Жауапты бағалау Жалпы 91 сұрақ. Студент барлық тесттік нұсқаларды шешу керек.
р/с
Дұрыс жауабы
%
балл
1
87-91
95-100
=% х 0,4
2
73-86
80-94
=% х 0,4
3
64-72
70-79
=% х 0,4
4
55-63
60-69
=% х 0,4
5
46-54
50-59
=% х 0,4
6
36-45
40-49
=% х 0,4
Есептеу жолы: мысалы студент 74 сұраққа дұрыс жауап берсе, оны былай бағалайды: Х74= 74*100/91=81,3%. Ситуациялық есептер 1- есеп 59 жастағы адам арықтаған, тамаққа тәбеті жоқ, тоқтық сезімі бар. Эндоскопиялық тексеру кезінде атрофиялық гастрит пен ойық жара оның денесінде орналасқан.
Сұрақтар:
1. Алғашқы диагноз?
2. Морфологиялық диагноз қою үшін не істеу керек?
3. Қандай стандартты рентген зерттеу әдісін қолданылуы тиіс?
4. Қандай ем қажет?
5. Хирургиялық емде операцияның көлемі қандай?
2- есеп 56 жасар адам жүрек қыжылына, төс асты аймағында ауырсыну сезіміне, ас қабылдаған соң лоқсып, кейде құсатынына шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде – антральды бөлігінде ойық жара анықталған, ол асқазан каналын 0,5 см-ге шейін тарылтып тұр.
Сұрақтар: асқазанның қандай ауруларынан ажырату керек?
морфологиялық диагноз үшін не істеу қажет?
ісіктің өсу сатысын анықтау үшін қандай стандартты рентгенмен зертеу жүргізесіз?
қандай ем қолданылады?
қандай көлемде операция жасауға болады?
3- есеп 50 жастағы науқас арықтағанына, тамаққа тәбеттінің жоқтығына және астың қиналып өтуіне шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде – асқазанның кардий бөлігінде көлемі 5 см ойық жара өңешке дейін жететіні анықталған.
Сұрақтар: алғашқы диагноз?