5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет15/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

маскалық, 
эндотрахеалді
және 
эндобронхиальді
болып бөлінеді. 

Сурет 7 – Тұмсық маскасы Сурет 8 – эндотрахеалді интубация 
Ингаляцилық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) 
наркоз жатады. Бұл кезде есірткелік қоспа тікелеі кеңірдекке жіберіледі. Ол 
үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз-кеңірдекке 
ауа өткізетін түтікшені енгізу.
Ашық әдіс
немесе маскалық –анестетикті атмосферлық ауамен қосып 
тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысмен шығарады.
Жартылай ашық әдіс.
Оттегімен қосып, аспап арқылы есіртік затты 
тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысмен шығарады.
Жартылай жабық әдіс
. Аспап арқылы есірткі қоспаны тыныс алады 
жәе оны жартылай аспапқа, жартылай қоршаған ортаға тынысымен 
шығарады. Аспапқа қайтадан түскен қоспа адсорбер арқылы өтіп, ондағы 
көмірқышқыл газынан босап, аспатың тыныс алу жүйесінде түседі де, 
есірткелік қоспамен араласып, қайтадан ауру малдың тыныс алу жолдарына 
енеді. Бұл әдісте анестетиктің мөлшері едәуір аз жұмсалады.
Жабық әдіс.
Тыныс алу және тыныс шығару аспапқа жүзеге 
асырылады. Бұл әдісте есірткі қоспа толығымен қоршаған ортадан 
шектелген.

маскалық наркоздың кемшілігі: 

басқарып отыру қиын; 


20 

дозасын анықтау қиын;

есірткі зат көп мөлшерде жұмсалады; 

аспирациялық асқынулардың даму қауіпі бар;

наркоздың тереңдеуінің салдарынан науқасқа токсикалық әсер 
етеді; 

операцияға қатысатын оташыға әсер етеді. 
Веналық жансыздандыру - вена тамырына ауырсыздандыратын 
заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып 
табылады. Негізгі артықшылығы –техникалық қарапайымдылық және 
сенімділік болып табылады. Веналық наркозды жүргізу үшін, қолданылатын 
заттар қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындылары – 
гексенал және тиопентал натрий
; өте қысқа уақыт әсер ететін барбитур 
қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик – 
пропанидид;
гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик 
– виадрил;
мидың 
метаболитінің аналогы – гаммааминомайқышқылы – 
натрий оксибутираты

Сонымен қатар, 
кетамин (калипсол, кеталар) және диприван
анестетиктерін 
де пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет