Асқазан рагын емдеу әдістері
Асқазан рагынан мүлдем жазылып шығуға болады, егер ауруларға ерте өсу кезеңінде радикальды операция жасалынса. Асқазан рагына қалыптасқан типтегі радикальды операциялар жасалынады. Оларға субтотальді резекция мен гастроэктомия жатады. Субтотальды резекция ісіктің экзофитті түрінде, ал гастроэктомия -жайылмалы ісікте қолданады. Бұл операциялар асқазан рагында «стандартты хирургиялық тәсілдер» болып саналады. Сондықтан асқазан рагында осы операциялардан көлемі кішірейтілген нұсқадағысын жасауға болмайды, себебі рак клеткалары, оның анатомиялық көрініп тұрған жерінен, жоғары 7-10, ал төмен қарай – 3-5 см-дей қашықтыққа тарап жайылып кетеді және рак түйіні бірнеше жерден шығады (мульти центрлі өсу).
Соңғы жылдары стандартты операцияларға қарсы медициналық көрсеткіштер болып, рак ерте өсу кезеңінде анықталса, онда көлемі кіші операциялар жасалынуда, тіпті, эндоскопиялық жолмен де мүшедегі өсінділер сылынады.
Субтотальды резекция жасау кезінде – асқазанның кіші иіні, өңештен 1,0-1,5 см-дей қашықтықта, ал үлкен иін – көк бауырдың төменгі полюс деңгейіне сәйкес, осы екі нүктені қосатын сызық бойымен, ал дистальды бағытта асқазан қыспағынан 1,0-1,5 см-дей төмен кесіліп, оларға қоса үлкен және кіші шарбы май, сол жақ асқазан артериясы шыға беріс жерінде, барлық бассейіндегі лимфа бездер міндетті түрде бір блокпен сылынады. Бірақ, асқазан рагының лимфа жүйесімен таралу ерекшелігіне қарай, соңғы жылдары іш қуысы мен ішперде артында орналасқан, ұйқы без, ұйқы без – ұлтабар, қолқа тамыр айналасындағы 2-3 деңгейдегі лимфа бездерінде қоса сылынуда. Бұл операцияларды кеңейтілген лимфодиссекция дейді. Субтотальды резекциядан кейін, ас қорыту жолын қалыптастыру үшін, асқазан қалдығымен ащы ішекті Бильрот-2 тәсілімен (№№ 13-14 суреттер), ал гастроэктомиядан соң, өңешпен ұлтабарды, көпшілігінде ащы ішекпен қосып жалғастырады (№15 суреттер).
№13- сурет. Асқазанның дистальды субтотальді резекциясы, Бильрот II. Операция көлемі.
Кейінгі кездерде көптеген емдеу орындарында рефлюкстерге қарсы Я.Д. Витебский тәсілімен анастомоз салу орындалып жүр. Операцияның мәні - өтті асқазанға, өңешке өткізбеу, сол үшін жіңішке ішек (ащы) көлденең бағытта кесіліп, жалғанады. Егер ұлтабар ұзын болса онда Бильрот-1 әдісімен, ол тікелей асқазанмен жалғасады, бұл физиологиялық тұрғыдан ыңғайлы әдіс болып саналады. Бірақта, оны кез келген жағдайда орындау, хирургиялық радикализм қағидасына сәйкес келмейді.
№14- сурет. Асқазанның дистальды субтотальді резекциясы
№15- сурет. Асқазанның гастроэктомиясынан кейін
өңеш-ащы ішек анастомозы
Достарыңызбен бөлісу: |