді, ал қыста 0,8 С жоғарылайды;

ә)жауын-шашын мөлшері және жауынды күндер көбейеді;
б)үсіксіз күндер ұзақтылығы азаяды;

в)әрбір 100 м жоғарылаған сайын күн радияциясының қарқындылығы

0,01-0,02каллорияға жоғарылайды. Тура күн радияциясының мөлшері

арта бастайды;

г) әрбір 100 м сайын ультрокүлгінсәулелердің құрамы 3-4%

жоғарылайды.

ғ) әрбір 100 м сайын өсімдіктердің даму фазалары 3-4 күнге кеш

жүреді.


Осы жағдайларға байланысты өсімдіктің өніп-өсу жағдайлары өзгереді. Сондықтан, агротехникалық шаралрды жүргізгенде, (жоспарлағанда), дақылдарды аудандастырғанда егілетін учаскелердің қандай биіктікте орналасқанын ескеру қажет.

Зертханалық тәжірибелік сабақ. № 1

Сабақтың мақсаты: атмосфералық қысымды өлщейтін аспаптармен танысу, олармен өлшемдер жүргізу және атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты тапсырмалар орындау.

1- тапсырма. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспаптар (приборлар) мен танысу.


1.Станциондық чашкалық барометр.

2. Барометр – анероид.

3. Барограф.

1. Станциондық чашкалық барометр негізінен екі бөліктен тұрады:

1. Ұзындығы 80 см және диаметр – 7 мм. Шыны түтіктен;
2. Іші сынаппен толтырылған шойын немесе пластмассадан жасалған часка. Трубканың жоғары басы жабық, ал төменгі жағы часкенің ішінде тұрады.
Трубканың жоғары жағында саңылау бар, сол арқылы сынаптың минискасын көруге болады.

Түтіктегі сызықтарды пайдаланып қысымды санайды, ол мм немесе мб сынап бағанасмен өлшенеді. Ондық бөлшектерін анықтау үшін қозғалмалы нониусты пайдаланады. Барометрдің қапталында термометр болады.

Есепке алу:

а) Ауаның температурасын анықтайды;


ә) Сынап менискісі дұрыс жағдайда болу үшін жаймен барометрдің қорабын қозғалтады;

б) нониусты менисканың жоғары жағын апарып, сонан кейін барометрдің көрсеткішін 0,1 мб дәлдікке дейін алу керек.



2. Барометр-анероид. Ауасы шығарылған мембранасы бар қорапшадан тұрады. Қорап ішіндегі серіппе оны жабысып қалудан сақтап тұрады. Ауаның қысымы көбейген сайын, жоғары мембрана қорапшаның ішіне қарай қысылады, ал қысымы азайса мембрана көтеріледі. Бұның көтерілуі серіппенің әсерінен болады. Қысымның өзгеруі шкала тілінің һзгеруінен белгілі болады. Әрбір бөліктің өлшемі – 0,5 мм. Шкалада 600 мм ден 800 мм дейін сынап бағанасы көрсетілген.
Орналастыру: егіс даласында және лаборатория жағдайында кһлбеу бағытта орналастырады.
Есеп алу: а) анероидтан термометр арқылы температураны анықтайды;
ә) жаймен қозғалтып тілінің тұрған жерін анықтайды.
3. Барограф.Атмосфералық қысымды үзіліссіз жазып анықтайтынаспап.Ол қабылдағыш, жеткізуші, тіркеу бөлімінен және қорабынан тұрады.
1. Қабылдағыш бөлімі бір-бірімен байланыстырылған анероид қорабынан тұрады.
2. Жеткізуші бөлімі рычвгтардан және жазатын перосы бар стрелкадан тұрады.
3. Тіркеуші бөлім – бұл сағам механизмі бар барабаннан тұрады. Барабанға ауаның қысымы көрсетілген лента оралған.
Барогрофтың лентасының термографтың лентасынан айырмашылығы – бұндағы көлбеу сызықтар қысымның (мб) өзгеруін көрсетеді.
Орналастыру: лаборотоиялық жағдайларда үстел үстіне қойылады, бұл жерге күн сәулесінің және басқа да заттардың жылылық әсері болмауы керек.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет