5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет8/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

Эндогенді инфекцияның көздері: 

ауру малдың терісі мен ауыз қуысы, 

ішкі ағзалар (асқазан-ішек, жоғарғы тыныс) 

патологиялық ошақтар. 
Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары: 

гематогенді (қан тамырлары арқылы), 

лимфогенді (лимфа жүйесі арқылы), 

жанасу (контакт) арқылы. 
Асептика әдістерімен экзогенді инфекциямен, антисептика әдістерімен 
эндогенді инфекциямен күрес жүргізіледі. Алдын –алу шараларының 
жетістікке жетуі үшін, барлық кезеңде онымен күрес жүргізілуі қажет: 

инфекцияның көзі; 

инфекцияның ену жолдары;
жалпы организм. 
Залалсыздандыру қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың 
әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы. Залалсыздандыру асептиканың 
негізі болып табылады.
Залалсыздандыру 4 кезеңнен тұрады: 


11 
1. заласыздандыру алдындағы дайындық. 
2. заласыздандыруға дайындап орналастыру. 
3. заласыздандыру. 
4. заласыздандырылған заттарды сақтау. 
Залалсыздандыру алдындағы дайындық 
Залалсыздандыру
 
алдындағы дайындыққа-тазалау, жуу және кептіру 
жатады. Оны барлық құрал – саймандарға жасалу керек. 
Құрал – саймандарды тазарту үшін, оларды дизенфекциялық 
ертінділерге (мысалы, 3% хлорамин, 0,1%диоцид, 5% лизол ертінділеріне) 
салады. Содан кейін оларды ағын суда щетканың көмегімен жуады, ағынды 
суда тағы бір рет шаяды. Болғаннан кейін құрыл –саймандарды өздігімен 
(табиғи) жолмен кептіреді немесе кептіруге арналған шкафта ыстық ауамен 
85ºC темепратурада 30 минут ұстайды. Кепкен соң, құрал саймандар 
заласыздандыруға дайын деп есептейді. 
 
Залалсыздандыру 
Қазіргі таңда құрал-саймандарды, таңғыш заттарды мен операциялық 
жапқыштарды залалсыздандыру үшін, оның физикалық және химиялық 
әдістері қолданылады. Негізінен физикалық залалсыздандыру әдістері 
кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет