Асқазан сөлін зерттегенде, ода тұз қышқылының төмендегені, ал кейде, сөлсіздіктің (ахилия) бары анықталады, бірақта, асқазан қышқылының жоғары және төмен деңгейде болуы, асқазан рагын жоққа шығармайды.
Нәжісіндегі қан қалдығын зерттеудің де маңызы бар. Бұл белгі көбінде ісік экзофитті немесе ойық жаралы түрінде оң болса; ал эндофитті ісіктерде қан кету болмағандықтан, әдіс нәтиже бермейді.
Асқазан рагын рентгенмен тексеру жолдары
Асқазан рагының рентгенологиялық көрінісі ісіктің көлеміне, орналасқан жеріне және оның пішініне байланысты болады. Рентгенмен тексергенде анықталатын белгілеріне мыналар жатады:
ісіктің орналасқан жерінде, асқазан қабырғасында «толу кемістігінің» пайда болуы,
асқазанның ішкі шекарасының өзгеріп, қисайуы,
шырышты қабатының қалыпты көрінісінің бұзылуы,
ісік орналасқан жерде, асқазан тіндерінің қозғалысының жоғалуы.
Асқазан қабырғасындағы «толу кемістігі» – деп, асқазан қуысына қарай шығып тұрған экзофитті ісіктердің ақшыл көлеңкесін айтады, оның шекарасы тегіс келмейді. Ал ісік эндофитті ойық жаралы болса, онда ісіктің дәл ортасында дөңгелек ақшыл көлеңке көрініп, жағалары білеуленіп шығып тұрады.
Асқазанның шырышты қабаты экзофитті ісіктерде, оның кіші және үлкен иіндерінде, шырышты қабатының бездері өзгеріп, тербелістің болмауы және иіндердің жиырылып, тартылуы байқалады және де олардың параллелді сызық тәрізді өзектері білінбей, тұтастығы үзіліп, немесе ирелеңдеген жолақты көлеңкелер анықталады. .
Ал эндофитті ісіктер асқазан қуысын сақина тәрізді етіп қысып, оны кішірейтіп, тарылтады. Кейде ойық жаралы жайылмалы ракта асқазан шырышты қабатының бедері үзіліп, ортасында асқазан қабырғасынан өтіп кетпейтін кішігірім ойыс көрінеді. Осылай анықталатын рентген көрінісі асқазан рагының кіші иінінде айқын болады.
Эндоскопиялық тексеру кезінде асқазанға гастроскопия кешенді диагностикалық әдістердің ең шешушісі ретінде қолданылады. Бұл тәсілмен асқазанның ішкі көрінісін, әсіресе, рак ауруының ерте өсу кезеңдерінде, ісіктің бет-пішінін, көлемін, орналасқан жерін анықтауға болады (№12-сурет). Асқазанды гастроскоппен көрген кезде міндетті түрде ісік жатқан жерден ет кесіп (биопсия), немесе щетка арқылы ісік бетінен шығындыны, аз дегенде 4-6 күдікті деген жерден алу керек. Асқазанның жайылмалы ісік түрінде биопсия алу қиындау болады, сондықтан хромогастроскопияны қолданады.
Эндоскопиялық зерттеу өте құнды, оның 90% аса жағдайда асқазанды тексеру нәтижелі болады. Сондықтан қазіргі таңда диспансерлік бақылау мен тексеру жұмыстарын, ең алдымен қауіп-қатерлі топтар арасында жүргізу басты мақсаттардың бірі болып саналуда. Осы топқа жататын адамдарды анықтап, оларға кімдер жататынын білу қажет.
Олар:
асқазан ісік алды ауруларымен ауыратындар,
жайылмалы ракпен ауырғандардың жақын туыстары мен қандас бауырлары,
асқазан сөлінде қышқылдары төмендеген, 50 жастан асқандар,
асқазанда жұқпалы бактерия Helicobacter Pylori барлар.
асқазан ауруына шағымданатындар.
№12-сурет. Асқазан рагының эндоскопиялық көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |