Артериялық, веналық, капиллярлық және паренхиматоздық қансырау Барлық қансыраулар бір-бірінен зақымдалған қан тамырының түріне
байланысты ажыратылады.
Артериялық қансырау артериялық тамырлардың зақымдалуынан
туындайды
. Артериялық жүйеде қысым жоғары, қан оттегімен қанныққан,
артерияның қабырғасында эластикалық талшықтар көп мөлшерде
орналасқан. Мысалы, жылқыда ұйқы артериясы кесілсе 10-15 минуттан,
кейбір деректерге сүйенсек 45-55 минуттан кейін өледі.
Веналық қансырау вена тамырының жаралануынан туындайды және
оңай ажыратылады қошқыл қызыл түсті, қан ағу жылдамдығы артериялық
қан кетуге қарағанда баяу. Кеуде аймағында ірі вена тамырлары
зақымдалғанда демалу фазасында қан ағу баяулайды, ал дем шығарғанда –
күшейеді.
Венадан аққан қанды тоқтату үшін жараның үстіңгі жағын басатын
болсақ, қан тоқтауы орнына, керісінше қатты шапшып ағады.
Капиллярлық қансырау – ұсақ қан тамырлар яғни капиллярлардың
зақымдалуы.
Паренхиматозды қансырау капиллярлық қан кетудің бір түрі болып
табылады. Ол паренхималық ағзалар зақымдалғанда байқалады: бауыр,
көкбауыр, бүйрек, өкпе.
Ішкі және сыртқы қансырау Сыртқы қансырауда қан жараланған сәтте пайда болып, сыртқы
ортаға ағады. Мұндай қан кету диагностикасы тез, әрі оңай болады.
Ішкі қансырау . Ішкі қан ағыс сыртынан білінбейді, қан ұлпаларға,
дененің табиғи қуыстарына жиналады сондықтан оларды ұлпааралық
немесе қуыс қан ағыс дейді.
Алғашқы қан ағысы - жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан
бірнеше минуттан әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп
болған қан ағысы дейді.
Қайталанған қан ағысы-алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейін ол
қайталануы мүмкін.
34
Септикалық қан ағыс-организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі.
Оған себеп-қан тамырлардың дегенерацияға ұшыруы, вазоконсрикторлардың
жартылай салдануы, организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.