6-ДӘріс тақырыбы: Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті


 Композицияның бөлшектері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі171,92 Kb.
#82891
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
lekcija 6

 
5. Композицияның бөлшектері 
Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – 
лирикалық шегініс. 
Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің 
шығармада тікелей көрінуі. 
Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың 
әрекетіндегі өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын 
аударуға, әсерлілігін арттыруға ұмтылады. 
Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір 
кейіпкердің ой-сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі 
лирикалық шегіністі де автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны 
белгілі. 
Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін 
хабарлау мақсатында пайдаланады. 
Оқшау (кірме) эпизодтар – шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға 
тікелей қатысы жоқ көріністерді атайды. Кейде оқшау эпизодтарда 


лиракалық шегініс сияқты шығарманың идеясын, паюосын түсңндңру үшін 
пайдаланылады.
Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең 
түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын 
тәсілді айтамыз. 
Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір 
көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән 
көркемдік-идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың 
тұтас идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы 
жекелеген көріністерге, оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы 
береді. 
Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі 
заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда
яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады. 
Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік 
дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – 
шығарманың композициясы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы 
барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі 
идеяға-бағындыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет