5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 
 
 
 
 
 


17 
Дәріс №3 
Тақырып: Жалпы жансыздандыру 
 
Кілт сөздер: 
Наркоз, премедикация, ингаляциялық, ингалияциялық 
емес наркоз 
 
Дәрістің мақсаты
: жансыздандыру тәсілдерін меңгеру, оған 
қолданылатын препараттарды және наркоздың өту сатыларын ажырата білу.
Жоспар: 
1. Жансыздандыру туралы түсінік 
2. Жансыздандыру тәсілдері және жансыздандыруға қолданылатын 
препараттар
3. Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және 
наркоздың өту сатылары 
1.
Жансыздандыру туралы түсінік
.
ХХ ғасырдың басына дейін 
жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты 
ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу 
қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы 
көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал 
операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен.
Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар 
организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі 
өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің 
жұмысы бұзылады.
Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне 
жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді 
операцияларда жасалмайды.
Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың 
сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, 
қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т.б. сезімталдығы 
жоғары.
Құрсақтың, өкпенің, ішектің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну 
сезімі төмендеу.
2. Жансыздандыру тәсілдері және жансыздандыруға қолданылатын 
препараттар
Жансыздандырудың 2 түрін ажыратады: жалпы және жергілікті. 
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз – жануарларға есірткі 
препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. 
Есінің, сезімталдықтың, бұлшықет тонусының және кейбір рефлекстердің 
жоғалуы байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, 


18 
тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор 
орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет