12
(2 атм. қысымда). Қысымды 1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге
болады. Хирургилық құрал – саймандар, таңғыш заттар, жапқыштар және т.б.
материалдар металл қорап – Шиммельбуш бикстеріне салынады.
Залалсыздандыру алдында бикстердің бүйірлеріндегі тесіктерлі ашады, ал
бикстің қақпағын тығыз етіп жабады. Бикстерді салып болғаннан кейін,
автоклавтың есігін қысып жауып, белгілі бір тәртәппен жұмыс істеуге
керекті іс-әрекет жасайды. Автоклавтың жұмысы манометр және термометр
көрсеткіштері көмегімен бақыланады.
Залалсыздандырудың 3 негізгі тәртібі бар:
1,1 атмосферада (t-119,6ºC) – 1 сағат;
1,5 атмосферада (t-126,8ºC) – 45 минут;
2 атмосферада (t-132,9ºC) – 30 минут;
Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, автоклавтың есігін шамалы
ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін бикстердің ішіндегі заттарды кептіреді.
Бикстерді автоклавтан алғаннан кейін, бүйірлеріндегі тесігін жауып,
залалсыздандыру уақытын белгілеп қояды. Жабық бикс 72 сағат ішінде
залалсыздығын сақтайды.
Ыстық бумен және құрғақ ауамен залалсыздандыру
.
Залалсыздандырудың бұл әдіс арнайы Кох стерилизаторында іске
асырылады. Торға керекті таңғыш материалдар арнайы мата қапшыққа
немесе бикске салынып, ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйлады. Будың
температурасы 100°C-қа жетеді, 30 минут қайнатады.
Залалсыздандыру арнайы құрғақ ауалы аспапта жасалады.
Құрал-саймандарды залалсыздандырғыш аспаптың сөрелеріне салып,
алғашында 30 минут ішінде 85ºC температурада есігін шамалы ашып
кептіреді. Залалсыздандыру үшін есікті жауып, 1 сағат 180°C температурада
ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: