Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік
тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар
арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам м-
інезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу
тарихы беріледі. Яғни байланыс оқырманды шығармадағы проблеманы
түсінуге бағыттаса, әрекет дамуы сол проблеманың шешілуіндегі мүмкін
жолдарын аңғартады.
Шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне
жеткен тұсы шарықтау шегі деп аталады. Шарықтау шегінің мазмұндық мәні
шығармадағы проблеманың ең жоғарғы ұшығына келіп тірелуінде жатыр.
Өмірдегі қандай да бір проблеманың шешімін табатыны сияқты,
шығармадағы шарықтау шегіне жеткен проблемалар да көркемдік тұрғыдан
шешімін табуды керек етеді. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам
мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен
тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса
жауапты тұсы да – осы.
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің
өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар
арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі,
түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға
қатысушылардың ең ақырғы хал-күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы
сахнасы.
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилогта аталады.
Бұлар – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер.
Пролог – шығармадағы негізгі сюжет дамуына өзінше кіріспе іспетті.
Алдағы әрекет дамуынан алдын–ала хабардар ете отырып, пролог
шығармадағы әрекет, оқиғалардың алғашқы себептерін ашып көрсетеді. Бұл
себептер кейде уақыт жағынан тым ертеде болуы да ықтимал. Қалай
болғанда да, прологта баяндалған себептер белгілі бір дәрежеде шығармада
өрістейтін оқиғалар мен жағдайлардың басты мәнін ашуға бағытталады.
Эпилог- шығармада көрінген әрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімінің
бейнеленуі.
Эпилогты қаламгер шығарма шешімі кейіпкерлер әрекеттерінің даму
бағытын, олардың кейінгі тағдырларын түркілікті толық аңғартам деп
есептеген кезде көбірек пайдаланады. Сонымен қоса эпилог арқылы жазушы
өзі бейнелеген жағдай туралы авторлық үкімін ерекше айқын сездіре алады.
Сюжеттің аса маңызды элементтері осындай. Алайда бұлардың бәрі бірдей
барлық шығармада болуы шарт емес. Бірі болған жағдайда бірінің болмауы
әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: