6-ДӘріс тақырыбы: Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі171,92 Kb.
#82891
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
lekcija 6



 
6-ДӘРІС 
 
Тақырыбы: Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті 
 
Жоспар: 
1. Сюжет пен фабула 
2. Сюжеттің көркем шығармадағы атқаратын қызметі 
3. Тартыс туралы түсінік 
4. Шығарма композициясы туралы түсінік 
5. Композицияның бөлшектері 
 
1. Сюжет пен фабула 
Өмірдің тұтас көрінісін, адамдардың, оқиғалардың, жағдайлардың, ой-
сезімдердің күрделі байланысын көркемдікке ұластыру алуан түрлі бейнелеу 
құралдары арқыл іске асады. Жазу машығына байланысты әр қаламгердің 
көркемдегіш құралдары әрқайсында өзінше қолданысқа түсіп, бір-біріне 
ұқсамай жататыны да белгілі. Дегенмен, әдебиеттің өзіндік болмысынан 
өрбіп жататын, барлық жазушыға тән ортақ жайлар да бар. Олар қандай 
ортақ жайлар? 
Біріншіден, барлық қаламгерге ортақ нәрсе – 
тіл.
Тіл арқылы ой-сезімге 
әсер ететін сөздік образдар жасалады. 
Екіншіден, өмірден алынған құбылыстардың әдеби шығармада жаңа 
бейнеге ауысуы алдыңғы планға оқиғалар қозғалысынан (эпикалық, 
драмалық шығармаларда) немесе ой-сезім қозғалысынан (лирикалық 
шығармаларда) туындайтын 
сюжетті
шығарады. Сюжетте жалпы адам 
болмысы, алуан-алуан тағдырлар, қарама-қайшылықтар мен қоғамдық 
тартыстардың мәні ашылады. 
Үшіншіден, идеялық-көркемдік ойды жүзеге асыру үшін бірде 
кейіпкерлер сөзіне, бірде суреттеуге, бірде авторлық баяндауға, бірде 
диалогқа немесе монологқа, бірде автордың лирикалық толғанысына, бірде 
кейіпкердің ақыл-өсиетіне, хаттарына, күнделіктеріне жүгіну қажеттігі әр 
шығарманың құрылымын анықтайды. Бұл әдебиет теориясында 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет