13
3. Хирург қолын және операциялық орынды дайындау
Асептикалық операция жүргізудің маңызды шарасы, қолды стерилдеу
және операция алаңын дайындау. Малдың терісінде
әсіресе дистальдық
аяқтардың бөлігінде, ануста, жыныс мүшелеріне жақын маңда микробтардың
саны өте көп болады. Хирургттың қолдардың терісін ерекше тазалықта
сақталуға тиістілігі жауапты ереже. Қол терісін
жұмсартуына жағдай жасау
үшін, жуып сүртуінен кейін Тушиновтың сұйықтығын (кастор майын 5,0,
глицерин 20,0, этил спирттің 75,0) түнге қарай ысқылап жағады.
Қолды өңдеу
Қолды өңдеу әр түлі антисептикалық заттармен өңдеу
тиімсіз, өйткені әлсіз ертіндісі микробтарды жоймайды, күшті ертіндісі теріні
тітіркендіреді және қабындырады. Қандай да күшті ертінді болса да, ол
терінің тереңде жатқан микробтарды жоймайды. Сондықтан қазіргі заманда
қолды нығыздағыш қасиеті бар антисептикалар қолдалынады.
Қолдарды операцияға дайындау 3 деңгейден тұрады:
1.
механикалық
тазалау
2.
химиялық дезинфекция
3.
теріні нығыздау
Кейбір антисептикалық заттар бактерицидтік
және нығыздағыш
қасиетке ие (йодты спиртті ертіндісі, бриллиант көк ертіндісі).
Қолды
саусақтың ұшынан шынтақтарға дейін өңдейді (сурет 4).
Сурет 4 – Қолды операцияға дайындау жолдары
Ең көп таралған әдістер:
Альфельд әдісі
- з мин қолын
ыстық сумен сабынмен жуады, сосын
96 -ты спирт қолданылады. Саусақ ұшын 5% -ды йодты спиртпен өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: