21
төмендетеді. Бұл препараттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды
шақырады, ал өз мөлшерден аспаса тыныс алудың тежелуі байқалады.
5. Ұйқы келтіретін препараттар. Ингаляциялық наркоз алдында
барбитураттар (барбитал,
фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам,
метаквалон, хлоралгидрат, бромизолвал және т.б. препараттар қолданылады.
6. Антигистаминді препараттар. Операция барысында және ұлпаларға
зақым келгенде көп мөлшерде гистаминнің бөлінуі байқалады.
Егерде
гистамин қанға түссе, наркоздың өтуі және операцияны жүргізу қиындайды
(қан қысымы төмендейді, қан тамырының өткізгіштігі жоғарылайды).
Белсенді антигистаминді препарат димедрол болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: