5
шаруашылық қажеттілігіне сәйкес сау малға да жасалады:
малды пішу,
құйрықты кесу, косметикалық операциялар.
Операцияны жасауға болады немесе жасауға болмайды деген
көрсеткіштер малдың клиникалық, кейде зертханалық, ретгенологиялық
және т.б. зерттеулерге негізделеді.
Операцияның көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы
болады.
Абсолютті көрсеткіштерге жататын операциялар:
қатерлі ісік,
қанағыс, тимпания, пневмоторакс және т.б.
Салыстырмалы көрсеткіштерге жататын операциялар:
қатерсіз
ісік, қысылмаған жарық және т.б.
Операция жасауға болмайтын көрсеткіштер: қоңдылғы, жасына, дерті
күшейген кезде, мал естен танғанда, буаздық және т.б.
Барлық операциялар негізгі екі топқа бөлінеді:
қанды
–терінің,
шырышты қабықтың , тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен сипатталады, және
қансыз –дененің
сыртқы терінің бүтіндігі бұзылмайды .
Қолдану мақсатына байланысты операциялар :
емдік
(олардың ішіндегі пластикалық және қалпына келтіретін);
диагностикалық
косметикалық
– жануарларды сәндеу үшін (құлағын және құйрығын
кесу және т.б. );
экономикалық
– малдың өнімділігін арттыру мақсатында (пішу);
тәжірибелік
(эксперименталды),
физиологиялық операциялар,
мысалы бір ағзанының қызметін зерттеу немесе жаңа операция әдісін
үйренуге бағытталған.
Қойылған жоспарға, жылдамдығына және сипатына қарай хирургиялық
операция бөлінеді:
1) Радикалдық және паллиативтік.
Біріншісі - ауру себебін толық жою және рецидивті алдын–алу керек.
(мысалы, тіс кариесі кезінде тісті жұлып тастау, құрсақ жарығы кезінже
жарық тесігін жабу және т.б.).
Екіншісі- малдың жағдайының нашарлығынан радикалді оперативті ем
жүргізуге болмайтын жағдайда жасалады. (құрсақта су жиналғанда, құрсақыт
тесу). Жиі бұл операциялар ауру себбебін жоймайды, сондықтанда мәжбүрлі
іс шара болып табылады.
Емдік операцияларды жылдам қауырттық дәрежесіне қарай:
шұғыл
(экстрендік), жедел және жедел емес етіп ажыраталады.
Шұғыл операциялар -
малдың өміріне қатерлі жағдайлар туындағанда
жасалатын операциялар (қан кету, қысылған жарық,
асфиксия, жіті
тимпания).
Жедел операциялар -
жоғарыда аталған және жылдам дамитын
ауруларда жасалатын операциялар (қатерлі ісік).
6
Жедел емес немесе жоспарлы операция
– алдын –
ала жоспарланған
яғни малдың өнімділігіне және құндылығына әсер етпейтін операциялар
(пішу, құлақ резекциясы).
Операциялар үлкен және кіші, бір және екі кезеңдік болып бөлінеді.
Кіші операцияларға – тесу, инъекция, беткейлік абсцесстерді ашу
болып табылады.
Үлкен операциялар – құрсаққа және де
терең ұлпаларға жасалатын
операциялар.
Операцияның басталуы және аяқталуы бір мезгілде жасалады, екі
кезеңдік - екі рет жасалады, арасында біраз уақыт болады (іріңді кілегейлі
қапшықты тесу, сонан соң 5-7 күннен кейін қапшықты алып тастау).
Операцияның
латын аттары, операция жасалатын ағзалардың және
қолданылатын оперативтік әдістердің қосылуынан қалыптасады. Тілу—
tomia; кесіп алу—ectomia, сылып алу—extirpatio; жартылай кесу—resectio;
шеткі мүшелерді толығымен кесіп алу—amputatio. (Мысалы: руменотомия-
мес қарынды тілу, уретростомия- жасанды несеп шығаратын тесік жасау).
Егер инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға
операция жаслса оны
“таза” немесе асептикалық дейді, басқа жағдайларда операциялар іріңді деп
саналады.
Пластикалық операциялар – зақымдалған ұлпалардың немесе
мүшелердің қызметін және пішінін қалпына келтіру.
Косметикалық операциялар қазіргі кезде кең орын алып келе жатқан
операциялардың бір түрі – иттердің құлағын немесе құйрығын кесу, дененің
әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: