Байлам түрлері:
Сурет 24 -
а) циркулярлық; б) спираль тәрізді; в) бугіп орау; г)
өрмелегіш;
д) сегіз тәрізді байлам
38
а) циркулярлық -таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының енін
толығымен жауып тұрып оралады. Байламдардың барлығы осы байлам
түрінен басталады.
б)спираль тәрізді-таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының 1/2
немесе 1/3 бөлігін жауып тұрып оралады. Аяқтың жуандығы бірдей жерде
таңғыштың орамдары аяқтардың осіне көлденең бағытта оралады.
в) жуандығы біркелкі болмаса, спираль тәрізді байламның
бугіп орау
байламы қолданылады - дәке орамдары қиғаш оралады, ал дененің шығып
тұратын жерінде сол қолдың саусақтарымен бүгіп, қайтарып орайды.
г) өрмелегіш- ораудың басында мақта, шина, салфетканы аяққа уақытша
бекіту үшін жасалады. Аралары таңғыштың еніндей етіп, спираль тәрізді
орайды.
д) сегіз тәрізді байлам-тізе, шынтақ және тілерсек буындарына жасауға
ыңғайлы. Таңғыштың бекітуші қатары аяқтың ең жіңішке жерінен бастап
оралады, содан соң дәке орағышын буыннан жоғары және төмен айқастыра
орайды.
Сурет 25 - Тұяқ байламдары:
а) жылқыда; Сурет 26 - Құйрық
б) ірі қара малда байламдары
Каркасты байлам әр түрлі мүшелерге қолданылады: иық алды, сирақ,
тілерсек буынына, желкеге, шоқтық және бел аумағына.
39
Сурет 27- Тілерсек буынының каркасты байламы
Иммобильді
байлам
–
белгілі
бір
мүшені
толығымен
қимылсыздандырады, зақымдалған мүшені тыныштандырады.
Иммобильді байламды сынықтарда, буыны шыққанда, байлам немесе
сіңір үзілгенде қолданылады.
Иммобильді байламдарға шиналар және гипс жатады.
Шиналар мүшені толығымен қимылсыздандыралмайды, сондықтан
оны тек қана гипс салғанға дейін қолданылады. Шиналар сымнан, фанерадан,
картоннан және де т.б. материалдардан жасалады. Шиналардың түрлері: а)
торлы; б) Крамер шинасы, в) Томасов және т.б.
Сурет 28 – шиналар: а) торлы; б) Крамер шинасы
Гипсті байлам – ұзақ уақыт жарақатты қимылсыздандырмау үшін жасалады.
|