5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

Паравертебралді тежеу —
люмбаго, радикулитов, омыртқалардың 
соғылулары мен сынуында қолданылады. 
Инені омырқаның өсіндісінің 1-1,5 см шетке, теріге перпендикуляр етіп 
сүйекке тигенше енгізеді. Осыдан кейін инені артқа қарай тартып 5—10 мл 
0,5—2% новокаина ерітіндісін салады. 
Радикулиттерді емдеу үшін 100—250 мкг В
12
витаминін және 10—15 мг 
преднизолонды қосып салады.
Тежеуді екі жағынан бірге жүргізеді. Негізінен тежеу бір рет жасалады, 
ал созылмалы патология болса 2-3 рет қайталауға болады
.
Қабырға аралық тежеу – 
негізінен патогенетикалық терапия ретінде 
қолданылады. 
Емдік тежеу жүргізу үшін 5—15 мл 0,5% новокаин ерітіндісі 
қолданылады. Осы тежеу қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невралгияда, 
плевропневмонияны емдеу үшін қолданылады.
Қабырғалардың резекциясын жүргізу үшін 2 % новокаин ерітіндісі 
қолданылады.
Жүйке бағандарын жансыздандыру – 
анестетик тікелей жүйке 
бағаны бойымен салынады. 
Мысал ретінде вагосимпатикалық бағанды тежеу негізінен өкпе және 
трахея ауруларын емдеу үшңн қажет. Ол үшін 5-10 мл антибиотик қосыған
новокаиннің 0,5 % ерітіндісін қоданамыз. 
Мосин тежеуі – негізнен құрсақ қуысы және несеп жыныс ағзаларының 
ауруларын емдеуде қолданылады. Осы тежеуді жүргізу үшін 0,5 % 


26 
новокаиннің 1 кг тірі салмаққа 0,5 мл ірі малдарға және 3-4 мл ұсақ 
жануарларға есептеліп салынады. 
Бас аумағының жүйкелерін тежеу
Негізінен мал тістеріне операция жасағанда, осымен бірге 
патогененикалық терапия әдісі ретінде қолданылады. 
Патогенетикалық терапия әдістері ретробульбарлы тежеу, көз жүйкесін 
тежеу, краниальді жұлдызша түйінін тежеу. 
Хирургиялық өңдеу үшін қажет тежеулер – көз асты жүйкесі, төменгі 
және жоғарғы жақ жүйкелері, маңдай жүйкесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет