9
Дәріс №2
Тақырып: Хирургиялық инфекцияны алдын алу
Кілт сөздер
: антисептика, асептика, залалсыздандыру
Дәрістің
мақсаты
–
операцияға
қажет
жабдықтарды
залалсыздандыруды, операция алаңын және хирургтің қолын операцияға
дайындауды үйрету.
Жоспар:
1.
Асептика және антисептика.
2.
Операцияға арналған материалдарды залалсыздандыру
3.
Организм ұлпаларын және хирургиялық жабдықтарды залалсыз-
дандыру тәсілдері
4.
Хирургтің қолдарын және операция алаңын дайындау
принциптері және әдістері
Медицина ғылымның үлкен жетістіктерге жетуіне қарамастан
хирургиялық инфекциялармен күрес өзекті де, маңызды мәселенің бірі болып
қала береді. Іріңді аурулар мен іріңді асқынулар қазіргі таңда да, соңғы
жылдарда да тәжірибе жүзінде өзгерген жоқ.
Хирургиялық инфекция деп- микроорганизмдердің еніп және көбейіп,
олардың ара-қатынасында белгілі бір заңдылыққа бағына отырып,
қоздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын аурудың қозуына дейінгі
дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады.
Хирургиялық инфекцияны алдын-алу асептиканың негізгі қағидасының
орындалуымен жүзеге асады: «Жараға жанасатын заттың барлығы залалсыз
болу керек».
Жараға не жанасуы мүмкін? Ол:
Хирургиялық құрал-саймандар;
Таңғыш заттар
Хирургтің қолы
Операциялық алаң
Достарыңызбен бөлісу: