Дәрістің мақсаты
– ветеринарлық хирургияның даму тарихын,
операцияның жасалу техникасын және жіктелуін білу.
Жоспар:
1. Ветеринарлық хирургия туралы түсінік, даму тарихы.
2. Хирургиялық операцияның жіктелуі.
3. Операция техникасы
1. Ветеринарлық хирургия туралы түсінік, даму тарихы.
Оперативтік хирургия пәні мал дәрігерлерін дайындауға басты
мәселелерді шешеді, жануарларға хирургиялық операцияларды жасау
әдістерін үйретеді. Оперативтік хирургия пәні жалпы және арнайы
бөлімдерден құралады.
Топографиялық анатомияны білу операцияны жасар алдында, оның
анатомиялық
қажеттілігін
ойластырып,
топанатомиясын
айқындап,
операцияны жасау немесе жасауға болмайтын кезеңдерін айқындауға
мүмкіндік береді. Операция алдында малдың топанатомиясын толық игеру,
операция алаңына қандай мүшелер жақын орналасқанын және оларға қалай
жетуге болатынын білуге мүмкіндік береді. Сол себептен топографиялық
анатомия және оперативтік хирургия екеуі бір тұтас.
Кеңес дәуірінде ветеринарлық хирургияның дамуына үлкен үлес
қосқан профессор Л. С. Сапожников. Л. С. Сапожниковтің ғылыми
идеяларының ықпалымен, ветеринарлық хирургияға үлкен еңбектері сіңген
ғалымдар: Сталин премиясының лауреаті профессор В. М. Оливков,
профессор Н.И. Пирогов, профессор И. Д. Медведев, профессор И. Е.
Поваженко, профессор Э. И. Гауэнштейн, профессор Н. А. Иванов,
профессор А. Ю. Тарасевич және т.б.
Отанымызда ветеринарлық хирургияға еңбектері сіңген ғалымдар:
профессор А.Ф.Максименко, Т.С.Минкин, Н.Ф.Фаткин, доценттер Ж.О.
Омаров, Т.А.Аухадиев, К. Абишев.
Соңғы жылдары Республикамызда хирургияның әр саласында зерттеу
жұмыстарын атқарып жүрген ғалымдар: профессор Ильясов Б.К., Муралинов
К.К., Наметов А.М., доцент Әлмұхаметов К.А., Қамсаев К.М., аға оқытушы
Орынханов К.А.
Достарыңызбен бөлісу: |