5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 
Дәрістің мақсаты
–мойын аумағына жасалатын операцияларды меңгеру
 
Жоспар:
1.
Трахетотомия
2.
Эзофаготомия
3. Өңеш дивертикулы 
1.Трахеяға операция жасау (tracheotomia)
 
Көрсеткіші.
Жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуына байланысты, 
тыныс алуы қиындағанда жасалады (көмекейдің шеміршегінің сынуы, ісінуі 
және пайда болуы). Әр түрлі жағдайларға байланысты, трахеотомия 
уақытша және тұрақты (мәңгілік) болуы мүмкін.
Бекемдеу.
Операцияны ірі қара малға тұрып тұру жағдайында немесе 
жатқызып жасайды. Малдың өміріне қауіп төнген жағдайда, арнайы 
хирургиялық дайындықсыз операция жасалады. Малдың қозуы кезінде 
қауіпсіздік шараларын қолданады.
Құрал - жабдықтар.
Трахеотубус, ең ыңғайлысы әмбебап трахеотубус.
 
Жансыздандыру.
Тілік жасалатын орынға инфильтрациялық анестезия 
жүргізіледі.
Операция техникасы.
Операция жасалатын орын мойынның үштен бір 
бөлігі яғни 4—6 –ші трахеальді сақинадан. Малдың басын көтереді. Егер 
тұрып тұрған малға операция жасайтын болса, оташы оң жағында, ал 
көмекші сол жағында тұрады.
Оташы және көмекші біреуі оң қолымен, екіншісі сол қолмен операция 
дайындаған жерді екі жағынан ұстап, терілік көлденең қатпар жасайды.
Көлденең қатпардың үстінен 6-8 см тілік жасайды, ұсақ қан 
тамырларды торзирлейді. Терісін және беткейлі фасцияны тілгеннен кейін 
жара ашқыштар арқылы жараны кеңейтеді де бұлшықетті жалаңаштайды. 
Скальпельдің көмегімен бұлшықетті тіліп, трахеяның фасциясына енеді де 
оны тіліп, трахеяға жетеді.
Егерде уақытша трахеотомия жасалса, онда скальпельмен екі 
трахеальді шеміршекті тіліп, жасалынған саңылауға трахеотубістің трубкасы 
ене алу керек. Қалқанды мойнының қалындығымен орналастырып,
бұрандамен бекітіп, қалқанның саңылауы арқылы, мойынға трахеотубусты 
бекітеді. Тұрақты трахеотомия (трахеостомии) кезінде екі шеміршектің 
байламын кескеннен кейін 2 см шеміршегінде алып тастайды, пайда болған
терезеге трахеотубустың трубкасын енгізеді де, майысқан бөлігін көкірекке 


54 
бағыттап бұрады да, қалқанды бұрандамен бекітеді. Мұндай бекіту арқылы 
құралдың трахея қуысына енуіне кедергі жасайды.
Ұсақ малдардың трахеотомиясы кезінде екеулік трахеотубус 
қолданылады. Ішкі трубканы арасында алып тұрып және кеуіп қалған 
кілегейден тазалайды. Егерде трахеотубус қажет болмаған жағдайда 
трахеотубусты алып тастайды, жараны жаңартып, үзілмелі тігіспен тігіп 
тастайды. Бұл жағдайда тігісті тек теріге ғана салады 
Трахеотубус 
болмаған 
жағдайда, 
трахеялы 
қаяу 
жасалады 
(tracheofissura). Барлық қабаттарды тілгеннен кейін, 2 см ұзындықта кілегейлі 
қабықтың бүтіндігін бұзбай, трахеальді сақинаны кесіп алып тастайды.
Сонан соң трахеяның кілегейлі қабығын тіліп, шетін терінің шетіне тігеді. 
Тұрақты трахеотомии (трахеостомии) кезінде, кілегейлі қабықтың шетін 
кеңейтпес бұрын, жараның тері шетін бұлшықетпен бірге 2 см әр бір жерінен 
тіледі. Тігісті 10 күннен кейін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет