5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

НАРКОЗДЫҢ САТЫЛАРЫ 
Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан өтеді:
I сатысы
-анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен 
кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика 
мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауыру сезімі 
үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Оны қысқа уақыт 
жасалатын операция кезінде қолданылады. 
II сатысы
-қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде 
ауру мал қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия, көздің 
қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Ауру мал құсуы мүмкін. 
III сатысы
– хирургиялық ұйқы – жансыздандырудың міндеті болып 
табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы 
сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір – бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек 
–қан тамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен 
рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы 
сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы, өйткені 
олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады 
және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады. 
Сондықтан, қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек 
қызметінің жағдайын анықтауға болады.
1 деңгей
– көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында 
көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.
2 деңгей
– қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық 
рефлексінің жоғалуымен сипатталады.
3 деңгей –
қарашықтардың кеңею деңгейі. 
4 деңгей
– диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады. 
Наркоздың ары – қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш 
орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып келуі мүмкін.


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет