ТҮСІНІКТЕМЕ Пәнді оқытудың мақсаты. «Қонақжайлылық кәсіпорындарының
экономикасы» пәнін оқытудың негізгі мақсаты студенттердің қонақжайлылық
кәсіпорындар
жұмысының
технико-экономикалық
көрсеткіштерімен
байланысты өндірістің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен материалды-
техникалық байланыстар туралы және өндірістік ұйымның шаруашылық
қызметінің тиімді нұсқасын таңдауда және қонақжайлылық кәсіпорынның
ресурстарын пайдаланудың тиімді әдістері мен формаларын негіздеу бойынша
экономикалық есептерді орындау үшін қажетті есепті-талдамалық дағдылары
мен кәсіби білім алуды қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеті. «Қонақжайлылық кәсіпорындарының
экономикасы» пәнін оқыту барысында студенттердің нарықтық қатынастар
жағдайында қонақжайлылық кәсіпорын экономикасының теориялық және
тәжірибелік негіздерін меңгеруі міндеті тұрады.
Студенттердің білуі қажет: - қонақжайлылық бизнесі саласындағы кәсіпорындардың өндірістік-
шаруашылық қызметінің негізін;
- қонақжайлылық қызметінің өндірісін ұйымдастыру тәжірибесінде
пайдаланылатын негізгі шаруашылық әдістері мен тәсілдерін;
- қонақжайлылық бизнесіндегі кәсіпорындар жұмысының технико-
экономикалық
көрсеткіштерімен
байланысты
өндірістің
әлеуметтік-
экономикалық жағдайлары мен материалды-техникалық байланыстарының
негізгі сипаттамасын;
Студенттердің меңгеруі қажет: -
нарық жағдайында қонақжайлылық бизнесі кәсіпорындарының
қызметін талдауды;
-
қонақжайлылық бизнесі кәсіпорындарының өзара әрекеттерін
бағалауды;
-
қонақжайлылық бизнесі кәсіпорындарының қаржылық нәтижесін
есептеуді;
-
болашақта қонақжайлылық кәсіпорындарының қызметін ғылыми
жобалау мен жоспарлаудың баланс жасау әдісін;
-
қонақжайлылық бизнесі кәсіпорындардың болашақтағы және
ағымдағы міндеттерін шешу стратегиясын анықтау және дайындау;
-
алға қойылған нақты экономикалық және әлеуметтік және тағы басқа
мақсаттарға жету.