10
2.
Барлық хирургиялық аурулар екі топқа бөлінуі керек –таза және
инфекцияланған немесе іріңді.
Асептиканы механикалық,
физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске
асырады.
Антисептика
– («anti»-қарсы, septicus»- іріп-шіру)-бар инфекциямен қарсы
күресу шараларының кешені. Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж.
Прилинг 1750 жылы «антисептика» терминін
медициналық тәжірибеге
енгізді. Сонымен, антисептиканы механикалық, физикалық, химиялық және
биологиялық факторлардың көмегімен жараға,
патологиялық ошаққа,
ағзалар мен ұлпаларғамалдың денесіне түскен микробтарды жоюға
бағыталлған шаралардың кешені деп айтуымызға болады.
Антисептика
Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары
Инфекцияның жараға түсуінің алдын –алу үшін, оның денеге
қандай
жолдармен және қалай түсетінін білу керек. Инфекция жараға
экзогенді
және
эндогенді ж
олдарымен енеді.
Экзогенді инфекцияның көздері:
баццилотасымалдаушылар,
іріңді хирургиялық ауру малдыр.
Эндогенді инфекцияның ену жолдары:
ауа-тамшылы жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы),
жанасу жолы (құрал-саймандар, таңғыштар, төсек
жапқыштар,
хирургтың қолы және т.б.)
имплантациялық жол (тігетін, пластикалық материлдар,
протездер және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: